Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қаласы әкімінің 2012.12.05 N 533 Шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
2003 жыл - "Ауыл жылын" жоғары деңгейде өткізу үшін қалада көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын екпінді жүргізу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Қызылорда қаласында "Наурыз шапағаты" аясында 2003 жылдың 20 наурызынан 20 мамырға дейін көркейту-көгалдандыру және санитарлық
тазалық жұмыстарының екі айлығы жариялансын.
2. Көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарының екі айлығын өткізуге байланысты жасалған іс-шаралар бағдарламасы бекітілсін.
3. Көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарының екі айлығын ұйымдастырумен айналысатын арнайы комиссия құрамы бекітілсін.
4. Қалалық білім бөлімі (М.Құрманбекова), денсаулық сақтау бөлімі (К.Балабекова), мәдениет бөлімі (Т.Мақашов), тұрғын үй-коммуналдық, жол және көлік шаруашылығы бөлімі (К.Байжанов), ауыл мен қыстақ әкімдері және меншік түрлеріне қарамастан мекеме, кәсіпорын басшылары өз жауапкершілігіне екі айлықты тиянақты өткізуді ұйымдастырсын.
5. Пәтер иелері кооперативтері (ПИК) Ассоциациясы (М.Мадиров),
ПИК-дің көп қабатты тұрғын үйлерінің аулалары мен іргелес жатқан аудандарда тұрғындарды қатыстыра отырып екі айлықты өткізу сұралсын.
6. "Сыр бойы орманы" мемлекеттік кәсіпорны (Б.Дүйсекеев), "Зеленстрой" ЖШС-і (Т.Баймолдаев), "Дендропарк" мемлекеттік кәсіпорны (Ж.Ерманов) қалаға керекті әр түрлі тал көшеттерімен әктерге сұраныстарды қанағаттандыру сұралсын.
7. "Өнер" ЖШС-гі (К.Іскендіров) қала әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімімен (К.Шағыров), қалалық сәулет және құрылыс бөлімімен (Ә.Кішкенеев) бірлесіп көше атауларын, үй нөмірлерін, ескерткіштерді, мемориялдық тақталарды қалыпты жағдайға келтіруді ұйымдастыру сұралсын.
8. "Қызылорда-Ирригация" ЖШС-гі (Ш.Абдрахманов) қалаға аяқ су беретін магистралды каналдарды тазартып, су тартқыш насостарды дер кезінде жөндеуден өткізіп, 20 наурыздан бастап қалаға аяқ су баруды қолға алу сұралсын.
9. "Қызылордаэнергоорталық" МҚҚҚ-ы (Ө.Ахметов), "Қызылордаауданаралық жылу орталығы" АҚ-ы (С.Дүйсенбаев), "Қызылорда жылу жүйесі" ЕМК-ы (Ә.Мұсалдаев), қалалық телекоммуникация орталығы (О.Әміров), "Су және лас су" ЖШС-і (Ш.Иманбердиева) және "Су құбыры" МКК-ы (С.Жұмахметов) көшелердегі қазу жұмыстарынан келген зардаптарын бастапқы қалпына келтіру шараларын жасау сұралсын.
10. Көше комитеттері мен жеке қожалық иелері үйлерді әктеп, шарбақтар мен қоршап, әрлеуді іске келтірсін.
11. "Спецавтотранс" ЖШС-і (М.Назар) көшелер мен аулалардағы қаңғыбас иттерді аулауды ұйымдастырсын.
12. "Зеленстрой" ЖШС-і (Т.Баймолдаев) көшелерде жүрген малдарды қамап-ұстауды қамтамасыз етсін.
13. Қалалық ішкі істер бөліміне (А.Исағалиев) учаскелік қызметкерлерді екі айлықты өткізу кезіндегі бағдарламалық жұмыстардың орындалуын тәртіпті тұрғыдан қамтамасыз етсін.
14. Мекеме басшылары мен екі айлықты өткізуге жауапты кісілер қалалық "Көркейту" мемлекеттік кәсіпорнына әр апта сайын атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде тиісті үлгідегідей ақпарат беретін болсын.
15. Бұқаралық ақпарат құралдары апта сайын баспа беттерінде және теледидардан көркейту-көгалдандырудың барысы жайлы хабарламалар
беріп тұру сұралсын.
16. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары М.Өсербаевқа жүктелсін.