Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің 7.02.2001 ж. N 550 Жарлығымен бекітілген 2001-2010 жылдары тілдерді қолдану және дамыту Мемлекеттік Бағдарламасына, Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңның 31 бабы, 17 бөліміне сәйкес аудан әкімдігі қаулы етті:
1. Тіл саясаты және ономастика бойынша келесі құрамда аудандық комиссия құрылсын:
Боброва Людмила Ивановна - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Балғазин Сәулет Шакейұлы - аудандық тарихи-өлкетану мұражай директоры, төрағасының орынбасары
Сүлейменова Махаббат Рыспекқызы - ішкі саясат бөлімінің басшысы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Әйпейсова Шаризада Назымбекқызы - "Аудандық білім бөлімі" ММ әдіскері
Бейсенова Марфуға Айтжанқызы - зейнеткер
Жарлығапова Аягөз Иманбайқызы - Атбасар қаласының N 7 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Исабекова Бахыт Зиядақызы -«Атбасар»және "Простор" газеттерінің бас редакторы, аудандық мәслихат депутаты (келісім бойынша)
Лебедев Иван Степанович - мұрағат директоры
Марунич Людмила Васильевна - Атбасар қаласы әкімінің орынбасары
Мустафин Өміржан Смағұлұлы - зейнеткер (келісім бойынша)
Новиков Василий Дмитриевич - "Аудандық мәдениет бөлімі" мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі
Сексенбаева Жанат Бекетқызы - "Аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі
Штефан Валентина Анатольевна - аудандық мәслихаттың ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі<*>
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысының Атбасар ауданы әкімиятының 2004 жылғы 13 тамыздағы N а-8/146 қаулысымен.
2. Тіл саясаты және ономастика бойынша аудандық комиссиясы туралы Ережені бекіту.
3. Комиссиялар қызметін Тіл саясаты және ономастика бойынша аудандық комиссиясы туралы Ережесіне сәйкес жүзеге асырылсын.
4. Атбасар ауданы әкімінің N 5 21.01.2001 ж. "Тіл саясаты және ономастика бойынша аудандық комиссия құрамы жөніндегі" шешімі өз күшін жоғалтты деп есептелсін.
5. Тіл саясаты және ономастика бойынша аудандық комиссия құрамын аудандық мәслихат сессиясында бекітуге енгізілсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.И.Боброваға жүктелсін.
Атбасар ауданының әкімі
Аудан әкімдігінiң 2003 жылғы
26 мамыр N а-5/184 қаулысымен
бекітілген
Тіл саясаты және ономастика бойынша
аудандық комиссия туралы
Ереже
1. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республика Заңдарын, Президент және Үкімет актілерін және басқа да нормативті құқықтық актілерін, сол сияқты нақты Ережені жетекшілік етеді.
2. Комиссия құрамы аудан әкімдігі қаулысымен құрылады және комиссияның жеке құрамы аудандық мәслихатқа бекітілуге ұсынылады.
3. Комиссия шешімдері кепілдік түріне ие.
4. Комиссия қызметін ұйымдастырылған, материалдық-техникалық және әдістік қамтамасыз етуді жергілікті атқарушы органмен жүзеге асырады.
1. Комиссияның "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Заң саласында басты міндеттерін орындау болып табылатындар:
Халықтың мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруі үшін қажетті, қаржы, ұйымдасқан, материалды техникалық жағдайларын жасау;
мемлекеттік тілді дамыту, өмірде барлық қоғам аймақтарында, әсіресе, ауылдық округ және Атбасар қаласында білім, мәдениет аймақтарында белсенді қолдану үшін алғы шарттарын жинақтау;
аудандық кестеге сәйкес мемлекеттік тілде іс жүргізуді кезең бойынша көшіру үшін нақты базасын құру.
2. Ономастика саласында комиссияның міндеті болып табылатындар:
Географиялық атауларды жинау жүйелендіру және зерделеу жинағы;комиссия құзырына қатысты мәселелер бойынша облыстық ономастикалық комиссия материалдарын және ұсыныстарын, аудан әкімдігі отырыстарында бекітілген тәртіппен қарастыруға енгізу.
3. Қазақстан Республикасының заңды актілерін жүзеге асыру барысында мемлекеттік мекеме, органдар, ведомстволар және кәсіпорындар жетекшілерінің хабарлары мен есептерін өзінің отырыстарында қарастыру.
3. Негізгі қызметтері және өкілеттері
1. Комиссияға жүктеген міндеттерді шешу мақсатында:
1) Елді мекендер, көшелер, даңғылдар, алаңдардың тарихи атауларын сақтауға бағытталған кешенді шараларын жүзеге асыру.
2) Қазақстан Республикасының тарихи мәдениет мұра құрамдас бөлігіндей байырғы халықтың және тарихи құрылған атауларға аудан халықтарының сыйлы қатынас қабілеттерін арттыру.
3) Транскрипциядағы алаңдар, көшелер, парктер, скверлер атауларын нақтылауларын енгізу, өзгерту және атау, туралы шешімдерді қабылдау;
4) Ұйымдардың, жеке азаматтардың тарихи атауларды қалпына келтіру немесе өзгерту мәселелері бойынша хаттарын қарастыру және сәйкес ұсыныстар беру.
1. Комиссия отырыстары жұмыс жоспарына сәйкес тұрақты өткізіледі, ол комиссия отырысында қабылданып және төрағалығымен бекітіледі. Комиссия отырысы, егер онда комиссия мүшелерінің жартысынан кем емес мүше қатысса жарамды болып есептеледі.
2. Комиссия шешімі комиссия отырысында қатысып отырған жалпы мүшелер санының көпшілік дауысымен қабылданады.
3. Комиссия құзырына кіретін, жеке мәселелерді қарастыру үшін қажетті жағдайда жұмысшы тобы құрылады.
4. Комиссия хатшысы жұмыс жоспарын, отырыстардың күн тәртібін жасайды, комиссия мүшелерінің қарым-қатынастарын ұйымдастырады және іс жүргізуге жауап береді.