Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамы мен ішкі әскерлер әскери қызметшілерін аттестациядан өткізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2003 жылғы 11 қазандағы N 566 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 20 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2623. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 30 шілдедегі N 457 бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.07.30 N 457 бұйрығымен.

      Ішкі істер органдары қызметкерлерінің, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері әскери қызметшілерінің кәсіби біліктілігінің, олардың құқықтық мәдениетінің, қызметтік міндеттерді орындау және азаматтармен жұмыс істеу қабілеті деңгейін анықтау мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамы мен ішкі әскерлер әскери қызметшілерін аттестациядан өткізу ережесі бекітілсін.
      2. Ішкі істер министрлігі департаменттерінің, дербес басқармаларының, Астана, Алматы қалаларының Ішкі істер Бас басқармаларының, облыстардағы ішкі істер бас басқармаларының, Ішкі істер басқармаларының, көліктегі ішкі істер басқармаларының, Ішкі істер министрлігі оқу орындарының бастықтары, Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері қолбасшысы 2004 жылдың бірінші жартыжылдығында барлық жеке құрамды аттестациядан өткізсін, ол үшін осы бұйрықтың талаптарына сәйкес аттестациялық комиссиялар құрсын.
      3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер вице-Министрі полиция полковнигі Б.Н.Өмірзақовқа жүктелсін.
      4. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы  
Ішкіісминінің 2003 жылғы  
11 қазандағы N 566    
бұйрығымен бекітілген   

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамы мен
ішкі әскерлер әскери қызметшілерін аттестациядан өткізу
Ережесі 1. Жалпы ережелер

      Осы ереже ішкі істер органдары қызметкерлері мен Қазақстан Республикасының Ішкіісмині ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін аттестациялаудан өткізудің тәртібі мен шарттарын белгілейді.

      1. Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен Қазақстан Республикасының Ішкіісмині ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін (бұдан әрі - қызметкерлер) аттестациялау - олардың кәсіби дайындығының, қызметтік біліктілігінің, құқықтық мәдениетінің, қызметтік міндеттерді орындау мүмкіндіктерінің және азаматтармен жұмыс істеу қабілеттерінің деңгейін анықтауға байланысты мерзімді жүзеге асырылатын рәсім.

      2. Қызметкерлердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті аттестациялау кезінде бағалаудың негізгі критерийі болып табылады.

      3. Ішкі істер органдарында 1 жылдан кем қызмет өткерген қызметкерлер, жоғары деңгейдегі лауазымға тағайындауға немесе оқуға жіберген жағдайлардан басқа, сондай-ақ қатардағы және басшы құрамдағы әйелдер жүкті болған жағдайда және баласы 1,5 жасқа толғанша күтуде отырғандар аттестациялауға жатпайды. Олар қызметке шыққаннан кейін 1 жыл уақыт өткен соң ғана аттестацияланады.

      4. Қызметкерлер аттестациядан ішкі істер органдарындағы қызметте болған әрбір 3 жыл сайын, бірақ лауазымға тағайындалған кейін алты айдан соң өтеді.
      Бұл ретте аттестациялау көрсетілген мерзімнен кейін алты айдан кешіктірілмей өткізілуі тиіс.

      5. Қызметкерге алғашқы рет немесе қызмет өтіліне үзіліс жасап орналасқан қызметкерлер аттестациядан осы Ереженің 4-тармағында белгіленген мерзімдерде қызметте үздіксіз 3 жыл мерзім өткеннен кейін өткізіледі.

      6. Аттестация бірқатар кезекті кезеңдерден тұрады:
      1) аттестация өткізуге дайындық;
      2) аттестациялануы тиіс қызметкерден тест қабылдау;
      3) қызметкермен аттестациялық комиссия жүргізетін әңгімелесу;
      4) аттестациялық комиссияның шешім шығаруы.

2. Аттестацияны өткізуге дайындықты ұйымдастыру

      7. Аттестацияны өткізуге дайындықты Ішкіісмин, Ішкіісминнің Ішкі әскерлер комитеті, облыстардағы ішкі істер бас басқармалары, ішкі істер басқармалары, Астана, Алматы қалаларының ішкі істер бас басқармалары, көліктегі ішкі істер басқармалары және Ішкіісмин оқу орындарының кадр қызметтері ұйымдастырады.
      Оған мынадай іс-шаралар кіреді:
      1) аттестацияланушыға қажетті құжаттар дайындау;
      2) аттестациялауды өткізудің кестесін әзірлеу;
      3) аттестациялық комиссиялардың құрамын белгілеу;
      4) аттестациялауды өткізудің мақсаттары мен тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру;
      5) тест өткізудің орны мен уақытын келісу.

      8. Кадр қызметі алты айда бір рет осы Ереженің 4-тармағына сәйкес аттестациялануы тиіс қызметкерлерді анықтайды.

      9. Орган басшылығы кадр аппаратының ұсынысы бойынша аттестациялауға жататын қызметкерлердің тізімін бекітетін бұйрық шығарады және аттестациялау өткізілетін мерзімдер мен аттестациялық комиссияның құрамы, сондай-ақ оны өткізу кестесі белгіленеді.

      10. Кадр аппараты қызметкерді аттестациялаудың өткізілетін уақыты туралы жазбаша түрде бір ай бұрын хабардар етеді.

      11. Аттестациялануы тиіс қызметкердің тікелей бастығы бекітілген нысан бойынша қызметтік мінездеме ресімдейді және оны кадр қызметіне жібереді.

      12. Қызметтік мінездеме аттестацияланатын қызметкердің кәсіби, жеке қасиеттеріне және оны осы Ереженің 4-тармағына сәйкес өткізіліп отырған аттестациялауға өткен оның ІІО-дағы үздіксіз 3 жыл қызметте болу қызметтік жұмыс нәтижелеріне берілген объективті, негізді бағалауды көрсетуі тиіс.

      13. Кадр қызметі қызметкерді аттестациялық комиссияның отырысы болатын күннен кемінде үш апта бұрын оған берілген қызметтік мінездемемен таныстыруға міндетті.

      14. Қызметкер өзіне берілген мінездемемен келіспейтіндігі туралы айтуға және кадр аппаратына өзіне мінездеме беретін ақпарат ұсынуға құқылы.

      15. Аттестацияланатын қызметкерге кадр қызметі бекітілген нысандағы аттестациялау парағын дайындайды.

      16. Кадр қызметі жиналған аттестациялау материалдарын аттестациялық комиссияға жібереді.

3. Аттестациялық комиссия

      17. Кадр қызметінің ұсынымы бойынша Ішкі істер министрі, Ішкіісминнің Ішкі әскерлер қолбасшысы, облыстардағы ішкі істер бас басқармалары, ішкі істер басқармалары, Астана, Алматы қалаларының ішкі істер бас басқармалары, көліктегі ішкі істер басқармалары және Ішкіісмин оқу орындарының бастықтары Аттестациялық комиссияларды құрады және олар 5 адамнан кем емес комиссия мүшелері мен комиссияның хатшысынан тұрады. Аттестациялық комиссия мүшелерінің арасынан комиссияның төрағасы тағайындалады.

      18. Орган басшысы лауазымындағы қызметкерді аттестациялау үшін аттестациялық комиссияны оны лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адам құрады.

      19. Орган жұмысының функционалдық бағыттарының ерекшеліктеріне қарай бірнеше аттестациялық комиссия құрылуы мүмкін.

      20. Аттестациялық комиссияның төрағасы және комиссия мүшелерінің лауазымы аттестациялануы тиіс қызметкерлердің лауазымдарымен бірдей немесе жоғары болуы тиіс.

      21. Аттестациялық комиссияның мүшелері аттестациядан жалпы негізде өтеді.

      22. Аттестациялық комиссияның құрамына әр түрлі бөлімшелердің басшылары, кадр және заң қызметтерінің өкілдері кіреді.

      23. Егер отырысқа аттестациялық комиссия құрамының 3/2 бөлігі қатысса, отырыс құқықтық өкілетті болып табылады.

      24. Дауыс беру нәтижелері комиссия мүшелерінің көп дауыс беруімен анықталады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болады.

4. Аттестацияны өткізу

      25. Аттестациялық комиссия аттестациялауды аттестацияланушы қызметкердің қатысуымен өткізеді.
      Аттестациялық комиссияның отырысына дәлелді себептермен екі рет қатыса алмаған қызметкерлер жұмысқа шыққаннан кейін аттестациядан өтеді.
      Қызметкер аттестациялық комиссияның отырысына дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда, комиссия қолда бар материалдардың негізінде аттестациялауды оның қатысуынсыз өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.

      26. Аттестациялық комиссия ұсынылған материалдарды зерделеп, тест қабылдау барысында лауазымдардың осы санаты үшін қойылған шекті мәннен (бұдан әрі - шекті мән) төмен емес баға алған қызметкермен әңгімелесу өткізіп, келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) аттестацияланды және жоғары санаттағы лауазымды иелену үшін кадр резервіне енгізілуге ұсынылады;
      2) лауазымына сәйкес;
      3) қайта аттестациялауға жатады;
      4) лауазымына сәйкес емес және лауазымын төмендетуге ұсынылады;
      5) лауазымына сәйкес емес және ішкі істер органдарынан босатылуға ұсынылады.

      27. Тест қабылдау барысында шекті мәннен төмен баға алған қызметкер әңгімелесуге жіберілмейді, бұл ретте қызметкерге қайта тест тапсыру құқығы беріледі.
      Егер қайта тест тапсыру кезінде де қызметкер шекті мәннен төмен баға алса, аттестациялық комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) қайта аттестациялануы тиіс;
      2) лауазымына сәйкес емес.

      28. Лауазымына сәйкес еместігі туралы аттестациялық комиссияның шешімі аттестациялаудың теріс нәтижесі болып табылады.

      29. Қызметкердің кәсіби деңгейін және лауазымына сәйкестігіне баға беру үшін шешім қабылдағанға дейін аттестациялық комиссия сауалнама жүргізу мен топтық пікірталас әдістерін қолдана алады.
      Қызметкерлерді аттестациялауға аттестациялық комиссия төрағасының шешімімен сарапшылар тартылуы мүмкін.

      30. Аттестациялық комиссияның шешімі ашық немесе құпия дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беру тәсілі аттестациялық комиссияның еркімен таңдалады.

      31. Қайта аттестациялау осы Ережеде белгіленген тәртіппен алғашқы аттестациялау өткен күннен бастап алты айдан соң өткізіледі. Алғашқы аттестациялаудан өту кезінде тест тапсыру бойынша шекті мәннен жоғары баға алған қызметкер қайта аттестациялау кезінде әңгімелесуге қайта тест қабылдау өткізілмей-ақ жіберіледі.
      Аттестациялық комиссия қайта аттестациялау барысында мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) лауазымына сәйкес;
      2) лауазымына сәйкес емес және лауазымда төмендетілуге ұсынылады;
      3) лауазымына сәйкес емес және ішкі істер органдарынан босатылуға ұсынылады.
      Алғашқы аттестациялау кезінде тест тапсыруда шекті мәннен төмен баға алған қызметкерге қайта аттестациялау кезінде бір-ақ рет тест тапсыру құқығы беріледі. Тест тапсыру кезінде қызметкер шекті мәннен төмен баға алған жағдайда аттестациялық комиссия қызметкердің лауазымына сәйкес емес екендігі туралы шешім қабылдайды.

      32. Аттестациялық комиссияның шешімі комиссияның төрағасы, комиссияның мүшелері және комиссияға қатысқан хатшының қолдарымен бекітілген хаттамамен ресімделеді.

      33. Қызметкер аттестациялық комиссияның шешімімен қол қоя отырып танысу тиіс.

      34. Аттестациялық комиссияның шешімін бір ай мерзімде, өз номенклатурасы бойынша, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Ішкіісминнің Ішкі әскерлер қолбасшысы, облыстардағы ішкі істер бас басқармалары, ішкі істер басқармалары, Астана, Алматы қалаларының ішкі істер бас басқармалары, көліктегі ішкі істер басқармалары және Ішкіісмин оқу орындарының бастықтары бекітеді және олардың көшірмелері бөлімшелерге жіберіледі.

      35. Аттестациялық комиссияның бекітілген шешімдері қызметкердің аттестациялық парағына енгізіледі.

      36. Аттестациядан өткен қызметкердің аттестациялық парағы және оған қызметтік мінездеме жеке ісінде сақталады. Басшы бекіткен аттестациялық комиссияның шешімі де қызметкердің қызметтік тізіміне енгізіледі.

      37. Басшы аттестациялық комиссияның шешімін бекітпеуі және шешімі үзілді-кесілді болып табылатын қайта аттестациялау тағайындауы мүмкін. Қайта аттестациялау осы Ереженің 31-тармағына сәйкес жүргізіледі.

      38. Басшы бекіткен аттестациялаудың теріс шешімі ішкі істер органдарынан босатуға негіз болып табылады.

5. Аттестациялық комиссияның шешіміне шағымдану

      39. Қызметкерлер Ішкі істер министрінің, Ішкіісминнің Ішкі әскерлер қолбасшысының, облыстардағы ішкі істер бас басқармалары, ішкі істер басқармалары, Астана, Алматы қалаларының ішкі істер бас басқармалары, көліктегі ішкі істер басқармалары және Ішкіісмин оқу орындарының бастықтарының аттестациялық комиссия шешімдерін бекіту туралы бұйрығына жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға құқылы.

      40. Жоғары тұрған орган басшысы бұйрықты жоюға және қайта аттестациялау тағайындауға құқылы. Қайта аттестациялау осы Ереженің 31-тармағына сәйкес жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады