"Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы кадр жұмысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 мамырдағы N 202 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2286 болып тіркелген) толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 30 қыркүйектегі N 453 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 28 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2546. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2008 жылғы 4 маусымдағы N 164 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2008 жылғы 4 маусымдағы N 164 бұйрығымен.

Үзінді:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Кедендік бақылау комитеті төрағасының
2008 жылғы 4 маусымдағы N 164 бұйрық

Кеден ісі саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды
деп тану туралы

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабы 1 тармағына сәйкес, Бұйырамын:
      1. Осы бұйрыққа қосымша тізімдегі кеден ісі саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (Т.Б. Нұрбаев) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Кадр басқармасы (А.Қ. Омарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің жеке құрамының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының орынбасары Е.Ә. Кененбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға                                   Қ-К. Кәрбозов

Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Кедендік бақылау
комитеті төрағасының   
2008 жылғы 4 маусымдағы  
N 164 бұйрығына қосымша

Кеден ісі саласындағы күші жойылған кейбір
бұйрықтардың тізбесі

      1. ...;
      2. "Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы кадр жұмыстарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 мамырдағы N 202 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 30 қыркүйектегі N 453 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2546 болып тіркелген);
      3. ...;
      4. ...;
      5. ....
______________________________________________

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 25 мамырдағы N 576  Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің қызметкерлері лауазымдарының тізіліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы кадр жұмысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 мамырдағы N 202  бұйрығына  (бұдан әрі - Бұйрық) (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 20 мамырда N 2286 болып тіркелген, 2003 жылғы 28 маусымдағы N 26 "Ресми газетте" жарияланған) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарына қойылатын біліктілік талаптарында:
      3-тармақта:
      1) мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) Кедендік бақылау агенттігі аумақтық бөлімшесінің, кеденінің құрамындағы басқарма бастығы, кеден бекетінің бастығы лауазымдары үшін:
      білімі жоғары кәсіптік;
      екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет стажының болуы, оның ішінде кемінде бір жыл келесі төменгі санаттағы лауазымдарда жұмыс істеуі, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге де лауазымдарда бір жылдан кем емес стажының немесе аталған санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда, оның ішінде басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс стажының болуы немесе мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тапсырыс негізінде даярлау мен қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқуы;
      Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының Кеден  кодексін , " Мемлекеттік қызмет туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Әкімшілік рәсімдер туралы ", " Нормативтік құқықтық актілер туралы " Заңдарды,  2030  жылғы дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы  ережесін , Қазақстан Республикасының аталған санаттағы мемлекеттік лауазымдардың мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық кесімдерін білуі;
      аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті білімдерінің болуы.";

      "2-2) Кедендік бақылау агенттігі аумақтық бөлімшесінің, кеденінің құрамындағы басқарма бастығының орынбасары, кеден бекеті бастығының орынбасары лауазымдары үшін:
      білімі жоғары кәсіптік;
      бір жарым жылдан кем емес мемлекеттік қызмет стажының болуы немесе аталған санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда үш жылдан кем емес жұмыс стажының болуы;
      Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының Кеден  кодексін , " Мемлекеттік қызмет туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Әкімшілік рәсімдер туралы ", " Нормативтік құқықтық актілер туралы " Заңдарды,  2030  жылғы дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы  ережесін , Қазақстан Республикасының аталған санаттағы мемлекеттік лауазымдардың мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық кесімдерін білуі;
      Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті білімдерінің болуы.";

      3) 3) және 4) тармақшалардағы "кеден бекеті" деген сөз алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (Н.Қасымов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Ұйымдастырушылық және әкімшілік жұмыстар департаменті (К.І.Махамбетов) осы бұйрықты жұмыста басшылыққа алу үшін Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің және Қазақстан Республикасы аумақтық кеден органдары басшыларының назарына жеткізсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін. 

      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады