Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегi N 218 қаулысымен (2006 жылы 27 қазанда N 189 "Заң газеті" газетінде жарияланды).
----------------Қаулыдан үзінді--------------------
Нормативтiк құқықтық актiлердi "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы" 2006 жылғы 7-шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi осы қаулының қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1-қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi...
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттiгi
Басқармасының 2006 жылғы
23 қыркүйектегi N 218 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының күшi жойылды деп танылған
депозиттерiне мiндеттi кепiлдiк беру мәселелерi
жөнiндегi Қазақстан Республикасының нормативтiк
құқықтық актiлерiнiң тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 200 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2426 тiркелген)...
------------------------------------
Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесі бекітілсін (осы қаулыға 1-қосымша).
2. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
5. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енгізіледі және осы қаулыға сәйкес салымдары (депозиттері) кепілдік берілген салымдар (депозиттер) санатынан кепілдік берілмеген салымдар (депозиттер) санатына өтетін шарттарды қоспағанда, оны күшіне енгізгенге дейін жеке тұлғалардың банктік шоттары бойынша қолданылып жүрген барлық шарттарға қолданылады.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының "Қазақстан
Республикасының екінші деңгейдегі
банктеріндегі жеке тұлғалардың
салымдарға (депозиттеріне) міндетті
ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру)
ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы
4 шілдедегі N 200 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті
ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесі
Осы Ереже "
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
" және "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының
заңдарына
сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) тәртібін реттейді.
Ескерту: Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 204
қаулысымен
.
1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі (бұдан әрі - банк) жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беруді (сақтандыруды) коммерциялық емес ұйым болып табылатын "Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры" жабық акционерлік қоғамы ( бұдан әрі - Қор) жүзеге асырады.
Қор қызметінің мақсаты банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда осы Ережемен белгіленген тәртіпте жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) қайтарып беруді қамтамасыз ету болып табылады.
2. Осы Ережені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) агент банк - осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қормен агенттік келісім негізінде салымшыларға (депозиторларға) өтемақы төлемдері бойынша іс-шараларды жүзеге асыратын қатысушы банк;
2) қатысушы банк - осы Ережеге сәйкес олардың тартылған салымдарын (депозиттерін) қайтару жөніндегі міндеттемелеріне кепілдік берілетін, жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің (бұдан әрі - Депозиттерге кепілдік беру жүйесі) қатысушысы болып табылатын банк;
3) салым (депозит) бойынша өтемақы - кепілдік берілген салым (депозит) бойынша Қордың салымшыға (депозиторға) төлеуге тиісті ақша сомасы;
4) салымшы (депозитор) - қатысушы банкте кепілдік берілген салымы (депозиті) бар жеке тұлға;
5) кепілдік берілген салым (депозит) - осы ережеге сәйкес міндетті ұжымдық кепілдік берудің (сақтандырудың) объектісі болып табылатын теңгедегі және/немесе шетел валютасындағы салым (депозит).
3. Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік берудің (сақтандырудың) объектісі қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда, банктік қызмет көрсету шарттарымен және/немесе салым құжаттарымен куәландырылған теңгедегі және шетел валютасындағы, олар бойынша есептелмеген сыйақымен қайтару бойынша жеке тұлғаның мынадай салымдары:
1) мерзімді, шартты, талап ету бойынша салымдары;
2) ағымдағы шоттардағы ақша қалдығы;
3) карт-шоттағы ақша қалдықтары қатысушы банктің міндеттемелері болып табылады.
4. Теңгедегі және шетел валютасындағы мынадай салымдарды қайтару бойынша қатысушы банктің міндеттемелері салымдарға (депозиттерге) жеке тұлғаларға міндетті ұжымдық кепілдік берудің (сақтандырудың) объектісі болып табылмайды:
1) қатысушы банктің, басшы қызметкерлерінің, олардың жақын туысқандары мен жұбайларының, сондай-ақ дауыс беру құқығы бар акциялардың бес және одан да көп процентіне ие акционерлердің, олардың жақын туысқандары (ата-анасы, ағасы, қарындасы, қызы, ұлы) мен жұбайларының мерзімді, шартты, талап ету бойынша, ағымдағы шоттардағы және карт-шоттардағы ақша қалдықтары салымдары;
2) әрбір салым (депозит) бойынша мөлшері рыноктық бағам бойынша есептелген 7 (жеті) миллион теңгеге балама сомаға тең немесе асып түсетін сомадағы мерзімді және шартты салымдар.
Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 204
қаулысымен
.
5. Қор салымшыға салым (депозит) бойынша осы салым (депозит) орналастырылған қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда осы ережеде айқындалған тәртіппен өтемақы төлейді.
Қатысушы банкті Депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шыққан күнге дейін осы банкке орналастырылған салымдар (депозиттер) бойынша Қордың міндеттемесі тоқтамайды.
Қатысушы банк Депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығарылған жағдайда, шығарылған банк жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банк шоттарын ашуға және жүргiзуге лицензиясы қайтарылып алынған күннен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде салымшыларға (депозиторларға) қолма-қол ақша төлеу арқылы не салымшының (депозитордың) келісімімен салымшының Депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банктерде ашылған басқа банк шоттарына салымды (депозитті) аудару арқылы салым сомасын және ол бойынша есептелген сыйақыны қайтарады.
Ескерту: 5-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 204
қаулысымен
.
6. Қор салымшыға (депозиторға) кепілдік берілетін сома көлемінде, бірақ 400 (төрт жүз) мың теңге баламасынан аспайтын мөлшерде өтемақы төлейді.
7. Қатысушы банкте салымшы (депозитор) түрлері және валютасы бойынша әр түрлі бірнеше салымдарды (депозиттерді) ашқан жағдайда, салым бойынша жиынтық, бірақ 400 (төрт жүз) мың теңге баламасынан аспайтын мөлшерде өтемақы төлейді.
8. Салымшы (депозитор) бірнеше қатысушы банкте салым (депозит) ашқан жағдайда Қор жеке алғанда әрбір қатысушы банк бойынша салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеуді жүзеге асырады.
9. Салым (депозит) бойынша өтемақы салым (депозит) қандай валютада салынса, сол валютада төленеді.
Салымшы (депозитор) салымдар (депозиттер), оның ішінде әр түрлі валютада салынғандар бойынша өтемақы төлеу кезектілігін айқындайды.
10. Салым (депозит) бойынша өтемақы төлеуді Қор Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес таңдалатын агент-банк арқылы агенттік келісім негізінде жүргізеді.
11. Қор қатысушы банктің мәжбүрлеп таратылатыны туралы соттың шешімі күшіне енген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі екі республикалық газетке жариялау арқылы қатысушы банкті тарату туралы және салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеуді жүзеге асыратын агент банктің (агент банкті таңдау мүмкін болмаған жағдайда Ұлттық почта операторы) атауын көрсете отырып, салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеудің басталғаны, кезеңі және орны туралы хабарландыру береді.
Осы тармақта көрсетілген ақпаратты салымшы (депозитор) тікелей Қордан алуға құқылы.
12. Осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген хабарландыру шыққан күннен бастап үш ай ішінде таратылатын қатысушы банктің салымшысы (депозиторы), осы Ереженің қосымшаларына сәйкес нысанда жасалған салым (депозит) бойынша оған өтемақы төлеу туралы агент банкке жазбаша өтініш жасауға құқылы. Өтінішке банктік қызмет көрсету шарттары және/немесе салым құжаттарын және олардың көшірмелерін қоса тапсырады.
Салымшының (депозитордың) өтініші негізінде, егер салымшының (депозитордың) өтінішін орындауға мүмкіншілік бермейтін жағдайлар болса, онда Қор өтініштің мерзімін ұзартады.
13. Үш ай өткеннен кейін салымшы (депозитор) салым (депозит) бойынша сыйақы алу үшін тікелей Қорға өтініш жасауға құқылы.
14. Агент банк салымшы (депозитор) ұсынған құжаттар мазмұнының еріксіз таратылатын қатысушы банктің кепілдік берілген салымдары (депозиттері) бойынша Қордан алынған мәліметтермен сәйкестігін тексереді. Қатысушы банкке салымшының (депозитордың) талап ету құқықтары расталған кезде агент банк салымшының (депозитордың) құжаттарын салыстырып тексеру күні не келесі күндері, бірақ агент банкке салымшының (депозитордың) құжаттары түскен күннен бастап бес операциялық күнінен кешіктірмей салымшыға (депозиторға) өтемақы төлейді.
Қорда сыйақы төлеу үшін салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы үшін ақшасы жеткіліксіз болғанда, Қор Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеткіліксіз ақша сомасын қарызға алу кезеңінде салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу мерзімін ұзартуға, бірақ 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
15. Салым (депозит) бойынша өтемақы төлеу салымшының жеке басын куәландыратын құжат ұсынғанда ғана жүргізіледі. Салым (депозит) бойынша салым сомасын толық емес көлемде төлеген кезде көрсетілген соманы алғанын растап салымшы (депозитор) қол қойған салым (депозит) бойынша төленген өтемақының сомасы көрсетілген агент банктің белгісі банктік қызмет көрсету шарттарына және/немесе салым құжаттарына және олардың көшірмелеріне қойылады. Көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары салымшыға (депозиторға) қайтарылады, ал көшірмелерін Қазақстан республикасының заңдарында көзделген мерзімде агент банк Қорға өткізеді.
16. Салымшыға (депозиторға) салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы толық көлемде төленген және олар бойынша сыйақы болмаған кезде банктік қызмет көрсету шарттары және/немесе салым құжаттарының түпнұсқалары салымшыға (депозиторға) қайтарылмайды және оларды көшірмелерімен бірге агент банк Қорға өткізеді.
17. Қатысушы банк салымшыға (депозиторға) қатынасы бойынша кредитор немесе гарант есебінде болған жағдайда салым (депозит) бойынша өтемақы мөлшері кепілдік берілген салым (депозит) сомасы мен қатысушы банктің қарсы талаптарының сомасы арасындағы айырма нәтижесінде пайда болған сома бойынша айқындалады.
18. Қатысушы банк:
1) өзінің міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне қатысуы туралы клиенттердің жазбаша және ауызша сұратуларына тиісті куәлігінің нөмірін және берілген күнін көрсете отырып хабарлайды;
2) салымшыларға (депозиторларға) кепілдік беру және олар бойынша өтемақы төлемдерінің тәртібін түсіндіреді, сондай-ақ таныстыру үшін олардың талабы бойынша осы ереженің көшірмесін ұсынады;
3) салымшы қосымша сома енгізген не мерзімді және шартты банктік салым шарты бойынша ақшасының бір бөлігін алып алған жағдайда осы Ереженің 4-тармағына сәйкес салымның (депозиттің) кепілдік берілетін санатынан кепілдік берілмейтін санатына не кепілдік берілмейтін санатынан кепілдік берілетін санатына өту мүмкіндігі туралы салымшыға (депозиторға) хабарлайды.
19. Қатысушы банк салымшысы (депозиторы):
1) қатысушы банктен салымдарға (депозиттерге) кепілдік беру тәртібі және олар бойынша өтемақы төлемдері бойынша түсіндірме алады;
2) қатысушы банктің салымдарды (депозиттерді) қайтару бойынша міндеттемелерін орындамаған фактісі туралы Қорға хабарлайды;
3) осы Ережеде белгіленген тәртіпте және талаптарда салымдар (депозиттер) бойынша Қордан өтемақы алады.
20. Осы Ережемен реттелінбейтін мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.
Қазақстан Республикасының
екінші деңгейдегі
банктеріндегі жеке
тұлғалардың салымдарына
(депозиттеріне) міндетті
ұжымдық кепілдік беру
(сақтандыру) ережесіне
Қосымша
"Қазақстанның жеке тұлғалардың
салымдарына кепілдік беру
(сақтандыру) қоры" ЖАҚ
______________________________
агент-банктің толық атауы
Күні "__" ______________ 20___ ж.
Өтініш
Мен, ______________________________________________________
(толық аты-жөні)
________________________________________________________________
(банктің толық атауы)
банкінің салымшысы (депозиторы) __________________________________
(валютаның түрі)
валютасында 20 ___ жылы "___" __________________ банктік қызмет көрсету шарты және/немесе салым құжаты негізінде ашылған салым (депозит) бойынша өтемақы төлеуіңізді сұраймын.
өтініш берушінің қолы _____________________.
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының "Қазақстан
Республикасының екінші деңгейдегі
банктеріндегі жеке тұлғалардың
салымдарға (депозиттеріне) міндетті
ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру)
ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы
4 шілдедегі N 200 қаулысына
2-қосымша
Күші жойылды деп танылған нормативтік
құқықтық актілердің тізбесі
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 5 қарашадағы N 340
қаулысы
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 984 тіркелген, 1999 жылғы 22 қараша - 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 5 қарашадағы N 340 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 354
қаулысы
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1279 тіркелген, 2000 жылғы 6-19 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған);
3) "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 5 қарашадағы N 340 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 13 шілдедегі N 274
қаулысы
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1624 тіркелген, 2001 жылғы 27 тамыз - 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған);
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 5 қарашадағы N 340 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 13 сәуірдегі N 136
қаулысы
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1863 тіркелген, 2002 жылғы 20 мамыр - 2 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған).