"Халықты және өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарды хабарландыру, білімді насихаттау, оқыту Нұсқамасын" бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы әкімиятының 2003 жылғы 5 маусымдағы N 08/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 19 маусымда N 1229 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2010 жылғы 18 қаңтардағы N 01/05 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2010.01.18 N 01/05 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы "Өрт қауіпсіздігі туралы" Заңының 8 және 19 баптарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы "Халықты және өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарды хабарландыру, білімді насихаттау, оқыту ережесін бекіту туралы" N 1327 қаулысын орындау барысында облыстық әкімият қаулы етеді:
      1. "Халықты және өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарды хабарландыру, білімді насихаттау, оқыту Нұсқамасы" бекітілсін (Қосымша).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары И.У. Тоғайбаевқа жүктелсін.

      Облыс әкімі                                К. Мұхамеджанов

Қосымша
облыстық әкімияттың
2003 жылғы 5 маусымда
N 08/01 қаулысымен бекітілді
"Халықты және өрт қауіпсіздігі
саласындағы мамандарды хабарландыру,
білімді насихаттау, оқыту Нұсқамасын"
бекіту туралы

Халықты және өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарды хабарландыру, білімді насихаттау, оқыту
Нұсқамасы

1. Жалпы ереже

      1. Осы нұсқама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қарашадағы N 1327 Қаулысымен бекітілген "Халықты және өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарды хабарландыру, білімді насихаттау, оқыту Ережесіне" сәйкес жасалды.
      2. Ұйымдар қызметінің қауіп дәрежесі мен ықтимал өрт қауіптілігі, қажетті қауіпсіздік, өрттің алдын алу және жою шаралары, оның салдары туралы ақпарат ашық, жариялы болып табылады және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
      3. Осы нұсқамада келесі терминдер пайдаланылады:
      1) өртке қарсы қызметтің аймақтық бөлімшелері - Қарағанды облыстық Мемлекеттік өртке қарсы қызмет Бас басқармасының бөлімдері, отрядтары, өрт сөндіру бөлімдері
      2) МӨҚҚ ББ - Қарағанды облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызмет Бас басқармасы
      3) Озат тәжірибе Орталығы - МӨҚҚ ББ өрт-техникалық орталығы (Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 25 үй)
      4) Объектілер - кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, арлық жекеменшік түрлі шаруашылық субъектілері
      5) Жергілікті атқарушы органдар - қалалық, аудандық, әкімияттар

2. Ықтимал өрт қауіптілігі туралы халықты хабарландыру

      4. Жергілікті атқарушы органдар
      1) Мемлекеттік өртке қарсы қызметпен өзара жәрдемдесе отырып, халыққа қауіп-қатер төндіретін өрттер туралы ақпаратты жинау және талдауды ұйымдастырады.
      2) Халыққа қауіп-қатер төндіретін өрттер туралы халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялауды ұйымдастырады.
      3) Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жасаған өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау жөнінде жыл сайынғы жоспар мен тақырыптарды келіседі.
      5. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет
      1) Өртке қарсы қызметтің аймақтық бөлімшелері халық үшін қауіп-қатер төндіретін өрт туындаған кезде, дереу МӨҚҚ ББ, жергілікті атқару органдарына ақпаратты береді және 24 сағаттың ішінде ресми хабарды қалалық және аудандық теле-, радиокомпаниялар және газет редакцияларына жібереді.
      2) Халыққа қауіп-қатер төндіретін өрттер туралы алынған мәліметтерді жинақтап қорытып және талдағаннан кейін, МӨҚҚ ББ облыстық БАҚ-қа хабарлайды.
      3) Өрт ошағының жанындағылар үшін қауіп туған жағдайда, өртке қарсы қызметтің аймақтық бөлімшелері, жергілікті атқару органдарымен өзара көмектесе отырып, өрт туралы ең анық ақпарат жинауды ұйымдастырады, дереу оны МӨҚҚ ББ жібереді және 10 сағаттың ішінде БАҚ арқылы ол туралы қауіп төнген ауданның, қаланың халқына хабарлайды.
      4) Өрт ошағының жанындағы аудандар үшін қауіптілігі туралы ақпаратты талдап, МӨҚҚ ББ дереу ресми хабарды облыстық БАҚ-қа жібереді.
      5) Ұйымдар мен жекеменшік түрінен байланыссыз кәсіпорындар қызметінің қауіп дәрежесі мен ықтимал өрт қауіптілігі, қажетті қауіпсіздік, өрттің алдын алу мен жою шаралары, салдары туралы БАҚ-қа жариялауға үнемі ақпарат дайындайды.
      6) БАҚ арқылы халыққа өрт қауіпті маусым басталғанда, жылыту кезеңіне дайындық кезеңінде өрт қауіпсіздігінің қажетті шаралары туралы хабарлайды, орманда болғанда, жоғары өрт қауіптілігі бар (газ, электрлік және т.б.) приборларды пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын түсіндіреді.
      7) Бұқаралық ақпарат құралдарымен тиісті жергілікті атқарушы органдармен келісіп өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау жөнінде жыл сайынғы жоспар жасайды және оның іске асуын қамтамасыз етеді.
      6. Радио және телевидение, мерзімдік басылымдар редакцияларына:
      1) Өрт және өрт қауіптілігі туралы ақпарат алғанда шұғыл және ең таяу баспада жариялайды немесе эфирге Мемлекеттік өртке қарсы қызметінен алынған өрт туралы ресми хабар шығарады.
      2) Мемлекеттік өртке қарсы қызмет жасаған өрт қауіпсіздігі ережесін насихаттау жөнінде тақырып пен жыл сайынғы жоспарды келіседі.
      7. Объектілер
      1) Басшылар уақытында қызметкерлеріне өрттің тууы туралы немесе туу қатері туралы хабарлайды.
      2) Өрттің немесе оның туу қаупі туралы барлық фактілерде, оны көрген объектінің қызметкері, өртке қарсы қызметтің аймақтық бөлімшелеріне дереу хабарлайды.
      3) Объектінің басшылары өрт туралы немесе оның туу қаупі туралы уақытында өртке қарсы қызметтің аймақтық бөлімшелеріне айтуды бақылауды қамтамасыз етеді.

3. Халықты оқыту

      8. Халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту, тұратын жері, жұмысы, оқуы бойынша өткізіледі.
      9. Оқуды ұйымдастыруға жауапкершілік объектінің басшыларына жүктеледі
      10. Жергілікті атқарушы органдар
      1) Қалаларда, аудандарда ерікті өртке қарсы құрылымдар мен жас өрт сөндірушілер дружинасын құруға, конкурстар, викториналар, жарыстар және басқа халықты өртке қарсы үгіт және насихат, өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту бойынша шаралар өткізуге жәрдемдеседі.
      2) Өрт қауіпі жоғары жаз және жылу маусымдарының алдында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде айлық өткізуге қолғабысын тигізеді.
      11. Объектілер
      1) Объектінің қызметкерлерімен өрт-техникалық минимум бойынша нұсқаулар, сабақтар өткізу міндеті жүктелген тұлғалардың тізімін анықтайды. Өрт қауіпсіздігі мәселелері жөнінде сабақ өткізуге өртке қарсы қызметтің аймақтық бөлімшелерінде дайындық өткен тұлғалар жіберіледі.
      2) МӨҚҚ-пен бірге міндетті түрде өртке қарсы қызметтің аймақтық бөлімшелерінде оқуды өткен лауазымды мамандар тізімін жасайды және келіседі.
      3) Өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша оқуды өткен лауазымды қызметкерлер тізімін және оның мерзімділігін анықтайды.
      4) Барлық қызметкерлердің өртке қарсы нұсқаулар (алғашқы, бірінші, қайталанған және т.б.) өту тәртібін және мерзімін анықтайды.
      5) Әрбір ғимарат, участок, бөлімше үшін өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нақтылы нұсқама мен өрт болған жағдайда қауіпсіз жерге көшіру жоспарларын жасайды. Қажет болғанда оларды өртке қарсы қызметтің аймақтық бөлімшелерімен келіседі.
      6) Өртке қарсы қызметтің аймақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне өртке қарсы үгіт және насихат жөнінде шаралар өткізуге жәрдем жасайды. Қажет болғанда қолдағы бар техникалық құралдарын береді.
      7) Өрт қауіпсіздігі бұрышын жасайды (15-тен артық жұмыс істеушілер саны болғанда).
      12. Білім Департаменті
      1) Жалпы білім беру мен кәсіби мектептер және басқа оқу орындарының оқушыларының міндетті түрде оқу жоспарындағы сағат саны сараланған өрт қауіпсіздігі шараларына оқытудың арнайы бағдарламасын жасайды. Тағайындалған тәртіппен оны МӨҚҚ ББ-мен келіседі.
      2) Өрт қауіпсіздігі шаралары міндеті жүктелген оқу орындарының қызметкерлері тізімін анықтайды. Оны МӨҚҚ ББ қайта дайындауға және оқытуға (қажеттілігі болса) жібереді.
      3) Жалпы білім беру мен кәсіби мектептерде және басқа оқу орындарында жас өрт сөндірушілер дружинасын құруды және оның жұмысын ұйымдастырады.
      13. Жоғарғы, арнайы орта және орта оқу орындары, мектепке дейінгі мекемелер
      1) Мектептер, гимназиялар, лицейлерде үлкен және кіші жастар тобының жас өрт сөндірушілер дружиналарын (бұдан былай ЖӨСД) құрады және олардың жұмысын ұйымдастырады.
      2) Студенттердің, жалпы білім беретін және кәсіби мектептердің оқушыларының және басқа оқу орындарында оқу жоспарындағы сағат саны сараланған өрт қауіпсіздігі шараларын міндетті түрде оқуын ұйымдастырады және өткізеді.
      3) МӨҚҚ ББ-мен студенттердің, жалпы білім беретін және кәсіби мектептердің, колледж және басқа оқу орындарының өртке қарсы білімін насихаттау мақсатында озат тәжірибе Орталығына міндетті түрде бару жоспар-кестесін жасайды және келіседі.
      4) Мектепке дейінгі мекемелерде қарапайым өрт қауіпсіздігі шараларына, өрт кезіндегі мінез-құлқы ережесіне үйрету жоспарын жасайды және оның орындалуын іске асырады, өрт қауіпсіздігі мәселелері жөнінде алған білімдерін баянды етуге ойын оқуларын өткізеді.
      14. Меншік пәтерлер кооперативі (МПК), өзін-өзі басқару комитеті (ӨБК), Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметін реттейтін үй комитеттері
      1) Тұрғындармен жыл сайын өрт қауіпсіздігі ережелерін оқуды өткізеді.
      2) Өрт қауіпсіздігі жөнінде бұрыш және стенд жасайды
      3) Тұрғындармен тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша жиналыс, жиын өткізеді.
      15. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет
      1) Объектілер басшыларының, мамандарының (инженерлік-техникалық қызметшілер), "Өрт қауіпсіздігі" пәнінің оқытушыларын, объектінің өрт қауіптілігі ерекшелігін ескере отырып, басқа қызметкерлерді оқыту бағдарламасын жасайды.
      2) Қоғамдық өрт сөндіру құрылымдарының, ұйымдарының және "Өрт қауіпсіздігі" тақырыбы бойынша оқу жүргізуге құқықты жеке тұлғалардың тіркеуін жасайды. Оларды қайта дайындауды және біліктілігін көтеру бойынша семинар өткізуді ұйымдастырады.
      3) Объектінің өрт қауіптілігін ескере отырып, өрт қауіпсіздігі бұрышын жасауда әдістемелік көмек көрсетеді.
      4) Өрт қауіптілігі жоғары жаз және жылу маусымы басталар алдында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу туралы "Ережені" жасайды.
      5) ЖӨСД туралы ереже жасайды, оны білім Департаментіне және басқа мүдделі ұйымдарға жұмысына басшылық ету үшін жібереді.
      6) Білім Департаментіне, жоғарғы оқу және мектепке дейінгі мекемелерге өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқыту жөнінде әдістемелік сипаттама жібереді.
      7) Өртке қарсы қызметтің аймақтық бөлімшелері, озат тәжірибе Орталығының базасында әрдайым мектепке дейінгі мекемелер, орта, арнайы орта, жоғарғы оқу орындарын, журналистерді, жазушыларды тартып өрт қауіпсіздігі саласындағы өртке қарсы білімдерін насихаттау үшін экскурсиялар, жарыстар, бұқаралық шаралар өткізеді.
      8) Өрт қауіпі жоғары жаз және жылу маусымдарының алдында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде жыл сайынғы айлық өткізеді.
      9) Тұратын мекендеріндегі жиналыс, жиындарда шұғыл жағдайды ескере отырып және қажеттілігі шамасында халықты өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқытуды өткізеді.
      10) Объектілер басшыларына өрт қауіпсіздігі нұсқамасын және өрт кезінде қауіпсіз жерге көшіру жоспарын жасауда, практикалық көмек көрсетеді. Қажет болғанда оны қарайды және келіседі.
      11) Барлық жекеменшік түрдегі объектілер басшыларының орындауы үшін өртпен болған жағдайға байланысты халықты хабарландыру және оқыту жөніндегі шаралардың міндетті жоспарын жасайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады