Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайынғы біріктірілген есептерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 178 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасы төрағасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 262 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 15 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3786. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 188 Қаулысымен.

       Ескерту. ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 262 қаулысының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы  N 188  (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі туралы мүдделі тұлғалардың алдында ақпаратты ашып көрсету жүйесін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайынғы біріктірілген есептерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 178  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2387 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2003 жылғы 30 маусым - 13 шілде аралығындағы "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 14 басылымдарында жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайынғы біріктірілген есептерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібі туралы ережеде:

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      "7-1. Жарияланым мерзімін Қауымдастықтың жазбаша өтініші бойынша уәкілетті орган ұзартуы мүмкін.";

      Қосымшада:
      1-бөлімдегі кестеде:

      5-бағанның атауындағы "ақысы төленген" деген сөздер алып тасталсын;

      7 және 8-бағандар мынадай мазмұндағы 7, 8 және 8-1-бағандармен ауыстырылсын:

Салымшылар (адам) саны

міндетті

ерікті

ерікті-кәсіби

7

8

8-1

                                                    ";

      2-бөлімнің кестесі мынадай мазмұндағы 8-1 - 8-5-бағандармен толықтырылсын:
"

Қазақстан
Республикасының
инвестициялық
қорларының
пайлары

Шетелдік
инвестициялық
қорлардың
пайлары

Тазартылған
қымбат 
металдар

Басқа қаржы
құралдары

теңгемен

шетел
валюта-
сында

8-1

8-2

8-3

8-4

8-5

                                                             ".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады