Ақмола облыстық әділет басқармасында 30.05.2002 жылы № 1136 тіркелген, Атбасар аудандық мәслихатының 17.05.2002 жылғы № С 19/7 "Аз қамтамасыз етілген отбасына /азаматтарға/ тұрғын үй (жеке меншік тұрғын үйден басқа) мен коммуналдық қызмет төлемін төлеу көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Күшін жойған

Атбасар аудандық мәслихатының 2003 жылғы 3 қазандағы N С-2-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 15 қазанда N 2057 тіркелді. Күші жойылды - Атбасар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 4С-17/7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атбасар аудандық мәслихатының 2009.04.27 № 4С-17/7 шешімімен

      Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы Р.Қ.Сейтқасымованың ақпаратын тыңдап, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы негізінде, "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Заңына соның ішінде "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабы 2 тармағына сәйкес және облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының 15.07.2003 жылғы N 03/1338 кепілдемесін қолдана отырып Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Атбасар аудандық мәслихатының 17.05.2002 жылғы N С 19/7 "Аз қамтамасыз етілген отбасына /азаматтарға/ тұрғын үй (жекеменшік тұрғын үйден басқа) мен коммуналдық қызмет төлемін төлеу көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) 1 қосымшадағы "Жалпы ережедегі" 1 тараудың 2 тармағының екінші абзацы келесі мазмұнда баяндалсын:
     "Тұрғын үйді ұстау үшін /жеке тұрғын үйден басқа/ және коммуналдық қызмет төлемін төлеуге мүмкіндігінше анық рұқсат етілген шығындар үлесі отбасы жинақты табысына: жалғызбасты азаматтарға, зейнеткерлерге және мүгедектерге, оралмандар отбасына, жалғызбасты аналарға, толық емес отбасына, көп балалы отбасына 20%, басқа отбасылар үшін 30% мөлшерде белгіленеді".
      2) 5 тармақтың екінші абзацы келесі мазмұнда баяндалсын:
      "Тұрғын үй көмегін алуға келесі отбасылардың құқығы жоқ: егер отбасында еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет жасамайтын, жұмыспен қамту орталығында тіркелмеген адамдар болса, мүгедектерді, оларға күтім керек деп табылса, күтетін және бала тәрбиелеп отырған, ең кіші бала 7 жасқа толғанша, жұмыс істемейтін тұлғалар үшін: әлеуметтік-маңызды ауруы бар және қоршаған ортаға қауіп төндіретін ауруы бар, зейнеткерлік алдындағы жастағы азаматтардан (53-58 жастағы әйелдер, 58-63 жастағы еркектер) басқа".
      3) "Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу" 2 тараудың 10 тармағына "отбасының негізінде" сөзінен кейін толықтама енгізілсін: "Әлеуметтік маңызды ауруы бар және қоршаған ортаға қауіп төндіретін ауруы бар жұмыс істемейтін тұлғаларға ДКК қорытындысы негізінде, зейнеткерлік алдындағы жастағы (әйелдер 53-58, ерлер 58-63) жұмыс істемейтін азаматтарға арызы негізінде, жұмыссыз деп тіркелген анықтаманы талап етпей-ақ құжаттарды қабылдау арқылы тағайындалады".
      4) Атбасар аудандық мәслихатының 17.05.2002 жылғы № С 19/7 "Аз қамтамасыз етілген отбасына /азаматтарға/ тұрғын үй (жекеменшік тұрғын үйден басқа) мен коммуналдық қызмет төлемін төлеу көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне 1 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа мазмұнда баяндалсын.
      2. Бұл шешім Ақмола облыстық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді.

      Сессия төрағасы
      Атбасар аудандық мәслихаты хатшысы

Атбасар аудандық мәслихатының
2003 жылғы 3 қазандағы N С 2/1
шешіміне 1 қосымша

Аз қамтамасыз етілген отбасына /азаматтарға/ тұрғын үй
(жекеменшік тұрғын үйден басқа) мен коммуналдық қызмет төлемін төлеу көмегін көрсету Ережесі

1. Жалпы ереже

      1. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген отбасына /азаматтарға/ тұрғын үй (жекеменшік тұрғын үйден басқа) және  коммуналдық қызметке төлемақы шығынын қайтару үшін беріледі, мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау /арендаға алу/ бойынша.
      Тұрмыстық көмек әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады және Қазақстан Республикасының 16.04. 1997 жылғы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңымен және 1999 ж. 16 қарашадағы N№477-1 "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша өзгерістер енгізу туралы" Заңымен қарастырылған.
      2. Тұрмыстық көмек Атбасар ауданы төңірегі мен Атбасар қаласында тұрғылықты тұратын адамдарға, олардың тұрғын үй ұстауға /жеке тұрғын үйден басқа/ және коммуналдық қызметке төлем ақы шығыны отбасы бюджетінің осы мақсатқа көзделген шығыны үлесінен асып кеткен жағдайда, беріледі. Тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметке белгіленген нормадан жоғары төлем жалпы негізінде төленеді.
      Тұрғын үй ұстауға /жеке тұрғын үйден басқа/ және коммуналдық төлем ақының шектелген рұқсат етілген шығынының үлесі отбасы жинақты табысына: жалғызбасты азаматтарға, зейнеткерлерге және мүгедектерге, оралмандар отбасына, жалғызбасты аналарға, толық емес отбасына, көп балалы отбасына - 20%, басқа отбасылар үшін - 30% мөлшерде белгіленеді.
      3. Тұрғын үй ауданы нормасы, жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін, ҚР 16.04.1997ж. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 16 сәуір 1997 жылғы Заңымен белгіленген отбасының әрбір мүшесіне берілетін тұрғын үй нормасына эквивалентті, коммуналдық қызмет /сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, канализация, электрмен, жылумен жабдықтау/ аудан және қала халқы қамтамасыз етілетін, Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес белгіленген.
      4. Тұрғын үй көмегі аудан көлемінде және қалада тұрғылықты тұратын және тұрғын үй егесіне және жалдаушы, арендаға алушы болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
      5. Жеке меншігінде бір бірліктен көп үйі /пәтері/ бар және тұрғын үйді жалдау /арендаға/ беретін тұлғалар, тұрмыстық көмек алу құқығынан айырылады.
      Тұрмыстық көмек алуға келесі отбасылардың құқығы жоқ: егер отбасында еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерге қызмет жасамайтын, жұмыспен қамту орталығында тіркелмеген адамдар болса, мүгедектерді күтетін, оларға күтім керек деп табылса, және бала тәрбиелеп отырған, ең кіші бала 7 жасқа толғанша, жұмыс істемейтін тұлғалар үшін: әлеуметтік-маңызды ауруы бар және қоршаған ортаға қауіп төндіретін ауруы бар, зейнет алдындағы жастағы (53-58 жастағы әйелдер, 58-63 жастағы еркектер) азаматтардан басқа.
      6. Тұрмыстық көмек тоқсан сайын тағайындалады, есептеу осы тоқсанда есептеледі, сонымен бірге отбасы табысы және коммуналдық қызметке шығындар /жылу үшін төлемнен басқасы/ өткен тоқсан бойынша алынады, ал жылу шығыны жоба есебімен деректі төлем бойынша кейіннен қайта есептеумен алынады.
      Тұрмыстық көмек мөлшері тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметке төлемнің деректі есептелген сомасынан артық бола алмайды.
      Тұрмыстық көмек бірінші рет арызданған адамдар үшін арызданған айынан бастап, ал бұрын көмек алуға бөлімде есепте тұрғандар үшін, егер арыздану осы тоқсан ішінде түссе, осы тоқсанға тағайындалады.
      Егер тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметке төлем тарифі өзгерсе, отбасы табысы өзгерсе, аудандық әлеуметтік қорғау бөлімі бұрын есептелген тұрмыстық көмекті қайта есептейді.
      7. Тұрмыстық көмек ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрмыстық көмек Халықтың банк арқылы, азаматтардың салымы бойынша есеп-шотына аудару жолымен, осы мақсатқа аудандық бюджеттен бөлінген қаражат есебінде, беріледі.
      Тұрмыстық көмекті беру тәртібі мен шарты аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің Халықтық банкпен жасалған агенттік келісімі бойынша анықталады.
      8. Конфликтті, таласты және стандартты емес жағдай туындаса, тұрмыстық көмекті тағайындау мәселесін шешу аудан әкімі аппараты жанынан жергілікті өкілетті және атқарушы органдар қызметкерлері ішінен құрылған арнайы комиссия қарауына енгізіледі.
      9. Тұрмыстық көмек алушылар өз үйінің меншіктігі, отбасы құрамы мен жинақты табысы өзгерген жағдайда және көмек дұрыс есептелмеген жағдайда аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне 10 күн ішінде мәлімет беру керек.
      Бөлімге сенімсіз мәлімет бергені үшін, егер ол тұрмыстық көмектің көбірек немесе заңсыз төленуіне әкеп соқса, тұрғын үй егесі /жалдаушысы/ тұрмыстық көмектен бір жыл бойынша айырылады, ал тұрмыстық көмектің заңсыз алынған сомасы заңмен белгіленген тәртіп бойынша қайтарылып алынады.

2. Тұрмыстық көмектің есептелінуі

      10. Тұрмыстық көмекті тағайындау шешімі тұрғын үй егесі /жалдаушысы/ арызы негізінде және үйдің керекті ауданы, коммуналдық қызмет мөлшері, отбасының жинақты табысы құжаттары негізінде, әлеуметтік маңызды ауруы бар және қоршаған ортаға қауіп төндіретін ауруы бар жұмыс істемейтін тұлғаларға ВКК қорытындысы негізінде, зейнет алдындағы жастағы (әйелдер 53-58, ерлер 58-63) жұмыс істемейтін азаматтарға арызы негізінде, жұмыссыз деп тіркелген анықтаманы талап етпей-ақ, құжаттарды қабылдау арқылы тағайындалады.
      11. Берілген құжаттарды қарау қорытындысы бойынша отбасына шарт жасалынады, оған тұрмыстық көмекті есептеу кіргізіледі. Шарт екі данада /экземплярда/ жасалынады, оның біреуі тұрғын үй егесіне /жалдамашысына/ беріледі. Осы шарт тұрмыстық көмек беруде негіз болып табылады.
      12. Мәліметтің сенімділігіне сызат түскен жағдайда аудандық еңбек жұмыспен қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі тұрмыстық көмек алушылардан табысы туралы ақпаратты сұрауға, ал заңды және жеке тұлғалар осы ақпаратты беруге міндетті.
      13. Тұрмыстық көмек мөлшері тұрғын үй егесінің /жалдаушысының/ тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметке төлемінің норма шегінде деректі төлемі мен отбасының осы мақсаттағы шығыны арасындағы айырмашылығы негізінде есептеледі.

3. Тұрмыстық көмекті қаржыландыру көздері

      14. Тұрмыстық көмек, барлық меншіктегі үйлерде тұратын, адамдарға аудандық бюджет қаражаты есебінде төленеді.
      15. Тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметке есепті-нормативті шығынды анықтау өкілетті органдар бақылауымен жүргізіледі.
      16. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі негізгі тұрғын үй егесі /жалдаушысы/ тізімін, көрсетілген көмек сомасын көрсетіп, дайындайды, және аудандық қаржы бөліміне ай сайын тапсырыс береді, сонымен бірге тұрмыстық көмек бойынша айлық есеп беріп турады.
      17. Аудандық қаржы бөлімі тапсырыс негізінде ай сайын, төлем
тапсырысымен, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің қаражатын аудандық бюджетпен қарастырылған ассигнование есебімен орнын толтырады.
      18. Аудандық қаржы бөлімі, жылына бір рет, алғашқы құжаттар бойынша тұрмыстық көмек төлеміне берілетін бюджеттік қаражаттың дұрыс шығындалуын тексеруге міндетті.
      19. Құжаттарды дұрыс емес ресімдегені үшін, егер сонымен тұрмыстық көмек заңсыз төленген болса, лауазымды тұлға кінәсінен болса, заңмен тағайындалған тәртіпте жауапкершілік тартады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады