Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту туралы өтiнiштi жасау ережелерiн бекiту туралы (312.00-нысан)

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 352 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 13 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2486. Күші жойылды - ҚР Салық комитеті төрағасының 2004.05.27.N 254 бұйрығымен. V042912

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы  Кодексiнiң  (Салық кодексi) 249-бабының 4-тармағын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту туралы өтiнiштi жасау ережелерi (312.00-нысан) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Салық комитетiнiң Әдiстеме басқармасы (Ж.С.Есмағамбетова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi Төрағасының орынбасары Н.Д. Yсеноваға жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Төраға

"Импортталатын тауарларға    
қосылған құн салығын төлеу   
мерзiмiн өзгерту туралы     
Өтiнiштi жасау ережелерiн   
бекiту туралы (312.00-нысан)" 
Қазақстан Республикасының    
Қаржы министрлігi Салық    
комитетi Төрағасының      
2003 жылғы 5 қыркүйектегі   
N 352 бұйрығымен бекiтiлген  

  Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмдерiн өзгерту туралы өтiнiштi жасау ережелерi (312.00-нысан)

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Салық кодексi) сәйкес әзiрленген және Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын (бұдан әрi - ҚҚС) төлеу мерзiмiн өзгерту туралы өтiнiштi жасау тәртiбiн айқындайды. Өтiнiш бiр шарт (келiсiм-шарт) бойынша импортталатын тауарлардың әрбiр жеткiзiлiмiне жасалады.

      2. Өтiнiш Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту туралы өтiнiштiң (312.00-нысан) (бұдан әрi - Өтiнiш) өзiнен және Шикiзаттар мен материалдардың сипаттамасынан (Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту туралы өтiнiшке қосымша) (312.01-нысан) (осы Ережелерге қосымша) тұрады.

      3. Өтiнiштi жасау кезiнде:
      1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әрiптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
      2) магнит тасығышта - Салық  кодексiнiң  69-бабына сәйкес - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 04.12.2001 жылғы N 1646 бұйрығымен бекiтiлген Электр ондық құжаттармен алмасу кезiнде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келiсiм (009.02-нысан) шегiнде толтырылады.

      4. Өтiнiштi толтыру кезiнде барлық жолдар толтырылуы тиiс, түзетуге, өшiруге, тазалауға жол берiлмейдi.

      5. Өтiнiшке Салық  кодексiнiң  69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

      6. Өтiнiш салық органдарына қара-ақ пiшiмде берiледi.
      7. Өтiнiштi беру кезiнде:
      1) қағаз тасығышта келу тәртiбiнде екi данада жасалады, бiр данасы салық органының белгiсiмен ҚҚС төлеушiге қайтарылады;
      2) хабарламамен қағаз тасығышта почта бойынша - салық төлеушi тапсырысты хатпен байланыстың почта немесе өзге ұйымының хабарламасын алады.
      8. Өтiнiшке ҚҚС төлеушi тауарларды жеткiзуге шарттың (келiсім-шарттың) көшiрмесiн қоса бередi.

  2. Өтінiштi жасау (312.00-нысан)
(Өтiнiштi жасау ережелерiне қосымша)

      9. "Өтiнiш" бөлiмiнде ҚҚС төлеушi мынадай деректер көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      2) Өтiнiш жасалған күн;
      3) құрылтай құжаттарына сәйкес ҚҚС төлеушiнің аты-жөнi немесе толық атауы;
      4) ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлiктiң сериясы мен нөмiрi;
      5) ҚҚC төлеу мерзiмi өзгертiлген кезең.

      10. "Импортталатын тауарлар туралы мәлiметтер" бөлiмiнде:
      1) 6-жолда импортталатын тауарлардың түрi көрсетiледi. Бұл ретте, егер импортталатын тауарлар өнеркәсiптiк қайта өңдеуге арналған шикiзат немесе материалдар болып табылса, Өтiнiшке қосымшаны мiндеттi түрде толтыру қажет;
      2) 7-жолда тауарлар жеткiзуге шарттың (келiсiм-шарттың) деректемелерi көрсетiледi:
      А - нөмiрi;
      В - жасалған күнi;
      С - импортталатын тауарларды жеткiзушiнiң атауы;
      D - инкорпорация елiнде салық төлеушiнiң коды немесе бар болған кезде оның баламасы;
      Е - валютаның әрiптiк коды;
      F - аталған валютадағы шарттың (келiсiм-шарттың) құны;
      3) 8-жолда импортталатын тауарлар жеткiзiлiмiнiң теңгедегi құны көрсетiледi;
      4) 9-жолда тауарларды импорттау кезiнде төлеуге жататын ҚҚС-ның теңгедегi сомасы көрсетiледі;
      5) 10-жолда импортталатын тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыру болжанған күн (ай, жыл) көрсетiледi;
      6) 11-жолда тауарларды жiберу елi көрсетiледi:
      А - тауарлар жiберiлетiн елдiң цифрлық коды. Елдiң коды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен белгіленген әлем елдерiнің жiктеуiшiне сәйкес толтырылады;
      В - егер әлем елдерiнiң жiктеуiшiнде қажеттi код болмаса, онда тауарлар жiберiлетiн елдiң толық атауы көрсетiледi;
      7) 12-жолда импортталатын тауарларды ресiмдеудi жүзеге асыратын кеден органының коды көрсетiледi. Кеден органының коды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен белгiленген, кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы кеден органдарының және олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң жiктеуiшiне сәйкес көрсетiледi.

  3. Шикiзаттар мен материалдардың
сипаттамасы - 312.01-нысанын жасау

      11. 312.01 нысаны өнеркәсiптiк қайта өңдеу үшiн арналған шикiзаттар мен материалдарды импорттауды жүзеге асыратын ҚҚС төлеушiмен толтырылады.

      12. Ағымдағы беттің нөмiрi көрсетiледi.
      13. "Қосылған құн салығын төлеушi туралы мәлiметтер" бөлiмiнде салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi.
      14. "Қайта өңдеу өнiмi" бөлiмiнде:
      А - Сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасының (бұдан әрi - СЭҚ ТН) коды;
      В - өндiру мақсатында шикiзаттар мен материалдардың импорты жүзеге асырылған қайта өңдеу өнiмiнiң атауы көрсетiледi.
      15. "Шикiзаттар мен материалдардың тiзбесi" бөлiмiнде:
      А - СЭҚ TH коды;
      В - санаттар мен сұрыптар бойынша бөлмей, қайта өңдеу өнiмiн өндiру үшiн импортталатын шикiзаттар мен материалдардың атауы көрсетiледi.

Нысан 312.00 Бет. 01    
Импортталатын тауарларға  
қосылған құн салығын      
төлеу мерзімін өзгерту    
туралы өтінішті жасау     
      ережелеріне қосымша      

Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын
төлеу мерзімін өзгерту туралы өтініш

____________________________________________________________________
Осы нысанды жасау Ережелерін оқыңыз
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!  ҚАРА не КӨК сиялы қаламмен немесе қаламұшпен,
БАСПА ӘРІПТЕРМЕН толтырыңыз.
____________________________________________________________________
                      Бөлім. Өтініш
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы салық кодексінің  249-бабына  сәйкес
импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу өзгерту туралы шешім шығарып
беруіңізді өтінемін

1 СТН _ _ _ _ _ _ _ _  2 Өтініш жасалған күн  _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
                                            Сандармен күн, ай, жыл
3 ҚҚС төлеушінің
  аты-жөні немесе атауы   _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
 _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

4 ҚҚС бойынша куәліктің           5 ҚҚС төлеу
  сериясы мен нөмірі  _ _ _ _ _ _   мерзімін        _ _ Кезеңіне
                                    мынадай ай(лар)     өзгерту
____________________________________________________________________
         Бөлім. Импортталатын тауарлар туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
6  Импортталатын тауарлар түрі (Тиісті Х ұяшықта көрсетіңіз)
    А  Өндірістік      _     В  Су  _   С   Газ _    D  Электр энергиясы  _
     қайта өңдеуге
     арналған
     шикізат пен
     материалдар

Егер "6А" белгіленсе, өтінішке Қосымшаны толтыру қажет

7  Шарттың (келісім-шарт) деректемелері:  А  Нөмірі  _ _ _ _ _ _ _ _

    В  Жасасу күні _ _ _ _ _ _   С  Жеткізушінің атауы _ _ _ _ _ _  _
         Сандармен күн, ай, жыл
 _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
 _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

D   Инкорпорация еліндегі салық
   төлеушінің коды немесе
   оның баламасы (болған кезде)  _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

Е   Шарт (келісім-шарт)        F  Көрсетілген     млрд.  млн.  мың
   валютасының коды   _ _ _    валютадағы      _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
                               шарт (келісім-
                               шарт) құны

8  Импортталатын                   9  Тауарларды
   тауарлардың   млрд.  млн.  мың     теңгемен    млрд.  млн.  мың
   жеткізу құны, _ _ _ _ _ _ _ _ _    импорттау  _ _ _ _ _ _ _ _ _
   теңгемен                           кезінде
                                      төлеуге
                                      жататын ҚҚС
                                      сомасы

10  Импорттың (кедендік ресімдеудің) болжалды күні _ _ _ _ _ _ _ _
                                                  Сандармен ай, жыл

11  Тауарды жөнелткен ел

     А  Елдің коды  _ _ _ _   В  _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
      (Елдердің                 Егер елдердің анықтамасы жоқ болса,
      анықтамасын               елдің толық атауын көрсетіңіз
      қараңыз)

12  Импортталатын тауарларды
    кедендік ресімдеуді
    жүзеге асырған кеден
    органының коды            _ _ _ _ _
____________________________________________________________________
Өтінішке шарттың (келісім-шарттың) көшірмелерін қоса беріп отырмын
 ____________________________________________
|      Шектеу сызығынан ШЫҚПАҢЫЗ             |
|____________________________________ /____ /|
|Басшысының аты-жөні                   Қолы  |
|____________________________________________|

                                                            М.О.

 ____________________________________________
|       Шектеу сызығынан ШЫҚПАҢЫЗ            | Өтінішті _ _ _ _ _ _
| ____________________________________/____ /| салық       Сандармен
|Өтінішті қабылдаған лауазымды         Қолы  | органында   күн, ай,
|    тұлғаның аты-жөні                       | қабылдаған  жыл
|____________________________________________| күн

Құжаттың _ _ _ _ _ Салық   _ _ _ _             Почта   _ _ _ _ _ _
кіріс              органының                   штемпе.     Сандармен
нөмірі             коды                        лінің       күн, ай,
                                               күні        жыл
                                               (Өтінішті
                                               почтамен
                                               берген
                                               жағдайда
                                               толтыры.
                                               лады)

                                               Ш.О.

Нысан 312.01   
Ағымдағы беттің    
нөмірін көрсетіңіз 

ШИКІЗАТТАР МЕН МАТЕРИАЛДАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
(Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу
мерзімін өзгерту туралы өтінішке қосымша)

___________________________________________________________________
Осы нысанды жасау Ережелерін оқыңыз.
Н АЗАР АУДАРЫҢЫЗ!  ҚАРА не КӨК сиялы қаламмен немесе қаламұшпен,
БАСПА ӘРІПТЕРМЕН толтырыңыз.
___________________________________________________________________
     Бөлім. Қосылған құн салығын төлеуші туралы мәліметтер
___________________________________________________________________
1  _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
___________________________________________________________________
            Бөлім. Шикізаттар мен материалдардың тізбесі
___________________________________________________________________
А    СЭҚ ТН коды        В    Шикізаттар мен материалдардың атауы
_ _ _ _ _ _ _ _ _        __________________________________________
_ _ _ _ _ _ _ _ _        __________________________________________
_ _ _ _ _ _ _ _ _        __________________________________________
_ _ _ _ _ _ _ _ _        __________________________________________
_ _ _ _ _ _ _ _ _        __________________________________________
_ _ _ _ _ _ _ _ _        __________________________________________
_ _ _ _ _ _ _ _ _        __________________________________________
_ _ _ _ _ _ _ _ _        __________________________________________
_ _ _ _ _ _ _ _ _        __________________________________________

 ____________________________________________
|      Шектеу сызығынан ШЫҚПАҢЫЗ              |
|___________________________________ /____ /|
|Осы нысанды толтырған лауазымды      Қолы  |
|тұлғаның аты-жөні                          |
|___________________________________________|

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады