Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімиятының 2003 жылғы 14 наурыздағы N 261 қаулысы. Қызылорда облыстық Әдiлет басқармасында 2003 жылғы 25 наурызда N 3156 тiркелдi. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімиятының 2004 жылғы 04 маусымдағы N 20 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімиятының 2004.06.04 N 20 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Облыс әкімиятының 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 423 қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері мен оларды қаржыландырудың көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін. 
      2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мемлекеттік сатып алуда заңнамамен белгіленген тәртіппен жасалынатын болып анықталсын. 
      3. Аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі осы қаулының орындалу барысы туралы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 18-не дейін аудан әкіміне ақпарат берсін. 
      4. Аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі мен кент, ауылдық округ әкімдері қоғамдық жұмыстар бойынша келісімдердің шарттарының сақталу барысына тұрақты бақылау жасап, олардың тиімді жүргізілуіне ықпал етсін. 
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Ыдырысовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі

Аудан әкімиятының
      2003 жылғы 14 наурыздағы
      N 261 қаулысымен бекітілген
      қосымша

ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы","Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 83 қаулысына сәйкес қоғамдық жұмыстарды жүргізу тәртібі "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері" арқылы анықталады.

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

      1. Коммуналдық-тұрғын үй шаруашылық мекемелеріне қала, елді мекендер және өндірістік кәсіпорындардың айналасын тазартуға көмектесу. 
      2. Жолдарды салу және жөндеу, су құбырларын, кәріз және басқа инженерлік коммуникациялар жүргізу. 
      3. Әлеуметтік мәдени объектілерді салу, қайта өңдеу және жөндеу. 
      4. Тарихи сәулеттік көрсеткіштер мен кешендерді қалпына келтіру, археологиялық жұмыстар жүргізу. 
      5. Айналаны көгалдандыру-көркейту, орман шаруашылығының, демалыс орындарын, демалыс және туризм аймақтарын сақтау мен дамыту. 
      6. Көктемгі егін егу және жинау науқандары кезінде ауылдық округтардың жерлерін паспортизациялау. 
      7. Республикалық және аймақтық қоғамдық компаниялардың өткізілуіне қатысу (қоғамдық пікірлер жинау, түрлі санақтар). 
      8. Қарулы күштер қатарына шақыру жүргізуге ықпал жасау. 
      9. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және жинау үшін егістік жер жұмыстарын жүргізу, қосалқы шаруашылығы бар мекемелерде мал бордақылау, жас малды өсіру, малды өріске жаю мен күзету. 
      10. Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған азаматтардың отбасының материалдық жағдайын тексеруге учаскелік комиссияға көмек  
көрсету. 
      11. Кент және елді мекендерде құқық тәртібін күзетуде көмек көрсету. 
      12. Мақсатты топтағы азаматтардың (оралмандар, рақымшылықпен босатылғандар) құжаттарын рәсімдеуде әлеуметтік қызмет көрсету. 
      13. Мұрағат мекемелерінің жұмысына, кітаптарды, құжаттарды түптеуге көмек көрсету.

Қоғамдық жұмыстардың көлемі

      1. Қоғамдық жұмысты жүргізу көлемі жергілікті бюджеттің қаражатына қарай анықталады. 
      2. Қоғамдық жұмыстар жұмыс беруші мен жұмыссыздар арасында келісім-шарт арқылы ұйымдастырылады. Келісім шарттың шекті мерзімі 6 айдан аспау керек.

Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысы және 
оларды қаржыландыру көздері

      1. Қоғамдық жұмыстарды істеген жұмыссыздардың еңбек ақысы істеген нақты уақытына, жұмыс көлеміне байланысты бекітілген тәртіпке сәйкес төленеді, бірақ Қазақстан Республикасында бекітілген төменгі еңбек жалақыдан төмен болмауы керек. 
      2. Қоғамдық жұмыстар, оның көлемі халықты жұмыспен қамту бағдарламасымен анықталады, жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады