Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережесi туралы

Күшін жойған

Байзақ аудандық әкімиятының 2003 жылғы 28 қарашадағы N 225 қаулысы. Жамбыл облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 4 ақпанда N 1193 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 9 ақпандағы № 59 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 2012.02.09 № 59 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарында қабылданған "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабының 13 тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-ші бабының 6 тармағына сәйкес, аудандық әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудан аумағында әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру ережесi N 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

      2. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына (Б.Е. Абдрахманова) әлеуметтiк жұмыс орындарын ауыл әкімдері мен жұмыс берушілер сұраныстарын ескере отырып, ережеге сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз ету тапсырылсын.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан Әкiмiнiң орынбасары Ә. Қилыбаевқа жүктелсiн.
      
      Аудан Әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы

Аудан әкімиятының
2003 жылдың 28 қарашадағы N 225
"Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыру
ережесi туралы"
қаулысына N 1 қосымша

Аудан аумағында әлеуметтiк жұмыс орындарын
ұйымдастыру ережесi

1. Жалпы ережелер

      Осы ереже ауданда меншiк нысанына қарамастан барлық мекемелерде жұмыссыздар iшiндегi нысаналы топқа жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және оны қаржыландыру тәртiбiн белгiлейдi.

2. Ережеде қолданылатын негiзгi түсiнiктер

      1) Әлеуметтiк жұмыс орны - жұмыссыздар арасындағы нысаналы топқа жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру, оларға төленетiн еңбек ақыларының бiр бөлiгiн жергiлiктi бюджет арқылы өтей отырып, жұмыс берушiлердiң жазбаша түрдегi келiсiмiмен ашылатын жұмыс орны.

      2) Нысаналы топ - жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды аса қажет ететін азаматтар.

      3) Әлеуметтiк жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздарға еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық кесiмдерi қолданылады.

      4) Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жұмыссыздардың iшiндегi нысаналы топқа жататындарын әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасуына ықпал етедi.

3. Әлеуметтiк жұмыс орнына орналастырудың
ұйымдастырылуы мен тәртiбi

      1) Әлеуметтiк жұмыс орны - жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен анықталады немесе құрылады және осы жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбек ақыларына төленетiн шығынның бiр бөлiгi, жергiлiктi бюджет есебiнен өтеледi.
 
      2) Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы жұмыссыздар арасындағы нысаналы топқа жататын азаматтарды әлеуметтiк жұмыс орнына орналастыруға және олардың еңбек ақыларына төленетiн шығынның бiр бөлiгiн өтеу мақсатында жұмыс берушiлермен келiсiм-шартқа отырады.
 
      3) Жұмыссыздарды әлеуметтiк жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және олардың еңбек ақысына арналған бюджет қаражаттарын нәтижелi пайдалану мақсатында тиiстi әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктер (ауыл әкiмдерi) жұмыс берушiлердiң жазбаша келiсiмiне сүйене отырып, халықтың нысаналы тобына жататын азаматтарды орналастыруға арналған әлеуметтiк жұмыс орындарын анықтайды.

      4) Келісім-шартқа сәйкес, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орнына орналастыру, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы жүргiзiледi.

4. Әлеуметтiк жұмыс орнын қаржыландыру
көздерi мен шарты

      1) Әлеуметтiк жұмыс орнына қабылданған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу жеке еңбек шартының негiзiнде жұмыс берушi арқылы ай сайын, орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделiлiгiне байланысты болады.
 
      2) Әлеуметтiк жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздың еңбек ақысына төленетiн жұмыс берушiнiң шығыны Қазақстан Республикасының "2004 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Заңымен бекітілген ең төменгi жалақының бір бөлігі көлемінде жергiлiктi бюджет есебiнен қайтарылады және жұмыс істеу мерзімі алты айдан аспауы тиiс. Бюджет есебінен қайтарылатын қаржы ай сайын жұмыс берушінің есеп-шотына келісім-шартқа сәйкес аударылып отырылады.

      3) Әлеуметтiк жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздардың жергiлiктi бюджет есебiнен есептелген жалақысына заңнамада белгiленген тәртiппен салық салынады.

      4) Әлеуметтiк жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу нақты атқарылған жұмыс көлемiне сәйкес анықталады.

      5) Жұмыс берушi жергiлiктi бюджеттен түскен қаражатты әлеуметтiк жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздарға кеткен шығынның орнын жабуға пайдаланады.

5. Әлеуметтiк жұмыс орындарды ұйымдастыру мен
қаржыландырудың тәртiбiн бақылау

      Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртiбiн бақылауды мемлекеттiк органдар заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады