Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Маңғыстау облысы әкімшілігінің 2013.02.01 N 08-18-185 хаты).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II ҚРЗ Заңына , Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Заң күшi бар Жарлығына, облыстық мәслихатты" "Маңғыстау облысының 2003-2005 жылдарға арналған азық-түлiк бағдарламасы туралы" 2002 жылғы 20 қарашадағы N№23/238 шешiмiне сәйкес және "Маңғыстауагросервис" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының "Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорыны жарғылық қорына жарналар" N 64 бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен бөлiнген қаржыны пайдаланудың тәртiбiн мен шарттарын белгiлеу мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорыны жарғылық қорына жарналар" бағдарламасы бойынша бюджеттен бөлiнген қаржыны пайдалану ережесi бекiтiлсiн (жалғанады).
2. Осы қаулының орындалысын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары С. Керелбаевқа жүктелсiн.
Облыс әкiмi
жалғама
Маңғыстау облысы әкiмиятының
25 ақпандағы 2003 жылғы N 54
қаулысымен бекiтiлген
"Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының жарғылық
қорына жарналар" бағдарламасы бойынша бюджеттен
бөлiнген қаражатты пайдалану
Ережелерi
Осы Ережелер Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N№148-II ҚРЗ Заңына , Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Заң күшi бар Жарлығына, облыс әкiмиятының 2002 жылғы 29 сәуiрдегi N№89 "Маңғыстауагросервис" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнын құру туралы" (бұдан былай - МКК) қаулысына және оның Жарғысына сәйкес жасақталынды және "Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының Жарғылық қорына жарналар" 64 бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен бөлiнген қаржыны" МКК-ның негiзгi және айналым қаражаты ретiнде пайдалану тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
1. Қаражаттың пайдалану бағыттары
Берiлген қаражат ауыл шаруашылығы технологиясын, көлiгiн, өнiмдi, малдарды, тұқымдық материалды сатып алу, ауылшаруашылығы тауар өндiрушiлерiне және агроөнеркәсiптiк кешенiнiң басқа да субъектiлерiне жалға, кейiннен сатып алумен лизингiге, оларды кейiннен ауыл шаруашылығы өнiм өндiрушiлерi мен басқа да агроөнеркәсiптiк субъектiлерi арасында орналастыруға байланысты шығындардың орнын жабуға, кәсiпорынды ұстауға және айналым құралдарын сатып алуға пайдаланады.
Мал, ауыл шаруашылығы техникасы мен тұқымдық материал бағдарлама әкiмшiсi облыстық ауыл шаруашылық басқармасы белгiлеген номенклатура бойынша және белгiлеген көлемде сатып алынады.
"Маңғыстауагросервис" МКК-ы сатып ал№ан мал, ауыл шаруашылығы техникасы мен көлiгi және тұқымдық материал облыстың аудандар мен қалалар әкiмдерiнiң ұсыныстарын есепке ала отырып, конкурстық негiзде iрiктелген жобалар бойынша облыстың шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiне берiледi.
2. " Маңғыстауагросервис МКК-ны" техниканы,
малды және тұқымдық материалдарды беру
тәртiбi мен шарттары
Техниканы, көлiктi, малды және тұқымдық материалды шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге беру кәсiпорынның сыйақы мөлшерлемесi (мүддесi) Қазақстан Республикасы ұлттық Банкiнiң үстемелi қаржыландыру мөлшерлемесiнен жоғары емес мөлшерiнде қаралған келiсiм-шарттар негiзiнде мынадай пайдалану шарттарымен iске асады:
1. ауыл шаруашылығы техникасы мен көлiгi бойынша:
1) ауыл шаруашылығы техникасы мен көлiгi аудандар әкiмдерiнiң келiсiмi бойынша кәсiпорын айқындап белгiленген шарттар негiзiнде ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге жалға және қаржылық лизингi негiзiнде беру үшiн сатып алынды;
2) ауыл шаруашылығы техникасы мен көлiгi, кәсiпорын айқындап белгiлеген сыйақыны есепке ала отырып, құны толық өтелгенге дейiн (жеткiзу және рәсiмдеу жөнiндегi шығындарды, мiндеттi салық және басқа төлемдердi қоса алғанда) кәсiпорын балансында тұрады, одан кейiн лизинг алушыны", серiктестiктiң меншiгiне көшедi,
3) техниканың өтелiмдiлiк мерзiмi 7 (жетi) жылға дейiн белгiленедi. Техника сатып алуға салған қаражатты жалға алушы, лизинг алушы толымсыз қайтарған жағдайда, кәсiпорын бағдарлама әкiмшiсiнiң шешiмiмен техниканы (салынған техниканы) өз қалауы бойынша және өзiнiң бағасымен құны (айыппұлды, өсiм және басқа төлемдердi қоса алғанда) толық өтелуi үшiн сатып өткiзедi;
4) техника құнын қайтарудың тәртiбi және мерзiмi, сыйақысы мөлшерi, жақтардың жауапкершiлiгi кәсiпорын мен жалға алушы, лизинг алушы, серiктестiк арасында жасақталған бөлек шартпен реттеледi.
2. Өнiмдi мал бойынша:
1) жұмыспен қамтылған ауыл тұрғындарын тауар өндiруге тарту мақсатында, сондай-ақ облыста мал басының санын көбейту үшiн, кәсiпорын "Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорынның жарғылық қорына жарналар" 64-бағдарламасы бойынша қаражатты пайдалану жөнiндегi Бағдарламамен көзделген сома шегiнде коммуналдық меншiкке өнiмдi ауыл шаруашылығы малын шаруашылық жүргiзушi субъектiге кейiннен сатып беру жағдайында жалға беру үшiн сатып алады, бұл ретте әр шаруашылық жүргiзушi субъектiге мал берудiң шегi қой және ешкi бойынша 100 басқа, мүйiздi iрi қара бойынша 15 басқа дейiн белгiленедi;
2) шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi" сұраныстары негiзiнде конкурстық негiзде iрiктелген жеңiмпаздарға, кейiннен сатып беру шартымен жалға (жынысын және жасын есептей отырып) қой 4 (төрт) жылға, мүйiздi iрi қара және жылқы 5 (бес) жылға, түйе 6 (алты) жылға дейiнгi мерзiмге берiлетiн болады;
3) жалға алынған мал басын өтеудi (малды сатып алуға кәсiпорынның барлық шығындарының ақшалай өтемақысын) шаруашылық жүргiзушi субъект қой басы бойынша екiншi жылдан, малдың басқа түрлерi бойынша үшiншi жылдан бастайды және жалға алған мерзiм бiтiсiмен толық аяқтайды. Жалға берiлген мерзiмдегi малдан алынған өнiм: төл, сүт, шұбат, жүн, қой терiсi шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң меншiгiнде қалады;
4) малдың жалға алған мерзiмдегi оны ұстау, жемдеу және күту үшiн шығындарды шаруашылық жүргiзушi субъектi өз мойнына алады;
5) малдың құнын қайтару тәртiбi, мерзiмi, сыйақы мөлшерлемесi жақтардың жауапкершiлiгi кәсiпорын мен шаруашылық жүргiзушi субъектi арасындағы жасақталған бөлек шартпен реттеледi.
3. тұқымдық материал бойынша:
1) тұқымдық материал шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге өз сұраныстары бойынша келiсiм-шартта қайтарылу мерзiмi көрсетiле отырып берiледi;
2) жақтардың келiсiмдерi бойынша кәсiпорын тұқымның сатылған әрбiр килограмы үшiн сыйақы мөлшерлемесiн (мүддесiн) белгiлейдi;
Шаруашылық жүргiзушi субъект келiсiм шарт талаптарын тиiстi дәрежеде орындаған және сатылған қаражатты мерзiмiнде қайтаруды қамтамасыз еткен жағдайда кәсiпорын бағдарлама әкiмшiсiнiң келiсiмiмен осы Ережеде анықталған шарттар негiзiнде жалға беру келiсiм шартын жаңа мерзiмге жасай алады.
3. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер
жобаларын iрiктеу жұмысын ұйымдастыру
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер жобаларын iрiктеу функциялары кәсiпорынға жүктеледi, ол әрбiр жоба бойынша ұсыныстар дайындайды және оны комиссияның бекiтуiне ұсынады.
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер iрiктеуде мынадай талаптар ескерiледi:
1) қолайлы несиелiк құжаттаманың болуы;
2) жобаның кәсiпорын бөлген бюджеттiк қаражатты пайдалану Бағдарламасының басымдық бағыттарына сәйкес болуы;
3) жобаның сатып алынатын ауыл шаруашылығы техникасы мен көлiгiне және өнiмдi мал түрлерiне қойылатын шарттарға сәйкес болуы;
4) ұсынылған жобалар бойынша аудандар мен қалалар әкiмдерiнiң кепiлдеме хаттарының болуы.
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жобаларын алдын-ала iрiктеу кезеңiнде кәсiпорын оларды экономикалық, ұйымдастырушылық, маркетингтiк және қаржылық тұрғыдан сараптайды. Жобаларға талдау, және шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң қызметiне аудиторлық тексеру қорытындысы бойынша белгiлi бiр сыйақы мөлшерлемесi тағайындалады.
Кәсiпорын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге берiлген ауыл шаруашылығы техникасының жай-күйi мен мақсатты пайдалануына мезгiл-мезгiл тексеру өткiзедi, сондай-ақ малдың қозғалысы мен бас санын есепке алуды жүргiзедi.
4. Қорытынды ережелер
1) Жалға беру жөнiндегi келiсiм шарттарында жақтардың келiсiмiмен мерзiмiнен бұрын қайтару құқығы қаралуы мүмкiн.
2) Шаруашылық жүргiзушi субъект келiсiм-шарт талаптарын бұзған жағдайда, кәсiпорынның шартты мерзiмiнен бұрын бұзуға және iс жүзiнде ұсынылған ауыл шаруашылығы техникасы мен көлiгiн, малды, тұқымдық материалды есептелген сыйақысы мөлшерлемесiмен (мүддесiмен), айыппұлымен және өсiмiмен қайтарып алуға құқығы бар.
3) Шаруашылық жүргiзушi субъект ауыл шаруашылығы техникасымен көлiгiнiң жалға берген өнiмдi малдың, тұқымдық материалдың, сондай-ақ келiсiм-шартта көрсетiлген сыйақы мөлшерлемесiнiң (мүддесiнiң) құнын шартпен анықталған мерзiмде өтемеген жағдайда, оған берешектi қайтаруды қамтамасыз ететiн мынадай шаралар қолданылады:
қолданыстағы заңнамаға сәйкес кепiл туралы шарт негiзiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң (қарыз алушының) кепiл мүлiгiн сатып өткiзу;
шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң Қазақстан Республикасының 2 қаңтар 1997 жылғы N№67-1 "Банкроттық туралы" Заңына сәйкес сот банкрот деп жариялағанға дейiн, сот тәртiбiмен өндiрiп алуды жүзеге асыру.