"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйекте N 2012 тіркелген N 3 бұйрығына N 12 толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 13 маусымдағы N 101 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 4 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2393. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

-----------Бұйрықтан үзінді----------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрлігінің  
      2005 жылғы 2 маусымдағы  
N 75 бұйрығына қосымша  

Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі

      43. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 13 маусымдағы N 101 (тіркелген N 2393) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы, тіркелген N 2012" бұйрығына N 12 толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің N 2012 тіркелген N 3  бұйрығына  (N 2013 тіркелген 2002 жылғы 1 қазандағы N 5, N 2018 тіркелген 2002 жылғы 17 қазандағы N 10, N 2094 тіркелген 2002 жылғы 25 қарашадағы N 27, N 2101 тіркелген 2002 жылғы 6 желтоқсандағы N 37, N 2086 тіркелген 2002 жылғы 14 желтоқсандағы N 43, N 2119 тіркелген 2003 жылғы 6 қаңтардағы N 52, N 2170 тіркелген 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 10, N 2223 тіркелген 2003 жылғы 11 наурыздағы N 41, N 2263 тіркелген 2003 жылғы 9 сәуірдегі N 62, N 2267 тіркелген 2003 жылғы 5 мамырдағы N 78) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
      1) бюджет шығыстарының функциональдық сыныптамасында:
      13 "Өзге" функционалдық тобындағы 9 "Өзге" кіші функциясында:
      105 "Әкім аппараты" әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 085 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "085 Жер сілкінісі салдарларын жоюға Жамбыл облысына қаржы көмегін көрсету";
      259 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық меншіктің атқарушы органы" әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 038 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "038 Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органының коммуналдық меншігіндегі объектілерді және жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен тұрғын үйлерді салу және күрделі жөндеу";
      273 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын инфрақұрылымның және құрылыстың атқарушы органы" әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 032 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "032 Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органының коммуналдық меншігіндегі объектілерді және жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен тұрғын үйлерді салу және күрделі жөндеу";
      274 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы мен көліктің атқарушы органы" мынадай мазмұндағы 068 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "068 Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органының коммуналдық меншігіндегі объектілерді және жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен тұрғын үйлерді салу және күрделі жөндеу";
      275 "Астана қаласының даму бағдарламасына әкімшілік жүргізу жөніндегі департамент" әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 038 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "038 Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органының коммуналдық меншігіндегі объектілерді және жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен тұрғын үйлерді салу және күрделі жөндеу".

      2. Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті (Б.Т.Сұлтанов) Құқықтық және ұйымдық жұмыс департаментімен (Е.Е.Исаев) бірге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады