Кезеңдік өрттің алдын-алу іс-шараларын өткізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімиятының 2003 жылғы 21 ақпандағы N 46 қаулысы. Қызылорда облыстық Әдiлет басқармасында 2003 жылғы 03 наурызда N 3132 тiркелдi. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 06 сәуірдегі N 109 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2010.04.06 N 109 қаулысымен.

      "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы N 48-1 Заңына, облыс әкімиятының 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 419 "Кезеңдік өрттің алдын-алу іс-шараларын өткізу туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында тұрғын үйлерде, меншік түрлеріне қарамастан шаруашылық объектілерінде, кәсіпорындарда, ұжымдарда, мекемелерде, өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2003 жылға арналған кезеңдік өрттің алдын-алу шараларын өткізу жөніндегі кесте 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы (Е.Оспанов), мемлекеттік өртке қарсы қызметі N 4 өрт бөлімі
(С.Шынтаев) (келісім бойынша) әзірленген техникалық ұйымдастыру іс-
шараларына сәйкес:
      1) халықты толық қамти отырып, өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттауды белсенді жүргізсін;
      2) бағыныштағы қызметкерлер мен өмірлік маңызы зор мекеме басшылары құрылыс нормалары мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау жұмыстарын күшейтсін;
      3) тұрғын үйлердің, от жағатын пештерінің жағдайы, астық жиналатын жерлердің, элеваторлардың, балалардың сауықтыру демалыс орындарының мектептер мен оқу орындарында жаңа жыл шыршасы орнатылатын жерлердің өрт техникалық тексерулерінің сапалы жүргізілуі бақылауға алсын.
      3. Аудандық ішкі істер бөлімі (Н.Қожамұратов) (келісім бойынша) белгілі тұрағы жоқ тұлғаларды анықтау бойынша алдын-алу жұмысты белсенді жүргізе отырып, көп қабатты үйлердің төлелерін жылу
жүйелері учаскелеріндегі қақпақтарды тексеріп олардың болмауын қамтамасыз етсін.
      4. Аудандық білім бөлімі (Р.Әзбергенова), N 3 кәсіптік мектеп (К.Сералиев) мектептерде мемлекеттік өртке қарсы қызметі N 4 өрт бөлімі өкiлдерінiң қатысуымен өрт қауіпсіздігі тақырыптарына арналған  сабақ өткізуді ұйымдастырсын.
      5. "Жалағаш жаршысы" газетінің редакциясы газет бетінде өрт қауіпсіздік іс-шараларын кеңінен насихаттасын.
      6. Кент, ауылдық округ әкімдері тиісті мекемелерді қатыстыра отырып, кезеңдік өрттің алдын алу іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етсін.
      7. Мемлекеттік өртке қарсы қызметі кезеңдік өрттің алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде облыс әкімиятының 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 419 қаулысымен бекітілген ережені басшылыққа алсын.
      8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі орынбасары Б.Маншариповке жүктелсін.

      Әкім

Аудан әкімиятының  
2003 жылғы 21 ақпандағы
N 46 қаулысымен бекітілген
қосымша        

2003 жылдың ішінде жүргізілетін өртті алдын-алу іс-шаралар КЕСТЕСІ

N

Іс-шаралар аты

Іс-шараның өткізілетін мерзімі

1.

Жеке-сектор

05.02-25.02

2.

Автокөлік

05.03-25.03

3.

Саяжай

05.04-25.04

4.

Мектеп

05.05-25.05

5.

Демалыс-лагері

05.06-25.06

6.

Жем-шөп

05.07-25.07

7.

Орман-тоғай

05.08-25.08

8.

Алтын-дән

05.09-25.09

9.

Пеш

05.10-25.10

10

Тұрғын-үй

05.11-25.11

11

Шырша

05.12-25.12

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады