Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 30.01.2014 № 2 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған "Кемтар балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсету жөнiндегi әлеуметтiк көмек бөлiмшесiнiң Ережесi" бекiтiлсiн.
2. Тараз қаласы және аудандар әкiмдерi еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармаларын кемтар балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсету жөнiндегi әлеуметтiк көмек көрсету бойынша уәкiлеттi орган етiп белгiлесiн және оларды»штаттық санының құрылымына тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары М.Н. Байбековке жүктелсiн.
Облыс әкiмі С. Умбетов
Жамбыл облысы әкiмиятының
2003 жылғы 31 шілдедегі
"Кемтар балаларға үйде
әлеуметтiк қызмет көрсету
жөнiндегi әлеуметтiк көмек
бөлiмшесiнiң Ережесiн
бекiту туралы" N 112
қаулысымен бекiтiлген
Кемтар балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсету жөнiндегi
әлеуметтiк көмек бөлiмшесiнiң ЕРЕЖЕСI
Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңына сай кемтар балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетудiң жалпы тәртiбiн белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Үйде әлеуметтiк қызмет психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың (ары қарай ПМПК) қорытындысы бойынша басқа адамның күтiмiне мұқтаж мүгедектер қатарындағы мүмкiндiктерi шектеулi балаларға көрсетiледi.
2. Үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерiн құру
2. Кемтар балаларға үй жағдайында әлеуметтiк қызмет көрсету үшiн үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерi құрылады (ары қарай - әлеуметтiк көмек бөлiмшелерi).
3. Әлеуметтiк көмек бөлiмшелерi аумақтық әлеуметтiк қызмет көрсету орталығының немесе интернат үйiнiң құрылымдық бөлiмшелерi немесе аудандық, қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасына (бөлiмiне) бағынышты өз алдына бөлiмшелер бола алады. Бiрнеше әлеуметтiк көмек бөлiмшелерi болған жағдайда, олар аумақтық негiзде құрылып жұмыс iстейдi.
4. Әлеуметтiк көмек бөлiмшелерi аумақтық әлеуметтiк қызмет көрсету орталығының немесе интернат үйiнiң немесе аудандық, қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасының (бөлiмiнiң) бұйрығымен құрылады, қайта ұйымдастырылады, таратылады.
5. Әлеуметтiк көмек бөлiмшелерi аумақтық орталықтардың, интернат үйлерiнiң немесе еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармаларының (бөлiмдерiнiң) үй-жайларында немесе әкiмият бөлген коммуналдық жақсы жабдықталған, телефоны бар басқа да үй-жайларда орналаса алады.
6. Әлеуметтiк көмек бөлiмшелерi өз қызметiнде Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң, облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасының бұйрықтарын және нұсқаулық материалдарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
7. Әлеуметтiк көмек бөлiмшелерiнiң жұмысына оперативтi басшылық жасауды және бақылауды, ұйымдастыру-әдiстемелiк көмек көрсетудi облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы, қалалық (аудандық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармалары (бөлiмдерi) жүзеге асырады.
3. Негiзгi мiндеттерi
8. Әлеуметтiк көмек бөлiмшелерiнiң негiзгi мiндеттерi басқа адамның күтiмiн қажет ететiн кемтар балаларды анықтап есепке алу және оларға қажеттi әлеуметтiк қызмет көрсету, соның iшiнде:
1) кемтар балалар тәрбиелеп отырған құқығына тәрбиелеу, балаларына күтiм жасау, олардың күнделiктi тұрмысын, бос уақытын ұйымдастыру проблемаларын шешуге көмек көрсету;
2) мемлекеттiк әлеуметтiк, дәрiгерлiк, консультативтiк және басқа да көмектердi алуына, арнайы әлеуметтiк, әлеуметтiк-тұрмыстық және басқа да қызмет түрлерiнiң көрсетiлуiне, кемтар балалардың, кемтар бала асырап отырған отбасылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселесiн шешуге көмектесу;
3) басқа адамның күтiмiн қажет ететiн кемтар балаларға үйiнде әлеуметтiк көмек көрсету.
4.¶Үйде әлеуметтiк көмек көрсету
9. Үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерi осы Ережелерге сай мынадай негiзгi қызметтiк бағыттарды жүзеге асырады:
1) арнайы әлеуметтiк қызметке мұқтаж кемтар балаларды уақтылы анықтап, есепке алу жөнiнде денсаулық сақтау, бiлiм беру органдарымен, қоғамдық ұйымдармен бiрлесе отырып жұмыс iстеу;
2) мұқтаждарын, нақты қандай көмектi қажет ететiнiн анықтау мақсатында кемтар бала тәрбиелеп отырған отбасыларының тұрмыс жағдайларын тексеру, психологиялық-дәрiгерлiк-педагогикалық кеңес мамандарымен бiрлесiп жеке қызмет көрсету картасын жасау;
3) әлеуметтiк қызметкерлердiң күтiмдi қажет ететiн кемтар балаларға үйiнде қызмет көрсетуi;
4) кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына баланы жүрiп-тұру және әлеуметтiк дағдыларға (киiну, жуыну, дастархан басында ыдыстарды қолдана бiлу, ақша ұстау, сатып алу және тамақ дайындау, телефонды қолдану, көлiкте жүру және тағы басқалар) үйретуге көмек көрсету;
5) кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына материалдық, дәрiгерлiк, құқықтық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтiк-тұрмыстық және басқа да қажет көмектi алуына көмек көрсету;
6) кемтар балалар мен олардың ата-аналарының әлеуметтiк қиындықтарын анықтап, оларды жеңуге көмек көрсету, қажет жағдайларда ақыл кеңес алуларына көмектесу мақсатында педагог, психолог, заңгер және басқа да мамандар тарту;
7) баланың жасы мен денсаулығына сай оның бос уақытын (ойын, кiтап оқу, оны талқылау, кiтапханалық қызмет және басқалар) ұйымдастыру;
8) баланың ата-анасын науқас балаға жалпы күтiм жасаудың практикалық дағдыларына үйрету;
9) балаға және ата-анасына психологиялық көмек көрсету;
10) отбасыларға кеңес беру және баламен айналысу тәсiлдерiн (қарым-қатынас, өзара әрекетке) үйрету;
11) қамқорлыққа алуды белгiлеу, жәрдемақы тағайындау, интернат-үйлерiне немесе аумақтық орталықтарға орналастыру үшiн құжаттарды ресiмдеу мен көмектiң басқа да түрлерiн алуға көмектесу;
12) медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастыру, соның iшiнде үйге дәрiгер шақыру, емханаға бiрге алып бару;
13) протез-ортопедиялық бұйымдармен, техникалық және басқа да құралдармен, әлеуметтiк көмектiң басқа да түрiмен қамтамасыз етiлуiне көмектесу;
14) баланы өз-өзiне қызмет көрсету, үйде, үйден тыс өзiн ұстауға, өзiн бақылауға және қарым-қатынас дағдыларына үйрету;
15) қозғалыстың дамып-жетiлуiне көмектесу;
16) қысылтаяң жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету;
17) баланы отбасыға бейiмдеу және оңалту шараларын iске асыру мақсатында ата-анамен жұмыс;
18) консультативтiк, оның iшiнде мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы, басқа да жәрдемақылар беру мәселелерi бойынша көмек көрсету;
19) атаулы әлеуметтiк көмек алуға құжаттар ресiмдеуге көмектесу;
20) кемтар балалар асырап отырған отбасылардың iшiнен аз қамтамасыз етiлгендердi демеушiлiк көмекке тарту мақсатында Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест, басқа да қоғамдық ұйымдармен, қайырымдылық қорларымен байланыс жасап және оны одан әрi дамыту.
5. Үйде әлеуметтiк көмек көрсету
10. Әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерi:
1) әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесi көрсететiн қызметтiң тiзбесi мен көлемiн белгiлеуге, әлеуметтiк қызметкердiң жұмыс жүктемесiн анықтауға;
2) уәкiлеттi және атқарушы органдарда және басқа құрылымдарда қызмет көрсетiлiп жатқан азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға көмектесуге;
3) кемтар балаларды әлеуметтiк қолдау жұмысының ахуалын еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау органдарының қарауына ұсынуға;
4) кемтар балаларға материалдық көмек көрсету мәселесi бойынша меншiк нысанына қарамастан ұйым басшыларына өтiнiш беруге құқылы.
11. Әлеуметтiк қызметкерлер, оның iшiнде бөлiмше меңгерушiлерi, қоғамдық көлiкте жол жүру үшiн жол жүру билеттерiмен немесе олардың құндарының мөлшерiнде осы мақсаттарға қаралған үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiн ұстау бойынша жергiлiктi бюджет шығындары есебiнен ақшалай өтемақымен қамтамасыз етiледi.
6. Әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерiнiң»қызмет етуiнiң шарттары мен тәртiбi
12. Әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерi қызмет көрсетiлетiн кемтар балалар саны 80 және одан көп болғанда құрылады.
Әрi қалалар мен мекен-жайларда қажет болған жағдайда бiрнеше бөлiмшелер бiреу болып бiрiге алады.
Әлеуметтiк қызмет көрсетуге мұқтаж кемтар балалар саны бөлiмше ашуға жетпегенде, кемтар балаларға күтiм бойынша әлеуметтiк қызметкер лауазымын жалғызбасты қарттарға және мүгедектерге қызмет көрсететiн үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiнiң штатына енгiзiледi.
Кемтар балаларға әлеуметтiк көмек дербес және топтық, яғни күндiзгi уақытта болатын бөлiмшелерде болуы мүмкiн.
13. Әлеуметтiк қызметкерлердiң штаттық бiрлiк саны қызмет көрсетiлетiн балалардың санына байланысты белгiленедi, мұнда бiр әлеуметтiк қызметкер 6 балаға қызмет көрсетедi деп алынады. Кейбiр жағдайларда балалардың дамудағы ауытқулар мен қозғалыс белсендiлiгiн ескерiп, әлеуметтiк қызметкерге 4-5 балаға күтiм жасау жүктелуi мүмкiн. Егер отбасында қызмет көрсетуге мұқтаж бала 2 немесе одан да көп болса, әр бала жеке тұлға ретiнде қаралады.
Қызмет көрсетiлетiн балалар саны 160-тан көп болғанда, әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiне автомобиль бөлiнуге тиiс, оған қаржы жергiлiктi бюджеттен бөлiнедi (немесе автокөлiктi жалға алу мәселесi шешiледi), жүргiзушi қызметi енгiзiледi.
Бухгалтер лауазымы әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерi 3 және одан көп болғанда енгiзiледi.
14. Жұмыс кестесi, қызмет көрсетiлетiндер саны, үйлерiне барудың саны және әлеуметтiк қызметкер көрсететiн қызмет көлемi әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiнiң меңгерушiсi аумақтық орталық, интернат үйi немесе қалалық (аудандық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасының (бөлiмiнiң) басшылығының келiсiмi бойынша белгiленедi.
Әлеуметтiк қызметкер қызмет көрсетiлетiн адамға аптасына 2-3 рет баруы тиiс.
7. Үйiнде қызмет көрсетуге қабылдауды тәртiбi
15. Үйiнде қызмет көрсетуге ПМПК-ның»қорытындысы бойынша басқа адам күтiмiн қажет ететiн кемтар балалар қабылданады.
16. Үйiнде қызмет көрсетуге кемтар балаларды қабылдау аумақтық орталық директорының немесе интернат үйiнiң, қалалық (аудандық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы (бөлiмi) бастығының немесе оның халықты әлеуметтiк қорғау мәселесiн қадағалап отыратын орынбасарының шешiмдерiмен жүргiзiледi.
Үйiнде қызмет көрсетуге қабылдауға мынадай құжаттар негiз болып табылады: арыз, басқа адамның күтiмiнiң қажеттiгi туралы ПМПК-қорытындысы, медициналық карта, медициналық-әлеуметтiк сараптама (МҮС) бөлiмiнiң (мүгедектiгi туралы) анықтамасы, қоса берілетiн формалар бойынша, материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеу актiсi.
17. Үйiнде қызмет көрсетуге қабылдауға қарсы көрсетулер:
жұқпалы, венерологиялық, карантиндiк аурулар, бактериятаратушылық, туберкулездi»өршiген формалары, арнайы денсаулық сақтау мекемелерiнде емделудi қажет ететiн басқа да ауыр науқастар болып табылады.
18. Қызмет көрсетуден шығарып алу ата-анасының жеке арызы бойынша немесе баланы интернат үйiне орналастыру және басқа да себептер бойынша жүргiзiледi.
8. Үйде әлеуметтiк көмек көрсету
19. Әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiн, аумақтық орталықтың немесе интернат үйiнiң немесе қалалық (аудандық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасының (бөлiмiнiң) директорының»бұйрығымен тағайындалатын меңгерушi басқарады.
20. Меңгерушi өз жұмысын еңбек және әлеуметтiк қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орталық орган бекiтетiн "Әлеуметтiк қамсыздандыру және жұмыспен қамту қызметiнiң басшылары, мамандары мен басқа да қызметкерлердiң бiлiктiлiк анықтамасында" белгiленген лауазымдық мiндеттерге сай жүзеге асырады.
21. Бөлiмше меңгерушiсi өзiне тапсырылған әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiнiң мүлкiн талан-таражға салу және бүлдiру жәйттерi үшiн дербес жауапкершiлiкте болады.
22. Әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерi бiлiм беру және денсаулық сақтау, басқа да ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс iстейдi.
9. Әлеуметтiк көмек көрсетудi ұйымдастырудың тәртiбi
23. Кемтар балаларға қызмет көрсету психологиялық-дәрiгерлiк-педагогикалық кеңес мамандарының қатысуымен жасалынатын дербес бағдарлама бойынша жүргiзiледi. Әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесi көрсететiн қызмет пен әлеуметтiк қызметкерге жүктелетiн жұмыс көлемi баланың денсаулығына, қозғалыс белсендiлiгiне сай белгiленедi.
24. Әлеуметтiк қызметкердiң кемтар балаларға көрсететiн қызметi, үйде әлеуметтiк қызмет көрсету бөлiмшесi және кемтар баланың ата-анасымен жасалған келiсiм негiзiнде тегiн көрсетiледi.
Келiсiм екi данада жасалып бiр данасы ата-анаға берiлiп, екiншiсi үйде әлеуметтiк көмек көрсететiн бөлiмшеде қалады.
25. Әлеуметтiк қызметкерлер, соның iшiнде жұмысқа қабылданатындары да флюорографиялық тексерудiң, дерматолог пен терапевтiң қорытындысы бар медициналық тексеруден өтедi. Медициналық тексерудiң жиiлiгiн денсаулық сақтау органдары белгiлейдi.
26. Күтiм жасайтын әлеуметтiк қызметкерлер өз жұмысын еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орталық орган бекiтетiн "Әлеуметтiк қамсыздандыру және жұмыспен қамту қызметiнiң басшылары, мамандары мен басқа да қызметкерлерiнiң бiлiктiлiк анықтамасында" белгiленген лауазымдық мiндеттерiне сай атқарады.
27. Әлеуметтiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру жұмыс жоспарымен, графиктерiмен және кестесiмен реттеледi.
10. Әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерiн қаржыландыру
28. Әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерiн қаржыландыру жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырылады.
Ақшалай қаражатты жұмсау қатаң түрде бекiтiлген сметаға сай жүзеге асырылады.