-----------Бұйрықтан үзінді----------
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрлігінің
2005 жылғы 2 маусымдағы
N 75 бұйрығына қосымша
Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі
51. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 189 (тіркелген N 2594) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы, тіркелген N 2012" бұйрығына N 21 толықтыру енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------
Бұйырамын:
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйекте N 2012 тіркелген N 3
бұйрығына
(N 2013 тіркелген 2002 жылғы 1 қазандағы N 5, N 2018 тіркелген 2002 жылғы 17 қазандағы N 10, N 2094 тіркелген 2002 жылғы 25 қарашадағы N 27, N 2101 тіркелген 2002 жылғы 6 желтоқсандағы N 37, N 2086 тіркелген 2002 жылғы 14 желтоқсандағы N 43, N 2119 тіркелген 2003 жылғы 6 қаңтардағы N 52, N 2170 тіркелген 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 10, N 2184 тіркелген 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 15, N 2223 тіркелген 2003 жылғы 11 наурыздағы N 41, N 2263 тіркелген 2003 жылғы 9 сәуірдегі N 62, N 2267 тіркелген 2003 жылғы 5 мамырдағы N 78, N 2393 тіркелген 2003 жылғы 13 маусымдағы N 101, N 2408 тіркелген 2003 жылғы 30 маусымдағы N 109, N 2442 тіркелген 2003 жылғы 22 шілдедегі N 127, N 2446 тіркелген 2003 жылғы 29 шілдедегі N 133, N 2421 тіркелген 2003 жылғы 30 шілдедегі N 134, N 2522 тіркелген 2003 жылғы 16 қыркүйектегі N 149, N 2504 тіркелген 2003 жылғы 22 қыркүйектегі N 153) мынадай толықтыру өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
шығыстардың функционалдық сыныптамасында:
13 "Өзге де" функционалдық тобында 9 "Өзге де" кіші функциясында:
274 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көліктің атқарушы органы" бағдарламалар әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 074 бағдарламасымен толықтырылсын:
"074 Орталық мемлекеттік органдар қызметкерлері үшін тұрғын-үй құрылысына үлестік қатысу және сатып алу".
2. Бюджеттік процесс әдіснамасы және функционалдық талдау департаменті (Д.М.Шаженова) Құқықтық басқармасымен (М.Д.Әйтенов) бірге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр