Ауданда жаппай құқықтық оқуды ұйымдастырудың жайы туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкiмиятының 2003 жылғы 7 сәуiрдегi N 79 қаулысы. Қызылорда облыстық Әдiлет басқармасында 2003 жылғы 30 сәуiрде N 3266 тiркелдi. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 ақпандағы N 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009.02.25 N 745 қаулысымен.

      Аудан көлемінде жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыруда атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан Шәменов, Бұқарбай батыр, Еңбек, Аққұм, Аламесек, Мәдениет ауылдық округ әкімдеріне, білім, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау бөлімдеріне, N 201, N 202 орта мектептерде ұйымдастыру өз дәрежесінде емес.
      Оқу жылының аяғында барлық кент, ауылдық округі әкімдері мен мекеме басшылары өздеріндегі оқудың жайы жөнінде облыстық Әділет басқармасына ақпарат жібермеген.
      Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы N 2347 "Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кент, ауылдық округ әкімдері аудандық мемлекеттік мекемелердің жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыруға атқарған жұмыстары жеткіліксіз деп танылсын.
      2. Кент, ауылдық округ әкімдері аумақтарындағы мекемелерде жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыруға басшылық пен бақылау жасау тапсырылсын.
      3. Кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық мемлекеттік мекемелердің басшылары аудан әкімиятының 2001 жылғы 27 қарашадағы N 104 "Ауданда жаппай құқықтық оқуды ұйымдастырудың жайы туралы" қаулысының 3 тармағына сәйкес өз салалары бойынша қызметкерлердің құқықтық оқуының жайы жөнінде жыл сайын 5 шілдеге облыстық Әділет басқармасына ақпарат беріп тұрсын.
      4. Аудандық әдістемелік Кеңес кент, ауылдық округ әкімдеріндегі мен мекемелердегі құқықтық оқудың жайына талдау жасап,
практикалық жәрдем көрсетіп, өз отырыстарында тиісті мекеме басшыларының есептерін тыңдауды ұйымдастырып жүргізсін. Оқу жылының соңында таңдаушылармен әңгімелесулер өткізіліп, олардың алған білімдеріне бақылау жасасын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Жекеновке жүктелсін.

      Әкім

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады