Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 200 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 8 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2426. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегi N 218 қаулысымен.

       Ескерту:   Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегi N 218 қаулысымен (2006 жылы 27 қазанда N 189 "Заң газеті" газетінде жарияланды).

----------------Қаулыдан үзінді--------------------

      Нормативтiк құқықтық актiлердi "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы" 2006 жылғы 7-шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi осы қаулының қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1-қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi...

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттiгi
Басқармасының 2006 жылғы    
23 қыркүйектегi N 218 қаулысына
қосымша           

Қазақстан Республикасының күшi жойылды деп танылған
депозиттерiне мiндеттi кепiлдiк беру мәселелерi
жөнiндегi Қазақстан Республикасының нормативтiк
құқықтық актiлерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 200 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2426 тiркелген)...
------------------------------------      

      Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесі бекітілсін (осы қаулыға 1-қосымша).
      2. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енгізіледі және осы қаулыға сәйкес салымдары (депозиттері) кепілдік берілген салымдар (депозиттер) санатынан кепілдік берілмеген салымдар (депозиттер) санатына өтетін шарттарды қоспағанда, оны күшіне енгізгенге дейін жеке тұлғалардың банктік шоттары бойынша қолданылып жүрген барлық шарттарға қолданылады.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық   
Банкі Басқармасының "Қазақстан    
Республикасының екінші деңгейдегі  
банктеріндегі жеке тұлғалардың    
салымдарға (депозиттеріне) міндетті 
ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру)  
ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы  
4 шілдедегі N 200 қаулысына     
1-қосымша              

  Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті
ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесі

      Осы Ереже " Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы " және "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының  заңдарына  сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) тәртібін реттейді.
       Ескерту: Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 204   қаулысымен .

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі (бұдан әрі - банк) жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беруді (сақтандыруды) коммерциялық емес ұйым болып табылатын "Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры" жабық акционерлік қоғамы ( бұдан әрі - Қор) жүзеге асырады.
      Қор қызметінің мақсаты банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда осы Ережемен белгіленген тәртіпте жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) қайтарып беруді қамтамасыз ету болып табылады.

      2. Осы Ережені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) агент банк - осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қормен агенттік келісім негізінде салымшыларға (депозиторларға) өтемақы төлемдері бойынша іс-шараларды жүзеге асыратын қатысушы банк;
      2) қатысушы банк - осы Ережеге сәйкес олардың тартылған салымдарын (депозиттерін) қайтару жөніндегі міндеттемелеріне кепілдік берілетін, жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің (бұдан әрі - Депозиттерге кепілдік беру жүйесі) қатысушысы болып табылатын банк;
      3) салым (депозит) бойынша өтемақы - кепілдік берілген салым (депозит) бойынша Қордың салымшыға (депозиторға) төлеуге тиісті ақша сомасы;
      4) салымшы (депозитор) - қатысушы банкте кепілдік берілген салымы (депозиті) бар жеке тұлға;
      5) кепілдік берілген салым (депозит) - осы ережеге сәйкес міндетті ұжымдық кепілдік берудің (сақтандырудың) объектісі болып табылатын теңгедегі және/немесе шетел валютасындағы салым (депозит).

  2-тарау. Жеке тұлғаларға міндетті ұжымдық кепілдік
берудің (сақтандырудың) объектісі

      3. Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік берудің (сақтандырудың) объектісі қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда, банктік қызмет көрсету шарттарымен және/немесе салым құжаттарымен куәландырылған теңгедегі және шетел валютасындағы, олар бойынша есептелмеген сыйақымен қайтару бойынша жеке тұлғаның мынадай салымдары:
      1) мерзімді, шартты, талап ету бойынша салымдары;
      2) ағымдағы шоттардағы ақша қалдығы;
      3) карт-шоттағы ақша қалдықтары қатысушы банктің міндеттемелері болып табылады.

      4. Теңгедегі және шетел валютасындағы мынадай салымдарды қайтару бойынша қатысушы банктің міндеттемелері салымдарға (депозиттерге) жеке тұлғаларға міндетті ұжымдық кепілдік берудің (сақтандырудың) объектісі болып табылмайды:
      1) қатысушы банктің, басшы қызметкерлерінің, олардың жақын туысқандары мен жұбайларының, сондай-ақ дауыс беру құқығы бар акциялардың бес және одан да көп процентіне ие акционерлердің, олардың жақын туысқандары (ата-анасы, ағасы, қарындасы, қызы, ұлы) мен жұбайларының мерзімді, шартты, талап ету бойынша, ағымдағы шоттардағы және карт-шоттардағы ақша қалдықтары салымдары;
      2) әрбір салым (депозит) бойынша мөлшері рыноктық бағам бойынша есептелген 7 (жеті) миллион теңгеге балама сомаға тең немесе асып түсетін сомадағы мерзімді және шартты салымдар.
      Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 204   қаулысымен .      

  3-тарау. Салым (депозит) бойынша өтемақы төлеудің
тәртібі мен талаптары

      5. Қор салымшыға салым (депозит) бойынша осы салым (депозит) орналастырылған қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда осы ережеде айқындалған тәртіппен өтемақы төлейді.
      Қатысушы банкті Депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шыққан күнге дейін осы банкке орналастырылған салымдар (депозиттер) бойынша Қордың міндеттемесі тоқтамайды.
      Қатысушы банк Депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығарылған жағдайда, шығарылған банк жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банк шоттарын ашуға және жүргiзуге лицензиясы қайтарылып алынған күннен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде салымшыларға (депозиторларға) қолма-қол ақша төлеу арқылы не салымшының (депозитордың) келісімімен салымшының Депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банктерде ашылған басқа банк шоттарына салымды (депозитті) аудару арқылы салым сомасын және ол бойынша есептелген сыйақыны қайтарады.
       Ескерту: 5-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 204   қаулысымен

      6. Қор салымшыға (депозиторға) кепілдік берілетін сома көлемінде, бірақ 400 (төрт жүз) мың теңге баламасынан аспайтын мөлшерде өтемақы төлейді.

      7. Қатысушы банкте салымшы (депозитор) түрлері және валютасы бойынша әр түрлі бірнеше салымдарды (депозиттерді) ашқан жағдайда, салым бойынша жиынтық, бірақ 400 (төрт жүз) мың теңге баламасынан аспайтын мөлшерде өтемақы төлейді.

      8. Салымшы (депозитор) бірнеше қатысушы банкте салым (депозит) ашқан жағдайда Қор жеке алғанда әрбір қатысушы банк бойынша салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеуді жүзеге асырады.

      9. Салым (депозит) бойынша өтемақы салым (депозит) қандай валютада салынса, сол валютада төленеді.
      Салымшы (депозитор) салымдар (депозиттер), оның ішінде әр түрлі валютада салынғандар бойынша өтемақы төлеу кезектілігін айқындайды.

      10. Салым (депозит) бойынша өтемақы төлеуді Қор Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес таңдалатын агент-банк арқылы агенттік келісім негізінде жүргізеді.

      11. Қор қатысушы банктің мәжбүрлеп таратылатыны туралы соттың шешімі күшіне енген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі екі республикалық газетке жариялау арқылы қатысушы банкті тарату туралы және салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеуді жүзеге асыратын агент банктің (агент банкті таңдау мүмкін болмаған жағдайда Ұлттық почта операторы) атауын көрсете отырып, салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеудің басталғаны, кезеңі және орны туралы хабарландыру береді.
      Осы тармақта көрсетілген ақпаратты салымшы (депозитор) тікелей Қордан алуға құқылы.

      12. Осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген хабарландыру шыққан күннен бастап үш ай ішінде таратылатын қатысушы банктің салымшысы (депозиторы), осы Ереженің қосымшаларына сәйкес нысанда жасалған салым (депозит) бойынша оған өтемақы төлеу туралы агент банкке жазбаша өтініш жасауға құқылы. Өтінішке банктік қызмет көрсету шарттары және/немесе салым құжаттарын және олардың көшірмелерін қоса тапсырады.
      Салымшының (депозитордың) өтініші негізінде, егер салымшының (депозитордың) өтінішін орындауға мүмкіншілік бермейтін жағдайлар болса, онда Қор өтініштің мерзімін ұзартады.

      13. Үш ай өткеннен кейін салымшы (депозитор) салым (депозит) бойынша сыйақы алу үшін тікелей Қорға өтініш жасауға құқылы.

      14. Агент банк салымшы (депозитор) ұсынған құжаттар мазмұнының еріксіз таратылатын қатысушы банктің кепілдік берілген салымдары (депозиттері) бойынша Қордан алынған мәліметтермен сәйкестігін тексереді. Қатысушы банкке салымшының (депозитордың) талап ету құқықтары расталған кезде агент банк салымшының (депозитордың) құжаттарын салыстырып тексеру күні не келесі күндері, бірақ агент банкке салымшының (депозитордың) құжаттары түскен күннен бастап бес операциялық күнінен кешіктірмей салымшыға (депозиторға) өтемақы төлейді.
      Қорда сыйақы төлеу үшін салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы үшін ақшасы жеткіліксіз болғанда, Қор Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеткіліксіз ақша сомасын қарызға алу кезеңінде салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу мерзімін ұзартуға, бірақ 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.

      15. Салым (депозит) бойынша өтемақы төлеу салымшының жеке басын куәландыратын құжат ұсынғанда ғана жүргізіледі. Салым (депозит) бойынша салым сомасын толық емес көлемде төлеген кезде көрсетілген соманы алғанын растап салымшы (депозитор) қол қойған салым (депозит) бойынша төленген өтемақының сомасы көрсетілген агент банктің белгісі банктік қызмет көрсету шарттарына және/немесе салым құжаттарына және олардың көшірмелеріне қойылады. Көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары салымшыға (депозиторға) қайтарылады, ал көшірмелерін Қазақстан республикасының заңдарында көзделген мерзімде агент банк Қорға өткізеді.

      16. Салымшыға (депозиторға) салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы толық көлемде төленген және олар бойынша сыйақы болмаған кезде банктік қызмет көрсету шарттары және/немесе салым құжаттарының түпнұсқалары салымшыға (депозиторға) қайтарылмайды және оларды көшірмелерімен бірге агент банк Қорға өткізеді.

      17. Қатысушы банк салымшыға (депозиторға) қатынасы бойынша кредитор немесе гарант есебінде болған жағдайда салым (депозит) бойынша өтемақы мөлшері кепілдік берілген салым (депозит) сомасы мен қатысушы банктің қарсы талаптарының сомасы арасындағы айырма нәтижесінде пайда болған сома бойынша айқындалады.

  4-тарау. Қатысушы банк пен оның салымшыларының (депозиторларының) өзара қарым-қатынасы

      18. Қатысушы банк:
      1) өзінің міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне қатысуы туралы клиенттердің жазбаша және ауызша сұратуларына тиісті куәлігінің нөмірін және берілген күнін көрсете отырып хабарлайды;
      2) салымшыларға (депозиторларға) кепілдік беру және олар бойынша өтемақы төлемдерінің тәртібін түсіндіреді, сондай-ақ таныстыру үшін олардың талабы бойынша осы ереженің көшірмесін ұсынады;
      3) салымшы қосымша сома енгізген не мерзімді және шартты банктік салым шарты бойынша ақшасының бір бөлігін алып алған жағдайда осы Ереженің 4-тармағына сәйкес салымның (депозиттің) кепілдік берілетін санатынан кепілдік берілмейтін санатына не кепілдік берілмейтін санатынан кепілдік берілетін санатына өту мүмкіндігі туралы салымшыға (депозиторға) хабарлайды.

      19. Қатысушы банк салымшысы (депозиторы):
      1) қатысушы банктен салымдарға (депозиттерге) кепілдік беру тәртібі және олар бойынша өтемақы төлемдері бойынша түсіндірме алады;
      2) қатысушы банктің салымдарды (депозиттерді) қайтару бойынша міндеттемелерін орындамаған фактісі туралы Қорға хабарлайды;
      3) осы Ережеде белгіленген тәртіпте және талаптарда салымдар (депозиттер) бойынша Қордан өтемақы алады.

  5-тарау. Қорытынды ережелер

      20. Осы Ережемен реттелінбейтін мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.

Қазақстан Республикасының  
екінші деңгейдегі     
банктеріндегі жеке    
тұлғалардың салымдарына  
(депозиттеріне) міндетті  
ұжымдық кепілдік беру   
(сақтандыру) ережесіне   
Қосымша          

"Қазақстанның жеке тұлғалардың 
салымдарына кепілдік беру  
(сақтандыру) қоры" ЖАҚ    
______________________________ 
агент-банктің толық атауы    

      Күні "__" ______________ 20___ ж.

Өтініш

      Мен, ______________________________________________________
                           (толық аты-жөні)

________________________________________________________________
                        (банктің толық атауы)
банкінің салымшысы (депозиторы) __________________________________
                                         (валютаның түрі) 

валютасында 20 ___ жылы "___" __________________ банктік қызмет көрсету шарты және/немесе салым құжаты негізінде ашылған салым (депозит) бойынша өтемақы төлеуіңізді сұраймын.

      өтініш берушінің қолы _____________________.

Қазақстан Республикасының Ұлттық   
Банкі Басқармасының "Қазақстан    
Республикасының екінші деңгейдегі  
банктеріндегі жеке тұлғалардың    
салымдарға (депозиттеріне) міндетті 
ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру)  
ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы  
4 шілдедегі N 200 қаулысына     
2-қосымша              

Күші жойылды деп танылған нормативтік
құқықтық актілердің тізбесі

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 5 қарашадағы N 340  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 984 тіркелген, 1999 жылғы 22 қараша - 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған);
      2) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 5 қарашадағы N 340 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1279 тіркелген, 2000 жылғы 6-19 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған);
      3) "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 5 қарашадағы N 340 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 13 шілдедегі N 274  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1624 тіркелген, 2001 жылғы 27 тамыз - 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған);
      4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 5 қарашадағы N 340 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 13 сәуірдегі N 136  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1863 тіркелген, 2002 жылғы 20 мамыр - 2 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған).

Об утверждении Правил обязательного коллективного гарантирования (страхования) вкладов (депозитов) физических лиц в банках второго уровня Республики Казахстан

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 4 июля 2003 года N 200. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 августа 2003 года N 2426. Утратило силу постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 23 сентября 2006 года N 218

  Извлечение из
постановлением Правления Агентства Республики Казахстан
по регулированию и надзору финансового рынка и
финансовых организаций от 23 сентября 2006 года N 218

      ... ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Признать утратившими силу нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам обязательного гарантирования депозитов согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2007 года.
      ...

Перечень нормативных правовых актов Республики Казахстан
по вопросам обязательного гарантирования депозитов,
признаваемых утратившими силу

      1. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 4 июля 2003 года N 200 "Об утверждении Правил обязательного коллективного гарантирования (страхования) вкладов (депозитов) физических лиц в банках второго уровня Республики Казахстан" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 2426).
      ...
------------------------------------------------------------------

     

      С целью совершенствования системы обязательного коллективного гарантирования (страхования) вкладов (депозитов) физических лиц Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила обязательного коллективного гарантирования (страхования) вкладов (депозитов) физических лиц в банках второго уровня Республики Казахстан (приложение 1 к настоящему постановлению).

      2. Со дня введения в действие настоящего постановления признать утратившими силу нормативные правовые акты, указанные в приложении 2 к настоящему постановлению.

      3. Департаменту финансового надзора (Бахмутова Е.Л.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата, территориальных филиалов Национального Банка Республики Казахстан и банков второго уровня Республики Казахстан.

      4. Контроль над исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Сайденова А.Г.

      5. Настоящее постановление вводится в действие с 1 сентября 2003 года и распространяется на все действующие договоры по банковским счетам физических лиц, заключенные до введения его в действие, за исключением договоров, вклады (депозиты) по которым согласно настоящему постановлению переходят из категории гарантируемых вкладов (депозитов) в категорию негарантируемых вкладов (депозитов).

       Председатель
      Национального Банка

Приложение 1         
к постановлению Правления   
Национального Банка      
Республики Казахстан     
"Об утверждении Правил    
обязательного коллективного 
гарантирования (страхования) 
вкладов (депозитов) физических
лиц в банках второго уровня  
Республики Казахстан"    
от 4 июля 2003 года N 200  

Правила обязательного коллективного гарантирования (страхования)
вкладов (депозитов) физических лиц в банках второго уровня
Республики Казахстан

      Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан " О банках  и банковской деятельности в Республике Казахстан" и " О государственном  регулировании и надзоре финансового рынка и финансовых организаций" и регулируют порядок обязательного коллективного гарантирования (страхования) вкладов (депозитов) физических лиц в банках второго уровня Республики Казахстан. <*>
      Сноска. В преамбулу внесены изменения - Постановлением  Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 12 июля 2004 года N 204.

  Глава 1. Общие положения

      1. Обязательное коллективное гарантирование (страхование) вкладов (депозитов) физических лиц в банках второго уровня Республики Казахстан (далее - банк) осуществляет закрытое акционерное общество "Казахстанский фонд гарантирования (страхования) вкладов физических лиц" (далее - Фонд), являющееся некоммерческой организацией.
      Целью деятельности Фонда является обеспечение возврата вкладов (депозитов) физических лиц в случае принудительной ликвидации банка, в порядке, установленном настоящими Правилами.
      2. В целях применения настоящих Правил используются следующие понятия:
      1) банк-агент - банк-участник, осуществляющий процедуры по выплате возмещения вкладчикам (депозиторам) на основании заключенного с Фондом агентского соглашения в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      2) банк-участник - банк, являющийся участником системы обязательного коллективного гарантирования (страхования) вкладов (депозитов) физических лиц (далее - Система гарантирования депозитов), обязательства которого по возврату привлеченных им вкладов (депозитов) физических лиц гарантируются в соответствии с настоящими Правилами;
      3) возмещение по вкладу (депозиту) - сумма денег, подлежащая выплате Фондом вкладчику (депозитору) по гарантируемому вкладу (депозиту);
      4) вкладчик (депозитор) - физическое лицо, имеющее гарантируемый вклад (депозит) в банке-участнике;
      5) гарантируемый вклад (депозит) - вклад (депозит) в тенге и/или в иностранной валюте, являющийся объектом обязательного коллективного гарантирования (страхования) в соответствии с настоящими Правилами.

  Глава 2. Объект обязательного коллективного гарантирования
(страхования) физических лиц

      3. Объектом обязательного коллективного гарантирования (страхования) вкладов (депозитов) физических лиц являются обязательства банка-участника по возврату, в случае его принудительной ликвидации, следующих вкладов (депозитов) физических лиц в тенге и в иностранной валюте, без начисленного по ним вознаграждения, удостоверенных договорами банковского обслуживания и/или вкладными документами:
      1) вклады срочные, условные, до востребования;
      2) остатки денег на текущих счетах;
      3) остатки денег на карт-счетах.
      4. Не являются объектом обязательного коллективного гарантирования (страхования) вкладов (депозитов) физических лиц обязательства банка-участника по возврату следующих вкладов (депозитов) в тенге и в иностранной валюте:
      1) вклады срочные, условные, до востребования, остатки денег на текущих счетах и карт-счетах руководящих работников банка-участника, их близких родственников (родитель, брат, сестра, сын, дочь) и супругов, а также его акционеров, владеющих пятью и более процентами акций с правом голоса, их близких родственников (родитель, брат, сестра, сын, дочь) и супругов;
      2) срочные и условные вклады, размер которых по каждому вкладу равен или превышает сумму, эквивалентную 7 (семи) миллионам тенге, исчисленную по рыночному курсу на дату внесения, пополнения или изъятия денег. <*>
      Сноска. В пункт 4 внесены изменения - Постановлением  Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 12 июля 2004 года N 204.

  Глава 3. Порядок и условия выплаты возмещения
по вкладу (депозиту)

      5. Фонд выплачивает вкладчику (депозитору) возмещение по вкладу (депозиту) в случае принудительной ликвидации банка-участника, в котором размещен данный вклад (депозит) в порядке, определенном настоящими Правилами.
      Исключение банка-участника из Системы гарантирования депозитов не прекращает обязательств Фонда по вкладам (депозитам), размещенным в данном банке-участнике до дня исключения.
      В случае исключения банка-участника из Системы гарантирования депозитов, исключенный банк в течение 60 (шестидесяти) календарных дней со дня отзыва лицензии на прием депозитов, открытие и ведение банковских счетов физических лиц, возвращает вкладчикам (депозиторам) сумму вклада и начисленного по нему вознаграждения путем выплаты ему наличными деньгами, либо, с согласия вкладчика (депозитора), путем перевода вклада (депозита) на другие банковские счета вкладчика, открытые в банках, являющихся участниками Системы гарантирования депозитов. <*>
      Сноска. В пункт 5 внесены дополнения - Постановлением  Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 12 июля 2004 года N 204.
      6. Фонд выплачивает вкладчику (депозитору) возмещение по вкладу (депозиту) в размере суммы гарантируемого вклада (депозита) без начисленного по нему вознаграждения, но не более эквивалента 400 (четырехсот) тысяч тенге.
      7. В случае открытия вкладчиком (депозитором) в банке-участнике нескольких вкладов (депозитов), различных по видам и по валюте, Фонд выплачивает по ним совокупное возмещение по вкладу (депозиту), но не более эквивалента 400 (четыреста) тысяч тенге.
      8. В случае открытия вкладчиком (депозитором) вкладов (депозитов) в нескольких банках-участниках, Фонд осуществляет выплату возмещения по вкладам (депозитам) отдельно по каждому банку-участнику.
      9. Возмещение по вкладу (депозиту) выплачивается в той же валюте, в какой был внесен вклад (депозит).
      Вкладчик (депозитор) вправе определить очередность выплаты возмещения по вкладам (депозитам), внесенным им в различных валютах.
      10. Выплата возмещения по вкладу (депозиту) производится Фондом на основании агентского соглашения через банк-агент, выбираемый в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан.
      11. Фонд в течение семи рабочих дней со дня вступления в силу решения суда о принудительной ликвидации банка-участника объявляет путем публикации в двух республиканских газетах на государственном и русском языках о ликвидации банка-участника и о начале выплаты возмещения по вкладам (депозитам), с указанием наименования банка-агента (либо Национального оператора почты в случае невозможности выбора банка-агента), осуществляющего выплату возмещения по вкладам (депозитам), периоде и месте (местах) выплаты.
      Информацию, указанную в настоящем пункте, вкладчик (депозитор) вправе получить непосредственно у Фонда.
      12. Вкладчик (депозитор) ликвидируемого банка-участника в течение трех месяцев со дня выхода объявления, указанного в пункте 11 настоящих Правил, вправе обратиться в банк-агент с письменным заявлением о выплате ему возмещения по вкладу (депозиту), составленным по форме согласно приложению к настоящим Правилам. К заявлению должны быть приложены оригиналы договоров банковского обслуживания и/или вкладных документов, и их копии.
      13. По истечении трех месяцев вкладчик (депозитор) вправе обратиться за получением возмещения по вкладу (депозиту) непосредственно в Фонд.
      14. Банк-агент проверяет соответствие содержания документов, представленных вкладчиком (депозитором), со сведениями по гарантируемым вкладам (депозитам) принудительно ликвидируемого банка-участника, полученными от Фонда. При подтверждении прав требования вкладчика (депозитора) к банку-участнику, банк-агент выплачивает возмещение вкладчику (депозитору) в день сверки документов вкладчика (депозитора) либо в последующие дни, но не позднее пяти операционных дней со дня поступления документов банку-агенту.
      При недостатке у Фонда денег для выплаты возмещения по гарантируемым вкладам (депозитам), Фонд вправе продлить срок выплаты возмещения по вкладам (депозитам) на период заимствования недостающей суммы денег в соответствии с законодательством Республики Казахстан, но не более чем на 30 (тридцать) рабочих дней.
      15. Выплата возмещения по вкладу (депозиту) производится только при представлении вкладчиком (депозитором) документа, удостоверяющего личность. При выплате возмещения по вкладу (депозиту) в неполном объеме от суммы вклада (депозита), а также при наличии начисленного по нему вознаграждения, на оригиналах договоров банковского обслуживания и/или вкладных документов и их копиях проставляется отметка банка-агента с указанием суммы выплаченного возмещения по вкладу (депозиту), которые подписываются вкладчиком (депозитором) в подтверждение получения им указанной суммы. Оригиналы указанных документов возвращаются вкладчику (депозитору), а их копии передаются банком-агентом Фонду в сроки, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
      16. При выплате вкладчику (депозитору) возмещения по вкладу (депозиту) в полном объеме от суммы вклада (депозита) и отсутствии начисленного по нему вознаграждения, оригиналы договоров банковского обслуживания и/или вкладных документов вкладчику (депозитору) не возвращаются и передаются банком-агентом Фонду вместе с их копиями.
      17. В случае, если банк-участник выступал по отношению к вкладчику (депозитору) также в качестве кредитора или гаранта, размер возмещения по вкладу (депозиту) определяется по сумме образовавшейся в результате разницы между суммой гарантированного вклада (депозита) и суммой встречных требований банка-участника.

  Глава 4. Взаимоотношения банка-участника
и его вкладчиков (депозиторов)

      18. Банк-участник:
      1) на письменные и устные запросы вкладчиков (депозиторов) сообщает им о своем участии в Системе гарантирования депозитов с указанием номера и даты выдачи соответствующего свидетельства;
      2) разъясняет вкладчикам (депозиторам) порядок гарантирования вкладов (депозитов) и выплаты по ним возмещения, а также представляет по их требованию копию настоящих Правил для ознакомления;
      3) при внесении вкладчиком (депозитором) дополнительной суммы денег либо изъятия им части денег по договору срочного и условного банковского вклада, уведомляет вкладчика (депозитора) о переходе вклада (депозита) из категории гарантируемых в категорию негарантируемых либо из категории негарантируемых в категорию гарантируемых, согласно пункту 4 настоящих Правил.
      19. Вкладчик (депозитор) банка-участника:
      1) получает от банка-участника разъяснения по порядку гарантирования вкладов (депозитов) и выплаты по ним возмещения;
      2) сообщает Фонду о фактах невыполнения банком-участником обязательств по возврату вкладов (депозитов);
      3) получает от Фонда возмещение по вкладам (депозитам) в порядке и на условиях, определенных настоящими Правилами.

  Глава 5. Заключительные положения

      20. Вопросы, неурегулированные настоящими Правилами, регулируются законодательством Республики Казахстан.

Приложение        
к Правилам обязательного 
коллективного гарантирования
(страхования) вкладов   
(депозитов) физических лиц 
в банках второго уровня  
Республики Казахстан    

ЗАО "Казахстанский фонд   
гарантирования (страхования)
вкладов физических лиц"  
____________________________
(наименование банка-агента)

Дата "___" ___________ 20___ года

                             Заявление

      Я, __________________________________________________________
         (указать фамилию, имя, отчество полностью)
вкладчик (депозитор) банка
___________________________________________________________________
            (указать наименование банка полностью)

прошу выплатить мне возмещение по вкладу (депозиту), открытому на
основании договора банковского обслуживания и/или вкладного
документа__________________________________________________________
            (наименование договора и/или вкладного документа)

N ____ от "_____" _________________ 20____года в валюте
_________________________________________________.
              (указать вид валюты)

      подпись заявителя __________________.
________________________________________________________________________

Приложение 2         
к постановлению Правления   
Национального Банка      
Республики Казахстан     
"Об утверждении Правил    
обязательного коллективного 
гарантирования (страхования) 
вкладов (депозитов) физических
лиц в банках второго уровня  
Республики Казахстан"    
от 4 июля 2003 года N 200  

Перечень нормативных правовых актов,
признаваемых утратившими силу

      1)  постановление  Правления Национального Банка Республики Казахстан от 5 ноября 1999 года N 340 "Об утверждении Правил обязательного коллективного гарантирования (страхования) вкладов (депозитов) физических лиц в банках второго уровня Республики Казахстан" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 984, опубликованное 22 ноября - 5 декабря 1999 года в изданиях Национального Банка Республики Казахстан "Казакстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы" и "Вестник Национального Банка Казахстана");

      2)  постановление  Правления Национального Банка Республики Казахстан от 22 сентября 2000 года N 354 "Об утверждении изменений и дополнений в Правила обязательного коллективного гарантирования (страхования) вкладов (депозитов) физических лиц в банках второго уровня Республики Казахстан, утвержденные постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 5 ноября 1999 года N 340" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 1279, опубликованное 6-19 ноября 2000 года в изданиях Национального Банка Республики Казахстан "Казакстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы" и "Вестник Национального Банка Казахстана");

      3)  постановление  Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 июля 2001 года N 274 "Об утверждении изменений и дополнений в Правила обязательного коллективного гарантирования (страхования) вкладов (депозитов) физических лиц в банках второго уровня Республики Казахстан, утвержденные постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 5 ноября 1999 года N 340 "Об утверждении Правил обязательного коллективного гарантирования (страхования) вкладов (депозитов) физических лиц в банках второго уровня Республики Казахстан" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 1624, опубликованное 27 августа - 9 сентября 2001 года в изданиях Национального Банка Республики Казахстан "Казакстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы" и "Вестник Национального Банка Казахстана");

      4)  постановление  Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 апреля 2002 года N 136 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 5 ноября 1999 года N 340 "Об утверждении Правил обязательного коллективного гарантирования (страхования) вкладов (депозитов) физических лиц в банках второго уровня Республики Казахстан" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 1863, опубликованное 20 мая - 2 июня 2002 года в изданиях Национального Банка Республики Казахстан "Казакстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы" и "Вестник Национального Банка Казахстана").