"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйекте N 2012 тіркелген N 3 бұйрығына N 18 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2003 жылғы 16 қыркүйектегі N 149 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 11 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2522. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

-----------Бұйрықтан үзінді----------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрлігінің  
      2005 жылғы 2 маусымдағы  
N 75 бұйрығына қосымша  

Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі

      48. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 16 қыркүйектегі N 149 (тіркелген N 2522) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы, тіркелген N 2012" бұйрығына N 18 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің N 2012 тіркелген N 3  бұйрығына  (N 2013 тіркелген 2002 жылғы 1 қазандағы N 5, N 2018 тіркелген 2002 жылғы 17 қазандағы N 10, N 2094 тіркелген 2002 жылғы 25 қарашадағы N 27, N 2101 тіркелген 2002 жылғы 6 желтоқсандағы N 37, N 2086 тіркелген 2002 жылғы 14 желтоқсандағы N 43, N 2119 тіркелген 2003 жылғы 6 қаңтардағы N 52, N 2170 тіркелген 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 10, N 2184 тіркелген 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 15, N 2223 тіркелген 2003 жылғы 11 наурыздағы N 41, N 2263 тіркелген 2003 жылғы 9 сәуірдегі N 62, N 2267 тіркелген 2003 жылғы 5 мамырдағы N 78, N 2393 тіркелген 2003 жылғы 13 маусымдағы N 101, N 2408 тіркелген 2003 жылғы 30 маусымдағы N 109, N 2442 тіркелген 2003 жылғы 22 шілдедегі N 127, N 2446 тіркелген 2003 жылғы 29 шілдедегі N 133, N 2421 тіркелген 2003 жылғы 30 шілдедегі N 134) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
      1) бюджет кірістерінің сыныптамасында:
      2 "Салыққа жатпайтын түсімдер" санатындағы 01 "Кәсіпкерлік қызмет пен меншіктен түсетін басқа да кірістер" сыныбындағы 3 "Кәсіпкерлік қызмет пен меншіктен түсетін кірістер" кіші сыныбындағы мынадай мазмұндағы 04 ерекшелікпен толықтырылсын:
      "04 Жер учаскесін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлем";
      3 "Капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер" санатындағы 03 "Жерді және материалдық емес активтерді сату" сыныбындағы 1 "Жерді және материалдық емес активтерді сату" кіші сыныбындағы мынадай мазмұндағы 04 ерекшелікпен толықтырылсын:
      "04 Ауыл шаруашылығы бағытындағы жер учаскелерін мемлекеттің меншікке сатудан түсетін түсімдері";
      2) шығыстардың функционалдық сыныптамасында:
      1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету" функционалдық тобында 2 "Қаржылық қызмет" кіші функциясында:
      105 "Әкім аппараты" бағдарламалардың әкімшісі бойынша "Рыноктарда біржолғы талондарды беру жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету және ұйымдастыру" 041 бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "041 Жергілікті салықтарды жинауды және рыноктарда біржолғы талондарды беру жөніндегі жұмысты қамтамасыз етуді ұйымдастыру";
      276 "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының бас дирекциясы" бағдарламалары әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 032 бағдарламамен толықтырылсын:
      "032 "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының бас дирекциясының әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу";
      277 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы бойынша атқарушы органы" бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 030 бағдарламамен толықтырылсын:
      "030 "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы бойынша атқарушы органының әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу";
      5 "Денсаулық сақтау" функцияналдық тобында 2 "Халық денсаулығын сақтау" кіші функциясында 278 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау атқарушы органы" бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 034, 035, 036 бағдарламалармен толықтырылсын:
      "034 Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау атқарушы органдардың әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу";
      "035 Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау атқарушы органдардың мекемелерін күрделі жөндеу";
      "036 Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау атқарушы органдардың материалдық-техникалық базасын нығайту";
      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функцияналдық тобында 5 "Қоршаған ортаны қорғау" кіші функциясында 256 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі атқарушы орган" әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 033 бағдарламамен толықтырылсын:
      "033 Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі атқарушы органдардың әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу".
      2. Бюджеттік процесс әдістемесі және функционалдық талдау департаменті (Д.М.Шәженова) Заң басқармасымен (М.Д.Әйтенов) бірге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады