Жасыл көшеттерді қорғау және күту қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2003 жылғы 23 сәуірдегі N 29/278 шешімі. Қарағанды облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 03 маусымда N 1206 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010 жылғы 1 желтоқсандағы N 37/287 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010.12.01 N 37/287 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 300, 543 баптарына, "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңының 6 бабына сәйкес қалалық мәслихат шешім етті:
      1. Жасыл көшеттерді қорғау және күту қағидасы бекітілсін (N 1, 2 қосымшалар).
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясына (Ахрименя Г.Е.) жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            Е. Мұхамедияр

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Б. Жаубасов

"Жасыл көшеттерді қорғау
және ұстау қағидаларын
бекіту туралы"
2003 жылдың 23 сәуірдегі
қалалық мәслихат сессиясының
29/278 нөмерлі шешімімен
бекітілген N 1 қосымша

Балқаш қаласында жасыл көшеттерді қорғау және ұстау
қағидасы

1. Жалпы қағидалар

      1. Осы қағидалар қалалық мәслихат бекіткеннен кейін қала аумағында меншік нысанына қарамастан өзінің қызметін жүргізетін заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
      2. Жұмысты орындауды Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңына сәйкес (жасыл көшеттерді бұзу, кесу, қартаюына қарай жаңа тал-шілік және ағаштар отырғызу) тапсырма беруде ұтып алған уәкілетті орган (заңды немесе жеке тұлға, қазыналық мемлекеттік кәсіпорын "Зеленстрой") жүргізеді.
      3. Санитарлық жағдайды қамтамасыз етумен, қоршаған ортаны қорғау, жасыл көшеттер ресурстарымен, инженерлік инфрақұрылымдардың, көркейту элементтерінің және ғимараттардың сақталуына бақылау жасауды Балқаш қалалық қоршаған ортаны қорғау бөлімі және ішкі істер бөлімі жүзеге асырады.

2. Жасыл көшеттерді қорғау және ұстау

      4. Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңына сәйкес әрбір азамат жасыл көшеттер қорының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
      Жалпы пайдаланатын жерлерге орналасқан жасыл көшеттер қол сұғылмайтын мемлекеттік қорды құрайды және заңмен қатаң қорғалады.
      5. Жасыл көшеттерді бағу және оларды уақытында зиянкестерден, аурулардан, арам шөптен қорғау жұмыстарын ұйымдастыру мынадай негізгі шаралардан тұрады:
      1) көшеттерді уақытында суару;
      2) гүлдер клумбасын, тал-шіліктер, ағаштар отырғызу;
      3) уақытында тыңайтқыш салу және топырақты салалы өңдеу;
      4) дің дөңгелектерін және қатар аралықты уақытында және тыңғылықты өңдеу;
      5) зиян келтіретін залалдардың әсерінен аурудың өршуін, зиянкестердің санын жобалау және есептеу негізінде қорғау құралдарымен химиялық және биологиялық өңдеу.
      6. Жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізуші заңды және жеке тұлғалар құрылыс салатын жерлерде жасыл көшеттерді еріксіз жойған жағдайларда оларды қайтадан қалпына келтіру шығындар құнын сметаларда көрсетілуі керек.
      7. Әр адамға көгалдандыратын жер ауданы 5-6 шаршы метр ұсынылады.
      8. Жасыл көшеттерді ғимараттар мен құрылыстардан ара қашықтығын бекітілген нормативтерге сәйкес орналастыру керек.
      9. Бекітіліп берілген жер аумағындағы жасыл көшеттерді көбейту және сақтау, ұстау жер пайдаланушылар мен иелеріне, заңды және жеке тұлғаларға жүктеледі:
      1) шағын аудандарда, тұрған үйлер алдындағы көшелерде ЖМПИ, тұрғын үй қорының иелеріне;
      2) жалпы пайдаланатын ғимараттарда (сквер, парктерде т.б.) және көше бойында осы қағиданың 2 тармағына сәйкес тендердің жеңімпаздары заңды және жеке тұлғаларға;
      3) санитарлық қорғау зоналарында, бекітіліп берілген аумақтарда, сондай-ақ әртүрлі меншік түріндегі ғимараттарда, зауыт және кәсіпорын аумақтарында - осы ғимараттар иелері немесе кәсіпорын басшысына;
      4) жұмыс басталған күннен бастап, құрылыс салуға бөлінген аумақтарда - бас мердігер құрылыс ұйымы немесе тапсырыс беруші.
      10. Азаматтарға және ұйымдарға, кәсіпорындарға, мекемелерге тыйым салынады:
      1) тапсырыс беруде ұтып алған кәсіпорындардың рұқсатынсыз жасыл көшеттердің участкелерін, гүлзарларды, көк шөп егілген алаңдарды, қазуға, тал-шіліктерді және ағаштарды кесуге;
      2) жасыл көшеттерге және гүлзарларға қонысты және ыдыстарды, қол дорбаларды, пластмасса бөтелкелерді тастауға;
      3) жасыл көшеттерді қорғауды қамтамасыз ететін шараларды қолданбай, жасыл көшеттері бар учаскеге баратын жолдарына және жаяу адамдар жүретін жол бөліктеріне мұз сынықтарын, төбедегі қарды түсіруге;
      4) ағаштарға механикалық бүлдіру жасауға, жазу жазуға, тілік жасауға, сок, смола алуға;
      5) басқа мақсаттар үшін және кір кептіретін жіптер ілуге, орындық жасауға, турниктерді бекітуге, алтыбақан ілу үшін шеге қағуға, ілгек қағуға, сым байлауға, хабарландырулар, әртүрлі көрсеткіштер, нөмірлік белгілер, рекламаға арналған тақталарды ағашқа бекітуге;
      6) ағаштар және гүлзарлар төңірегіндегі қоршауды, гүлзарларды, көмкермелерді бұзуға.

3. Өзара іс-қимыл реттері, міндеттер және құқық, тапсырыс беру жеңімпазы

      11. Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңына сәйкес тапсырыс беру ашық конкурс бойынша жүргізіледі. Қойылатын талаптар:
      1) сәйкес лицензия болуы;
      2) материалдық-техникалық базаның болуы;
      3) бюджетке міндетті төлемдердің жоқтығы;
      4) шаруашылық субъектісінің күтудегі төлем қабілеттілігі.
      Ең арзан баға ұсынған шаруашылық субъектісі тапсырыс берудің жеңімпазы болып табылады.
      12. Жұмыс жүргізуші жеке және заңды тұлғалар міндетті:
      1) жасыл көшеттерді бүлдіруден қоршау;
      2) алаңдарды, өтетін жолдарға, жаяу адамдар жүретін жол бөлігіне, жолдарға асфальт төсегенде дің айналасында диаметрі 1 м шұңқыр қалдыру керек, керек болған жағдайларда газондық шөп егу немесе металл решетка орнату;
      3) жаяу адамдар жүретін жолды, жолдарды салғанда және қайта құрғанда жасыл көшеттер орналастырған зонаның тіктік белгісін 5 сантиметрден артық өзгертуге болмайды;
      4) жасыл көшеттердің қоршауын бұзбау керек және салынып жатқан ғимараттарға кіру жолдарын төсегенде жасыл көшеттердің орналасқан алаңы ескерілу керек;
      5) көшелерді көгалдандыру жұмысын уақытында және сапалы орындауға міндетті.
      13. Жасыл көшеттерді күту және ұстау жұмыстарының жүргізілуіне бақылау жасау, жоспарлы бақылауды жүргізу (күзде және көктемде), кезектен тыс (қатты желде, тасқында, қалың қар жауғанда) бақылауды қалалық құрылыс және сәулеттендіру бөлімі жүргізеді (ҚҚ ж СБ).
      Бақылау процессінде жас көшеттердің барлық элементтері және жұмыстары зерттеледі.
      14. Орындалған жұмыстарды бағалау және қабылдауды орындалған жұмыстар актісімен жергілікті атқарушы орган жүргізеді (ҚҚ ж СБ).
      Мемлекеттік сатып алу бойынша орындалатын жұмыстарды конкурс жеңімпазы деп танылған, тапсырыс беруші (жергілікті атқарушы орган), жұмысты жүргізуге уәкілетті орган (ҚММ "Зеленстрой" заңды немесе жеке тұлға) жүргізеді.
      15. Жұмысты жүргізуші уәкілетті орган орындалатын жұмыс көлемін анықтайды. Орындалған жұмыстардың уақытында төленуін талап етеді.
      16. Жасыл көшеттерді күту және отырғызу жұмыстарын жүргізу тендер жеңімпазы заңды немесе жеке тұлға осы қағидаларды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген реттерде жауапкершілік тартады.

4. Осы қағиданы бұзғандық үшін жауапкершілік

      17. Осы қағиданы бұзғандық үшін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің (20 тарауының 300 бабы, 32 тарауының 543 бабы) бойынша санкциялар қолданылады.

"Жасыл көшеттерді күтіп ұстау
және корғау қағидасын бекіту
туралы" N 2 қосымша
N 29/278 2003 жылғы 23 сәуірдегі
қалалық мәслихат сессиясының
шешімімен бекітілген

Талдар мен бұтақтардан бастап ғимараттар, құрылыстар ара қашықтығы

Ғимараттар, құрылыстар, инженерлік көркейту объектілері

Осьқа дейін метрдегі ара қашықтық


Ағаш бұтақтары

Көшеттер

Ғимараттың сыртқы қабырғасынан

5

1,5

Желілердің ернеулері және көшенің жүретін бөлігінен

2

1

Тротуарлар және бақшалық жолдар жиегінен

0,7

0,5

Айналымдардың жарықтандыру бағандарына, галереялардан және эстакадалардан

1

0,5

Қабырғалар табандарынан немесе ішкі жиектерінен

3

1

Жер асты жүйелері: канализация

1,5

-

Жылу торабы (тоннел каналының қабырғасы немесе каналсыз орнату кезіндегі жиегінен)

2

-

Су құбыры, дренаж

2

-

Байланыс қабелінен

2

0,7

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады