Қапшағай қаласы әкiмиятының жанынан ономастикалақ комиссия құру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қапшағай қалалық әкімиятының 2003 жылғы 4 тамыздағы N 340 қаулысы. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2003 жылы 22 тамызда N 1302 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 215 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық әкімдігінің 2009.03.31 N 215 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151-1 Заңының 23 бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6 бап, 1 тармақ 12 тармақшасын, 31 бап, 1 тармақ, 17 тармақшасын басшылыққа ала отырып, қала әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. N 1 қосымшаға сәйкес, Қапшағай қаласы әкiмиятының жанынан ономастикалық комиссия құрылсын.
       2. N 2 қосымшаға сәйкес, Қапшағай қаласы әкiмиятының жанындағы ономастикалық комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн.
       3. Қапшағай қаласы әкiмиятының жанындағы ономастикалық комиссияның дербес құрамы қалалық мәслихаттың бекiтуiне енгiзiлсiн.
       4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Б.Б.Доспановқа жүктелсiн.

      Қала әкiмi

Қала әкiмiнiң орынбасары

Бақытжан Бiлмергенұлы Доспанов

Қала әкiмi аппаратының басшысы

Темiрбай Сембайұлы Мәкiмов

Қала әкiмi аппаратының
бас маман-заң кеңесшiсi

Алмагүл Толеуханқызы Қамбарова

Iшкi саясат және әлеуметтiк сала
бөлiмiнiң бастығы

Салаукен Оразбекқызы Дәрбекова

Қала әкiмиятының
2003 жылғы 04 тамыз
N 340 қаулысына
N 1 қосымша

Қапшағай қаласы әкiмият жанындағы ономастикалық комиссияның
құрамы

Бақытжан Бiлмергенұлы Доспанов

- қала әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы;

Дәметкен Таласбекқызы Нүсiпбекова

- N 3 орта мектептiң
директоры, комиссия төрағасының орынбасары;

Светлана Владимировна Вишневская

- iшкi саясат және әлеуметтiк сала бөлiмiнiң жетекшi маманының мiндетiн атқарушысы, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелерi:

1. Қарлығаш Габдұлқызы Әбеуова

- Д.А. Қонаев атындағы N 1 қазақ орта мектебiнiң директоры;

2. Айгүл Айтанқызы Әлменова

- қалалық мәслихатының
ұйымдастыру бөлiмiнiң бас маманы (келiсiм бойынша);

3. Людмила Андреевна Борзецова

- Алматы облысы мемлекеттiк Қапшағайдағы филиалының директоры (келiсiм бойынша);

4. Фархинұр Мұллахметқызы Валеева

- Ұлы Отан Соғысының және еңбек ардагерлерi Кеңесiнiң төрайымы (келiсiм бойынша);

5. Семейғазы Қажыбайұлы Молдақасымов

- бас маман-бас сәулетшiсiнiң
мiндетiн атқарушысы;

6. Сәтпай Мырзабайұлы Қалқашев

- аймақтық Қапшағай
газетiнiң корреспондентi

Қала әкiмиятының
2003 жылғы 04 тамыз
N 340 қаулысына
N 2 қосымша

Қапшағай қаласы әкiмиятының жанындағы ономастика комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қапшағай қаласы әкiмиятының жанындағы ономастика жөнiндегi қалалық комиссиясы (бұдан әрi комиссия) географиялық объектiлердiң атауына бiрыңғай көзқарасты қалыптастыру, топономикалық атауларды қолдану мен олардың есебiн жүргiзудi реттеу, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдар бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау және оларды қайта атау мақсатында ономастика саласында (антропонимика, топонимика, космопонимика, астронимика, зоонимика, документонимика, эргонимика және т.б) мемлекеттiк тiл саясатын iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн консультациялық кеңес органы болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, облыс және қала әкiмдерiнiң шешiмiн, басқа да нормативтiк актiлерiн, сонымен қатар осы ереженi басшылыққа алады.
      3. Комиссия Қапшағай қаласы әкiмиятының қаулысымен құрылып және Қапшағай қалалық мәслихат сессиясының шешiмiмен бекiтiледi.
      4. Комиссия шешiмi ұсынымдық сипатта болады.
      5. Комиссия аудандардың қалада, алаңда, көшелерде, тұйық көшелерде, парктерде және қаланың басқа да құрайтын бөлiмдерiнiң атауларының аталуы, қайта аталуы және транскрипциясының өзгерту жөнiндегi мәселелердi қала әкiмиятының қарастыруымен бiрге қорытындылар ұсынады.
      6. Комиссия қызметiн ұйымдастырушылық, материалдық - техникалық және әдiстемелiк қамтамасыз етудi қала әкiмiнiң аппаратымен жүзеге асырады.

2. Негiзгi мiндеттерi

      7. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      1) географиялық атауларды жинақтау, жүйелендiру және зерделеу;
      2) бұрын жоғалтылған тарихи топонимдердi қалпына келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      3) жаңа географиялық объектiлер үшiн атаулар әзiрлеуге қатысу;
      4) ономастикаға географиялық және тарихи-мәдени пәндеме ретiнде қолдауына қатысу.

3. Негiзгi функциялары мен өкiлеттiгi

      8. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi шешу мақсатында:
      1) орфографияның, ғылыми транскрипцияның және қалыптасқан мәдени-тарихи және әлеуметтiк факторлардың қолданылып жүрген нормаларының басшылыққа ала отырып атауларының аталуы, қайта аталуы, нақтылануы және транскрипциясы жөнiндегi ұсыныстарын қала әкiмиятына енгiзедi:
      Өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының, темiр және автомобиль жолдары станцияларының, пошта бөлiмшелерiнiң, ғылыми-зерттеу жобалау ұйымдарының, мекемелердiң, кәсiпорындардың, жоғары, жалпы бiлiм беретiн ведомстваларына ведомствалық бағыныстағы басқа да объектiлердiң атауларының аталуы, қайта аталуы, нақтылануы және транскрипциясы;
      2) республиканың министрлiктерi мен ведомстваларына карталар жасау, анықтамалықтар, сөздiктер, атластар шығару процесiнде пайда болған мәселелердi шешуде консультациялық көмек көрсетедi;
      3) ономастика мен топонимика жөнiнде анықтамалықтар мен сөздiктер шығаруды үйлестiредi;
      4) елдi мекендердiң, көшелердiң, даңғылдардың, алаңдардың тұғырлы атауын сақтауға бағытталған шаралардың кешенiн жүзеге асырады;
      5) ел халықтың Қазақстан Республикасы тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiндегi байырғы халықтық және тарихи қалыптасқан атауларға құрметпен қарауын қалыптастыруға белсендi ықпал етедi;
      6) ұйымдардың, шығармашылық одақтардың, жекелеген азаматтардың тарихи топонимдерi қалпына келтiру немесе ауыстыру мәселелерi жөнiндегi хаттарын қарайды және тиiстi ұсынымдар енгiзедi;
      7) мемлекеттiк басқару органдарының, басқа да ұйымдардың материалдары, хабарлаулары және ақпараттары бойынша ономастика саласында мемлекеттiк тiл саясатын iске асырудың жай-күйiн талдайды.

4. Жұмысын ұйымдастыру

      9. Комиссияның отырысы Комиссияның отырысында қабылданатын және оның төрағасы бекiтетiн жұмыс жоспарына сәйкес жүйелi түрде өткiзiледi. Егер оған оның мүшелерiнiң кемiнде жартысы қатысса Комиссияның отырысы күшi бар деп саналады.

      10. Комиссияның шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады.

      11. Қажет болған жағдайда Комиссияның құзыретiне кiретiн жекелеген мәселелердi қарау үшiн жұмыс топтары құрылады.

      12. Комиссияның хатшысы отырыстардың жұмыс жоспарын, күн тәртiбiн жасайды, Комиссия мүшелерiнiң өзара iс-қимылын ұйымдастырады және iс қағаздарын жүргiзуге жауап бередi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады