Аудан әкімияты жанындағы ономастикалық комиссия туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу аудандық әкімиятының 2003 жылғы 14 тамыздағы N 9-45 қаулысы. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2003 жылы 19 тамызда N 1298 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы N 07 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2011.01.12 N 07 Қаулысымен

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 17-тармақшасына сәйкес аудан бойынша көше, әлеуметтік және мәдени объектілерге, кент, ауыл және оның құрылымдарына атау беру жөніндегі мәселелерді қарау, тиісті құжаттарды зерделеу және аудан әкімиятына ұсыныстар дайындау үшін аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Аудан әкімияты жанындағы ономастикалық комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын:
       2. Аудан әкімияты жанындағы ономастикалық комиссиясының осы құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітілуге енгізілсін.
       3. Аудан әкімияты жанындағы ономастикалық комиссиясы жөніндегі ережесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
       4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы С. Бәзіловке жүктелсін.

      Аудан әкімінің міндетін
      атқарушы

      Келісілді:

      Аудан әкімі аппаратының басшысы

      Ұйымдастыру-кадр жұмысы
      жөніндегі бөлімінің бастығы

      Аудан әкімі аппаратының
      заңгері міндетін атқарушы

      Жалпы бөлім меңгерушісі

Көксу ауданы әкімиятының
2003 жылғы 18 тамыз
тамыздағы N 9-45 қаулысына
1 қосымша

Аудан әкімияты жанындағы ономастикалық комиссиясының дербес
құрамы

Бәзілов Сайлаубай Бәзілұлы

аудан әкімі аппаратының басшысы, комиссия төрағасы.

Хасанаев Марал Жақсыбайұлы

аудандық білім бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары

Қалибаева Меруерт Жұмабайқызы

аудан әкімі аппараты жалпы бөлімнің бас маман - аудармашысы, комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері:

Ержомартов Ержан Алтайұлы

ауданның бас сәулетшісі (келісім бойынша)

Абайділданова Гүлжан Сейтнұрқызы

аудандық  статистика бөлімінің бастығы (келісім бойынша)

Тәнеке Сағындық Байдырахманұлы

"Көксу таңы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры - бас редактор. (келісім бойынша)

Әбдрахманова Жаннат Тұрысбекқызы

аудан әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бастығы

Жүсіпов Берік Әбдіқадырұлы

аудандық тұрғын үй - жол шаруашылығы бөлімінің бас маманы

      Аудан әкімі
      аппаратының басшысы

Көксу ауданы әкімиятының
2003 жылғы 14 тамыздағы
N 9-45 қаулысына
2 қосымша

Аудан әкімияты жанындағы ономастикалық комиссиясы жөніндегі
Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Аудан әкімияты жанындағы ономастикалық комиссиясы /одан әрі - Комиссия/, Көксу ауданы әкімияты жанындағы ономастика саласында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда ұсыныстар әзірлейтін консультациялық кеңесші органы болып табылады. Комиссия және басқа да мемлекеттік органдардың ведомствоаралық қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету үшін құрылған.
      2. Комиссия өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Президент және үкіметінің актілеріне, облыс және аудан әкімінің /әкімиятының/ шешімдері мен өкімдеріне /қаулыларына/ және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комиссияның дербес құрамын Көксу ауданының әкімияты белгілеп, аудан әкімі аудандық мәслихаттың сессиясына бекітілуіне енгізеді.

2. Комиссиясының негізгі міндеттері мен қызметі

      4. Комиссиясының негізгі міндеттері:
      1) мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың ведомствааралық қызметін үйлестіруін қамтамасыз ету шараларын жасау;
      2) аудандағы географиялық атаулардың жинақталуын, жүйеленуін және зерттелуін ұйымдастыру;
      3) аудан бойынша мемлекеттік тіл саясатын асырылуы бойынша Қазақстан Республикасының Заңдарының, Президент және Үкімет актілерінің, облыс және аудан әкімияты қаулыларын, әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысын тыңдау және тиісті ұсыныстар әзірлеу.
      5. Комиссияның қызметі:
      1) комиссия келесі қызметтерді жүзеге асырады:
      мәдени, тарихи, әлеуметтік факторлар бойынша орфографияны, ғылыми негіздерді ескере келе аудан әкімиятына ауылдардың және олардың бөлімдеріне, білім беру, әлеуметтік сала объектілеріне атауларын беру, өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;
      ауданның атқарушы органдарында мемлекеттік тіл саясатын ұйымдастыру жөнінде мәселелерді комиссия отырыстарында қарастыру;
      мемлекеттік органдарға және мемлекеттік емес ұйымдарға, азаматтарға консультативтік кеңес беру;
      аудан бойынша мемлекеттік тіл саясатын асырылуы бойынша Қазақстан Республикасының Заңдарының, Президент және Үкімет актілерінің, облыс және аудан әкімияты қаулыларын, әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысына талдау жасау;
      жоғарыда аталған жұмыстарды жақсарту үшін ұсыныстар жасау.

3. Комиссия өкілеттігі

      6. Өз қызметінің негізгі міндеттерін жүзеге асыру кезінде Комиссия:
      1) Атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардан ақпарат құжаттар, мәліметтер сұрауға.
      2) Мемлекеттік тіл саясатын, оның ішінде ономастика саласындағы ұйымдастыру шаралары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге.
      3) Комиссия отырыстарына мемлекеттік органдардың қызметкерлерін және ауданның мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерін қажетті материалдар /анықтамалар/ дайындауға қатыстыруға құқылы.

4. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

      7. Комиссия бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істейді.
      8. Комиссия отырысын комиссия төрағасы немесе оның орынбасары өткізеді, комиссияның жартысынан артық мүшелерінің қатысуымен өтетін комиссия құқылы болып саналады.
      9. Комиссия шешімдері көпшілік дауысымен қабылданады, хаттамамен рәсімделіп, төрағасымен бекітіледі.

      Аудан әкімі
      аппаратының басшысы

      Келісілді

Ержомартов Ержан Алтайұлы

ауданның бас сәулетшісі.

Абайділданова Гүлжан Сейтнұрқызы

аудандық статистика бөлімінің бастығы

Тәнеке Сағындық Байдырахманұлы

"Көксу таңы"
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры бас редакторы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады