Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облыстық мәслихатының 2010.04.01 N 1-214м Хатымен).
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
"Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеу туралы" облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы N 146 шешімінің 5-қосымшасына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-бөлімінің 8-тармағындағы "Арал су құбыры" МКК және "Қазалы су құбыры" МКК сөздерінен кейін "Қамыстыбас ауылдық округінің әкімі, Аралқұм ауылдық округінің әкімі, Жақсықылыш ауылдық округінің әкімі, "Жанкесары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Ғазиз су" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Жамбыл" өндірістік кооперативі" сөздерімен толықтырылсын, әрі қарай мәтіні бойынша;
3-бөлімдегі "көмек" сөзінен кейін "Арал-Сарыбұлақ су құбырын пайдалану басқармасы" МКК-ның пайдаланған электроэнергиясына қарызы
жоқ болған жағдайда" сөздерімен толықтырылсын;
4-бөлімнің 1-тармағындағы "облыстық бюджет есебінен" сөздерінен кейін "жыл сайын осы мақсатқа бөлінген қаржы шеңберінде" сөздерімен толықтырылсын.
Облыстық мәслихаттың төрағасы