Шағын бизнес саласында 2003 жылдың үздік кәсіпкерлері атты аудандық конкурс өткізу туралы

Жаңа

Меркі ауданының Әкімиятының 2003 жылғы 21 қазандағы N 240 қаулысы. Жамбыл обыстық әділет баскармасында 2003 жылғы 14 қарашада N 1138 тіркелді

      Меркі ауданында шағын бизнесті дамытуға жәрдемдесетін кәсіпкерлер мен қоғамдық бірлестіктердің қызметін ынталандыру және олардың арасынан үздіктерін айқындау мақсатында, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шағын бизнес саласында 2003 жылдың үздік кәсіпкерлері" конкурсы өткізілсін.

      2. "Шағын бизнес саласында 2003 жылдың үздік кәсіпкерлері" конкурсын өткізу Ережесі бекітілсін.

      3. "Шағын бизнес саласында 2003 жылдың үздік кәсіпкерлері" атты конкурсты өткізу мерзімі 2003 жылдың қараша-желтоқсан айлары болып белгіленсін.

      4. "Шағын бизнес саласында 2003 жылдың үздік кәсіпкерлері" атты конкурсты өткізу комиссиясының құрамы бекітілсін:
      Бүркітбаев Қанат Оралұлы - Меркі ауданы Әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
      Сейсебаев Талғат Кәдірқұлұлы - Меркі ауданы Әкімінің шағын кәсіпкерлікті қолдау комитетінің төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары
      Абашев Еренсіз Абашұлы - аудандық тіл басқармасының бастығы, комиссия хатшысы
      Жұматаев Жаңабек - аудандық бас сәулетші
      Қалқабаева Айнабүбі Асанқызы - Меркі ауданы әкімиятының экономика басқармасының бастығы
      Құралбай Серік - "Меркі тынысы" газетінің бас редакторы
      Бұтабаев Садық Салыұлы - аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы.

      5. Шағын бизнес саласындағы 2003 жылдың үздік кәсіпкерлері атты конкурсты өткізу үшін аудандық бюджеттен 100 (жүз) мың теңге бөлінуін қамтамасыз ету аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі Бахыт Иманбетовке тапсырылсын.

      6. Осы қаулының орындалуы аудан Әкімінің орынбасары Қанат Оралұлы Бүркітбаевқа жүктелсін.

      7. Осы қаулы Жамбыл облыстық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді.

      Меркі ауданы Әкімінің
      міндетін уақытша атқарушы

Меркі ауданы әкімиятының 2003 жылғы
21 қазандағы "Шағын бизнес саласында
2003 жылдың үздік кәсіпкерлері атты
аудандық конкурс өткізу туралы" N 240
қаулысымен бекітілген

Меркі ауданында "Шағын бизнес саласындағы 2003 жылғы үздік кәсіпкерлері" конкурсын өткізудің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Шағын бизнес саласындағы 2003 жыл үздік кәсіпкерлері" конкурсына дайындық (бұдан әрі - Конкурс), оны жариялау мен өткізудің тәртібін айқындайды.
      2. Конкурс мақсаты - Меркі ауданында шағын бизнесті дамытуға жәрдемдесетін кәсіпкерлер мен қоғамдық бірлестіктердің қызметін ынталандыру және олардың арасынан үздіктерін айқындау болып табылады.
      3. Конкурс 2003 жылғы қараша - желтоқсан айы ішінде өлшемдер бойынша баллдарды есептеу жолымен бес номинациямен өткізіледі:
      1) Жылдың үздік кәсіпкері
      2) Өндіріс саласындағы үздік кәсіпкер
      3) Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпкер
      4) Үздік әйел кәсіпкер
      5) Үздік фермер кәсіпкер
      4. Конкурс өткізу туралы хабарландыру Меркі ауданының "Меркі тынысы" газеті арқылы жарияланады.

2. Конкурсқа қатысу тәртібі

      5. Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының резиденті - шағын бизнес субъектілері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар (жарғылық капиталына мемлекет қатыспайтын) жіберіледі.
      6. Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген жеке және заңды тұлғалар өзіне Конкурсқа қатысушының қызметі туралы ақпаратты қамтитын белгілі бір номинация бойынша өтінім-сауалнаманы, (бұдан әрі - өтінім) толтыруы және конкурстық комиссияға өтінімдегі барлық ақпараттардың сенімділігін растайтын қосымша құжаттарды ұсынуы қажет.

3. Конкурс өткізудің тәртібі

      7. Конкурс бір турда өткізіледі.
      8. Конкурсқа қатысу ақпараттары бар өтінім 2003 жылдың 15 қарашасына дейін конкурстық комиссияға өткізіледі.
      9. Конкурстық комиссия қосымшалары бар берілген өтінімді қарайды, мазмұндалған ақпараттардың сенімділігін тексереді және 2003 жылғы 10 желтоқсанына дейін жеңімпаздарды конкурстың әр номинациясы бойынша анықтайды.
      10. Конкурсқа қатысушы бірнеше номинациялар бойынша жеңімпаз атануы мүмкін.
      11. Конкурсты аудан Әкімдігінің шағын кәсіпкерлікті қолдау комитеті, конкурстық комиссия өткізеді.

4. Конкурстық комиссияның жұмыс тәртібі

      12. Конкурс өткізуді ұйымдастыру және конкурстық комиссияның қызметін үйлестіруді Меркі ауданы әкімдігінің шағын кәсіпкерлікті қолдау комитеті жүзеге асырады (бұдан әрі - комитет).
      13. Конкурстық комиссия құрамына аудан Әкімдігінің шағын кәсіпкерлікті қолдау комитетімен келісе отырып, мүдделі мемлекет органдарының өкілдері енгізілуі мүмкін.
      14. Конкурстық комиссияның сандық құрамы тақ және жетіден кем болмауы тиіс, оның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санынан басым дауыспен ашық дауыс берумен қабылданады.
      15. Конкурс нәтижесі конкурстық комиссия мәжілісінің хаттамасымен рәсімделеді.

5. Қорытынды ережелер

      16. Конкурсқа қатысушылар Меркі ауданы әкімдігінің шағын кәсіпкерлікті қолдау комитеті тарапынан өтінімдер бланкаларымен қамтамасыз етіледі.
      17. Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды конкурстық комиссия марапаттайды.
      18. Конкурстық комиссия өтінімдердің берілмеу жағдайларына, көрсетілген талаптар бұзылып ұсынылған өтінімдер мен қосымша құжаттар үшін жауапкершілікте болмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады