Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігінің 2007 жылғы 4 қазандағы N 292 бұйрығымен.
Үзінді:
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
1) ...
2) "Тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсететін ұйымдарды тіркеу жөніндегі ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитеті төрағасының 2003 жылғы 31 қазандағы N 373 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2562 тіркелген, 2004 жылғы 16 қаңтарда "Казахстанская правда" газетінің N 9 жарияланған);
3) ...
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы
______________________________
"Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тіркеу жүйесін дамыту мақсатында, Бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсететін ұйымдарды тіркеу жөніндегі Ережелер бекітілсін.
2. Пресс-хатшы (Қажахметова Ж.С.) осы Ережелердің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
"Тіркеу саласында консалтингілік
қызмет көрсету жөніндегі ұйымдарды
тіркеу бойынша Ережелерді бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігінің
Стандарттау, метрология және
сертификаттау жөніндегі комитеті
Төрағасының 2003 жылғы 31 қазандағы
N 373 бұйрығымен бекітілді
Тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету
жөніндегі ұйымдарды тіркеу бойынша
Ережелер
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер "Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету жөніндегі ұйымдарды тіркеу тәртібін белгілейді.
2. Тіркеу саласында консалтингілік қызметтер көрсету жөніндегі ұйым (бұдан әрі - ұйым) - стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекітілген тәртіпте тіркелген сертификаттау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) тіркеуге дайындау бойынша жұмыстар жүргізетін заңды тұлға.
3. Ұйым тәуелсіздігі және қажетті құзыреті бар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің, Тіркеу жүйесінің (бұдан әрі - ҚР МСЖ, ТЖ) ережелерін мойындайтын заңды тұлғалар болуы мүмкін.
4. ҚР МСЖ, ТЖ-де өтінішкер-ұйымдарды тіркеуге дайындау жөніндегі тәуелсіз сараптық бағалау жүргізуге құқықтық өкілеттікті ұйым - өтінушілерді және тіркеу Аттестатын беру туралы шешім негізінде уәкілетті орган береді.
Ұйым филиалдары мен өкілдіктері ҚР МСЖ, ТЖ белгілеген тәртіпте тіркеледі.
5. Ұйым осы ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болуы, және ұйымның тіркеу саласына сәйкес өтінішкерлерге қызмет көрсетуді қамтамасыз етуі тиіс.
Ұйымның негізгі мәселелері, оның қызметтері, құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі, ұйымдастыру құрылымы және тараптық ұйымдармен өзара іс-қимылы ұйым туралы ережеде көрсетілуі тиіс.
Ұйым негізге алып әрекеттенетін процедуралар қызмет көрсету жағдайында кемсітушілік немесе мәселелерді жығыс бірден шешу мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
6. Ұйым өтінішкерлердің сұрауы бойынша:
1) заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттары мен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігін;
2) ұйымдастыру құрылымын;
3) ұйымның тіркелгенін растайтын құжаттамасын;
4) тіркеуге дайындау тәртібі туралы ақпаратты;
5) көрсетілетін қызметтерінің бағаларын ұсынады.
7. Ұйымды тіркеу мынадай кезеңдерді қарастырады:
1) өтінілген құжаттарды қарау, қабылдау;
2) өтінілген құжаттарды сараптау;
3) өтінішкер-ұйымдарды зерттеу;
4) зерттеу материалдарын қарау;
5) ұйымды тіркеу;
6) тіркеу туралы құжаттарды ресімдеу және беру.
8. Өтінілген құжаттарды қарау, қабылдау және сараптау.
Ұйым ретінде тіркелуге үміткер мекеме уәкілетті органға өтінім (1 қосымша нысаны бойынша) жібереді.
9. Өтініммен бірге мыналар түптелген екі құжаттар жинағы қоса жіберіледі:
Тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету жөніндегі орган туралы ереже (2 қосымша);
Сапа жөнінде ұсыныстар;
Мамандар туралы мәліметтер (3 қосымша);
Ұйымның әрекет бағыты бойынша мамандардың жоғарғы техникалық біліктілігін растайтын құжаттар көшірмелері;
Ұйымның сапа жүйесіне жауаптыларда, құрылымдық бөлімшелер басшыларында және тәуелсіз сараптық бағалау бойынша жұмыстарды іске асыратын мамандарда тіркеу немесе сапа жүйелері жөніндегі сарапшы-аудитор атағының барлығын растайтын құжаттар көшірмелері;
Ұйымның заңды мәртебесін белгілейтін құжаттар көшірмелері;
Тіркеудің өтінілген саласы (4 қосымша).
Өтінілген құжаттарды тіркегеннен кейін уәкілетті орган бір ай ішінде оларда қажетті ақпараттың дұрыс баяндалуын және толықтығын белгілеу, қолданылатын терминдер мен Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарының және заңдарға, нормативтік, құқықтық актілерге және нормативтік құжаттарға сәйкестігін бекіту мақсатымен өтінілген құжаттарға сараптау жүргізуді ұйымдастырады.
10. Өтінішкер-ұйымды зерттеу:
1) Өтінішкер-ұйымды зерттеу үшін уәкілетті орган комиссия құрамын қалыптастырады.
2) Зерттеу кезінде өтінішкер-мекеменің нақты күйі осы ереже талаптарына және ұсынылған құжаттарға сәйкестігі, өтінілген салада қызмет көрсету қабілеті белгіленеді.
3) Зерттеу нәтижесі бойынша комиссия мүшелерімен қол қойылған, белгіленген нысанды (5 қосымшасы) акт құрастырылады және өтінішкер-мекеменің басшысына танысу үшін ұсынылады.
4) Зерттеудің теріс нәтижесі жағдайларында, осы ережеде белгіленген тәртіпте, зерттеу актісінде ескерілген кемшіліктерді жойғаннан кейін тиісті түзету шараларын жүргізсе, өтінішкер-мекемеге тіркелуге қайта өтінім беруге құқық беріледі.
5) Зерттеудің оң нәтижелері жағдайында өтінілген құжаттар және сараптық тұжырымдамамен бірге зерттеу актісі уәкілетті органның тіркеу комиссиясына жіберіледі.
11. Өтінішкер-ұйымның зерттеу материалдарын қарау, тіркеу құжаттарын ресімдеу және беру:
1) Уәкілетті органның тіркеу жөніндегі комиссиясы тіркеуге ұсынылған құжаттарды, зерттеу материалдарын қарайды және шешім қабылдайды.
2) Комиссияның оң шешімі негізінде уәкілетті орган белгіленген үлгідегі Тіркеу аттестатын ресімдейді (6 қосымшасы).
3) Тіркеу аттестаты күшінің мерзімі оны мемлекеттік тізілімге тіркеген күннен үш жылдан көп емес мерзімде белгіленеді.
4) Тіркелген Тіркеу аттестаты және олардың қосымшасы тіркелген ұйымға жіберіледі.
12. Ұйым өзінің заңды мәртебесін, мекен-жайын, атауын немесе ұйымдастыру құрылымын өзгерткен жағдайда, бір ай мерзім ішінде уәкілетті органға Тіркеу аттестатын қайта ресімдеу туралы шешім қабылдау немесе кезексіз тіркеу процедурасын жүргізу үшін хабарлайды.
13. Тіркеу аттестаты күшінің мерзімі біткенге дейін 3 ай бұрын ұйым кезекті тіркеу жүргізуге көкейтесті етілген құжаттар жинағымен уәкілетті органға өтінім береді. Кезекті тіркеуді осы ережелерде белгіленгендей Қазақстан Республикасының МСЖ, ТЖ талаптарына кезекті мерзімге құқықтық өкілетілігін растау мақсатымен белгіленген тәртіпте жүргізеді.
14. Өтінішкер уәкілетті органмен қабылданған шешімдерге наразылық білдіре алады. Бұл үшін ол уәкілетті органның шағыну комиссиясына жазбаша түрде, қабылданған шешім туралы хабарлама алғаннан кейін бір айдан кем емес мерзімде шағым беруі тиіс. Шағым беру себептерін толық баяндау керек.
15. Уәкілетті орган қабылдаған шешім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес соттық тәртіпте шағынылады.
Тіркеу саласында консалтингілік
қызметтер көрсету жөніндегі
ұйымдарды тіркеу бойынша
Ережелерге 1 Қосымша
2003 жылғы 31 қазандағы N 373
Тіркеуге өтінім нысаны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СТАНДАРТТАУ, МЕТРОЛОГИЯ
ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛЕТТІ ОРГАН
Өтінім
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде, Тіркеу жүйесінде тіркеу саласындағы консалтингілік қызмет көрсететін орган ретінде тіркеуге өтінеміз
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
ұйым атауы
Ұйым ережелерде белгіленгендей, тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету жөніндегі ұйымдарға қойылатын барлық талаптарына сәйкесетінін растаймыз.
Қосымша - атап өтілген құжаттар жинағы 2-данада:
1) тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету жөніндегі ұйым туралы ереже;
2) тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету жөніндегі ұйым мамандары туралы мәліметтер;
3) сапа жөніндегі басшылық;
4) ұйымның заңды мәртебесін белгілейтін құжаттар көшірмесі;
5) тіркеудің өтінілген саласы.
Ұйым басшысы _____________________ ____________________
қолы аты-жөні, тегі
Бас бухгалтер _____________________ ____________________
қолы аты-жөні, тегі
200 ж. "____"____________
Тіркеу саласында консалтингілік
қызметтер көрсету жөніндегі
ұйымдарды тіркеу бойынша
Ережелерге 2 Қосымша
2003 жылғы 31 қазандағы N 373
Тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету
жөніндегі ұйым туралы ереже нысаны
Бекітемін
Тіркеу саласында
консалтингілік қызмет
көрсету жөніндегі
ұйым басшысы
______ ________________
қолы аты-жөні, тегі
200 ж. "___"___________
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік сертификаттау жүйесі,
Тіркеу жүйесі
ТІРКЕУ САЛАСЫНДА КОНСАЛТИНГІЛІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ЖӨНІНДЕГІ ҰЙЫМ ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ
_____________________________________________________________
ұйым атауы
1. Жалпы ережелер
Тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету жөніндегі ұйым
(бұдан әрі ұйым)___________________________________________________
ұйым атауы, заңды мәртебесі, мекен-жайы
___________________________________________________________________
ұйымды тіркеген орган атауы
___________________________________________________________тіркелді
тіркеу аттестатының тіркеу нөмірі және күні
стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органға бағынады
2. Ұйымды _________________________________________ басқарады
лауазымы
3. Ұйым өз қызметінде
__________________________________________________ басшылыққа алады
негізгі директивті құжаттар атап өтілсін
4. Ұйым жұмысшыларын жұмысқа қабылдау және босату, лауазымдық
жалақыларын ____________________________________________ белгілейді
лауазымы
5. Ұйым жұмысшылары арасындағы міндеттерді тарату және
лауазымдық нұсқауларды бекітуді _________________________ жүргізеді
лауазымы
6. Ұйым жұмыстарды шарттық негізінде жүзеге асырады.
2. Негізгі міндеттер мен қызметтер
1. Міндеттері:
1) тіркеу саласына сәйкес сапалы қызмет көрсетуді ұйымдастыру және көрсету;
2) тіркеу мәселелері жөнінде стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісім бойынша басқа елдердің уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл жасау.
2. Қызметтері:
1) сертификаттау жөніндегі органдарға және сынақ зертханаларына (орталықтарына) тәуелсіз сараптық бағалау жүргізу, барлық меншік нысандарының заңды тұлғаларына тіркеуге өтінім материалдарын дайындауда әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
2) сертификаттау жөніндегі органдармен дайындалған құжаттар жобасына сараптау жүргізу, сондай-ақ, егер олар заңдардың немесе негізге алынатын Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе ҚР МСЖ, ТЖ негізгі НҚ талаптарына қайшы келетін болса, күші бар нормативтік құжаттарды (бұдан әрі - НҚ) қайта қарау және жою жөнінде уәкілетті органға ұсыныстарды дайындау.
3) ҚР МСЖ, ТЖ жетілдіруге және дамытуға бағытталған НҚ әзірлеу жұмыстарын жүргізу;
4) тіркеу, сертификаттау және өнімдерді сынау саласында ұйымдастыру-әдістемелік және нормативтік құжаттар жобасын әзірлеуге қатысу;
5) ҚР МСЖ, ТЖ ұйымдастыру-әдістемелік және нормативтік құжаттарын енгізу жөнінде қызығушылық танытқан шаруашылық субъектілеріне (кеңес, семинар ж.б. жолымен) әдістемелік және практикалық көмек көрсету.
3. Ұйымдастыру құрылымы
1. Ұйымның ұйымдастыру құрылымына:
1) үйлестіру кеңесі;
2) тіркеуге дайындау жөніндегі бөлімшелер;
3) көмекші қызметтерді қосады.
Ұйымдастыру-құрылымдық сұлба қосымшада берілген.
2. Үйлестіру кеңесін тіркеу саласына сәйкес барлық жұмыстарды орындауға және тіркеу нәтижесіне тікелей мүдделі тұлғаларына, сарапшы-аудиторларға бейтарап жақтардың ықпал жасамауға жауапты ұйым басшысы басқарады. Үйлестіру кеңесінің әрекеті үйлестіру кеңесі туралы Ережемен реттеледі.
3. Үйлестіру кеңесі мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
1) ұйым саясатын қалыптастырады және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2) ұйымның қызмет саласын кеңейту жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
3) ұйым жұмыстарын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
4) белгіленген талаптарға сәйкестігін белгілеу мақсатымен ұйым қызметіне ішкі тексерулерді жүргізеді.
4. Тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету
жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
1. Ұйым:
1) тіркеу кезінде анықталған және осы Ережемен белгіленген қызметтер шегінде жұмыстарды жүргізуге;
2) ҚР МСЖ, ТЖ НҚ әзірлеу және жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізуі;
3) өз өкілеттілігі шегінде заңды және жеке тұлғалармен шарт жасауы;
4) өзінің құзыреттілігі шегінде кәсіпорындар мен ұйымдардан келісім-шарттық міндеттерін орындау үшін қажетті материалдарды сұрастыруы;
5) қажет болса, шарт негізінде кәсіпорындар, мекемелер мамандарын, ҚР МСЖ сарапшы-аудиторларды жұмыстарды жүргізуге қатысуға тартуы;
6) тіркеу мәселелері бойынша шетелдердің мемлекеттік органдарымен және үкіметке жатпайтын мекемелерімен ынтымақтастықты жүзеге асыруы керек.
2. Ұйым:
1) ұйымның заңды мәртебесін белгілейтін құжаттамасына ие болуы керек;
2) тіркеу жүйесінің НҚ әзірлеу және оларды халықаралық талаптармен сәйкестендіру жолымен тіркеу саласында бірегей ғылыми-техникалық саясатты нысандауға қатысуы керек;
3) құжаттарды сараптау нәтижесінің өтінішкер зерттеулерінде және олардың нәтижесі бойынша тұжырымдардың сенімділігін және дұрыстығын қамтамасыз етуі керек;
4) Қазақстан Республикасының заңдар талаптарын, уәкілетті орган шешімі және осы Ереже талаптарын орындауы керек;
5) уәкілетті органға құрылымдық және сапалық өзгерістері және де заңды мекен-жайы және төлеме реквизиттері туралы дер кезінде хабарлай алады;
6) өзінің іс-әрекетіне инспекциялық бақылау жүргізу үшін қажетті жағдайлар тудыра алады;
7) өтінішкердің коммерциялық құпиясын құратын ақпарат құпиялылығын қамтамасыз етуі керек;
8) үнемі (жылында 1 реттен кем емес) өз қызметінің ішкі аудитін жүргізуге;
9) уәкілетті органға өзінің іс-әрекеті бойынша қалыптасқан тәртіпте есепті уақтылы беріп отыруы керек;
10) Тіркеу аттестаты тоқтатылған немесе жойылған жағдайда тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау сол сәтте тоқтатуға міндетті.
5. Тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету жөніндегі ұйымның жауапкершілігі
1. Ұйым:
1) тіркеу саласын бұзғанына;
2) өтінішкердің тәуелсіз сараптау бағалау нәтижелеріне сенімсізділігіне;
3) заңды және жеке тұлғалармен жасалған шарттарды бұзғанына жауап береді.
2. Ұйымға осы ережемен жүктелген мәселелердің, қызметтердің және міндеттердің дер кезінде және сапалы орындалуына, және де берілген құқықтардың пайдаланылмағанына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұйым басшысы жауапты.
3. Ұйым қызметкерлерінің біліктілігіне қойылатын талаптар, жауапкершілік, міндеттер, құқықтық өкілеттіктер дәрежесі бекітілген лауазымдық нұсқауларымен белгіленеді.
6. Тараптық кәсіпорындармен өзара іс қимыл
Ұйым өзара байланыс жасайтын кәсіпорында, сондай-ақ осы байланыстардың процедуралары мен қызметтері кестеде келтірілген:
___________________________________________________________________
Кәсіпорынның атауы | Кәсіпорын орындайтын | өзара әрекет түрі
мен мекен-жайы | процедура, қызметтер | анықталатын құжат
| | (хаттама, шарт,
| | келісім және т.б.)
___________________________________________________________________
1 2 3
___________________________________________________________________
Ескерту:
1. Ұйым ережелері тіркеу саласын есепке алып осы Ереже негізінде әзірленеді.
2. Ұйым құрылымында филиалдар, өкілдіктер болса осы Ереже мәтініне олардың мәселелері, қызметтері, құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі кіреді.
Тіркеу саласында консалтингілік
қызметтер көрсету жөніндегі
ұйымдарды тіркеу бойынша
Ережелерге 3 Қосымша
2003 жылғы 31 қазандағы N 373
Мамандар туралы мәліметтерді ұсыну нысаны
Тіркеу саласында консалтингілік қызмет
көрсету жөніндегі ұйым мамандары туралы
МӘЛІМЕТТЕР
________________________________________________________________
ұйым атауы
___________________________________________________________________
Аты-жөні,|Дипломы|Атқаратын|Аттестат. |Қызмет|Біліктілігін арттыру
тегі |бойынша|қызметі |талған |саласы|туралы мәліметтер
|білімі,| |күні, | |_____________________
|маманы | |сарапшы- | |Курстардың | құжат N
| | |аудитордың| | мамандан. |
| | |cертификат| | дырылуы |
| | | N | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
Ескерту:
Кезектілік тәртібінде аталып өтіледі:
- сарапшы-аудиторлар;
- мамандар;
- шарт бойынша тартылатын сарапшы-аудиторлар.
Өтінішкер-ұйым
басшысы _______________ ______________________
қолы аты, жөні-тегі
МО
Тіркеу саласында консалтингілік
қызметтер көрсету жөніндегі
ұйымдарды тіркеу бойынша
Ережелерге 4 Қосымша
2003 жылғы 31 қазандағы N 373
Тіркеу аттестатына берілетін қосымшалар нысаны
Бекітемін
Стандарттау, метрология
және сертификаттау
жөніндегі уәкілетті
органның басшысы
______ ___________________
қолы аты, жөні-тегі
200 ж. "___"______________
Тіркеу аттестатына
берілетін қосымшалар
200 ж. ___ ________ N____
Тіркеу саласында консалтингілік қызметтер
көрсету жөніндегі ұйымды тіркеу саласы
________________________________________________________________
ұйым атауы, мекен-жайы
___________________________________________________________________
Объектінің | Көрсетілетін | Объектіге | Қызмет көрсету
атауы | қызметтер | қойылатын | процесіне қойылатын
| атауы | талаптарды | талаптарды белгілейтін
| | белгілейтін | нормативтік құжат
| | нормативтік |
| | құжат |
___________________________________________________________________
1 2 3 4
___________________________________________________________________
Өтінішкер-ұйым
басшысы _________ ________________________
қолы аты, жөні-тегі
Ескерту: Осы қосымшаның әр беті уәкілетті органның мөртаңбасымен расталады.
Тіркеу саласында консалтингілік
қызметтер көрсету жөніндегі
ұйымдарды тіркеу бойынша
Ережелерге 5 Қосымша
2003 жылғы 31 қазандағы N 373
Зерттеу актісінің нысаны
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік сертификаттау жүйесі,
Тіркеу жүйесі
Тіркеу саласында консалтингілік қызмет
көрсету жөніндегі ұйымды зерттеу
АКТІСІ
__________________________________________________________________
ұйым атауы
200 жылдың "___"__________ 200 жылдың "___"__________ дейінгі
кезеңде___________________________________________________негізінде
тексеру жүргізу туралы құжат нөмірі атауы, нөмірі және күні
комиссия құрамында: _________________________________________
аты-жөні, тегі, лауазымы және жұмыс орны
_____________________________________________________________
өтінішкер-мекеменің атауы
тіркеуге дайындығын белгілеу мақсатымен зерттеу жүргізді
1. Белгіленді:
1.1 Заңды мәртебесі мен ұйымдастыру құрылымы
_____________________________________________________________
1.2 Нормативтік құжаттар қоры
_____________________________________________________________
1.3 Қызметкер
_____________________________________________________________
1.4 Сапа жүйесі
_____________________________________________________________
1.5 Жұмыстарды және жұмыс құжаттарын тіркеуді жүргізу
2. Қорытынды _________________________________________________
3. Ұсыныстар _________________________________________________
Акт ______ бетте, 3 данада құрастырылды және:
1-сі стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органға
2-ші өтінішкер-ұйымға
3-сі іс құжаттарына жіберілді
Комисия төрағасы ______________________________________
қолы
Комиссия мүшелері______________________________________
қолы
Актімен таныстым және бір данасын алдым
________________ ___________________ ___________________
басшы лауазымы жеке қолы аты-жөні, тегі
Ескерту: 1 тармақта әр тармақша бойынша белгіленген талаптарды сақтау туралы мәліметтер баяндалады.
Тіркеу саласында консалтингілік
қызметтер көрсету жөніндегі
ұйымдарды тіркеу бойынша
Ережелерге 6 Қосымша
2003 жылғы 31 қазандағы N 373
Тіркеу аттестаты нысаны
Стандарттау, метрология және сертификаттау
жөніндегі уәкілетті орган
___________________________________________
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік сертификаттау жүйесі,
Тіркеу жүйесі
Тіркеу саласында консалтингілік қызмет
көрсету жөніндегі ұйымды тіркеу
АТТЕСТАТЫ
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің
Мемлекеттік Тізілімінде тіркелген
200 ж. "___"_________ N___
200 ж. "___"______. дейін күшінде
СТАНДАРТТАУ, МЕТРОЛОГИЯ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ЖӨНІНДЕГІ
УӘКІЛЕТТІ ОРГАН ___________________________________________________
ұйым атауы, мекен-жайы
ТІРКЕУ САЛАСЫНДА КОНСАЛТИНГІЛІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЙЫМДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СЕРТИФИКАТТАУ ЖҮЙЕСІ, ТІРКЕУ ЖҮЙЕСІ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІГІН ЖӘНЕ ТІРКЕУ САЛАСЫНА СӘЙКЕС ЖҮЙЕДЕ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНА ТІРКЕЛГЕНІН КУӘЛАНДЫРАДЫ
Тіркеу саласы осы аттестатқа қоса берілетін қосымшамен анықталған _______парақта(тарда)
Стандарттау, метрология
және сертификаттау
жөніндегі уәкілетті
орган басшысы _____________ __________________
қолы аты-жөні, тегі