Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2008 жылғы 4 маусымдағы N 164 бұйрығымен.
Үзінді:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Кедендік бақылау комитеті төрағасының
2008 жылғы 4 маусымдағы N 164 бұйрық
Кеден ісі саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды
деп тану туралы
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабы 1 тармағына сәйкес, Бұйырамын:
1. Осы бұйрыққа қосымша тізімдегі кеден ісі саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (Т.Б. Нұрбаев) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Кадр басқармасы (А.Қ. Омарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің жеке құрамының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының орынбасары Е.Ә. Кененбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға Қ-К. Кәрбозов
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Кедендік бақылау
комитеті төрағасының
2008 жылғы 4 маусымдағы
N 164 бұйрығына қосымша
Кеден ісі саласындағы күші жойылған кейбір
бұйрықтардың тізбесі
1. ...;
2. ...;
3. ...;
4. "Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы кадр жұмыстарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 мамырдағы N 202 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 589 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2678 болып тіркелген, ҚР Нормативтік құқықтық кесімдерінің бюллетенінде жарияланған, 2004 ж, N 33-36, 979-құжат);
5. ....
______________________________________________
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің
508-бабының
3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы кадр жұмысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 мамырдағы N 202
бұйрығына
(бұдан әрі - Бұйрық) (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 28 қазанда N 2546 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 30 қыркүйектегі
N 453
; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 18 желтоқсанда N 2621 болып тіркелген 2003 жылғы 3 желтоқсандағы
N 541
бұйрықтарымен енгізілген өзгерістермен қоса Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 20 мамырда N 2286 болып тіркелген, Ресми газетте 2004 жылғы 18 маусымда N 26 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын қызметке тағайындау мен қызметтен босату ережесінде:
8-тармақтағы "және инспекторлық құрам" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (Н.Қасымов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Ұйымдастырушылық және әкімшілік жұмыстар департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі орталық аппаратының және Қазақстан Республикасының аумақтық кеден органдары құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізсін және жұмыста басшылыққа алсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға