Екiншi деңгейдегi банктердiң депозиторларының мүддесiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Банктердi қадағалау департаментi (Жұмағұлов Б.К.):
1) Заң департаментімен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркесiн;
2) Осы қаулыны және бекiтiлген Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) міндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
3. Халықаралық қатынастар басқармасын (Сембиев Н.Қ.) Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Хабаршысында және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 5 қарашадағы
N 340 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының Екінші деңгейдегі Банктеріндегі
жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті
ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы"
Z952444_
және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы"
Z952155_
Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрлендi және екiншi деңгейдегi банктердегi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) тәртiбi мен жағдайларын, оны iске асыру тетiгiн белгiлейдi, сондай-ақ екiншi деңгейдегi банктердегi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк берудi (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн және екiншi деңгейдегi банктермен және олардың салымшыларымен (депозиторларымен) өзара қарым-қатынасын реттейдi.
Ескерту. Кіріспе өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен.
V011624_
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк берудi (сақтандыруды) коммерциялық емес ұйым болып табылатын "Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепiлдiк беру (сақтандыру) қоры" жабық акционерлiк қоғамы жүзеге асырады.
Қор қызметiнiң мақсаты осы Ережеде белгiленген тәртiппен екiншi деңгейдегi банктердегi салымға (депозитке) салынған жеке тұлғалардың ақшасын қайтаруды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Осы Ереженi қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) банк-агент - Қормен агенттiк келiсiм негiзiнде салымшыларға (депозиторларға) өтеу төлемi бойынша iс-шараларды жүзеге асыратын банк;
2) жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне қатысушы банк (бұдан әрi - қатысушы банк) - жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) қайтару жөнiндегi мiндеттемелерiне осы Ережеге сәйкес кепiлдiк берiлген және қатысушының куәлiгi бар банк;
3) қатысушы банктiң салымшысы (депозиторы) - қайтару жөнiндегi мiндеттемелерiне осы Ережеге сәйкес кепiлдiк берiлген қатысушы банкте салымдары (депозиттерi) бар жеке тұлға;
4) салым (депозит) бойынша өтеу - Қор салымшыға төлеуi тиiс ақша сомасы;
4-1) осы Ереженiң 19-тармағында көзделген жағдайларда осы Ережеге сәйкес қайтару жөнiндегi мiндеттемелерге кепiлдiк берiлетiн қатысушы-банк салымдар (депозиттер) сомасы мөлшерiнде Қорға аударатын банктiң төлемi ақша сомасы;
5) салымдар (депозиттер) бойынша өтеу үшiн қатысушы банктер бұрын аударған мiндеттi күнтiзбелiк жарна сомасы, қордың активтерiн және жарғылық капиталының бiр бөлiгiн орналастырудан түскен кiрiс жетiспеген жағдайда қатысушы банктер осы Ережеде белгiленген тәртiппен қорға аударатын ақша сомасы;
6) мiндеттi күнтiзбелiк жарна - қатысушы банктер Қорға тоқсан сайын аударып отыратын ақша сомасы;
7) Салымдар (депозиттер) бойынша өтем жасауға арналған резерв - Қордың жарғылық капиталы, мiндеттi күнтiзбелiк және қосымша жарналар ерiксiз таратылатын қатысушы-банктiң Қордың талаптарын қанағаттандыру тәртiбiнде алынған банк төлемi, ақшасы, сондай-ақ жарғылық және резервтiк капиталға аударымдар сомасына азайтылған Қордың таза кiрiсiнiң мөлшерiнде осы Ережеге сәйкес құралатын және салымдар (депозиттер) бойынша өтем жасауға арналған ақша сомасы;
8) жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне қатысушының куәлiгi (бұдан әрi қатысушының куәлiгi) - Қордың банкке беретiн және банктiң жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне қатысуын куәландыратын құжат;
9) жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесi - негiзгi қызметi осы Ережеде белгiленген тәртiппен салымдар (депозиттер) бойынша төлемдi өтеу болып табылатын Қор және қатысушы банктер құратын жүйе;
10) төтенше жарна - осы Ережеде белгiленген тәртiппен өтеу үшiн Қор қарызға алған ақшаны өтеу мақсатында қатысушы-банктер Қорға аударатын ақша сомасы.
Ескерту. 2-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен.
V001279_
Ескерту. 2-тармақ толықтырылды және өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі
басқармасының 2001 жылғы 13 шілдедегі N 274
қаулысымен.
V011624_
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) банк операцияларын жүргiзуге берген лицензияларда жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдау, банктiк есепшоттарын ашу және жүргiзу құқығына тiкелей нұсқау болса, осы Ереженiң талаптарына сәйкес жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) банктiң өз капиталынан асатын мөлшерде қабылдауға құқығы бар банктер қатысады.
Жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) банктiң өз капиталынан асатын мөлшерде қабылдауға құқығы жоқ банктер де қатыса алады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354
қаулысымен.
V001279_
Ескерту. 3-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен.
V011624_
4. Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісі, қатысушы банк еріксіз таратылған жағдайда, жеке тұлғаның банктік салым шарттарымен немесе салым құжаттарымен куәландырылған теңгедегі мерзімді салымдарын (депозиттерін) сыйақымен, АҚШ долларындағы және еуродағы салымдарын сыйақысыз, сондай-ақ теңгедегі талап ету салымдарын (депозиттерін) сыйақысыз қайтару бойынша қатысушы банктің міндеттемелері болып табылады. Салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы, осы Ережеге сәйкес қайтарылуына кепілдік берілетін міндеттемелер осы Ереженің 34-тармағында көрсетілген мөлшерде төленеді.
Қатысушы банктің:
жеке тұлғалардың салымдары (депозиттері)-кепілдіктері, олардың міндеттемелері бойынша;
еріксіз таратылатын қатысушы банктің басшы қызметкерлерінің және олардың жақын туыстарының, сондай-ақ банктің дауыс беру құқығы бар акцияларының бес және одан да көп процентін иеленуші акционерлерінің және олардың жақын туыстарының салымдары (депозиттері) бойынша;
банктік салым шарты жасалған күні Қордың Директорлар кеңесі белгілеген салымдар (депозиттер) бойынша сыйақы ставкасының шектеулі көлемінен асатын салымдардың (депозиттердің) сыйақы ставкасы бойынша жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісі болып табылмайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354
қаулысымен.
V001279_
Ескерту. 4-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен.
V011624_
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2002.04.13. N 136 қаулысымен.
V021863_
5. Қор салымшыға (депозиторға) салым (депозит) бойынша өтеудi осы салым (депозит) салынған қатысушы банк ықтиярсыз таратылған жағдайда, осы осы Ережеде белгiленген тәртiппен төлейдi және мынадай жағдайларда: қатысушы-банк салым (депозит) бойынша мiндеттеменi орындаған жағдайда;
салымшының салымы (депозитi) бойынша осы Ережеде белгiленген мөлшерде өтеу төленген жағдайда тоқтатады.
Ескерту. 5-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен.
V001279_
2-тарау. Қорды құру тәртібі
6. Қордың құрылтайшысы Ұлттық Банк болып табылады. Қордың акцияларын
Қазақстан Республикасының Үкiметi сатып алуына болады.
Ескерту. 6-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен. V011624_
7. Қордың жарғылық капиталы 1 (бiр) миллиард теңге.
8. Қордың қызметiне Директорлар кеңесi жалпы басшылық жасайды, ол
жетi адамнан тұрады. Қордың Директорлар кеңесiнiң құрамына Ұлттық Банктiң
төрт өкiлi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнен және Қазақстан
Қаржыгерлерi ассоциациясынан бiр-бiр өкiл және Қордың ағымдағы қызметiне
басшылық жасайтын және Ұлттық Банк тағайындайтын Қордың Бас Директоры
кiредi.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
басқармасының 2001 жылғы 13 шілдедегі N
274 қаулысымен. V011624_
9. Қордың банктiк есепшоттары тек қана Ұлттық Банкте ашылады.
10. Қордың ақшасы:
1) Қор активтерiнен кемiнде 80% мөлшерде - мемлекеттiк бағалы
қағаздарға;
2) Ұлттық Банктегi салымдарға (депозиттерге) салынады.
3-тарау. Қордың және оның Директорлар кеңесінің қызметi,
құқықтары және мiндеттерi
11. Қор мынадай негiзгi қызметтердi орындайды:
1) қатысушы банк ықтиярсыз таратылған жағдайда, оның салымшыларына (депозиторларына) салымдар (депозиттер) бойынша осы Ережеде белгiленген көлемде және тәртiппен өтем төлейдi;
2) активтердi басқарады;
3) қатысушылардың куәлiктерiнiң есебiн жүргiзедi;
4) Қор Жарғысында, осы Ережеде және Ұлттық Банктiң басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген өзге де қызметтердi жүзеге асырады.
12. Өз қызметiн орындаған кезде Қор:
1) Ұлттық Банкпен ақпарат алмасу туралы келiсiм жасауға және осыған сәйкес қатысушы банктердiң қаржылық жай-күйi және осы банктерде кепiлдiк берiлген салымдардың (депозиттердiң) жалпы сомасы туралы банктiк құпия болатын мәлiметтерден басқа мәлiметтер алуға;
2) Ұлттық Банкке қатысушы банктердiң банк заңдарын және осы Ереженiң талаптарын бұзған оқиғалары туралы хабарлап отыруға;
3) осы Ережеде белгiленген тәртiппен қатысушы банктi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесінен шығаруға және қатысушының куәлігiн қайтып алуға;
4)
5) ықтиярсыз таратылатын қатысушы банктен ерiксiз таратылатын қатысушы банк ұсынған есеп айырысуға сәйкес ақша сомасы көлемiнде өтем төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi орындауға байланысты қанағаттандыруды талап етуге;
6) өз өкiлiн банктi уақытша басқаратын әкiмшiлiктiң құрамына кiргiзуге;
7) өз өкiлiн қатысушы банктiң тарату комиссиясының құрамына кiргiзуге сот алдында өтiнiш жасауға;
8) өз құзыры шегiнде басқа да заңды iстердi жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 12-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен.
V001279_
Ескерту. 12-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен.
V011624_
13. Өз қызметiн атқарған кезде Қор:
1)
2) Ұлттық Банкке өз қызметi туралы қаржы есебiн, оның iшiнде жылдық есептi, Ұлттық Банк белгiлейтiн тәртiппен, нысанмен және мерзiмде берiп отырады;
2-1) шетел валютасымен салымдар (депозиттер) бойынша өтем төлеу үшiн, сондай-ақ шетел валютасымен алынған заемдарды өтеу үшiн iшкi рынокта шетел валютасын сатып алуға құқығы бар.
2-2) өзiнiң жылдық балансын, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есептi қатысушы банктерге ұсынады және мерзiмдi басылымдарда жариялап отырады.
Ескерту. 13-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354
қаулысымен.
V001279_
Ескерту. 13-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
басқармасының 2001 жылғы 13 шілдедегі N 274
қаулысымен.
V011624_
14. Қор Директорлар кеңесінің құзыры:
1) банктердi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне кiргiзу туралы шешiм қабылдау;
2) қатысушы банктердiң Қорға мiндеттi күнтiзбелiк және басқа жарналарды енгiзуiнiң ставкалары мен мерзiмiн осы Ережеге сәйкес белгiлеу;
3) қатысушы банкке инспекторлық тексеру жүргiзу және/немесе оған жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банктiк есепшоттарын ашуға және жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтату мен қайтарып алуды қоса алғанда банк заңдарында көзделген ықпал етудiң шектелген шаралары мен санкция қолдану туралы Ұлттық Банк алдында өтiнiш жасауға шешiм қабылдау;
4) қатысушы банктердi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне)
мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнен шығару туралы шешiм
қабылдау;
5) Қор активтерiн келiсiм бойынша Ұлттық Банкке сенiмдi басқаруға
өткiзу туралы шешiм қабылдау;
6) ықтиярсыз таратылатын қатысушы банктiң салымшыларына өтем төлеу
туралы шешiм қабылдау;
7) банк-агенттi таңдау Директор бекiтетiн iшкi ережелерге
сәйкес;
8) Қор Директорлар кеңесінің Төрағасын сайлау және Қордың лауазымды
адамдарын тағайындау;
9) Қордың жыл сайынғы кiрiстерi мен шығыстары сметасын бекiту;
10) осы Ережеге сәйкес басқа да өкiлеттiктер.
Ескерту. 14-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен. V001279_
Ескерту. 14-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен. V011624_
15. Қордың лауазымды адамдары мен қызметкерлерi өз мiндеттерiн атқару
барысында қатысушы банктердiң жұмысы туралы өздерiне мәлiм болған барлық
ақпаратты тек қызмет мақсатында ғана пайдалануға мiндеттi және алынған
мәлiметтердi жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жауап бередi.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354
қаулысымен. V001279_
4- тарау. Қатысушы банктiң мiндеттерi
16. Қатысушы-банк:
1) осы Ережеге және Қор Директорлар кеңесінің шешiмдерiне сәйкес мiндеттi күнтiзбелiк және басқа жарналарын уақытылы және толық көлемде төлеуге;
1-1) осы Ережеге сәйкес банктiң мiндеттi күнтiзбелiк және басқа да жарналары мен төлемдерiн жасау тәртiбi мен мерзiмi туралы және осы Шарттың талаптарын орындамағаны үшiн жауапкершiлiгi, оның iшiнде Қордың банктiң келiсiмiнсiз оның банктiк есепшоттарынан мерзiмiнде төленбеген күнтiзбелiк, басқа да жарналар және төлемдер сомасындағы ақшаны алуға құқығын көздейтiн Қормен Шарт жасау;
2) осы Ережеде көзделген мәлiметтердi Қорға уақытылы және толық көлемде берiп тұруға;
3) қатысушы банктi ықтиярсыз тарату туралы сот шешiмi күшiне енген күннен кейiн салымшылар (депозиторлар) алдындағы мiндеттемелердiң орындалғаны туралы Қорға дереу хабарлауға;
4) осы Ереженің 19-тармағында көзделген жағдайларда, кепілдік берілетін салымдарды (депозиттерді) екі айдың ішінде қайтару жөніндегі міндеттемелерін өзі өтеуге не салымшылардың (депозиторлардың) қалауы бойынша салымдарды (депозиттерді) көрсетілген мерзімде банктің Міндетті күнтізбелік және өзге де жарналар мен төлемдер жасау тәртібі мен мерзімдері туралы шартында белгіленген мерзімде басқа қатысушы банктерге аударуға және Қор белгілеген кестеге сәйкес банктің салымдарды (депозиттерді) қайтару жөніндегі соңғы міндеттемелерін өтеуге қажетті сомада төлемді жүзеге асыруға;
5) клиенттерге қатысушы банк куәлiгiнiң номерiн және берiлген күнiн көрсете отырып, өзiнiң жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне қатысатыны туралы, сондай-ақ салымдар (депозиттер) бойынша өтем төлеу туралы жазбаша хабарлау жолымен және клиенттердiң жазбаша және ауызша сұрақтарына жауап беру жолымен хабарлауға;
5-1) осы Ережеге сәйкес банктiк салым шартында жеке тұлғаның салымына (депозитiне) кепiлдiктiң болуы немесе болмауын мiндеттi түрде көрсетуге;
5-2) тізбесін Қор белгілейтін тәуелсіз аудиторлық ұйымдардың бірінің қатысушы банкте тәуекелдерді басқару жүйесінің бар екендігін және оның бағасын растайтын аудиторлық қорытындыны Қорға беруге;
Ескерту. Бұл өзгеріс 2002 жылдың 1 қазанынан бастап күшіне енеді - ҚР
Ұлттық Банкі басқармасының 2002.04.13. N 136 қаулысымен.
V021863_
6) салымшылар (депозиторлар) алдында мiндеттемелердi толық және
уақытында орындау мүмкiн болмай қалған жағдай туындағаны туралы Қорға
дереу хабарлауға;
7) Ерiксiз таратылған жағдайда Қор Директорлар кеңесі бекiтетiн
нысандар бойынша мәлiметтердi және қатысушы банктiң жеке тұлғалардың
салымдарға (депозиттерге) салған ақшасын қабылдауын растайтын банк
куәландырған құжаттардың көшiрмелерiн;
8) осы Ережеде көзделген басқа да талаптарды орындауға мiндеттi.
Ескерту. 16-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен. V001279_
Ескерту. 16-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
басқармасының 2001 жылғы 13 шілдедегі N 274
қаулысымен. V011624_
Ескерту. 16-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2002.04.13. N 136 қаулысымен. V021863_
17. Қатысушы банк осы Ережеде белгiленген талаптарды сақтамаған
жағдайда Ұлттық Банк оған ықпал етудiң банк заңдарында көзделген шектеулi
шараларын және санкция қолдануға құқылы.
5-тарау. Қатысушының куәлiгiн беру
және қайтарып алу тәртiбi
18. Осы Ереженiң N 1 қосымшасына сәйкес ресiмделетiн қатысушының куәлiгi банкке осы банктi жеке тұлғалардың мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне енгiзу туралы Қор Директорлар кеңесінің шешiмi қабылданған жағдайда берiледi. Қор қатысушы банктердiң тiзiлiмiне тиiстi ақпаратты енгiзу арқылы қатысушылардың куәлiктерiнiң есебiн жүргiзедi.
Қатысушының куәлiгiн алған банктер қатысушы банктердiң тiзiлiмiне енгiзiледi.
Ескерту. 18-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен.
V001279_
19. Қор жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінен қатысушы банкті мынадай жағдайларда шығарып тастауға құқылы:
1) барлық банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензияны қайтарып алуды қоспағанда, қатысушы банкке жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік есепшоттарын ашуға және жүргізуге берілген лицензия қайтарылып алынғанда;
2) Міндетті күнтізбелік, өзге де жарналар мен төлемдер жасау тәртібі мен мерзімдері туралы шартқа сәйкес банктің есепшотынан оның келісімінсіз күнтізбелік және өзге де жарналары мерзімінде төленбеген сомадағы ақшаны Қордың алуы түрінде қатысушы банкке қатысты шаралар ұдайы (қатарынан он екі күнтізбелік ай бойы үш немесе одан да көп рет) қолданылғанда;
3) егер банктің осы Ережеге сәйкес қайтарылуы жөніндегі міндеттемелеріне кепілдік берілген салымдарының (депозиттерінің) сомасы (салынған салымдар (депозиттер) мен олар бойынша есептелген сыйақы сомасы) осы банктегі жеке тұлғалардың салымдарының (депозиттерінің) сомасынан (салынған салымдар (депозиттер) мен олар бойынша есептелген сыйақы сомасынан) аз болса, оларды қайтару жөніндегі міндеттемелерге кепілдік берілмейді;
Ескерту. Бұл өзгеріс 2002 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді -
ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2002.04.13. N 136 қаулысымен.
V021863_
4) егер Қорға қатысушы банк салымшылар (депозиторлар) алдындағы міндеттемелерін толық және уақтылы орындауға кедергі келтіретін жағдайдың туындауын растайтын ақпарат берсе;
5) қатысушы банктерге осы Ереженің 16-тармағының 1-1), 5-1) және 5-2) тармақшаларындағы талаптарды орындамағанда;
6) заңды тұлға ретінде қатысушы банктің қызметі тоқтатылғанда.
Осы тармақтың 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша қатысушы банкті шығарған жағдайда, банк осы Ереженің 16-тармағының 4) тармақшасындағы талаптарды орындауға міндетті.
Ескерту. 19-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен.
V001279_
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
басқармасының 2001 жылғы 13 шілдедегі N 274
қаулысымен.
V011624_
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2002.04.13. N 136 қаулысымен.
V021863_
20. Банк жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнен шығарылғанда және одан қатысушы куәлiгi қайтарып алынғанда банк қатысушы банктер тiзiмiнен шығарылады. Қатысушы банктiң жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнен шығарылғаны және одан қатысушы куәлiгi қайтарылып алынғаны туралы хабарлама осы шешiм қабылданған күннен бастап үш күн iшiнде банкке және Ұлттық Банкке жiберiледi.
Осы хабарламаны алған банк үш жұмыс күнi iшiнде қатысушы куәлiгiн Қорға қайтаруға мiндеттi.
21. Қор Директорлар кеңесінің банкке қатысушы куәлiгiн беру туралы немесе қатысушы банктi жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру жүйесiнен шығару және одан қатысушы куәлiгiн қайтарып алу туралы шешiмi жиырма жұмыс күнi iшiнде - банкке қатысушының куәлiгiн беру туралы, үш жұмыс күнi iшiнде - қатысушы банктi шығару және қатысушының куәлiгiн қайтарып алу туралы республикалық газеттерде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жарияланады.
Ескерту. 21-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
басқармасының 2001 жылғы 13 шілдедегі N 274
қаулысымен.
V011624_
22. Қор республикалық газеттерде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде тоқсан сайын қатысушы банктердiң тiзiлiмiн және қатысушы банктердiң тiзiлiмiндегi өткен тоқсандағы өзгерiстер туралы мәлiметтерді жариялап тұрады.
Ескерту. 22-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен.
V001279_
6-тарау. Салымдар (депозиттер) бойынша
өтем үшiн резерв қалыптастыру тәртiбi
23. Қор салымшылар алдындағы мiндеттемелерiн орындау үшiн Ұлттық Банктен, Қазақстан Республикасының Үкiметiнен, басқа ұйымдардан қарыз алуға немесе олардың кепiлдiгiмен Ұлттық Банктiң қайта қаржыландыруының ресми ставкасынан жоғары емес ставка бойынша қарыз алуға құқылы.
24. Мiндеттi күнтiзбелiк жарна ставкасы Ұлттық Банк бекiткен әдiстемеге сәйкес әрбiр қатысушы банк үшiн оның қаржы жағдайына байланысты жеке белгiленедi және мiндеттi күнтiзбелік жарнаны төлеу алдында есеп беретiн тоқсанның соңғы күнiне салымдар (депозиттер) және олар бойынша есептелген сыйақыны (мүдденi) қайтару жөнiндегi мiндеттемелерге осы Ережеге сәйкес кепiлдiк берiлетiн сомасынан 0,125%-тен 0,375%-ке дейiн болады.
Ескерту. 24-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен.
V001279_
25. Қор қатысушы банкке мiндеттi күнтiзбелiк жарна ставкасының өзгергенi туралы Қор Директорлар кеңесі белгiлеген мерзiмде хабарлайды.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354
қаулысымен.
V001279_
26. Осы Ережеге сәйкес оларды қайтару жөнiнде кепiлдiк берiлетiн мiндеттемелер қатысушы банктiң депозиттерiнiң жиынтық сомасына проценттiк ара қатынасы ретiнде белгiленетiн қатысушы банкке қатысты оның қаржылық жағдайына байланысты мiндеттi күнтiзбелiк жарналарының ең көп жиынтық мөлшерiн жеке белгiлеуге құқылы, содан соң қатысушы банк мiндеттi күнтiзбелiк жарналарын төлеудi тоқтатады. Қатысушы банктердiң мiндеттi күнтiзбелiк жарналарының жиынтық мөлшерi ең көп мөлшерден төмендеген кезде қатысушы банк мiндеттi күнтiзбелiк жарна төлей бастауға тиiс.
Ескерту. 26-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен.
V001279_
Ескерту. 26-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен.
V011624_
27. Қатысушы банк мiндеттi күнтiзбелiк жарна сомасының есебiн мiндеттi күнтiзбелiк жарна ставкасының абсолюттi мәнiн есеп берiлетiн тоқсаннан кейiнгi айдың 1-i күнгi жағдай бойынша қайтару жөнiндегi мiндеттемелерге осы Ережеге сәйкес кепiлдiк берiлетiн салымдар (депозиттер) сомасын көбейту жолымен шығарып отырады.
Ескерту 27-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354
қаулысымен.
V001279_
28. Қатысушы банктер Ұлттық Банктегi Қор есепшотына мiндеттi күнтiзбелiк жарналарын осы Ережеге сәйкес өздерi аударып отырады.
29. Салымдар /депозиттер/ бойынша өтем үшiн резерв қалыптастыру мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
салымдар /депозиттер/ бойынша толық көлемде өтем үшiн қатысушы банктер бұрын төлеген мiндеттi күнтiзбелiк жарналар, банк төлемдерi сомасы және жарғылық және резервтiк капиталға аударымдар сомасына азайтылған Қор активтерiн орналастырудан түскен таза табыс пайдаланылады;
салымдар /депозиттер/ бойынша өтем үшiн бұрын құралған сома жетiспеген жағдайда жарғылық капиталдың қалған ақшасы кемінде 500 миллион теңге болуы ескеріле отырып, Қордың жарғылық капиталының ақшасы пайдаланылады, бiрақ 500 млн. теңгеден аспауы керек;
салымдар /депозиттер/ бойынша өтем үшiн бұрын құралған сома жетiспеген жағдайда салымдар /депозиттер/ бойынша жетiспеген өтем сомасының 50%-iн қатысушы банктер Қордың банктiк есепшотына аудару арқылы енгiзiледi, ал салымдар /депозиттер/ бойынша өтем үшiн жетiспейтiн соманың қалған 50%-i осы Ереженiң 23-тармағына сәйкес Қордың қарыз алуы есебiнен төленедi.
Ескерту. 29-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен.
V011624_
Ескерту. 29-тармақ өзгерді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2002.04.13. N 136 қаулысымен.
V021863_
30. Қатысушы банктердiң қосымша және төтенше жарналар салу ставкалары мен мерзiмiн Қордың Директорлар кеңесі қайтару жөнiндегi мiндеттемелерге осы Ережеге сәйкес кепiлдiк берiлетiн банктер тартқан салымдарға (депозиттерге) мөлшерлес етiп белгiлейдi.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354
қаулысымен.
V001279_
30-1. Жарғылық және резервтiк капиталға аударымдар сомасына азайтылған Қор активтерiн орналастырудан түскен таза табыс салымдар (депозиттер) бойынша өтем үшiн резервке жатқызылады.
Ескерту. 30-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354
қаулысымен.
V001279_
Ескерту. 30-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
басқармасының 2001 жылғы 13 шілдедегі N 274
қаулысымен.
V011624_
31. Салымдар (депозиттер) бойынша өтем ретiнде Қор төлеген таратылған қатысушы банк ұсынған есеп айырысуға сәйкес ақша сомасы көлемiнде өтем төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi орындауға байланысты Қордың болашақ талаптарын қанағаттандыру есебiнен, сондай-ақ қатысушы банктер тартқан қайтару жөнiндегi мiндеттемелерге осы Ережеге сәйкес кепiлдiк берiлетiн салымдар /депозиттер/ мөлшерiне байланысты қатысушы банктердiң төтенше жарналары есебiнен өтеледi, оның мөлшерi мен мерзiмiн Қор Директорлар кеңесі белгiлейдi.
Ескерту. 31-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен.
V001279_
Ескерту. 31-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен.
V011624_
32. Ұлттық Банктiң қатысушы банкке банк заңдарында көзделген шектелген ықпал ету шараларын және санкция қолдануы бұл банктi мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналарды төлеуден босатпайды.
7- тарау. Салымдар /депозиттер/ бойынша өтем төлеу
тәртiбi мен шарттары
33. Салымдар (депозиттер) мен олар бойынша есептелген сыйақы бойынша өтемақы, қайтарылуына кепілдік берілген міндеттемелер салым (депозит) қандай валютамен салынса, сол валютамен төленеді.
Ескерту. 33-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен.
V001279_
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2002.04.13. N 136 қаулысымен.
V021863_
34. Қор салымдар (депозиттер) бойынша өтемақыны, қайтарылуына кепілдік берілген міндеттемелерді мынадай мөлшерде төлейді:
Мерзімді салымдар (депозиттер) бойынша:
теңгемен - салынған салымның (депозиттің), бірақ 400 мың теңгеден аспайтын, сондай-ақ қатысушы банктің банктік операциялар жүргізуге берілген лицензиясын қайтарып алғанға дейін қолданылған Ұлттық Банктің ресми қайта қаржыландыру ставкасының елу проценті шегінде қатысушы банктің банктік операциялар жүргізуге берілген лицензиясы қайтарып алынғанға дейін есептелген сыйақы сомасы;
АҚШ долларымен және еуромен - салынған салым (депозит) сомасының тоқсан проценті, сыйақысыз, бірақ қатысушы банктің банктік операциялар жүргізуге берілген лицензиясы қайтарып алынған күні қолданылған салық және кеден төлемдері үшін Ұлттық Банк белгілейтін, шетел валюталарының теңгеге ресми бағамы бойынша есептелген шетел валютасымен салынған салымның (депозиттің) 360 мың теңге баламасынан аспайтын сомасы.
Теңгемен салынған талап ету салымдары (депозиттері) бойынша - салынған салымның (депозиттің) сомасы, бірақ 50 мың теңгеден аспайды, сыйақысыз төленеді.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354
қаулысымен.
V001279_
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2002.04.13. N 136 қаулысымен.
V021863_
34-1. Мерзімді салымдар (депозиттер), қайтарылуына кепілдік берілген міндеттемелер, оның ішінде бір салымшының (депозитордың) түрлі валюталармен (теңге, АҚШ доллары және еуро) салғандары бір мерзімді салым (депозит) ретінде қарастырылады, олар бойынша өтемақы осы Ереженің 34-тармағында белгіленген мөлшерде төленеді. Мұндайда өтемақыны есептеу салынған мерзімді салымдар мөлшерінің сомасына қарай жасалады, бірақ 400 мың теңгеден аспайды. Салымшы (депозитор) осы Ереженің 34-тармағын ескере отырып, өзінің түрлі валюталармен салған мерзімді салымдары (депозиттері) бойынша өтемақы төлеудің кезегін белгілеуге құқылы.
Талап ету салымдары (депозиттері), қайтарылуына кепілдік берілген міндеттемелер, оның ішінде бір салымшының (депозитордың) салғандары бір талап ету салымы (депозиті) ретінде қарастырылады, олар бойынша өтемақы салынған салымның мөлшерінде төленеді, бірақ 50 мың теңгеден аспайды.
Ескерту. 34-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2002.04.13. N 136 қаулысымен.
V021863_
35. Қатысушы банктi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнен шығару және банктен қатысушының куәлiгiн қайтарып алу Қор Директорлар кеңесінің банктен қатысушының куәлiгiн қайтарып алу туралы шешiмi қабылданған күнге дейiн осы банкке салынған салымдар (депозиттер) бойынша Қордың мiндеттемелерiн тоқтатпайды.
Ескерту. 35-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен.
V001279_
36. Қатысушы-банктi ықтиярсыз тарату туралы соттың шешiмi күшiне енген күнгi жағдай бойынша салымдарды (депозиттердi) өтеу есебiн қатысушы банк көрсетiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде Қорға тапсыруы тиiс.
Ескерту. 36-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен.
V011624_
37. Қор қатысушы-банктi ықтиярсыз тарату туралы соттың шешiмi күшiне енген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салымдар (депозиттер) бойынша өтем төлейтiн агент-банк, салымшылардың (депозиторлардың) салымдар (депозиттер) бойынша өтемдердi алатын жерi (жерлерi) мен кезеңдерi туралы екi республикалық газетке хабарлама жариялайды. Осы ақпаратты салымшы (депозитор) тiкелей Қордан алуға құқылы.
Ескерту. 37-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен.
V011624_
38. Қор агенттiк келiсiм негiзiнде мынадай өлшемдерге сәйкес болуы тиiс агент банк арқылы салымдар (депозиттер) бойынша өтем төлейдi:
банк жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнiң қатысушысы болуы тиiс;
банктiң касса операцияларын жүргiзуге лицензиясы болуы тиiс.
Агент банктi таңдаған кезде мыналар ескерiледi:
банктiң агенттiк келiсiмдi жасаған күнге дейiн алты ай iшiнде пруденциалдық нормативтердi сақтауы;
салымдар (депозиттер) бойынша өтем төлеу үшiн қажеттi орындарда филиалдардың және/немесе есеп айырысу-касса бөлiмдерiнiң болуы;
банк Қор және қатысушы банктердiң салымшыларына салымдар (депозиттер) бойынша өтем төлеудiң неғұрлым тиiмдi талаптарын ұсынады.
Өзге талаптардан басқа депозиттер бойынша Қор және агент банк арасында жасалатын өтем төлеуге арналған агенттiк келiсiмде мiндеттi түрде агент банктiң Қордың агент банкке салымдар (депозиттер) бойынша өтем төлеуге аударған салымдар (депозиттер) бойынша өтем жасауға резерв ақшасын уақтылы және мақсатты пайдалануы жөнiндегi мiндетi болуы тиiс.
Қор агент банктiң қызметiне сыйақы төлемейдi.
Ескерту. 38-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен.
V011624_
38-1. Егер қатысушы банктердің бірде біреуі осы Ереженің 38-тармағының талаптарына сай келмесе, Қор агенттік келісім негізінде салымдар (депозиттер) бойынша "Казпочта" ААҚ арқылы өтемақы төлейді. Сонымен бірге көрсетілген агенттік келісімде осы Ережеде көзделген міндетті талаптар болуға тиіс.
Ескерту. 38-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2002.04.13. N 136 қаулысымен.
V021863_
39. Қор агент-банк арқылы салымдар (депозиттер) бойынша өтем төлеген кезде агент-банкке төлем жасау көзделген салымдар (депозиттер) бойынша өтелуге тиiстi соманы көрсете отырып, салымшылардың (депозиторлардың) тiзiмiн бередi және агент-банктiң Ұлттық Банктегi корреспонденттiк есепшотына қажеттi сомасын аударады.
Ескерту. 39-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен.
V001279_
40. Қатысушы банктiң салымшысы (депозиторы) қатысушы банктi ықтиярсыз тарату туралы сот шешiмi күшiне енгеннен кейiн екі айдың iшiнде агент-банкке салымдар (депозиттер) бойынша өтем төлеуi туралы өтiнiш жасайды. Өтiнiшке банктiк салым шарттарының және/немесе салым құжаттарының түпнұсқалары мен олардың көшiрмелерi қоса салынуы тиiс.
Егер салымшының (депозитордың) осы өтiнiштi жасауына мүмкiндiк бермеген жағдайлар кедергi келтiрген болса, Басқарманың шешiмi бойынша салымшының (депозитордың) өтiнiшi негiзiнде өтiнiш жасау мерзiмi ұзартылуы мүмкiн.
Ескерту. 40-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен.
V011624_
41. Агент-банк ықтиярсыз таратылатын қатысушы банктегi салымдар (депозиттер) туралы Қордан және салымшыдан (депозитордан) алынған мәлiметтердi салыстырып тексередi. Салымшының (депозитордың) қатысушы-банкке талап ету құқығы расталған кезде Қор 15 жұмыс күнi iшiнде салымшыға (депозиторға) агент-банк арқылы өтем төлейдi. Егер өтем төлеген кезде комиссия шығыстарын төлеу көзделсе, олар агенттiк келiсiмге сәйкес Қор есебiнен төленедi.
Қор салымдар (депозиттер) бойынша өтемге арналған резерв жетiспеген жағдайда салымдар (депозиттер) бойынша өтем төлеу мерзiмiн ұзартуға құқылы, бiрақ ол мерзiм 60 жұмыс күнiнен аспауы керек.
Ескерту. 41-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен.
V001279_
Ескерту. 41-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен.
V011624_
42. Салымдар (депозиттер бойынша) өтем жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда ғана төленедi.
Салымшыға (депозиторға) өтем төлеген кезде салым (депозит) бойынша өтеуге ұсынылған сомадан толық емес көлемде банктiк салым шарттарының және/немесе салым құжаттарының түпнұсқасында және олардың көшiрмелерiнде салымшыға (депозиторға) төленген өтемнiң сомасын көрсеткен Қордың агент-банкiнiң белгiсi және салымшының (депозитордың) көрсетiлген соманы алғандығын растайтын қолы қойылады. Аталған құжаттардың түпнұсқалары салымшыға (депозиторға) қайтарылады, ал агент-банк олардың көшiрмелерiн Қорға бередi.
Ескерту. 42-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен.
V001279_
Ескерту. 42-тармақ толықтырылды және өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі
басқармасының 2001 жылғы 13 шілдедегі N 274
қаулысымен.
V011624_
43. Салымшыға (депозиторға) салым (депозит) бойынша өтеуге мәлiмделген сома толық көлемде төленген жағдайда банктiк салым шарттарының және/немесе салым құжаттарының түпнұсқалары және олардың агент банк куәландырған көшiрмелерiн агент-банк Қорға жiбередi.
Ескерту. 43-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен.
V001279_
Ескерту. 43-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен.
V011624_
43-1. Агент банк агенттiк келiсiмнiң барлық шарттарын орындаған кезде ол салымшыларға (депозиторларға) төленуi тиiс, бiрақ олар талап етпеген ақшаны салымдар (депозиттер) бойынша өтем жасауға резервке есептеу үшiн Қорға қайтарады.
Ескерту. 43-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен.
V011624_
44. Салымдар (депозиттер) бойынша төленген өтем туралы ақпарат және төлемдi растайтын құжаттарды агент-банк ай сайын Қорға жiберiп отырады. Қор өз кезегiнде осы ақпаратты ықтиярсыз таратылатын қатысушы банкке жiбередi.
Ескерту. 44-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен.
V011624_
44-1. Қатысушы банктiң тарату комиссиясының Қормен талаптарды қанағаттандыруы жөнiндегi есеп айырысуы банктердi ықтиярсыз тарату мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Сонымен қатар Қордың салымдар (депозиттер) бойынша өтемдi есептеуге сәйкес, ықтиярсыз таратылатын қатысушы банктен алған, бiрақ Қордың нақты төлеген өтем сомасынан асатын ақша сомасы резервке салымдар (депозиттер) бойынша өтем үшiн жiберiледi.
Ескерту. 44-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2001 жылғы 13 шілдедегі N 274 қаулысымен.
V011624_
45. Егер қатысушы банк салымшы (депозитор) хақында да кредитор немесе кепiлшi ретiнде болған жағдайда салым (депозит) бойынша өтеу мөлшерi салымшыға (депозиторға) төленуге тиiстi салым (депозит) бойынша өтелетiн сома мен қатысушы банктiң орындау мерзiмi жеткен қарсы талаптарының сомасы арасындағы айырмашылық ретiнде белгiленедi.
46. Қатысушы-банктiң салымшысы (депозиторы):
1) өзi салым (депозит) салған банктен жеке тұлғалардың салымдарына
(депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне
банктiң қатысуы туралы мәлiмет (ақпарат) алуға;
2) Қорға қатысушы банктiң салымдарды (депозиттердi) қайтару жөнiндегi
мiндеттемелерiн орындамау фактiлерi туралы хабарлауға;
3) Қордан салымдар (депозиттер) бойынша осы Ережеде белгiленген
шарттармен өтем алуға;
4) қатысушы банктен өз талаптарын Қордан алынған салымдар
(депозиттер) бойынша өтемнен асатын мөлшерде қанағаттандыруды талап етуге
құқылы.
8-тарау. Қорытынды ережелер
47. Салымшыларға (депозиторларға) өтем төлеуге байланысты мәселелер
бойынша туындаған даулар сот тәртiбiмен шешiледi.
48. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес шешiледi.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
______________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi Басқармасының 1999 жылғы 5
қарашадағы N 340 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының екiншi
деңгейдегi банктерiндегi жеке
тұлғалардың салымдарына
/депозиттерiне/ мiндеттi ұжымдық
кепiлдiк беру /сақтандыру/ ережесiне
N 1 Қосымша
Ескерту. Қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354 қаулысымен. V001279_
_______________________________________________________________________
"Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына /депозиттерiне/
кепiлдiк беру /сақтандыру/ қоры" жабық акционерлiк қоғамы
Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына /депозиттерiне/
мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру
/сақтандыру/ жүйесiне қатысушының
Куәлігі
_____________________жыл N ___________________
Осы куәлiк _______________________________________
/банктiң атауы/
жеке тұлғалардың салымдарына /депозиттерiне/ мiндеттi ұжымдық
кепiлдiк беру /сақтандыру/ жүйесiне қатысатынын растайды.
Аталған банк ықтиярсыз таратылған кезде оның теңгемен, АҚШ долларымен
және еуромен салынған мерзiмдiк салымды (депозиттi) қайтару жөнiндегi
мiндеттемелерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк
құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен кепiлдiк берiледi.
"Қазақстанның жеке тұлғалардың
салымдарына /депозиттерiне/
кепiлдiк беру /сақтандыру/ қоры"
жабық акционерлiк қоғамы
Директорлар кеңесінің төрағасы /қол қоятын жерi/
МО
Оқығандар:
Омарбекова А.Т.
Икебаева А.Ж.