Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1611 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім беру тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде" 2001 жылғы 25 маусымдағы N 255 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 376 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 1 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2587. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3 қаулысымен.

        Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 3   қаулысымен .
_________________________________      

      Қазақстан Республикасының банк заңдарын жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім беру тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде" 2001 жылғы 25 маусымдағы N 255  қаулысына  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1611 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2001 жылғы 27 тамызда және 2001 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      мемлекеттік тілдегі мәтіндегі атауында және бүкіл мәтін бойынша "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім беру тәртібі туралы ережеде:

      атауындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің" деген сөздер алынып тасталсын;

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі  туралы", "Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі  туралы", " Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) екінші деңгейдегі банктің (бұдан әрі - банк) немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға келісім беру тәртібін белгілейді.";

      Ереженің бүкіл мәтіні бойынша "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктің", "Ұлттық Банкпен" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органның", "уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Егер тұлға:
      банктің ірі қатысушысы (банктік холдинг) болып табылатын (банк акцияларының тиісінше он (жиырма бес) және одан да көп процентімен дауыс беру мүмкіндігі бар) тұлғаның немесе
      бірлесіп банктің ірі қатысушысы (банктік холдинг) болып табылатын тұлға тұлғалардың ең болмағанда біреуінің немесе
      банктің ірі қатысушылары (банктік холдинг) болып табылатын немесе тікелей немесе банк акцияларының он (жиырма бес) және одан да көп процентімен басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы дауыс беру мүмкіндігі бар тұлғалардың тікелей немесе басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы акциялардың (қатысу үлесінің) отыз бес немесе одан да көп процентін иеленген (дауыс беру мүмкіндігі бар) тұлғалардың акцияларының отыз бес немесе одан да көп процентіне (қатысу үлесіне) ие болған (дауыс беруге мүмкіндігі болған) жағдайда, банктің акцияларын жанама иеленуші (дауыс беруші) болып танылады.
      Сондай-ақ олар осы тармақтың екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген тұлғалардың акцияларының (қатысу үлесінің) жиынтығында отыз бес немесе одан да көп процентін иеленген (дауыс беру мүмкіндігі болған) жағдайда банк акцияларын жанама иеленуші (дауыс беруші) болып мынадай тұлғалар танылады:
      1) заңды тұлға және оның басшы қызметкері болып табылатын жеке тұлға;
      2) жақын туыстары болып табылатын жеке тұлғалар (ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, бірге туған және бірге тумаған бауырлары мен апа-қарындастары, атасы, әжесі, немерелері, ері (зайыбы);
      3) заңды тұлға және осы заңды тұлғаның басшы қызметкерінің жақын туысы болып табылатын жеке тұлға (осы заңды тұлғаның басшы қызметкерінің ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, бірге туған және бірге тумаған бауырлары мен апа-қарындастары, атасы, әжесі, немерелері, ері (зайыбы)";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      "7-1. Банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға келісім алған тұлға көрсетілген келісімді, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен немесе банк акцияларын сатып алғаны туралы куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылардың жүйесінен алынған көшірмені алған күннен бастап алпыс күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға бермеген жағдайда, көрсетілген мерзім өткеннен кейін жоғарыда көрсетілген келісімнің қолданылуы тоқтатылады.".

      2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.

      3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) және Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасы (Жерембаев Е.Е.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында жариялауды қамтамасыз ететін болсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады