Екiбастұз қаласы өртке қарсы ерiктi құрылымдар туралы

Күшін жойған

Екібастұз қалалық әкімиятының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 821/13 қаулысы. Павлодар облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 26 желтоқсанда N 2187 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2005 жылғы 23 наурыздағы N 182/4 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2005 жылғы 23 наурыздағы N 182/4 қаулысымен.

            Қазақстан Республикасының "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Заңына сәйкес, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Екiбастұз қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Екiбастұз қаласында, ауылдық округтер мен поселкелерде өртке қарсы ерiктi құрылымдарды ұйымдастыру және қызметтерiнiң қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) бекiтiлсiн.
      2. Павлодар облысы өртке қарсы Мемлекеттiк қызметiнiң Екiбастұз қаласы үшiншi мамандандырылған отрядының бастығына меншiк нысаны мен ведомстволығына қарамастан өртке қарсы ерiктi құрылымдарды құру мен қызметiнде қаланың кәсiпорындары мен ұйымдарының басшыларына практикалық, әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсетуi ұсынылсын.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгiнiң аумақтық органында мемлекеттiк тiркеуден өткен сәтiнен екi жұма iшiнде ресми жариялансын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екiбастұз қаласы әкiмiнiң орынбасары С.М.Көшiмбаевқа жүктелсiн.

      Екiбастұз қаласының
      әкiмi

      Келiсiлдi:
 
      Павлодар облысы өртке қарсы
      Мемлекеттiк қызметi басқармасының
      үшiншi мамандандырылған
      отрядының бастығы

Екiбастұз қаласы әкiмiнiң
2003 жылғы "24" желтоқсан
"Өртке қарсы ерiктi 
құрылымдар туралы"
N 821/13 қаулысымен 
бекiтiлдi      

Екiбастұз қаласында, поселкелер мен ауылдық округтерде өртке қарсы ерiктi құрылымдарды ұйымдастыру және қызметтерiнiң ҚАҒИДАЛАРЫ 1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағидалар меншiк нысаны мен ведомстволығына қарамастан қаланың, поселкелер мен ауылдық округтердiң кәсiпорындары мен ұйымдарының (бұдан әрi - Объект) өртке қарсы ерiктi құрылымдарын құру мен олардың қызмет тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Осы қағидалар Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы "Өрт қауiпсiздiгi туралы" N 48-1 Заңына, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi Агенттiгiнiң 1999 жылғы 9 шiлдедегi "Қазақстан Республикасында өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бекiту туралы" N 19 қаулысына сәйкес әзiрленген.
      3.Өртке қарсы ерiктi құрылымдарды ұйымдастыру, олардың қызметтерiне басшылық ету, өртке қарсы iс-шараларды орындау мен қызметкерлердiң арасында түсiнiктеме жұмысын жүргiзу Объектiлер басшыларымен жүзеге асырылады.

2. Өртке қарсы ерiктi құрылымдарды және қызметтерiн ұйымдастыру тәртiбi

      4. Өртке қарсы ерiктi құрылымдар:
      1) Объектiде өртке қарсы режимдi орындау мен сақтауға бақылау жасау;
      2) Объектiде өртке қарсы режимдi сақтау бойынша қызметкерлер арасында түсiнiктеме жұмысын жүргiзу;
      3) өрт сөндiру жүйелерi мен құралдарын тұрақты дайындықта ұстау;
      4) Объектiде бар өрт сөндiру құралдарымен пайда болған өртке дереу шараларды қолдану мақсатында құрылады.
      5. Өртке қарсы ерiктi құрылымдар меншiк нысаны мен ведомстволығына қарамастан 15 адамнан кем емес саны бар кәсiпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады.
      6. Өртке қарсы ерiктi құрылымға Объект басшысымен тағайындалатын бастық басшылық етедi.
      7. Өртке қарсы ерiктi құрылымның сандық құрамын Объект басшысы белгiлейдi, бiрақ 5 адамнан кем емес.
      8. Өртке қарсы ерiктi құрылымдар 18 жастан кем емес Объектi қызметкерлерiнiң санынан ұйымдастырылады.
      9. Өртке қарсы ерiктi құрылымдарға қабылдау азаматтың жеке өтiнiшi негiзiнде, ол тұрғылықты жерi бойынша медициналық комиссиядан және өртке қарсы Мемлекеттiк қызметiнiң бөлiмшесiнде бастапқы дайындықтан өткеннен кейiн ерiктi түрде жасалады.
      10. Өртке қарсы ерiктi құрылымдардан шығарып тастау:
      1) өртке қарсы режимдi бұзғаны үшiн;
      2) өз еркi бойынша өртке қарсы ерiктi құрылымдар бастығына өтiнiш беру жолымен жасалады.
      11. Өртке қарсы ерiктi құрылымдар мүшелерiмен жаттығу сабақтары Объект басшысымен бекiтiлген кесте бойынша жұмыстан бос уақытта, айына 4 сағаттан артылмай өткiзiледi.

3. Өртке қарсы ерiктi құрылымдарды ұстау

      12. Өртке қарсы ерiктi құрылымдарды ұстаудың барлық шығындары олар ұйымдасатын Объектiлер есебiнен жүргiзiледi.
      13. Өртке қарсы ерiктi құрылымдар мүшелерiнiң қызметтерiн ынталандыру мақсатында Объект басшысы өрттi жоюда үздiк шыққан азаматтарды мадақтауға құқылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады