Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2004.12.08 № 180 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Жарлығына сәйкес Қамысты аудандық әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерiн әлеуметтiк қорғау жөнiндегi атаулы материалдық көмек көрсету түрiнде 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайын 230 теңге мөлшерiнде қосымша шаралар белгiленсiн.
2. Қоса берiлiп отырған ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерiне атаулы материалдық көмек тағайындау мен төлеудiң Ережелерi бекiтiлсiн (қосымша).
3. Қамысты ауданы әкiмиятының 2002 жылғы 9 ақпандағы № 40 2002 жылға арналған "Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерiне атаулы материалдық көмектiң мөлшерiн белгiлеу туралы" қаулысының күшi жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Ерболат Баекеұлы Бекмұхамедовке жүктелсiн.
Аудан әкiмi
Аудан әкiмiнiң құқықтық
мәселелерi жөнiндегi көмекшiсi
КЕЛIСIЛДI
Аудандық қаржы басқармасының
бастығы
Қамысты аудандық еңбек, жұмыспен
қамту және халықты әлеуметтiк қорғау
басқармасының бастығы
Қамысты ауданы әкiмиятының
2003 жылғы 11 наурыздағы
№ 19 қаулысымен Бекiтiлдi
Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерiне
атаулы материалдық көмек тағайындау мен төлеудi
ЕРЕЖЕЛЕРI
Осы ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Жарлығына сәйкес әзiрленген.
Осы ереже Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерiне атаулы материалдық көмек көрсету тәртiбiн реттейдi.
2. Атаулы материалдық көмектi
тағайындаудың ережелерi
1. Атаулы материалдық көмек арыз нысанында болады.
2. Атаулы материалдық көмек тағайындау туралы өтiнiштi оны алуға құқығы бар адам заңға сәйкес аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасында бередi.
3. Атаулы материалдық көмек сұраушы белгiленген үлгi бойынша атаулы материалдық көмектi тағайындау туралы арыз бередi.
4. Атаулы материалдық көмек тағайындау үшiн арызды қарауды атаулы материалдық көмек тағайындау жөнiндегi аудандық комиссия 10 күндiк мерзiмде жүзеге асырады.
5. Атаулы материалдық көмек тағайындауда дәлелдi бас тарту болған жағдайда бұл туралы өтiнiш берушiге жазбаша хабарланады.
6. Атаулы материалдық көмек арыз берген айдан есептеледi.
7. Берiлген ақпаратты растағаны үшiн арызды қабылдаған адам толық жауап бередi. Ақша төленгеннен кейiн ақпараттың рас еместiгi, не басқа заң бұзушылық анықталса, заңсыз төленген сома заңмен белгiленген тәртiп бойынша кiнәлi тұладан өндiрiлiп алынады.
3. Атаулы материалдық көмектi төлеу
8. Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерiне атаулы материалдық көмек төлеу аудандық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
9. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы аудандық комиссияның шешiмi негiзiнде есептеулер жүргiзедi, атаулы материалдық көмек тағайындалған азаматтардың тiзiмiн жасайды және қаржыландыруға аудандық қаржы бөлiмiне ай сайын тапсырыс ұсынады.
10. Атаулы әлеуметтiк көмектi төлеу Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң тиiстi банкiлiк операцияларына лицензиясы бар, заңдылықтармен белгiленген тәртiппен конкурсты жеңiп алған ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
11. Атаулы әлеуметтiк көмектi төлеу аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының ұсынған тiзiмдерiне сәйкес жүргiзiледi.
12. Атаулы материалдық көмектi төлеу ағымдағы айға жүргiзiледi.
13. Атаулы материалдық көмектi төлеу алушының қайтыс болған күнiнен тоқтатылады.
4. Атаулы материалдық көмек төлеуге
бақылау жасау
14. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы ай сайын Азаматтық хал актiлерiн жазу органдарынан атаулы материалдық көмек тағайындалғандардың қайтыс болған жағдайларын тiркеу туралы мәлiмет сұратып отырады.
15. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы ай сайын мемлекеттiк зейнетақы төлеу жөнiндегi орталықтың аудандық бөлiмiнен Қамысты ауданынан тыс жерлерге кеткен және қайтыс болғандар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi туралы мәлiметтердi сұратып отырады.
16. Дұрыс ресiмделмеген құжаттар бойынша заңсыз атаулы материалдық көмек төленiп кетсе, осыған кiнәлi лауазымды адамдар заңмен белгiленген тәртiп бойынша жауап бередi.
17. Төленген сомаларға бақылау аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы мен атаулы материалдық көмектi төлеудi жүзеге асыратын, конкурс жеңiмпазы арасында ай сайын тексеру- актiлерi негiзiнде жүзеге асырылады.
18. Аудандық қаржы бөлiмi атаулы материалдық көмектi төлеуге бюджет қаражатының дұрыс шығысталуына тексерулердi жүзеге асырады.