Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы кадр жұмыстарының кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 мамырдағы N 202 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 20 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2286. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2008 жылғы 4 маусымдағы N 164 бұйрығымен.

  Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2008 жылғы 4 маусымдағы N 164 бұйрығымен.

Үзінді:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Кедендік бақылау комитеті төрағасының
2008 жылғы 4 маусымдағы N 164 бұйрық

Кеден ісі саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды
деп тану туралы

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабы 1 тармағына сәйкес, Бұйырамын:
      1. Осы бұйрыққа қосымша тізімдегі кеден ісі саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (Т.Б. Нұрбаев) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Кадр басқармасы (А.Қ. Омарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің жеке құрамының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының орынбасары Е.Ә. Кененбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға                                   Қ-К. Кәрбозов

Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Кедендік бақылау
комитеті төрағасының   
2008 жылғы 4 маусымдағы  
N 164 бұйрығына қосымша

Кеден ісі саласындағы күші жойылған кейбір
бұйрықтардың тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы кадр жұмыстарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 мамырдағы N 202 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2286 болып тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 28 маусымда N 26 жарияланған);
      2. ...;
      3. ...;
      4. ...;
      5. ....
______________________________________________

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің  506 507  және  508-баптарына  сәйкес, бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы кадр жұмыстарының кейбір мәселелері (1-қосымша);
      2) Жас мамандардың Қазақстан Республикасының кеден органдарында тағылымдамадан өту ережесі (2-қосымша);
      3) Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын қызметке тағайындау және қызметтен босату ережесі (3-қосымша) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Ұйымдастырушылық және әкімшілік жұмыстар департаменті (К.І.Махамбетов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі департаменттері мен басқармаларының және оның аумақтық бөлімшелері басшыларының басшылыққа алуына және назарына жеткізсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Төраға

"Қазақстан Республикасының кеден 
органдарындағы кадр жұмыстарының 
кейбір мәселелері туралы"    
Қазақстан Республикасының     
Кедендік бақылау агенттігі    
төрағасының 2003 жылғы      
14 мамырдағы N 202 бұйрығына  
1-қосымша            

  Қазақстан Республикасы кеден органдарының 
лауазымды адамдарына қойылатын біліктілік талаптары

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің  506-бабының  2-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымдары санаттарына, сондай-ақ осы лауазымдарды иеленуге талаптанушы азаматтарға қойылады. 

  2. Біліктілік талаптары     

       Ескерту: 2-тараудың 3-тармағына толықтыру мен өзгертулер енгізілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының  2003 жылғы 30 қыркүйектегі N 453
бұйрығымен.
       Ескерту: 2-тарау жаңа редакцияда жазылды - ҚР Кедендік бақылау
агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 наурыздағы N 137   бұйрығымен .

      2. Кедендік бақылау агенттігі лауазымдарының санаттарына мынадай біліктілік талаптары белгіленеді:
      1) Аппарат басшысы, департаменттің бастығы лауазымдары үшін:        білімі  жоғары кәсіптік;
      бес жылдан кем емес мемлекеттік қызмет, оның ішінде кейінгі төмен тұрған лауазымдарда бір жылдан кем емес өтіл не мемлекеттік органдардағы басшылық не өзге де лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе аталған санаттың нақты лауазымының тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілі, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы.
      Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының  Кеден кодексін , " Мемлекеттік қызмет туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Әкімшілік рәсімдер туралы ", " Нормативтік құқықтық актілер туралы ", "Қазақстан Республикасындағы  тіл туралы " Заңдарды,  Қазақстанның  2030 жылға  дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328  Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің қызметтік этика ережесін, аталған санаттың нақты лауазымдарының ерекшеліктеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
      Аталған санаттың лауазымы бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
      2) Департамент бастығының орынбасары, басқарма бастығы лауазымдары үшін:
      білімі - жоғары кәсіптік;
      төрт жылдан кем емес мемлекеттік қызмет, оның ішінде кейінгі төмен тұрған лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі не мемлекеттік органдардағы басшылық немесе өзге де лауазымдарда екі жылдан кем емес өтіл не аталған санаттың нақты лауазымының тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда бес жылдан кем емес жұмыс өтілі, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы.
      Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының  Кеден кодексін , " Мемлекеттік қызмет туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Әкімшілік рәсімдер туралы ", " Нормативтік құқықтық актілер туралы ", "Қазақстан Республикасындағы  тіл туралы " Заңдарды,  Қазақстанның  2030 жылға  дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328  Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің қызметтік этика ережесін, аталған санаттың мемлекеттік лауазымдарының ерекшеліктеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
      Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
      3) Департамент басқармасының бастығы, басқарма бастығының орынбасары, Төрағаның кеңесшісі лауазымдары үшін:
      білімі - жоғары кәсіптік;
      үш жылдан кем емес мемлекеттік қызмет, оның ішінде кейінгі төмен тұрған лауазымдарда бір жылдан кем емес не мемлекеттік органдардағы басшылық немесе өзге де лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі не аталған санаттың нақты лауазымының тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілі, оның ішінде басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы, не мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тапсырыс негізінде даярлау мен қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқуы.
      Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының  Кеден кодексін , " Мемлекеттік қызмет туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Әкімшілік рәсімдер туралы ", " Нормативтік құқықтық актілер туралы ", "Қазақстан Республикасындағы  тіл туралы " Заңдарды,  Қазақстанның  2030 жылға  дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328  Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің қызметтік этика ережесін, аталған санаттың нақты лауазымдарының ерекшеліктерге сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
      Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
      4) Департаменттің басқармасы бастығының орынбасары, бөлім бастығы лауазымдары үшін:
      білімі - жоғары кәсіптік;
      екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет, оның ішінде кейінгі төмен тұрған лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі не мемлекеттік органдардағы басшылық немесе өзге де лауазымдарда бір жылдан кем емес өтіл не аталған санаттың нақты лауазымының тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда үш жылдан кем емес жұмыс өтілі, оның ішінде басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы, не мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тапсырыс негізінде даярлау мен қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқуы.
      Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының  Кеден кодексін , " Мемлекеттік қызмет туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Әкімшілік рәсімдер туралы ", " Нормативтік құқықтық актілер туралы ", "Қазақстан Республикасындағы  тіл туралы " Заңдарды,  Қазақстанның  2030 жылға  дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328  Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің қызметтік этика ережесін, аталған санаттың нақты лауазымдарының ерекшеліктеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
      Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
      5) Департамент басқармасының бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары, Төрағаның көмекшісі лауазымдары үшін:
      білімі - жоғары кәсіптік;
      бір жарым жылдан кем емес мемлекеттік қызмет не аталған санаттардың нақты лауазымының тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы, не мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тапсырыс негізінде даярлау мен қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқуы.
      Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының  Кеден кодексін , " Мемлекеттік қызмет туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Нормативтік құқықтық актілер туралы ", "Қазақстан Республикасындағы  тіл туралы " Заңдарды,  Қазақстанның  2030 жылға  дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328  Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің қызметтік этика ережесін, аталған санаттың нақты лауазымдарының ерекшеліктеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
      Аталған санаттардың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
      6) Департамент басқармасының бөлімі бастығының орынбасары, бөлімше бастығы, бас маман, аға маман лауазымдары үшін:
      білімі - жоғары кәсіптік;
      бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет не аталған санаттың нақты лауазымының тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда екі жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы, не мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тапсырыс негізінде даярлау мен қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқуы.
      Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының  Кеден кодексін , " Мемлекеттік қызмет туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", "Қазақстан Республикасындағы  тіл туралы " Заңдарды,  Қазақстанның  2030 жылға  дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328  Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің қызметтік этика ережесін, аталған санаттардың нақты лауазымдарының ерекшеліктеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
      Аталған санаттардың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің облыстық аумақтық бөлімшелері және кедендері лауазымдарының санаттарына мынадай біліктілік талаптары қойылады:
      1) Кедендік бақылау агенттігі облыстық аумақтық бөлімшесінің, кеденінің бастығы лауазымы үшін:
      білімі - жоғары кәсіптік;
      төрт жылдан кем емес мемлекеттік қызмет, оның ішінде кейінгі төмен тұрған лауазымдарда бір жылдан кем емес не мемлекеттік органдардағы басшылық немесе өзге де лауазымдарда үш  жылдан кем емес жұмыс өтілі не аталған санаттың нақты лауазымының тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы.
      Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының  Кеден кодексін , " Мемлекеттік қызмет туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Әкімшілік рәсімдер туралы ", " Нормативтік құқықтық актілер туралы ", "Қазақстан Республикасындағы  тіл туралы " Заңдарды,  Қазақстанның  2030 жылға  дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328  Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің қызметтік этика ережесін, аталған санаттың нақты лауазымдарының ерекшеліктеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
      Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
      2) Кедендік бақылау агенттігі облыстық аумақтық бөлімшесінің, кедені бастығының орынбасары  лауазымы үшін:
      білімі - жоғары кәсіптік;
      үш жылдан кем емес мемлекеттік қызмет, оның ішінде кейінгі төмен тұрған лауазымдарда бір жылдан кем емес не мемлекеттік органдардағы басшылық немесе өзге де лауазымдарда бір  жылдан кем емес жұмыс өтілі не аталған санаттың нақты лауазымының тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы.
      Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының  Кеден кодексін , " Мемлекеттік қызмет туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Әкімшілік рәсімдер туралы ", " Нормативтік құқықтық актілер туралы ", "Қазақстан Республикасындағы  тіл туралы " Заңдарды,  Қазақстанның  2030 жылға  дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328  Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің қызметтік этика ережесін, аталған санаттың нақты лауазымдарының ерекшеліктеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
      Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
      3) Басқарманың, кеден бекетінің бастығы лауазымдары үшін:
      білімі - жоғары кәсіптік;
      екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі, не мемлекеттік органдардағы басшылық немесе өзге де лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі, не аталған санаттың нақты лауазымының тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы, не мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тапсырыс негізінде даярлау мен қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқуы.
      Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының  Кеден кодексін , " Мемлекеттік қызмет туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Әкімшілік рәсімдер туралы ", " Нормативтік құқықтық актілер туралы ", "Қазақстан Республикасындағы  тіл туралы " Заңдарды,  Қазақстанның  2030 жылға  дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328  Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің қызметтік этика ережесін, аталған санаттың нақты лауазымдарының ерекшеліктеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
      Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
      4) Басқарма бастығының орынбасары, бөлім бастығы, кеден бекеті бастығының орынбасары, басқарманың бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары лауазымдары үшін:
      білімі - жоғары кәсіптік;
      бір жарым жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі, не аталған санаттардың нақты лауазымының тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда екі жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы, не мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тапсырыс негізінде даярлау мен қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқуы.
      Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының  Кеден кодексін , " Мемлекеттік қызмет туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Әкімшілік рәсімдер туралы ", " Нормативтік құқықтық актілер туралы ", "Қазақстан Республикасындағы  тіл туралы " Заңдарды,  Қазақстанның  2030 жылға  дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328  Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің қызметтік этика ережесін, аталған санаттардың нақты лауазымдарының ерекшеліктеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
      Аталған санаттардың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
      5) Басқарманың бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары лауазымдары үшін:
      білімі - жоғары кәсіптік. Бір  жылдан кем емес мемлекеттік қызмет немесе аталған санаттардың нақты лауазымының тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда орта кәсіптік білімге рұқсат етіледі.
      Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының  Кеден кодексін , " Мемлекеттік қызмет туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Нормативтік құқықтық актілер туралы ", "Қазақстан Республикасындағы  тіл туралы " Заңдарды,  Қазақстанның  2030 жылға  дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328  Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің қызметтік этика ережесін, аталған санаттардың нақты лауазымдарының ерекшеліктеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
      Аталған санаттардың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
      6) Басқарма бөлім бастығының орынбасары, бөлімше бастығы, бас маман, аға маман, маман лауазымдары үшін:
      білімі - жоғары немесе орта кәсіптік;
      Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының  Кеден кодексін , " Мемлекеттік қызмет туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", "Қазақстан Республикасындағы  тіл туралы " Заңдарды,  Қазақстанның  2030 жылға  дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328  Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің қызметтік этика ережесін, аталған санаттардың нақты лауазымдарының ерекшеліктеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
      Аталған санаттардың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.    

      
      "Қазақстан Республикасының  
кеден органдары кадр     
жұмыстарының кейбір     
мәселелері туралы"      
Қазақстан Республикасының  
Кедендік бақылау агенттігі  
төрағасының 2003 жылғы    
14 мамырдағы N 202 бұйрығына 
2-қосымша          

  Жас мамандардың Қазақстан Республикасының кеден
органдарында тағылымдамадан өту Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Жас мамандардың Қазақстан Республикасының кеден органдарында тағылымдамадан өту ережесі Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің  507-бабына  сәйкес әзірленді.

      2. Қазақстан Республикасының кеден органдарына қызметке қабылданған жас мамандардың тағылымдамасы (бұдан әрі - тағылымдама) біліктілікті арттырудың, жас мамандарды адамгершілікке және еңбекке тәрбиелеудің маңызды нысаны болып табылады.

  2. Тағылымдаманың мақсаттары мен міндеттері

      3. Тағылымдаманың мақсаты - тиісті міндеттерін ақтару үшін қажетті, тәрбие сапасын, маманның біліктілік деңгейін арттыру процесін жеделдету.

      4. Тағылымдаманың негізгі міндеттері:
      1) жас мамандарды өздері қызмет етуге келген кеден органдары ұжымдарына бейімдеу, оларға ұжымдық өмірдің озық дәстүрлері мен нормаларын игерту;
      2) жас мамандарды таңдап алған кәсібіне қатыстыру, оларда тапсырылған іске деген қызығушылықты, кәсіптік мақтанышты дамыту;
      3) жас мамандарға бекітілген қызмет бағыттарындағы нақты істер мен материалдар бойынша өз бетімен белсенді жұмыс істеу үшін қажетті кәсіптік білімдерді және тұрақты практикалық дағдыларды меңгеруге көмектесу;
      4) жас мамандарды тұлға ретінде қалыптастыру, оларда идеялық сенімділікті, қызметтің қиындықтарына адамгершілік-психологиялық тұрақтылық, тәртіптілік пен заңдылықты қатаң сақтау, қырағылық, қызметтік борышын орындауға саналы және шығармашылық қатынас пен азаматтарға құрметпен қарау қасиеттерін тәрбиелеу болып табылады.

  3. Тағылымдамадан өту тәртібі

      5. Тағылымдама өту туралы шешімді кеден органының бастығы қабылдайды.

      6. Тағылымдама жас мамандардың оқу орындарындағы немесе кеден органдарының оқу орталықтарындағы курстық қайта даярлауда болған уақытын есептеместен, үш айға дейінгі мерзімге белгіленеді.

      7. Жас мамандарды тағылымдамадан өткізу кеден органының басшылығы айқындаған мерзімдерде, кеден бекеттерінде немесе бақылау-өткізу пункттерінде, одан әрі кеден органының барлық жетекші бөлімшелерінде жүргізіледі.

      8. Тағылымдаманың нәтижелерін жас маманның қысқаша мінездемесімен бірге құрылымдық бөлімшенің бастықтары тәлімгер бекіткен еркін нысандағы журналға тіркейді.

      9. Тәлімгерлер негізінен Қазақстан Республикасының кеден органдарында бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар және жеке құрамда беделге ие болған мамандар мен озат қызметкерлердің ішінен іріктеледі. Басқа бөлімшелерде тағылымдамадан өту кезінде үміткерге бұрынғы тәлімгерді қалдырады не жаңа тәлімгер белгілейді.

      10. Тәлімгерді бекіту қызметке жаңадан қабылданған қызметкерді тағайындаумен бір мезгілде кеден органы бастығының бұйрығымен жүргізіледі. Бұл ретте, әрбір тәлімгерде екіден артық емес жас маман болуы мүмкін.

      11. Тағлымдамадан өту кезінде жас маманға Қазақстан Республикасының еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы қолданылады.

      12. Тағылымдама еңбек сіңірген жылдары үшін пайыздық үстемақы төлеу және Қазақстан Республикасы кеден органдарының желісі бойынша зейнетақы тағайындау құқығын беретін кеден органдарындағы қызмет өтіліне есептеледі. Бұл ретте еңбек сіңірген жылдары үшін пайыздық үстемақының мөлшері қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес белгіленеді.

      13. Тағылымдамадан өтуі кезінде:
      1) әскери және арнайы техниканы, оқпен атылатын қаруды, арнайы құралдарды, кедендік қамтамасыз ету құралдары мен техникалық кедендік бақылау құралдарын жас мамандарға бекітуге және жас мамандарға пайдалануға рұқсат етуге;
      2) Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының арнайы атақтарын жас мамандарға беруге;
      3) жас маманды оның өміріне қатер төнуі, не оның дербес әрекеті кәсіптік даярлығының жоқтығына байланысты заңды бұзуға немесе азаматтардың құқықтарына, еркіндіктері мен мүдделеріне қысым жасауға әкеп соқтыруы мүмкін іс-шараларға тартуға тыйым салынады.

  4. Жас мамандарға қойылатын талаптар

      14. Жас маман:
      1) қызметтің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын табанды түрде игеруге. Нормативтік құқықтық кесімдерді және ұсынылған әдебиеттерді өз бетімен зерделеуге, жеке жоспарда көзделген іс-шараларды белгіленген мерзімдерде орындауға;
      2) өзінің кәсіптік деңгейін, ұйымдастырушылығын, тәртібін арттыруға тұрақты жұмыс істеуге, ұжымның қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысуға;
      3) тәлімгерден жұмыстың барлық озық нысандары мен әдістерін, өзінің азаматтарын және жұмысындағы қызметкерлермен қарым-қатынасын дербес және кәсіби, сауатты құра білуге зейін сала үйренуге;
      4) өзінің күнделікті практикалық қызметінде заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтауға, кез келген заң бұзушылыққа ымырасыз болуға;
      5) осы Ереженің 13-тармағының 3) тармақшасында көзделген іс-шараларды қоспағанда, кеден органында өткізілетін барлық қызметтік және қоғамдық іс-шараларға қатысуға тиіс.

  5. Тағылымдаманы басқару

      15. Тағылымдаманы ұйымдастыру үшін жауаптылық:
      1) тәлімгер тағайындау туралы бұйрықты жариялай отырып қызметке орналасушыны жеке құрамға таныстыруға;
      2) тәлімгерлерді жеке жұмыстың озық нысандары мен әдістеріне жоспарлы түрде оқыту ұйымдастыруға, жас мамандармен жұмыс жоспарларын жасауға, практикалық көмек көрсетуге, олардың орындалуына бақылауды қамтамасыз етуге;
      3) тәлімгерлікті ұйымдастырудың озық тәжірибесін зерделеуге және жинақтауға, жоғары тұрған органдарға бағыныштылық тәртібімен тәлімгерлік жұмысты одан әрі жетілдіру, оның жедел-қызметтік міндеттерді шешудегі, заңдылықты сақтаудағы ролін арттыру туралы нақты ұсыныстар енгізуге тиіс болатын кеден органдарының бастықтарына, кадр қызметіне және тиісті бөлімшелердің бастықтарына жүктеледі.

"Қазақстан Республикасының  
кеден органдарындағы кадр  
жұмыстарының кейбір     
мәселелері туралы"     
Қазақстан Республикасының  
Кедендік бақылау агенттігі 
төрағасының 2003 жылғы   
14 мамырдағы N 202 бұйрығына
3-қосымша        

  Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі
мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын
қызметке тағайындаудың және қызметтен босатудың
ережесі

       Ескерту: Бүкіл мәтін бойынша "кеден басқармалары" деген сөздер "кедендік бақылау департаменттері" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 541   бұйрығымен .

  1. Жалпы ережелер

      Осы Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын қызметке тағайындаудың және қызметтен босатудың ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің  508-бабына , " Мемлекеттік қызмет туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 қыркүйектегі N 981  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі туралы ережеге сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі (1-қосымша) мен оның аумақтық бөлімшелерінің (2-қосымша) лауазымды адамдарын қызметке тағайындаудың және қызметтен босатудың тәртібін белгілейді.
      Лауазымға тағайындалатын үміткер кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тестілеуден өтеді.

  2. Агенттіктің орталық аппараты бойынша

      1. Департаменттер мен дербес басқармалардың бастықтары Төрағаның жетекшілік ететін орынбасарының жазбаша ұсынымы бойынша Төрағаның бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      2. Басқа лауазымды адамдар тиісті департаменттердің (басқармалардың) бастықтарымен алдын ала әңгімелесуден өтеді. Әңгімелесудің оң нәтижесі жағдайында департамент (басқарма) бастығы мен төрағаның жетекшілік ететін орынбасарының тиісті визалары қойылған лауазымды адамның өтініші, сондай-ақ қызметке жазбаша ұсыным Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Ұйымдастырушылық және әкімшілік жұмыстар департаментінің Кадр басқармасына тағайындау туралы бұйрық дайындау үшін жолданады.
      Қызметке тағайындау және қызметтен босату Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының (бұдан әрі - Төраға) бұйрығымен жүргізіледі. Қажет болған жағдайда, лауазымды адамның Төрағаға әңгімелесуге шақырылуы мүмкін.

      3. Төрағаның кеңесшісін, Төрағаның көмекшісін, Ресей Федерациясы кеден қызметінің жанындағы Қазақстан Республикасы кеден қызметінің өкілін қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды жеке әңгімелесуден кейін Төраға жүзеге асырады.

  3. Орталық кеден зертханасы бойынша

      4. Орталық кеден зертханасының бастығы Төрағаның жетекшілік ететін орынбасарының жазбаша ұсынымы бойынша Төрағаның бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      5. Орталық кеден зертханасы бастығының орынбасары және бөлімдердің бастықтары штаттық кестеге сәйкес Орталық кеден зертханасы бастығының жазбаша ұсынымы бойынша Төрағаның жетекшілік ететін орынбасарымен келісілгеннен кейін Төрағаның бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      6. Орталық кеден зертханасының Лауазымдар номенклатурасына жататын басқа лауазымды адамдар штаттық кестеге сәйкес Орталық кеден зертханасының бастығы айқындайтын тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

  4. Қаржы-шаруашылық кедені бойынша

      7. Қаржы-шаруашылық кеденінің бастығы Төрағаның жетекшілік ететін орынбасарының жазбаша ұсынымы бойынша Төрағаның бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      8. Қаржы-шаруашылық кедені бастығының орынбасары, бөлімдердің бастықтары штаттық кестеге сәйкес Қаржы-шаруашылық кедені бастығының жазбаша ұсынымы бойынша Төрағаның жетекшілік ететін орынбасарымен келісілгеннен кейін Төрағаның бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
       Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 589   бұйрығымен .

  5. Кинологиялық орталық бойынша

      9. Кинологиялық орталықтың бастығы Төрағаның жетекшілік ететін орынбасарының жазбаша ұсынымы бойынша Төрағаның бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      10. Кинологиялық орталық бастығының орынбасары және бөлімдердің бастықтары штаттық кестеге сәйкес Кинологиялық орталық бастығының жазбаша ұсынымы бойынша Төрағаның жетекшілік ететін орынбасарымен келісілгеннен кейін Төрағаның бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      11. Кинологиялық орталықтың Лауазымдар номенклатурасына жататын басқа лауазымды адамдар штаттық кестеге сәйкес Кинологиялық орталықтың бастығы айқындайтын тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

  6. Аумақтық кеден органдары бойынша

      12. Кедендік бақылау департаменттері мен кедендердің бастықтары Төрағаның орынбасарының  жазбаша ұсынымы бойынша Төрағаның бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      Облыстар бойынша кедендік бақылау департаменттерінің бастықтарын тағайындау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісімінен кейін жүргізіледі.

      13. Кедендік бақылау департаменттері мен кедендер бастықтарының орынбасарлары, басқармалардың бастықтары мен олардың орынбасарлары штаттық кестеге сәйкес кедендік бақылау департаменттері мен кедендер бастықтарының жазбаша ұсынымы бойынша Төрағаның бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. Тағайындау Төрағаның орынбасарларымен және департаменттердің (басқармалардың) бастықтарымен келісілгеннен кейін жүргізіледі.
       Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 541   бұйрығымен .

      14. Кедендік бақылау департаменттері мен кедендердің Лауазымдар номенклатурасына жататын басқа лауазымды адамдар штаттық кестеге сәйкес Кедендік бақылау департаменттері мен кедендердің бастықтары айқындайтын тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

  7. Қорытынды ережелер

      15. Тиісті бұйрықтар мен  басқа да қажетті құжаттардың жобаларын дайындауды Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Ұйымдастырушылық және әкімшілік жұмыстар департаментінің Кадр басқармасы жүзеге асырады.
      Тиісті лауазымдарға ұсынылған үміткерлерді қызметке тағайындау туралы ұсынымға мынадай құжаттар:
      резюме (анықтама - объективка);
      жазбаша ұсыным;
      2 фотосурет (3,5 х 4,5);
      сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына  сәйкес басқа да материалдар қоса беріледі.
      Ұсынымда қызметке тағайындау үшін ұсынылатын үміткерлердің іскерлік және жеке қасиеттеріне қысқаша сипаттама беріледі.
      Лауазымды адамды өз тілегі бойынша босатқан жағдайда,  материалдарға жеке өтініші (мәлімдеме) қоса беріледі.
      Қажет болған жағдайда, қосымша материалдар сұратылады, не Агенттікке шақыра немесе жергілікті жерге бара отырып, тағайындалатын, босатылатын лауазымды адамның іскерлік қасиеттерін зерделеу ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасының  
Кедендік бақылау агенттігі 
төрағасының 2003 жылғы    
14 мамырдағы N 202 бұйрығымен 
бекітілген Қазақстан     
Республикасының Кедендік   
бақылау агенттігі мен     
оның аумақтық бөлімшелерінің 
лауазымды адамдарын қызметке 
тағайындаудың және қызметтен 
босатудың ережесіне 1-қосымша 

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі
лауазымдарының номенклатурасы

       1. Орталық аппарат бойынша
      Департаменттің бастығы:
      Департамент бастығының орынбасары;
      басқарма бастығы;
      Төрағаның кеңесшісі;
      Төрағаның көмекшісі;
      Ресей Федерациясы кеден қызметінің жанындағы Қазақстан Республикасы кеден қызметінің өкілі;
      басқарма бастығының орынбасары;
      бөлім бастығы;
      бас инспектор;
      жетекші инспектор. 

       2. Орталық кеден зертханасы бойынша
      Орталық кеден зертханасының бастығы;
      Орталық кеден зертханасы бастығының орынбасары;
      бөлім бастығы.

       3. Қаржы-шаруашылық кедені бойынша
      Қаржы-шаруашылық кеденінің бастығы;
      Қаржы-шаруашылық кедені бастығының орынбасары;
      бөлім бастығы;
      бас инспектор;
      аға инспектор;
      инспектор.

       4. Кинологиялық орталық бойынша
      Кинологиялық орталықтың бастығы;
      Кинологиялық орталық бастығының орынбасары;
      бөлім бастығы.

       5. Аумақтық кеден органдары бойынша
      аумақтық кеден органының бастығы;
      аумақтық кеден органы бастығының орынбасары;
      басқарма бастығы;
      басқарма бастығының орынбасары;
      жинақтау-талдау бөлімінің бастығы;
      кеденнің кедендік ресімдеу бөлімінің бастығы;
      кеденнің тауарлардың жеткізілуін бақылау бөлімінің бастығы;
      кеденнің кедендік кірістер бөлімінің бастығы;
      кеденнің кедендік кірістер және валюталық бақылау бөлімінің бастығы;
      посткедендік бақылау бөлімінің бастығы;
      кеден ісі саласындағы қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі бөлімінің бастығы;
      ақпараттық технологиялар мен кедендік статистика бөлімінің бастығы;
      заң бөлімінің бастығы;
      кедендік сараптамалар мен зерттеулер бөлімінің бастығы;
      ішкі қауіпсіздік бөлімінің бастығы;
      энергетикалық кеден бекетінің бастығы;
      акциздік кеден бекетінің бастығы;
      кеден бекетінің - кедендік ресімдеу орталығының бастығы;
      10 және одан да көп штат саны бар кеден бекетінің бастығы;
      10 бірлікке жетпейтін штат саны бар шекара маңындағы кеден бекетінің бастығы.
       Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 541   бұйрығымен .

      

Қазақстан Республикасының  
Кедендік бақылау агенттігі 
төрағасының 2003 жылғы    
14 мамырдағы N 202 бұйрығымен 
бекітілген Қазақстан     
Республикасының Кедендік   
бақылау агенттігі мен     
оның аумақтық бөлімшелерінің 
лауазымды адамдарын қызметке 
тағайындаудың және қызметтен 
босатудың ережесіне 2-қосымша 

Қазақстан Республикасының аумақтық кеден органдары мен мамандандырылған мекемелері лауазымдарының номенклатурасы

      1. Кедендік бақылау департаменттері және кедендер бойынша
      кедендік режимдерді бақылау бөлімінің бастығы;
      саудалық емес айналымдағы бақылау бөлімінің бастығы;
      басқарма құрамындағы тауарлардың жеткізілуін бақылау бөлімінің бастығы;
      басқарма құрамындағы кедендік кірістер бөлімінің бастығы;
      валюталық бақылау бөлімінің бастығы;
      кедендік күзет және режим бөлімінің бастығы;
      басқарма құрамындағы анықтау және экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бөлімінің бастығы;
      басқарма құрамындағы есірткілердің контрабандасына қарсы күрес бөлімінің бастығы;
      кадр жұмысы бөлімінің бастығы;
      ұйымдастырушылық-талдау бөлімінің бастығы;
      ішкі жұмыстар бөлімінің бастығы;
      әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы;
      қаржылық және шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы;
      бухгалтерияның бастығы;
      басқарма құрамындағы кедендік статистика бөлімінің бастығы;
      басқарма құрамындағы ақпараттық технологиялар бөлімнің бастығы;
      сыртқы байланыстар бөлімінің бастығы;
      10 бірлікке жетпейтін штат саны бар, шекара маңындағыларға жатпайтын кеден бекетінің бастығы;
      бөлім, кеден бекеті бастығының орынбасары;
      бас инспектор;
      аға инспектор;
      инспектор;
      кіші инспектор.
       Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 541   бұйрығымен .

       2. Орталық кеден зертханасы бойынша
      бас инспектор;
      жетекші инспектор;
      инспектор.
       3. Кинологиялық орталық бойынша
      бас инспектор;
      аға инспектор;
      инспектор.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады