Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайынғы біріктірілген есептерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 178 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 3 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2387. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 188 Қаулысымен.

       Ескерту. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 178 қаулысының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы  N 188  (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес келтіру және жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі туралы мүдделі адамдар алдында ақпаратты ашу жүйесін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайынғы біріктірілген есептерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

      2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 11 наурыздағы N 793 және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 2001 жылғы 11 наурыздағы N 23-П "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың бірлесіп біріктірілген есептерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы" бірлескен  қаулысының  (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1464 тіркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында 2001 жылғы желтоқсанда жарияланған, N 12) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының барлық мүдделі бөлімшелеріне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорларына, "Активтерді Басқарушылардың қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының    
Ұлттық Банкі Басқармасының   
"Жинақтаушы зейнетақы     
қорларының және зейнетақы   
активтерін инвестициялық   
басқаруды жүзеге асыратын   
ұйымдардың тоқсан сайынғы   
біріктірілген есептерін    
бұқаралық ақпарат құралдарында
жариялау тәртібі туралы    
ережені бекіту туралы"     
2003 жылғы 29 мамырдағы    
N 178 қаулысымен       
бекітілген          

Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайынғы біріктірілген есептерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібі туралы ереже

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайынғы біріктірілген есептерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - қор) және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - ұйым) тоқсан сайынғы біріктірілген есептерін қалыптастыру және жариялау тәртібін, олардың қызметінің нәтижелері туралы айқындайды.

      1. Тоқсан сайынғы біріктірілген есеп (бұдан әрі - біріктірілген есеп) қормен және осы қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын қормен бірлесіп осы Ереженің қосымшасына сәйкес қалыптастырылады.

      2. Осы Ережеге 2-қосымшаның 2-бөлімін толтырған кезде:
      1) 2-10-бағандарда инвестицияланған зейнетақы активтерінің жалпы құны процентпен есептелген көрсеткіштері, оған қоса инвестициялық шоттарға орналастырылған ақша қалдығы және жолдағы ақша аударымдары;
      2) 11-бағанда төмендегі формула бойынша есептелген зейнетақы активтерінің кірістілігі ағымдағы жылдың басынан бастап біртіндеп өсу қорытындысымен жылдық процентпен көрсетіледі:

      ((С n 1 ) - 1: S) х Т х 100, мұндағы
      С - өткен жылғы есептік тоқсанда күнтізбелік жылдың соңғы айындағы зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны;
      С - есептік тоқсанның соңғы айындағы зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны;
      S - есептік тоқсанның соңғы күнін қоса алғанда жыл басынан бергі күнтізбелік күннің саны;
      Т - ағымдағы жылдың есептік тоқсанындағы күнтізбелік күннің саны.

      3. Ұйым (осы ұйымның инвестициялық басқаруында зейнетақы активтері бар әрбір қордың ауқымында) немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын қор біріктірілген есепті жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан-банктердің, сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) есептік тоқсаннан кейінгі айдың он бесіне дейін ұсынады.

      4. Уәкілетті орган біріктірілген есепті алғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде оның өзінде бар ақпаратқа сәйкестігін тексереді және оны тексеру нәтижелері бойынша:
      1) ескертпелер болмаса, біріктірілген есепті жариялау үшін ұйымға немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын қорға береді;
      2) ескертпелер болса, біріктірілген есепті жариялау үшін ұйымға немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын қорға қайтарады.

      5. Ұйым немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын қор уәкілетті органнан ескертпелер алған жағдайда, екі жұмыс күні ішінде ескертпелерді жояды және біріктірілген есепті уәкілетті органға ұсынады.
      Уәкілетті орган біріктірілген есепті қайта тексергеннен кейін және ол бойынша ескертпелер болмаса, біріктірілген есепті жариялау үшін ұйымға немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын қорға береді.

      6. Біріктірілген есепті жариялауды осы ұйымда немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын қорда инвестициялық басқаруда зейнетақы активтері бар ұйым және қор (қорлар) жүзеге асырады.
      Осы ұйымда инвестициялық басқаруда зейнетақы активтері бар ұйым және қор (қорлар), сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын қор "Активтерді Басқарушылардың қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне (бұдан әрі - Қауымдастық) біріктірілген есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды тапсыруға құқылы.

      7. Біріктірілген есеп есептік тоқсаннан кейінгі бірінші ай ішінде Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын, кемінде жиырма бес мың дана таралыммен шығарылатын баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануға жатады.

      7-1. Жарияланым мерзімін Қауымдастықтың жазбаша өтініші бойынша уәкілетті орган ұзартуы мүмкін.
       Ескерту: 7-1-тармақпен толықтырылды - Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасы төрағасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N  262  қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз).

      8. Қауымдастық, ұйым немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын қор уәкілетті органға біріктірілген есеп жарияланған баспа басылымы парағының көшірмесін (баспа басылымының атауын, оның нөмірін және жарияланған күнін көрсете отырып) жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.

Жинақтаушы зейнетақы     
қорларының және зейнетақы  
активтерін инвестициялық   
басқаруды жүзеге асыратын  
ұйымдардың тоқсан сайынғы  
біріктірілген есептерін   
бұқаралық ақпарат      
құралдарында жариялау   
тәртібі туралы ережесіне 
қосымша          

Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың біріктірілген есебі

1-бөлім. Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар туралы жалпы ақпарат 

       Ескерту: 1-бөлімнің кестесіне өзгерту енгізілді - Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасы төрағасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N  262  қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз).

____________________________________________________________________
   Ұйым/ жинақтаушы    |Лицензия.|Касто.|Филиал. |Жарғылық| Меншік
   зейнетақы қоры      | ның N   |диан- |дар мен |капитал.|капитал.
                       |  және   |банк  |өкілдік.|дың     |капитал.
                       |берілген |      |тердің  |мөлшері |мөлшері
                       |  күні   |      | саны   |(мың    |(мың
                       |         |      |        |теңге)  |теңге)
____________________________________________________________________
         1                 2        3       4        5        6
____________________________________________________________________
Ұйымның атауы                       х       х

Жинақтаушы зейнетақы
қорының атауы
...

Ұйымның инвестициялық
басқаруында зейнетақы
активтері бар жинақтаушы
зейнетақы қорлары
бойынша жиынтығы           Х       х                  Х       Х

Жинақтаушы зейнетақы
қорының атауы

Зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды
дербес жүзеге асыратын
зейнетақы қорлары
бойынша жиынтығы           Х       х                 Х        Х

Зейнетақы қорлары
бойынша барлығы            Х       х                 Х        Х
____________________________________________________________________

таблицаның жалғасы
____________________________________________________________________
    Ұйым/    | Салымшылар (адам)  |Жарналар|Зейнетақы|  Жинақталған
 жинақтаушы  |        саны        |  мен   | төлем.  |   зейнетақы
  зейнетақы  |____________________|аударым.|дерінің  |    қаражаты
    қоры     |мін- |ерікті|ерікті-|  дар   | сомасы  |______________
             |детті|      |кәсіби | (мың   | (мың    |(мың  |(жиын-
             |     |      |       | теңге) | теңге)  |теңге)|тығына
             |     |      |       |        |         |      |процен-
             |     |      |       |        |         |      |тпен)
___________________________________________________________________
      1         7     8      8-1        9       10       11     12
____________________________________________________________________
Ұйымның атауы              х        х         х
Жинақтаушы
зейнетақы
қорының атауы
...

Ұйымның
инвестициялық
басқаруында
зейнетақы актив.
тері бар
жинақтаушы
зейнетақы
қорлары
бойынша
жиынтығы            х

Жинақтаушы
зейнетақы
қорының атауы

Зейнетақы
активтерін
инвестициялық
басқаруды
дербес жүзеге
асыратын
зейнетақы
қорлары
бойынша
жиынтығы           х

Зейнетақы қорлары
бойынша барлығы    х
___________________________________________________________________

2-бөлім. Жинақтаушы зейнетақы қорларының
зейнетақы активтері 

       Ескерту: 2-бөлімнің кестесіне толықтыру енгізілді - Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасы төрағасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N  262  қаулысымен.

                                                      процентпен
____________________________________________________________________
          Инвестияланған зейнетақы активтерінің үлесі
____________________________________________________________________
Жинақтаушы |   Қазақстан   |  Қазақстан   |Халық. | Шет   |Шетелдік
зейнетақы  |Республикасының| Республикасы |аралық |мемле. | эмитент.
   қоры    | мемлекеттік   |ұйымдарының   |қаржы  |кеттер.|тердің
           |    бағалы     | мемлекеттік  |ұйымда.| дің   |мемлекет.
           |   қағаздары   | емес бағалы  |рының  |бағалы |тік емес
           |               |  қағаздары   |бағалы | қағаз.|бағалы 
           |               |              |қағаз. | дары  |қағаздары
           |               |              | дары  |       |
           |______________________________|       |       |
           |теңге.|шетел   |теңге.|шетел  |       |       |
           | мен  |валюта. | мен  |валюта.|       |       |
           |      |сымен   |      |сымен  |       |       |
____________________________________________________________________
   1          2      3         4      5        6       7        8
____________________________________________________________________
Жинақтаушы
зейнетақы
қорының
атауы

Жинақтаушы
зейнетақы
қоры бойынша
жиынтығы
____________________________________________________________________

таблицаның жалғасы

Қазақстан
Республикасының
инвестициялық
қорларының
пайлары

Шетелдік
инвестициялық
қорлардың
пайлары

Тазартылған
қымбат 
металдар

Басқа қаржы
құралдары

теңгемен

шетел
валюта-
сында

8-1

8-2

8-3

8-4

8-5

      

таблицаның жалғасы
________________________________________________
 Инвестияланған зейнетақы активтерінің үлесі
________________________________________________
  Қазақстан     | Инвестициялық | Жыл басынан
Республикасының |шоттағы қаражат|  бастап өсу
Ұлттық Банкіне  |  және басқа   |қорытындысымен
 және екінші    |   активтер    |  зейнетақы
  деңгейдегі    |               |  активтері
  банктерге     |               |   бойынша
  салымдар      |               | кірістілік
________________|               |
теңге.| шетел   |               |
 мен  | валюта. |               |
      | сымен   |               |
________________________________________________
  9       10           11               12
________________________________________________

________________________________________________

      1. Кастодиан-банк - Жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкі;
      2. Ұйым - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым;
      3. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын қор осы қосымшаның 1-бөлімінде жоғарыда көрсетілген қызметті жүзеге асыруға және зейнетақы жарналарын тарту мен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялардың нөмірлерін және күнін көрсетеді.

Об утверждении Правил о порядке публикации в средствах массовой информации ежеквартальных агрегированных отчетов накопительных пенсионных фондов и организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 мая 2003 года N 178. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 июля 2003 года N 2387. Утратило силу постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 июня 2007 года N 188

       Сноска. Постановление Правления Агентства РК по регулированию и надзору фин. рынка и фин. организаций от 29 мая 2003 г. N 178 утратило силу постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору фин. рынка и фин. организаций от 25 июня 2007 г. N  188 (вводится в действие по истечении 14 дней со дня гос. регистрации).

             В целях приведения нормативных правовых актов Национального Банка Республики Казахстан в соответствие с  Законом Республики Казахстан "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан" и совершенствования системы раскрытия информации перед заинтересованными лицами о деятельности накопительных пенсионных фондов и организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами, Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:

     1. Утвердить прилагаемые Правила о порядке публикации в средствах массовой информации ежеквартальных агрегированных отчетов накопительных пенсионных фондов и организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами.

     2. Со дня введения в действие настоящего постановления признать утратившим силу совместное  постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 11 марта 2001 года N 793 и Комитета по регулированию деятельности накопительных пенсионных фондов Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 11 марта 2001 года N 23-П "О публикации в средствах массовой информации совместных агрегированных отчетов накопительных пенсионных фондов и компаний по управлению пенсионными активами" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 1464, опубликованное в декабре 2001 года в журнале "Рынок ценных бумаг Казахстана" N 12).

     3. Департаменту финансового надзора (Бахмутова Е.Л.):
     1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
     2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения всех заинтересованных подразделений центрального аппарата Национального Банка Республики Казахстан, организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами, накопительных пенсионных фондов, Объединения юридических лиц в форме Ассоциации "Ассоциация Управляющих активами".

     4. Контроль над исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Сайденова А.Г.

     5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

     Председатель
 

    Национального Банка

Утверждена         
постановлением Правления  
Национального Банка    
Республики Казахстан    
от 29 мая 2003 года N 178 
"Об утверждении Правил  
о порядке публикации   
в средствах массовой   
информации ежеквартальных 
агрегированных отчетов   
накопительных пенсионных  
фондов и организаций,   
осуществляющих инвестиционное
управление пенсионными  
активами"          
 

         Правила о порядке публикации в средствах массовой информации
ежеквартальных агрегированных отчетов накопительных
пенсионных фондов и организаций, осуществляющих
инвестиционное управление пенсионными активами

     Правила о порядке публикации в средствах массовой информации ежеквартальных агрегированных отчетов накопительных пенсионных фондов и организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами (далее - Правила), определяют порядок формирования и публикации ежеквартального агрегированного отчета накопительных пенсионных фондов (далее - фонд) и организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами (далее - организация), о результатах их деятельности.
     1. Ежеквартальный агрегированный отчет (далее - агрегированный отчет) формируется совместно фондом и организацией, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами данного фонда, или фондом, самостоятельно осуществляющим инвестиционное управление пенсионными активами, в соответствии с приложением к настоящим Правилам.
     2. При заполнении части 2 приложения к настоящим Правилам:
     1) в столбцах 2-10 указываются показатели, рассчитанные в процентах от общей стоимости инвестированных пенсионных активов фонда, включая неразмещенный остаток на инвестиционных счетах и денежные переводы в пути;
     2) в столбце 12 указывается доходность по пенсионным активам нарастающим итогом с начала текущего года в процентах годовых, рассчитанная по формуле:
 
               ((С n 1 ) - 1): S) * T * 100, где

     С 1 - средняя стоимость одной условной единицы пенсионных активов за последний месяц календарного года, предшествующего году отчетного квартала;
     С n - средняя стоимость одной условной единицы пенсионных активов за последний месяц отчетного квартала;
     S - количество календарных дней с начала года включая последний день отчетного квартала;
     T - количество календарных дней в текущем году отчетного квартала.
     3. Агрегированный отчет представляется организацией (в разрезе каждого фонда, чьи пенсионные активы находятся в инвестиционном управлении у данной организации) или фондом, самостоятельно осуществляющим инвестиционное управление пенсионными активами, в государственный орган, осуществляющий функции и полномочия по регулированию и надзору за деятельностью накопительных пенсионных фондов, организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами, банков-кастодианов, страховых организаций (далее - уполномоченный орган) до пятнадцатого числа месяца, следующего за отчетным кварталом.
     4. После получения агрегированного отчета уполномоченный орган в течение семи рабочих дней проверяет его на соответствие имеющейся у него информации, и по результатам его проверки:
     1) при отсутствии замечаний передает агрегированный отчет организации или фонду, самостоятельно осуществляющему инвестиционное управление пенсионными активами, для публикации;
     2) при наличии замечаний возвращает агрегированный отчет на доработку организации или фонду, самостоятельно осуществляющему инвестиционное управление пенсионными активами.
     5. В случае получения замечаний от уполномоченного органа по агрегированному отчету организация или фонд, самостоятельно осуществляющий инвестиционное управление пенсионными активами, в течение двух рабочих дней устраняет замечания и представляет агрегированный отчет в уполномоченный орган.
     После проведения повторной проверки агрегированного отчета и отсутствия замечаний по нему, уполномоченный орган передает агрегированный отчет организации или фонду, самостоятельно осуществляющему инвестиционное управление пенсионными активами, для публикации.
     6. Публикация агрегированного отчета осуществляется организацией и фондом (фондами), чьи пенсионные активы находятся в инвестиционном управлении у данной организации, или фондом, самостоятельно осуществляющим инвестиционное управление пенсионными активами.
     Организация и фонд (фонды), чьи пенсионные активы находятся в инвестиционном управлении у данной организации, а также фонд, самостоятельно осуществляющий инвестиционное управление пенсионными активами, вправе поручить Объединению юридических лиц в форме Ассоциации "Ассоциация Управляющих активами" (далее - Ассоциация) опубликовать агрегированный отчет в средствах массовой информации.
     7. Агрегированный отчет подлежит публикации в течение первого месяца, следующего за отчетным кварталом, на государственном и русском языках в печатных изданиях, распространяющихся на всей территории Республики Казахстан, выпускаемых тиражом не менее пятнадцати тысяч экземпляров.
     7-1. По письменному ходатайству Ассоциации срок публикации может быть продлен уполномоченным органом.  <*>
     Сноска. Глава дополнена пунктом 7-1 внесены изменения - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 июля 2005 года  N 262 .
     8. Ассоциация, организация или фонд, самостоятельно осуществляющий инвестиционное управление пенсионными активами, представляют в уполномоченный орган в течение трех рабочих дней с даты публикации копию листа печатного издания, в котором был опубликован агрегированный отчет (с указанием наименования печатного издания, его номера и даты публикации).

Приложение           
к Правилам о порядке публикации 
в средствах массовой информации 
ежеквартальных агрегированных  
отчетов накопительных пенсионных
фондов и организаций,     
осуществляющих инвестиционное  
управление пенсионными активами   <*>
 

           Сноска. В приложение внесены изменения - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 июля 2005 года N 262 .

      Агрегированный отчет накопительных пенсионных фондов
     и организаций, осуществляющих инвестиционное управление
                      пенсионными активами

   Часть 1. Общая информация о накопительных пенсионных фондах
     и организациях, осуществляющих инвестиционное управление
                      пенсионными активами.

_____________________________________________________
Организация/Нако-|N и  |Банк-|Количест-|Размер|Размер|
пительный пен-   |дата |кас- |во филиа-|устав-|собст-|
сионный фонд     |выда-|то-  |лов и    |ного  |венно-|
                |чи   |диан |предста- |капи- |го ка-|
                |ли-  |     |вительств|тала  |питала|
                |цен- |     |         |(тысяч|(тысяч|
                |зии  |     |         |тенге)|тенге)|
-----------------------------------------------------|
       1        |  2  |  3  |    4    |   5  |   6  | 
-----------------------------------------------------
Наименование              х      х
организации

наименование
накопительного
пенсионного фонда

.....

Итого по накопи-    х     х                 х        х       х
тельным пенсион-
ным фондам,
пенсионные акти-
вы которых нахо-
дятся в инвести-
ционном управле-
нии у организации

Наименование
накопительного
пенсионного фонда

Итого по накопи-    х     х                 х        х       х
тельным пенсионным
фондам, самостоя-
тельно осущест-
вляющим инвести-
ционное управление
пенсионными акти-
вами

Всего по накопи-    х     х                 х        х       х
тельным пенсионным
фондам:
-------------------------------------------------------------------

     Продолжение таблицы

_____________________________________________________
Организация/Нако-|  Количество вкладчиков (человек)
пительный пен-   |-----------------------------------
сионный фонд     |обязательных|добровольных|добровольно-
                |            |            |профессио-
                |            |            |нальных    
-----------------------------------------------------
       1        |      7     |       8    |   8-1
-----------------------------------------------------
Наименование   
организации

наименование
накопительного
пенсионного фонда

.....

Итого по накопи-
тельным пенсион-
ным фондам,
пенсионные акти-
вы которых нахо-
дятся в инвести-
ционном управле-
нии у организации

Наименование
накопительного
пенсионного фонда

Итого по накопи-   
тельным пенсионным
фондам, самостоя-
тельно осущест-
вляющим инвести-
ционное управление
пенсионными акти-
вами

Всего по накопи-   
тельным пенсионным
фондам:
-------------------------------------------------------------------

     Продолжение таблицы

___________________________________________________________________
Организация/Нако-|Взносы и|Сумма     |    Пенсионные
пительный пен-   |переводы|пенсион-  |    накопления
сионный фонд     |(тысяч  |ных вып-  |--------------------
                |тенге)  |лат (ты-  |(в тысяч|(в процен-
                |        |сяч тенге)|тенге)  |тах к ито-
                |        |          |        |гу)
-------------------------------------------------------------------
       1        |    9   |    10    |    11  |    12
-------------------------------------------------------------------
Наименование          х         х         х
организации

наименование
накопительного
пенсионного фонда

.....

Итого по накопи-
тельным пенсион-
ным фондам,
пенсионные акти-
вы которых нахо-
дятся в инвести-
ционном управле-
нии у организации

Наименование
накопительного
пенсионного фонда

Итого по накопи-
тельным пенсионным
фондам, самостоя-
тельно осущест-
вляющим инвести-
ционное управление
пенсионными акти-
вами

Всего по накопи-
тельным пенсионным
фондам:
-------------------------------------------------------------------

   Часть 2. Пенсионные активы накопительных пенсионных фондов

                                                      в процентах
___________________________________________________________________
           |      Доля инвестированных пенсионных активов
-------------------------------------------------------------------
Накопитель- |Государственные | Негосударственные|Ценные бу-|Ценные
ный пенсион-|ценные бумаги   |ценные бумаги ор- |маги меж- |бумаги
ный фонд    |Республики      |ганизаций Респуб- |дународных|иност-
           |Казахстан       |лики Казахстан    |финансовых|ранных
           |----------------|------------------|организа- |госу-
           |в тен-|в иност- |в тенге|в иност-  |ций       |дарств
           |ге    |ранной   |       |ранной    |          |
           |      |валюте   |       |валюте    |          |
-------------------------------------------------------------------
     1     |   2  |    3    |   4   |     5    |     6    |   7
-------------------------------------------------------------------
Наименование
накопитель-
ного пен-
сионного
фонда

Итого по
накопительным
пенсионным
фондам
-------------------------------------------------------------------
 

    Продолжение таблицы
___________________________________________________________________
             Доля инвестированных пенсионных активов
-------------------------------------------------------------------
Негосудар-   |Паи инвести|Паи иностран|Аффиниро|Прочие финансовые 
ственные     |ционных    |ных инвести-|ванные  |   инструменты
ценные бумаги|фондов     |ционных     |драгоцен|-------------------
иностранных  |Республики |фондов      |ные     |в    |в иностран-
эмитентов    |Казахстан  |            |металлы |тенге|ной валюте
-------------------------------------------------------------------
       8    |   8-1     |    8-2     |   8-3  |  8-4|     8-5
-------------------------------------------------------------------
 

       Продолжение таблицы
________________________________________________
    Доля инвестированных пенсионных активов
------------------------------------------------
Вклады в Национальном|Средства |Доходность по
Банке Республики Ка- |на инвес-|пенсионным акти-
захстан и в банках   |тиционном|вам нарастающим
второго уровня       |счете и  |итогом с начала
---------------------|прочие   |года
в тенге|в иностранной|активы   |
      |   валюте    |         |
------------------------------------------------
  9   |      10     |    11   |       12
------------------------------------------------

     1. Банк-кастодиан - банк-кастодиан накопительного пенсионного фонда;
     2. Организация - организация, осуществляющая инвестиционное управление пенсионными активами;
     3. Фонд, самостоятельно осуществляющий деятельность по инвестиционному управлению пенсионными активами, в Части 1 настоящего приложения указывает номера и даты лицензий на осуществление вышеуказанной деятельности, и на осуществление деятельности по привлечению пенсионных взносов и осуществлению пенсионных выплат.