Ескерту. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 178 қаулысының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 188 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру және жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі туралы мүдделі адамдар алдында ақпаратты ашу жүйесін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайынғы біріктірілген есептерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 11 наурыздағы N 793 және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 2001 жылғы 11 наурыздағы N 23-П "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың бірлесіп біріктірілген есептерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы" бірлескен қаулысының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1464 тіркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында 2001 жылғы желтоқсанда жарияланған, N 12) күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының барлық мүдделі бөлімшелеріне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорларына, "Активтерді Басқарушылардың қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін.
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Жинақтаушы зейнетақы
қорларының және зейнетақы
активтерін инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын
ұйымдардың тоқсан сайынғы
біріктірілген есептерін
бұқаралық ақпарат құралдарында
жариялау тәртібі туралы
ережені бекіту туралы"
2003 жылғы 29 мамырдағы
N 178 қаулысымен
бекітілген
Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайынғы біріктірілген есептерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібі туралы ереже
Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайынғы біріктірілген есептерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - қор) және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - ұйым) тоқсан сайынғы біріктірілген есептерін қалыптастыру және жариялау тәртібін, олардың қызметінің нәтижелері туралы айқындайды.
1. Тоқсан сайынғы біріктірілген есеп (бұдан әрі - біріктірілген есеп) қормен және осы қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын қормен бірлесіп осы Ереженің қосымшасына сәйкес қалыптастырылады.
2. Осы Ережеге 2-қосымшаның 2-бөлімін толтырған кезде:
1) 2-10-бағандарда инвестицияланған зейнетақы активтерінің жалпы құны процентпен есептелген көрсеткіштері, оған қоса инвестициялық шоттарға орналастырылған ақша қалдығы және жолдағы ақша аударымдары;
2) 11-бағанда төмендегі формула бойынша есептелген зейнетақы активтерінің кірістілігі ағымдағы жылдың басынан бастап біртіндеп өсу қорытындысымен жылдық процентпен көрсетіледі:
((С
n
/С
1
) - 1: S) х Т х 100, мұндағы
С
1
- өткен жылғы есептік тоқсанда күнтізбелік жылдың соңғы айындағы зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны;
С
n
- есептік тоқсанның соңғы айындағы зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны;
S - есептік тоқсанның соңғы күнін қоса алғанда жыл басынан бергі күнтізбелік күннің саны;
Т - ағымдағы жылдың есептік тоқсанындағы күнтізбелік күннің саны.
3. Ұйым (осы ұйымның инвестициялық басқаруында зейнетақы активтері бар әрбір қордың ауқымында) немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын қор біріктірілген есепті жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан-банктердің, сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) есептік тоқсаннан кейінгі айдың он бесіне дейін ұсынады.
4. Уәкілетті орган біріктірілген есепті алғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде оның өзінде бар ақпаратқа сәйкестігін тексереді және оны тексеру нәтижелері бойынша:
1) ескертпелер болмаса, біріктірілген есепті жариялау үшін ұйымға немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын қорға береді;
2) ескертпелер болса, біріктірілген есепті жариялау үшін ұйымға немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын қорға қайтарады.
5. Ұйым немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын қор уәкілетті органнан ескертпелер алған жағдайда, екі жұмыс күні ішінде ескертпелерді жояды және біріктірілген есепті уәкілетті органға ұсынады.
Уәкілетті орган біріктірілген есепті қайта тексергеннен кейін және ол бойынша ескертпелер болмаса, біріктірілген есепті жариялау үшін ұйымға немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын қорға береді.
6. Біріктірілген есепті жариялауды осы ұйымда немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын қорда инвестициялық басқаруда зейнетақы активтері бар ұйым және қор (қорлар) жүзеге асырады.
Осы ұйымда инвестициялық басқаруда зейнетақы активтері бар ұйым және қор (қорлар), сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын қор "Активтерді Басқарушылардың қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне (бұдан әрі - Қауымдастық) біріктірілген есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды тапсыруға құқылы.
7. Біріктірілген есеп есептік тоқсаннан кейінгі бірінші ай ішінде Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын, кемінде жиырма бес мың дана таралыммен шығарылатын баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануға жатады.
7-1. Жарияланым мерзімін Қауымдастықтың жазбаша өтініші бойынша уәкілетті орган ұзартуы мүмкін.
Ескерту: 7-1-тармақпен толықтырылды - Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасы төрағасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N
262
қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз).
8. Қауымдастық, ұйым немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын қор уәкілетті органға біріктірілген есеп жарияланған баспа басылымы парағының көшірмесін (баспа басылымының атауын, оның нөмірін және жарияланған күнін көрсете отырып) жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.
Жинақтаушы зейнетақы
қорларының және зейнетақы
активтерін инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын
ұйымдардың тоқсан сайынғы
біріктірілген есептерін
бұқаралық ақпарат
құралдарында жариялау
тәртібі туралы ережесіне
қосымша
Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың біріктірілген есебі
1-бөлім. Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар туралы жалпы ақпарат
Ескерту: 1-бөлімнің кестесіне өзгерту енгізілді - Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасы төрағасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 262 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
____________________________________________________________________
Ұйым/ жинақтаушы |Лицензия.|Касто.|Филиал. |Жарғылық| Меншік
зейнетақы қоры | ның N |диан- |дар мен |капитал.|капитал.
| және |банк |өкілдік.|дың |капитал.
|берілген | |тердің |мөлшері |мөлшері
| күні | | саны |(мың |(мың
| | | |теңге) |теңге)
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6
____________________________________________________________________
Ұйымның атауы х х
Жинақтаушы зейнетақы
қорының атауы
...
Ұйымның инвестициялық
басқаруында зейнетақы
активтері бар жинақтаушы
зейнетақы қорлары
бойынша жиынтығы Х х Х Х
Жинақтаушы зейнетақы
қорының атауы
Зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды
дербес жүзеге асыратын
зейнетақы қорлары
бойынша жиынтығы Х х Х Х
Зейнетақы қорлары
бойынша барлығы Х х Х Х
____________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
____________________________________________________________________
Ұйым/ | Салымшылар (адам) |Жарналар|Зейнетақы| Жинақталған
жинақтаушы | саны | мен | төлем. | зейнетақы
зейнетақы |____________________|аударым.|дерінің | қаражаты
қоры |мін- |ерікті|ерікті-| дар | сомасы |______________
|детті| |кәсіби | (мың | (мың |(мың |(жиын-
| | | | теңге) | теңге) |теңге)|тығына
| | | | | | |процен-
| | | | | | |тпен)
___________________________________________________________________
1 7 8 8-1 9 10 11 12
____________________________________________________________________
Ұйымның атауы х х х
Жинақтаушы
зейнетақы
қорының атауы
...
Ұйымның
инвестициялық
басқаруында
зейнетақы актив.
тері бар
жинақтаушы
зейнетақы
қорлары
бойынша
жиынтығы х
Жинақтаушы
зейнетақы
қорының атауы
Зейнетақы
активтерін
инвестициялық
басқаруды
дербес жүзеге
асыратын
зейнетақы
қорлары
бойынша
жиынтығы х
Зейнетақы қорлары
бойынша барлығы х
___________________________________________________________________
2-бөлім. Жинақтаушы зейнетақы қорларының
зейнетақы активтері
Ескерту: 2-бөлімнің кестесіне толықтыру енгізілді - Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасы төрағасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 262 қаулысымен.
процентпен
____________________________________________________________________
Инвестияланған зейнетақы активтерінің үлесі
____________________________________________________________________
Жинақтаушы | Қазақстан | Қазақстан |Халық. | Шет |Шетелдік
зейнетақы |Республикасының| Республикасы |аралық |мемле. | эмитент.
қоры | мемлекеттік |ұйымдарының |қаржы |кеттер.|тердің
| бағалы | мемлекеттік |ұйымда.| дің |мемлекет.
| қағаздары | емес бағалы |рының |бағалы |тік емес
| | қағаздары |бағалы | қағаз.|бағалы
| | |қағаз. | дары |қағаздары
| | | дары | |
|______________________________| | |
|теңге.|шетел |теңге.|шетел | | |
| мен |валюта. | мен |валюта.| | |
| |сымен | |сымен | | |
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8
____________________________________________________________________
Жинақтаушы
зейнетақы
қорының
атауы
Жинақтаушы
зейнетақы
қоры бойынша
жиынтығы
____________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
Қазақстан
|
Шетелдік
|
Тазартылған
|
Басқа қаржы
|
|
теңгемен |
шетел
|
|||
8-1 |
8-2 |
8-3 |
8-4 |
8-5 |
таблицаның жалғасы
________________________________________________
Инвестияланған зейнетақы активтерінің үлесі
________________________________________________
Қазақстан | Инвестициялық | Жыл басынан
Республикасының |шоттағы қаражат| бастап өсу
Ұлттық Банкіне | және басқа |қорытындысымен
және екінші | активтер | зейнетақы
деңгейдегі | | активтері
банктерге | | бойынша
салымдар | | кірістілік
________________| |
теңге.| шетел | |
мен | валюта. | |
| сымен | |
________________________________________________
9 10 11 12
________________________________________________
________________________________________________
1. Кастодиан-банк - Жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкі;
2. Ұйым - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым;
3. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын қор осы қосымшаның 1-бөлімінде жоғарыда көрсетілген қызметті жүзеге асыруға және зейнетақы жарналарын тарту мен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялардың нөмірлерін және күнін көрсетеді.