Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1909 тiркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерiнiң ең аз мөлшерiн бекiту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 210 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 432 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 25 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2640. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгi Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 321 қаулысымен.

  ------------------Қаулыдан үзінді---------------------      

       Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнің (бұда әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

Күшi жойылды деп танылған
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық
актiлерiнiң тiзбесi

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1909 тiркелген Сақтандыру "қайта сақтандыру" ұйымының сақтандыру резервтерiнiң ең аз мөлшерiн бекiту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 210 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 432 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2640 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 1 (275) басылымдарында 2004 жылғы 1-18 қаңтарда жарияланған).

      Төраға

_______________________________ 

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерiнiң ең аз мөлшерiн бекiту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 210  қаулысына  (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1909 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 29 шiлде - 11 тамызда N 16(238) жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) ерiктi түрде сақтандырудың сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша, "медициналық сақтандыру" класы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын қоспағанда - қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақысы сомасының кемiнде 50 процентi;";
      2) тармақшада:
      "75" деген сан "65" деген санмен ауыстырылсын;
      "сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша - сақтандыру резервтерiн есептеу күнiне дейiн соңғы он екi ай iшiнде есептелген" деген сөздер "қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есептелген" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

      3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) және Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасы (Жерембаев Е.Е.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң баспасөз басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсiн.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады