Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1982 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Төлем карточкалары бойынша мәліметтер жасау және ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 24 тамыздағы 321 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 426 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 31 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2659. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 3 ақпандағы N 21 (V053495) қаулысымен.

     Қазақстан Республикасы аймақтарының шеңберінде төлем карточкаларының пайдаланылуына талдау жүргізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 шілдедегі 713 қаулысымен бекітілген Микропроцессорлық карточкалар негізінде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесін дамыту бағдарламасын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

     1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Төлем карточкалары бойынша мәліметтер жасау және ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 24 тамыздағы 321 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1982 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 4-17 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
     көрсетілген қаулымен бекітілген Төлем карточкалары бойынша мәліметтер жасау және ұсыну жөніндегі нұсқаулыққа:
     2-тармақтың төртінші абзацындағы "Қызмет көрсетуші желі" деген сөздер "Қызмет көрсету желісі" деген сөздермен ауыстырылсын;
     3-тармақта "5" деген сан "7" деген санмен ауыстырылсын;
     4-тармақта:
     "үш" деген сөз "төрт" деген сөзбен ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
     "4) Төлем карточкаларын аймақтар шеңберінде пайдаланумен байланысты төлемдердің саны және көлемі туралы мәліметтер (4-қосымша).";
     1-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

"Төлем карточкалары    
бойынша мәліметтер    
жасау және ұсыну     
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша       

Төлем карточкаларына қызмет көрсетуге арналған
қондырғылардың саны және карт-есепшоттардағы
қалдықтар туралы мәліметтер

     _______________________
         Банктің атауы

     200__жылғы "____" ________
                 күні    айы

__________________________________________________________________
     Облыстың      |Сауда     |Имприн.   |Бан. |Кә.  |Карт-
     (қаланың)     |терминал. |терлер    |ко.  |сіп. |есепшот.
       атауы       |дарының   |саны      |мат. |кер. |тардағы
                   |   саны   |(бірлігі) |тар. |лер. |орташа
                   |(бірлігі) |__________|дың  |дің  |айлық
                   |__________|банк.|кә. |саны |саны |қалдықтар
                   |банк.|кә. |терде|сіп.|(бір.|(бір.|(мың теңге)
                   |терде|сіп.|     |кер.|лі.  |лі.  |
                   |     |кер.|     |лер.|гі)  |гі)  |
                   |     |лер.|     |де  |     |     |
                   |     |де  |     |    |     |     |
__________________________________________________________________
           1          2     3     4    5    6     7        8
__________________________________________________________________
Ақмола
Ақтөбе
Алматы
Атырау
Шығыс Қазақстан
Жамбыл
Батыс Қазақстан
Қарағанды
Қостанай
Қызылорда
Маңғыстау
Павлодар
Солтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан
Алматы қаласы
Астана қаласы
Жиынтығы:
__________________________________________________________________

     Басшы ________________________________________
                       (аты-жөні)
     Бас бухгалтер ________________________________
                           (аты-жөні)
     Орындаушы _______________________ ______________
                      (аты-жөні)           телефоны

     200__жылғы "__"________________

Мәліметтерді толтыру ережесі:

     Төлем карточкаларына қызмет көрсету үшін банк қондырғыларының саны туралы мәліметтерді аймақтар шеңберінде ұсыну қажет.
     2, 3-бағандарда банктің банктер мен кәсіпкерлерде орналасқандарын бөлгендегі сауда терминалдарының есептік айдың соңғы күніндегі саны көрсетіледі.
     4, 5-бағандарда банктің банктер мен кәсіпкерлерде орналасқандарын бөлгендегі импринтерлерінің есептік айдың соңғы күніндегі саны көрсетіледі.
     6-бағанда банк банкоматтарының есептік айдың соңғы күніндегі саны көрсетіледі.
     7-бағанда банкпен шарт жасасқан және ақыны төлем карточкасымен қабылдайтын кәсіпкерлердің есептік айдың соңғы күніндегі саны көрсетіледі.
     8-бағанда карт-есепшоттардағы есептік айдың соңғы күніндегі орташа қалдықтар көрсетіледі, бұл баған "Жиынтығы" деген жолда ғана аймақтарға бөлінбей толтырылады.
     "Жиынтығы" деген жолда тұтастай алғанда банк бойынша деректер ұсынылады.";
     3-қосымшада:
     "Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын төлемнің саны мен көлемі туралы мәліметтер" деген кестенің 5 және 6-бағандарының атауындағы "Қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялар" деген сөздерден кейін ", барлығы" деген сөзбен толықтырылсын;
     Мәліметтерді толтыру ережесінде:
     "қызмет көрсететін желісінде" деген сөздер "қызмет көрсету желісінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы бірінші абзацпен толықтырылсын:
     "Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын төлемнің саны мен көлемі туралы мәліметтерді тұтастай алғанда банк бойынша ұсыну қажет.";
     оныншы абзацта "карточкасы арқылы" деген сөздерден кейін ", оның ішінде банкоматты пайдалана отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
     он бірінші абзацта "банкоматты" деген сөз "банкоматтарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы 4-қосымшамен толықтырылсын:

"Төлем карточкалары   
бойынша мәліметтер   
жасау және ұсыну    
жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша       

Төлем карточкаларын аймақтар шеңберінде
пайдалана отырып жасалатын төлемнің саны
мен көлемі туралы мәліметтер

     _______________________
          Банктің атауы

     200__жылғы ____________
                   айы

__________________________________________________________________
  Облыстың   |Қолма-қол ақшамен|Қолма-қол ақша |   Банкоматтарды
 (қаланың)   |   жасалмайтын   |беру бойынша   | пайдалана отырып
    атауы    |    төлемдер     |операциялар,   |   қолма-қол ақша
             |                 |   барлығы     |   беру бойынша
             |_________________|_______________|  операциялар
             | Саны    |Сомасы | Саны    |Сома.|_________________
             |(бірлігі)|(мың   |(бірлігі)|сы   |  Саны   |Сомасы
             |         | теңге)|         |(мың |(бірлігі)|(мың
             |         |       |         |тең. |         |теңге)
             |         |       |         |ге)  |         |
__________________________________________________________________
      1           2       3         4       5        6       7
__________________________________________________________________
Ақмола
Ақтөбе
Алматы
Атырау
Шығыс
Қазақстан
Жамбыл
Батыс
Қазақстан
Қарағанды
Қостанай
Қызылорда
Маңғыстау
Павлодар
Солтүстік
Қазақстан
Оңтүстік
Қазақстан
Алматы қаласы
Астана қаласы
Жиынтығы:
__________________________________________________________________

     Басшы ________________________________________
                          (аты-жөні)

     Бас бухгалтер ________________________________
                            (аты-жөні)

     Орындаушы _____________________ ______________
                     (аты-жөні)         телефоны

     200__жылғы "__"________________

Мәліметтерді толтыру ережесі:

     Есептің осы нысанында есептік кезеңде банктің қызмет көрсету желісінде жасалған төлем сомасы көрсетіледі. Соманы жинақтау мынадай төлемдер бойынша жүзеге асырылады (карт-есепшоттан есептен шығарған кезде):
     І - банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің қызмет көрсету желісінде жасалған төлем;
     IV - банктің төлем карточкаларын қоспағанда, қазақстандық эмитенттердің шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің қызмет көрсету желісінде жасалған төлем;
     V - шетелдік эмитенттер шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің қызмет көрсету желісінде жасалған төлем.
     2, 3-бағандарда төлем карточкаларын пайдалана отырып тауар немесе қызмет көрсету үшін қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдердің саны мен жалпы сомасы көрсетіледі.
     4, 5-бағандарда төлем карточкасы арқылы, оның ішінде банкоматтарды пайдалана отырып қолма-қол ақша беру бойынша жүргізілген барлық операциялардың саны мен жалпы сомасы көрсетіледі.
     6, 7-бағандарда банкоматты пайдалана отырып төлем карточкасы арқылы қолма-қол ақша беру бойынша жүргізілген операциялардың саны мен сомасы көрсетіледі.
     "Жиынтығы" деген жолда тұтастай алғанда банк бойынша деректер ұсынылады.".

     2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.

     3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
     1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Б. Жәмішевке жүктелсін.

     Ұлттық Банк
     Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады