Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селосы», «селосының», «селоларының», «селолары» деген сөздер «ауылдық», «ауылы», «ауылының», «ауылдарының», «ауылдары» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"» Заңының 11-бабына сәйкес, облыстық әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мақсатында және тұрғындардың, Зеренді, Еңбекшілдер және Сандықтау аудандары әкімдері мен аудандық мәслихаттарының бірлескен өтініштері негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі шешім етті:
1. Облыстық әкімшілік-аумақтық құрылымына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
1) Еңбекшілдер ауданы бойынша:
Бірсуат ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Бірсуат, Сәуле, Тассу ауылдарының шекарасында Бірсуат ауылдық округі, орталығы - Бірсуат ауылы; Мамай, Итемген ауылдарының шекарасында Мамай ауылдық округі, орталығы-Мамай ауылы.
Донской ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Андықожа батыр ауылы, Невское ауылының шекарасында Донской ауылдық округі, орталығы - Андықожа батыр ауылы; Аңғал батыр ауылы, Жаңалық ауылының шекарасында Аңғал батыр ауылдық округі, орталығы - Аңғал батыр ауылы.
Құдабас ауылын Еңбекшілдер ауылдық округі әкімшілігі қарамағынан Уәлиханов ауылдық округінің әкімшілік қарамағына тапсыру арқылы, Еңбекшілдер және Уәлиханов ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
Уәлиханов ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Уәлиханов, Алға, Қарасу, Прожектор, Терек, Құдабас, Азнабай, Қойтас ауылдарының шекараларында Уәлиханов ауылдық округі, орталығы Уәлиханов ауылы; Советское, Сапақ ауылдарының шекарасында Ақсу ауылдық округі, орталығы-Советское ауылы.
Заураловка ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Заураловка, Құдықағаш, Яблоновка ауылдарының шекарасында Заураловка ауылдық округі, орталығы Заураловка ауылы; Баймырза, Шошқалы ауылдарының шекарасында Баймырза ауылдық округі, орталығы - Баймырза ауылы;
Пригорхоз ауылын Үлгі ауылдық округі әкімшілігі қарамағынан Степняк қаласының әкімшілік қарамағына тапсыру арқылы, Үлгі ауылдық округі және Степняк қаласы шекаралары өзгертілсін.
Үлгі ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Казгородок, Карловка, Жөкей, Қызылұйым, Ұйымшыл, Трамбовка ауылдарының шекарасында Үлгі ауылдық округі, орталығы Казгородок ауылы; Кеңащы, Қарасор ауылдарының шекарасында Кеңащы ауылдық округі, орталығы - Кеңащы ауылы;
2) Зеренді ауданы бойынша:
Ақкөл ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін және үш әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Ақкөл, Ивановка, Қазақстан ауылдарының шекарасында Ақкөл ауылдық округі, орталығы - Ақкөл ауылы; Ортақ, Қызылтаң, Трофимовка ауылдарының шекарасында Ортақ ауылдық округі, орталығы - Ортақ ауылы; Молодежное, Туполевка ауылдарының шекарасында Самарбай ауылдық округі, орталығы - Молодежное ауылы;
Бұлақ ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Еленовка, Жаңаауыл, Жылымды, Пахарь, Қарағай ауылдарының шекарасында Бұлақ ауылдық округі, орталығы - Еленовка ауылы; Ақан, Баратай, Уголки ауылдарының шекарасында Сарыөзек ауылдық округі, орталығы - Ақан ауылы.
Викторовка ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Викторовка, Красиловка, Лосевка, Қызылқайнар ауылдары, Туражол ауылы, Айдабол кенті шекараларында Викторовка ауылдық округі, орталығы - Викторовка ауылы; Исаковка, Қостомар, Ұялы ауылдарының шекарасында Исаковка ауылдық округі, орталығы - Исаковка ауылы.
Кусепское ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Куропаткино, Азат ауылдарының, шекараларында Кусепский ауылдық округі, орталығы - Куропаткино ауылы; Раздольное, Линеевка, Жамбыл, Айғыржал ауылдарының шекарасында Қазоты ауылдық округі, орталығы - Раздольное ауылы.
Қызылсая ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Қызылсая, Биіктесін, Қызылағаш ауылдарының шекараларында Қызылсая ауылдық округі, орталығы - Қызылсая ауылы; Сейфуллин, Қараөзек, Жаңатілек, ауылдарының шекарасында Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық округ, орталығы - Сейфуллин ауылы.
Приреченское ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Приречное, Павловка ауылдарының шекараларында Приречное ауылдық округі, орталығы - Приречное ауылы; Садовое, Березняковка, Заречное ауылдарының шекарасында Садовый ауылдық округі, орталығы - Садовое ауылы.
Пухальское ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін және үш әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Пухальск, Серофимовка, Дороговка, Қойсалған ауылдары, Кіші түкті ауылы шекараларында Пухальское ауылдық округі, орталығы - Пухальское ауылы; Игілік, Жамантүз ауылдары, қарауыл Қанай би ауылы шекараларында Қанай би атындағы ауылдық округ, орталығы - Қарауыл Қанай би ауылы; Қызылегіс, Қарашілік, Ортағаш ауылдарының шекараларында Қызылегіс ауылдық округі, орталығы - Қызылегіс ауылы.
Троицкое ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Троицкое, Ермаковка, Қарсақ, Кеңөткел, Новоефремовка ауылдарының шекараларында Троицкое ауылдық округі,орталығы Троицкое ауылы; Подлесное, Үлгілі, Өндіріс ауылдарының шекарасында Подлесный ауылдық округі, орталығы - Подлесное ауылы.
Қанай би ауылдық округі мен Чаглинка ауылдық округінің шекаралары Октябрь ауылын Чаглинка ауылдық округінің әкімшілік қарамағынан Қанай би ауылдық округінің әкімшілік қарамағына, орталығы-қарауыл Қанай би ауылы, беру арқылы өзгертілсін;
3) Сандықтау ауданы бойынша:
Широковка ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Богородка, Дорогинка, Мәдениет ауылдарының шекараларында Широковка ауылдық округі, орталығы Богородка ауылы; Красная поляна, Петриковка, Арбузинка ауылдарының шекарасында Бірлік ауылдық округі, орталығы - Красная поляна ауылы. Хлебный ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Хлебное, Ащылы ауылдарының шекараларында Хлебный ауылдық округі, орталығы Хлебное ауылы; Барақпай, Шашке ауылдарының шекараларында Барақпай ауылдық округі, орталығы-Барақпай ауылы.
2. Шешім облыстық әділет басқармасында тіркеуден өткен соң күшіне енеді.
Облыстық мәслихат сессиясының төрайымы
Облыс әкімі
Облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы