Панфилов ауданының Жаскент селолық округін құру туралы

Жаңа

Алматы облысының мәслихатының 2003 жылғы 30 мамырдағы N 34-195 және Алматы облысы әкімінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 5-114 бірлескен шешімі. Алматы облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 2 шілдеде N 1237 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына сәйкес, Панфилов ауданының өкілді және атқарушы органдарының ұсынысы негізінде Алматы облыстық мәслихаты мен облыс әкімі шешім етеді:
      1 . Бірлік селолық округі аумағындағы Сүптай және Жаркент қаласының Головацкий атындағы селолары жер пайдалану шекаралары шегінде құрамына енгізіліп, аумағы 12680,3 гектар Жаскент селолық округі құрылсын. Округтің әкімшілік орталығы болып Головацкий атындағы село белгіленсін.
       2. Қазақстан Республикасы Үкіметіне селолық округтер мен Жаркент қаласының белгіленген шекараларын келісу ұсынылсын.
       3. Селолық округтің атауы Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясымен келісілсін.
       4. Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті (Қ.Медеуов), Панфилов ауданының әкімі (Е.Омаров) ауданның жер-кадастрлық құжаттамасына өзгерістер енгізуді, әкімшілік аумақтық бірліктерінің өзгерістерін есепке алуды, тіркеуді, рәсімдесін.

      Алматы облысының әкімі

      Алматы облыстық мәслихаты
      сессиясының төрағасы

      Алматы облыстық
      мәслихатының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады