Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 178/13 қаулысымен.
Балалар мен жасөспiрiмдердiң дене бiтiмi мен психикалық денсаулығын сақтау және қорғау, компьютерлiк клубтардың, интернет - кафелердiң жұмыс тәртiбiн реттеу мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi:
балалар мен жасөспiрiмдердiң денсаулығын сақтау жөнiндегi жұмыстың күшеюiн қамтамасыз етсiн;
қалалар мен аудандарда аула және жасөспiрiмдер клубтарының желiсiн, балалар шығармашылығы орталықтарын көбейту жөнiнде шаралар қабылдасын.
2. Облыс IIБ (келiсiм бойынша) заңнамамен белгiленген тәртiпте:
өз балаларын тиiстi түрде тәрбиелемейтiн ата-аналарды;
кәмелетке толмағандарға темекi бұйымдарын және алкогольдi iшiмдiктердi өткiзетiн кәсiпкерлердi әкiмшiлiк жазаға тарту жөнiндегi жұмыстың жандануын қамтамасыз етсiн.
3. Облыс мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментi:
компьютерлiк клубтар мен интернет-кафелер иелерiнiң кәмелетке толмағандарға компьютермен жұмыс жасау кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген санитарлық ережелер мен нормаларды бұлжытпай орындауларын қамтамасыз етсiн;
көрсетiлген санитарлық ережелер мен нормаларды бұзғандары үшiн кiнәлi тұлғаларды заңнамамен белгiленген тәртiпте жауапкершiлiкке тартсын;
балалар, жасөспiрiмдер мен олардың ата-аналары арасында санитарлық-ағарту жұмысының тұрақты жүргiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
4. Облыс бiлiм, туризм және спорт департаменттерi:
кәмелетке толмағандарды спорттық клубтар мен секцияларға бұдан әрi қатыстыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
облыс мектептерiн танымдық, дамыту сипатындағы, балалар мен жасөспiрiмдердiң мiнез-құлқында агрессияны, қатыгездiктi тудырмайтын компьютерлiк бағдарламалармен қамтамасыз етуге қол жеткiзсiн.
5. Облыс денсаулық сақтау департаментi алкогольдi, темекiнi және есiрткiнi қолданудың алдын алу мақсатында балалар мен жасөспiрiмдердiң медициналық тексерiлуiн жүйелi түрде өткiзудi қамтамасыз етсiн.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.М. Жұмабековаға жүктелсiн.
Облыс әкiмi