Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 430 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының«"Банкті құруға, қайта құруға рұқсатты, банк операцияларын жүргізуге және өзге де банк қызметіне лицензияларды беру, қайтарып алу, олардың күшін жою және қолданылуын тоқтату, банктің филиалдарын ашуға, қосуға және өкілдіктерін ашуға келісім беру, қайтарып алу ережесі туралы"»1996 жылғы 29 ақпандағы N 50 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 17 маусымдағы N 193 қаулысы. Қазақстан Республикасында Әділет министрлігінде 2003 жылғы 14 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2402. Күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 202 (V043034) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының банк заңдарын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банкті құруға, қайта құруға рұқсатты, банк операцияларын жүргізуге және өзге де банк қызметіне лицензиялар беру, қайтарып алу, олардың күшін жою және қолданылуын тоқтату, банктің филиалдарын ашуға, қосуға және өкілдіктерін ашуға келісім беру, қайтарып алу ережесі туралы" 1996 жылғы 29 ақпандағы N 50  қаулысына  (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 430 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы"»және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1996 жылғы 15 сәуірде және 1996 жылғы 30 сәуірде жарияланған, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 430 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1996 жылғы 19 қыркүйектегі N 215 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 430 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 30 сәуірдегі N 172 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 64 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 413  қаулысымен  бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банкті құруға, қайта құруға рұқсатты, банк операцияларын жүргізуге және өзге де банк қызметіне лицензиялар беру, қайтарып алу, олардың күшін жою және қолданылуын тоқтату, банктің филиалдарын ашуға, қосуға және өкілдіктерін ашуға келісім беру, қайтарып алу ережесінде:

      2-тармақтағы "соның ішінде мемлекетаралық банктерде" деген сөздер алынып тасталсын;

      5-тармақтағы "(мемлекеттік банктерді санамағанда)" деген сөздер алынып тасталсын;
      6, 11, 12-тармақтар алынып тасталсын;

      13-тармақта:
      е) тармақшасында мемлекеттік тілдегі мәтіндегі "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заң күші бар Жарлығының" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы"» Қазақстан Республикасы  Заңының " деген сөздермен ауыстырылсын;
      ж) тармақшасындағы:
      "акционерлердің жалпы жиналысына немесе банктің Бақылау кеңесіне" деген сөздер "банктің Директорлар кеңесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "(мемлекеттік және мемлекетаралық банктер үшін - банктің Бақылаушы Кеңесіне)" деген сөздер алынып тасталсын;
      з) тармақшасындағы "Бақылау кеңесінің"»деген сөздер "банктің Директорлар кеңесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      и) тармақшасындағы "Басқарма төрағасы, банктің бас бухгалтері және олардың орынбасарлары" деген сөздер "банктің басшы қызметкерлері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14-тармақ алынып тасталсын;
      15-тармақтың екінші абзацында мемлекеттік тілдегі мәтіндегі "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік қадағалау департаментінің (бұдан әрі - Банктік қадағалау департаменті) ұсынысы бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
      "15-1. Ұлттық Банк берілген рұқсатты Ұлттық Банктің банк ашуға берілген, қайтарып алынған рұқсаттарды есепке алу жөніндегі тізіліміне тіркейді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "16. Банктердің және олардың филиалдарының басшылық қызметтеріне тағайындалуға жататын үміткерлерді келісу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.";

      26-тармақта мемлекеттік тілдегі мәтіндегі "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заң күші бар Жарлығында" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының  Заңында " деген сөздермен ауыстырылсын;

      41-тармақтың а) тармақшасында, 47-тармақтың е) тармақшасында, 53-тармақтың ж) тармақшасында, 54-тармақта мемлекеттік тілдегі мәтіндегі "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заң күші бар Жарлығының" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының " деген сөздермен ауыстырылсын;

      58-тармақ алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 62-1-тармақпен толықтырылсын:
      "62-1. Лицензияны қайта ресімдеу "Лицензиялау туралы"» Қазақстан Республикасының  Заңында  белгіленген негіздер бойынша жүргізіледі.
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін банк Ұлттық Банкке мынадай құжаттар ұсынады:
      1) лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
      3) банк атауының немесе тұрған орнының өзгергенін растайтын құжат.
      Банк тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он күн ішінде Ұлттық Банк лицензияны ресімдейді.";

      мынадай мазмұндағы 65-1-тармақпен толықтырылсын:
      "65-1. Ұлттық Банк берілген, қолданылуы тоқтатылған, қайтарып алынған және қайта ресімделген лицензиялардың тізілімін жүргізеді";

      72-тармақта:
      а) тармақшасы алынып тасталсын;
      б) тармақшасында "Банктерді қадағалау департаменті" деген сөздер "қаржылық қадағалауды жүзеге асыратын бөлімше" деген сөздермен ауыстырылсын;

      73-тармақтың а) тармақшасында мемлекеттік тілдегі мәтіндегі "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заң күші бар Жарлығының" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының " деген сөздермен ауыстырылсын;

      75-тармақ алынып тасталсын;
      76-тармақта, 82-тармақтың в) тармақшасында, 84-тармақта мемлекеттік тілдегі мәтіндегі "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заң күші бар Жарлығының" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының " деген сөздермен ауыстырылсын;

      84, 85, 86-тармақтарда "күшін жою", "жою" деген сөздер "қайтарып алу" деген сөзбен ауыстырылсын;

      88 және 89-тармақтарда "Банктерді қадағалау департаментіне", "Банктерді қадағалау департаментінің" деген сөздер "қаржылық қадағалауды жүзеге асыратын бөлімшеге", "қаржылық қадағалауды жүзеге асыратын бөлімшенің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-қосымшада "Байқаушы кеңестің" деген сөздер "Директорлар кеңесінің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына жіберсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады