Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2426 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 200 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 204 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 20 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3032. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегi N 218 қаулысымен.

       Ескерту:   Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегi N 218 қаулысымен (2006 жылы 27 қазанда N 189 "Заң газеті" газетінде жарияланды).

----------------Қаулыдан үзінді--------------------

      Нормативтiк құқықтық актiлердi "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы" 2006 жылғы 7-шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi осы қаулының қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1-қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi...

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттiгi
Басқармасының 2006 жылғы    
23 қыркүйектегi N 218 қаулысына
қосымша           

Қазақстан Республикасының күшi жойылды деп танылған
депозиттерiне мiндеттi кепiлдiк беру мәселелерi
жөнiндегi Қазақстан Республикасының нормативтiк
құқықтық актiлерiнiң тiзбесi

      ...
       3. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 2426 тiркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 200 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Басқармасының 2004 жылғы 12 шiлдедегi N 204 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3032 тiркелген, "Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлер Бюллетенiнде" 2005 жылы, N 14, 79-бапта жарияланған)...
------------------------------------      

      Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 200  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2426 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 11-24 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесінің:

      кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" деген сөздер "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың 2) тармақшасындағы "50 (елу) мың АҚШ долларына" деген сөздер "7 (жеті) миллион теңгеге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қатысушы банк Депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығарылған жағдайда, шығарылған банк жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банк шоттарын ашуға және жүргiзуге лицензиясы қайтарылып алынған күннен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде салымшыларға (депозиторларға) қолма-қол ақша төлеу арқылы не салымшының (депозитордың) келісімімен салымшының Депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банктерде ашылған басқа банк шоттарына салымды (депозитті) аудару арқылы салым сомасын және ол бойынша есептелген сыйақыны қайтарады".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және оның аумақтық филиалдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне жіберсін.

      4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

      Келісілді
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банкі
      Төраға
      ___________________________
      ___________________________
      (қолы, күні, елтаңбалы мөр)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады