Сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша ірі мәмілені тануға арналған нормативті бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 17 маусымдағы N 186 қаулысы. Қазақстан Республикасында Әділет министрлігінде 2003 жылғы 16 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2405

      "Сақтандыру қызметі туралы"»Қазақстан Республикасы Заңының  49-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Егер жекелеп жасалған сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы не жекелеген қайта сақтандыру шарты бойынша қабылданатын міндеттемелер көлемі қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесі болып табылатын активтерді қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері сомасының 25 процентінен асып кетсе, сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша мәміле ірі мәміле деп танылады.
      2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, актуарийлерге және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады