Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2010.07.26 N 179/26 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 8 бабының 3 тармағының 5) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Баянауыл аудандық мәслихаттың Регламентi бекiтiлсiн.
(қосымша берiлiп отыр).
II-сайланған аудандық
Мәслихаттың кезектi ХХIХ
Сессиясының төрайымы Е.Ж.Абдуллина
Мәслихат хатшысы Қ.Қ.Сарбасов
II-сайланған аудандық мәслихаттың
2003 жылғы 14 сәуiрдегi ХХIХ сессиясының
N 84 Баянауыл аудандық мәслихатының
регламентiн бекiту туралы шешiмi.
Баянауыл аудандық Мәслихатының РЕГЛАМЕНТI
1. Жалпы ереже
1. Баянауыл аудандық Мәслихаты аудан тұрғындары сайлайтын, олардың ерiктерiн бiлдiретiн, оны iске асыру үшiн қажеттi шараларды жалпы мемлекет мүдделерiн ескере отырып анықтайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган болып табылады.
Аудандық Мәслихаттың және оның органдарының жұмыс атқару тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтi-құқықтық кесiмдерiмен, аудандық Мәслихаттың шешiмдерiмен, сонымен қатар осы Регламентпен анықталады.
2. Жергiлiктi өкiлдi органдардың құзыретi, қызметiнiң ұйымдастырылуы, тәртiбi, сондай ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңымен белгiленедi.
3. Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 9 бабына сәйкес мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткiзу, оларға мәселелер енгiзу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, депутаттардың сауалдарын қарау тәртiбi, сондай-ақ дауыс беру тәртiбi, аппарат жұмысын ұйымдастыру, басқа да рәсiмдiк және ұйымдастыру мәселелерi сессияда бекiтiлетiн мәслихаттың регламентiнде белгiленедi.
4. Аудандық Мәслихат аппараты мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық және материалды-техникалық жағынан қамтамасыз етедi және депутаттарға өз өкiлеттiлiктерiн iске асыруға көмек көрсетедi.
5. Мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшiлерiнiң қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерiне сәйкес Мәслихат сессияларының, тұрақты комиссияларының мәжiлiстерiнiң, мәслихаттың iс қағаздарын жүргiзу мәслихат аппаратына жүктеледi.
6. Аудандық мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда тұрақты комиссияларда және мәслихат сессияларының төрағасы, мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте жүзеге асырады.
2. Аудандық мәслихат сессиясының шақырылуы және жұмыс жасау тәртiбi
7. Аудандық Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.
Егер мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемiнде үштен екiсi сессияға қатысса, мәслихат сессиясы заңды болады.
8. Мәслихат сессиясының төрағасы мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды.
9. Сессия төрағасы мәслихат сессиясын әзiрлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады.
Мәслихат хатшысы мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзілетiн мәселелердi әзірлеудi ұйымдастырады. Мәслихат сессиясында қаралатын сұрақтарды аудан әкiмi, мәслихаттың тұрақты комиссиялары, мәслихат депутаттары ұсынады.
Сессияның күн тәртiбiне кiргiзiлуге ұсынылған сұрақтар, белгiленген тәртiппен ашық дауыс беру арқылы мәслихат сессиясында шешiледі.
Сессияның күн тәртiбi талқылау барысында өзгерiп толықтырылуы мүмкiн.
Сессияның күн тәртiбiн бекiту туралы мәслихат шешiм қабылдайды. Кезектi сессияның күн тәртiбiн қалыптастыру мәслихаттың жұмыс жоспарына сүйене отырып жасалады, оның жоспарланған нұсқасы алдыңғы сессияда депутаттарға жеткiзiледi.
10. Кезекті сессияның сұрақтарын дайындау келесi тәртiпте iске асырылады:
Тұрақты комиссия, депутат, әкiм сессияның басталуынан 30 күн бұрын, мәслихат хатшысына, сессия төрағасына сессияның күн тәртiбiне кiргiзетiн сұрақ туралы жазбаша түрде ұсыныс енгiзедi.
Сессия төрағасы мәслихат хатшысы арқылы 3 күн iшiнде осы ұсынысты алдын ала қарауға тиiстi тұрақты комиссияға жiбередi.
Тұрақты комиссия мүдделі жақтардан қажетті ақпарат сұрайды. Сұрақтарды алдын ала талқылау мақсатында мәжiлiс өткiзедi.
Тұрақты комиссия талқылаудың қорытындысы бойынша баяндамашыны, қосымша баяндамашыны және ақпарат берушiлердi анықтайды.
Комиссияда енгiзiлген сұрақтың шешiмiнiң жобасы дайындалады және барлық қажетті құжаттар жиынтығы сессияға дейiн 5 күн аралығында (шешiмнiң жобасы, анықтама, түсiнiктеме жазбалар, талдауға бейiм мәлiметтерi, әкiмдiктiң заңгерi қол қойған анықтама негiздеме (егерде сұрақты аудан әкiмi шығарса), мәслихат заңгерiнiң қорытындысы мәслихат хатшысы арқылы барлық тұрақты комиссияларға берiледi.
Егер сұрақты қарайтын ынталы тұрақты комиссия немесе осы сұрақ мәслихаттың жұмыс жоспарында көзделген болса, онда кезекті сессияның күн тәртiбiне енгiзiлетiн сұрақты алдын ала талқылау жоғарыдағыдай кестемен жасалады.
11. Сессия төрағасы кезектi сессияның күн тәртiбiн қалыптастырғаннан кейiн, мәслихат хатшысы депутаттарға, халыққа, әкiмге сессияға дейiн он күн аралығында кешiктiрмей сессияның шақырылуы, өту орыны, енгiзiлген сұрақтар туралы хабарлайды.
12. Қалған тұрақты комиссиялар сессия басталуына 7 күннен кешiктiрмей шешiмнiң жобасын, мәлiметтердi қарайды, өздерiнiң ескертулерiн, ұсыныстарын мүдделi тұрақты комиссияға бередi.
Егер шешiмнiң жобасы туралы болымсыз әртүрлi көзқарастар болса, сессия төрағасы және мәслихат хатшысы жұмыс барысында өзге тұрақты комиссиялардың төрағаларымен келiсе отырып түпкiлiктi шешiмнiң жобасына тоқталады, осы нұсқасы сессияда бекiтiлуге шығарылады.
Егерде тұрақты комиссиялар шешiмнiң жобасы жөнiнде келiсiмге келе алмаса, бейiндi тұрақты комиссияның шешiмiнiң жобасы сессияға қарауға шығарылып, сессия талқылау барысында ақырғы шешiмдi қабылдайды.
13. Сессияға кіргiзiлетiн сұрақтарды, қажеттi құжаттарды әкiмге және депутаттарға сессияға дейiн 5 күн бұрын мәслихат хатшысы ұсынады.
14. Сессияның басталуына 2-3 күн алдында тұрақты комиссиялардың бiрлескен мәжiлiсiнде кезектi сессияға ұсынылған сұрақтар қаралады.
15. Кезектен тыс сессияға ұсынылатын сұрақтарды (сұрақты) дайындау, келесi тәртiпте iске асырылады:
Бастамашылық топ кезекті сессияның төрағасына, мәслихат хатшысына кезектен тыс сессияның күн тәртiбi туралы жазбаша түрде ұсыныс енгiзедi.
Кезекті сессияның төрағасы кезектен тыс сессияны шақыруға шешiм қабылдайды және қажеттi құжаттарды алдын ала қарауға бейiндi тұрақты комиссияға жiбередi.
Тұрақты комиссия қажет болған жағдайда жедел түрде бастамалы сұрақтар жөнiнде мүдделi жақтардан керекті мағлұматты сұратады.
Екi күн аралығында сұрақтарды алдын ала талқылау үшiн мәжiлiс өткiзедi.
Мәжiлiстiң қорытындысы бойынша тұрақты комиссия баяндамашыларды, қосымша баяндамашыларды, мәлiмет берушiлердi анықтайды.
Комиссияда шешiмнiң жобасы дайындалып қажеттi құжаттар кезектен тыс сессиядан 3 күн бұрын (шешiмнiң жобасы, анықтама, түсiнiктеме жазба, талдаушы мәлiметтер, анықтама-негiздеме, заңгерлiк қызметтермен қол қойылған (егер де сұрақты ұсынған аудан әкiмi болса) мәслихат заңгерiнiң қорытындысымен мәслихат хатшысы арқылы әкiммен, депутаттарға берiледi. Кезектен тыс сессияда қаралуға шығарылған сұрақтар, алдын-ала кезектен тыс сессияға 1-2 күн қалғанда тұрақты комиссиялардың бiрлескен мәжiлiсiнде қаралады.
3. Мәслихат сессияларының пленарлық отырыстарының өткiзiлу тәртiбi
16. Мәслихат сессиялары пленарлық отырыс түрiнде өткiзiледi. Сессияның ұзақтығы, басталу уақыты мен аяқталуын мәслихат белгiлейдi. Сессия жұмысында үзiлiс жасалуы мүмкiн, үзiлiс 15 күнтiзбелiк күннен аспауы керек.
17. Сессияның күн тәртiбi, барлық депутаттар санының көпшiлiк дауысымен ашық дауыс беру арқылы бекiтiледi.
18. Мәслихат сессиясында сөйленген сөздердiң төмендегiдей түрлерi ескерiледi: баяндама, қосымша баяндама, талқыланатын сұрақтың қорытынды сөзi, талқыланатын сұрақ төңiрегiнде пiкiр алысып, жарыссөз сөйлеу, кандидаттарды талқылау, дауыс беру уәжi, мәжiлiстiң жүргiзу тәртiбi, сұрау салу, сұрақтар, сұрақтарға жауап, анықтама, ақпарат, өтiнiш, үндеу.
19. Баяндаманың, қосымша баяндаманың, қорытынды сөздiң ұзақтығы сессия төрағасымен, баяндамашымен, қосымша баяндамашымен келiсе отырып белгiленедi, баяндамаға - 40 минуттан, қосымша баяндамаға - 20 минуттан аспауы керек. Жарыссөзде сөйлеушiлер 10 минутқа дейiн, қорытынды сөзге 10 минутқа дейiн уақыт берiледі. Дауыс беру уәжi, мәжiлiсті жүргiзу тәртiбi, өтiнiшке, сұрақтарға, ұсынысқа, анықтамаға, ақпаратқа 3 минутқа дейiн уақыт белгiленедi. Сұранысқа жауап беруге 10 минут, сұраққа 5 минутқа дейiн.
Мәслихат депутаттардың көпшiлiк дауысымен сөз сөйлеушiлерге басқадай уақыт мөлшерiн белгiлеуге құқылы.
Депутаттарға бiр сұрақ бойынша сөз сөйлеу шегiн қоюға болмайды.
20. Мәслихат депутаттары мiнбеден немесе өз орнынан сөз сөйлейдi.
Сөз сөйлеу үшiн өтiнiш қол көтеру арқылы немесе жазбаша түрде төрағаға жолданады.
Сессияда депутат төрағалық етушiнiң рұқсатымен сөз алады.
Төраға жарыссөзге қатысушыларға сөздi өтiнiштерiнiң түсу ретiмен, кезегiн сақтап бередi. Қажет болса төрағалық етушi сөйлеушiлер ретiн өзгертуге құқылы.
Сессияның жүргiзiлу тәртiбi туралы, анықтамаға, сұраққа жауап беруге, түсiнiктеме жасауға төрағалық етушi кезектен тыс сөз беруге құқылы.
Баяндамашыға сұрақ жазбаша түрде немесе орнынан берiледi.
21. Сессияда сөйлеушi өз сөзiнде кімнiң болсын атына, ар намысына тиетiн сөз айтуға жол берiлмеуi керек. Сөйлеушiнiң сөзiнде конституциялық құрылымды өзгертуге, Қазақстан Республикасының бiртұтастығын бұзуға, әлеуметтiк, ұлтаралық, ұлттық, дiни, қатiгездiкке, зорлыққа, рушылдыққа насихаттайтын сөздер айтылмауы тиiс.
Сессияда сөз сөйлеушi өз сөзiнде заңсыз әрекеттерге шақыруға, жалған ақпаратты қолдануға, кiмнiң болмасын атына дәлелденбеген жала жабуына тиым салынады.
Мұндай жағдайда төрағалық етушi ондай сөздердi айту мен шақырылуға жол бермейтiндiгi туралы ескерту жасап, екiншi рет қайталанса сөз сөйлеушiнi, сөз сөйлеу құқығынан айырады.
22. Депутаттардың көпшiлiк дауысымен, сессия шешiмiмен жарыссөзде талқыланған сұрақ тоқтатылады.
Баяндамашы және қосымша баяндамашы дауысқа салу басталмас бұрын белгiленген тәртiпте қорытынды сөз алуға құқылы. Депутаттардың жарыссөзде сөйлеуге мүмкiндiгi болмаса, сұрауы бойынша сөзiнiң мәтiнi сессия хаттамасына кiргiзiледi.
23. Аудан әкiмi немесе мiндетiн атқарушы тұлға мәжiлiстiң ашық-жабық түрiне бiрдей қатыса алады. Қажет болған жағдайда төрағалық етушi аудан әкiмiне сұрауы бойынша, талқыланып жатқан сұрақ төңiрегiнде кезектен тыс сөз бередi.
24. Мәслихат депутаттары, аудан әкімiнiң орынбасарлары, әкiмдiк мүшелерi, аудандық бөлiм басшылары, мәслихат аппаратының қызметкерлерi, әкiмдiк аппараты, өз құзыретi шегiнде, төрағалық етушiнiң рұқсатымен түсiнiктеме, әдiстемелiк-кеңес, қаралып жатқан сұрақтар бойынша ақпарат беруi мүмкiн.
25. Мәслихат сессиясының мәжiлiсiнiң күн тәртiбiнде қаралатын сұраққа байланысты жауапты мемлекеттік мекемелердiң лауазымды тұлғалары, мемлекеттiк емес мекемелердiң өкiлдерi, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi шақырылады.
Мәслихат хатшысының, ұсынылған сұрақтың жетекшiлерiнiң, тұрақты комиссиялардың төрағаларының ұсынысымен сессия мәжiлiсiне шақырылатындардың құрамы анықталып, тiзiмi жасалады.
Шақырылғандар сессияның жұмысына араласуға, сессия жұмысының жүргiзiлу тәртiбiн құптау немесе қарсылық көрсетуге құқығы жоқ, белгiленген тәртiптi сақтап, төрағалық етушiнiң жарлығына бағынуы керек, бұл жөнiнде алдын ала ескертілуі қажет. Сессияға шақырылғандар сұрақ қаралып бiткенше немесе тиiстi сұрақты қарағанша төрағаның рұқсатынсыз мәжiлiс залынан тұрып кетуіне болмайды.
Сессияның өту орынын, күнiн, сағатын шақырылғандарға хабарлау мәслихат хатшысына жүктеледi.
Депутаттардың өкiлеттiгiн қамтамасыз ету мақсатымен мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметкерлері сессияның пленарлық мәжiлісiнде әдiстемелiк көмек, ақпарат беру мақсатында қатысып отырады.
26. Мәслихат сессиясының төрағасының шақыруымен жергiлiктi атқарушы органдар басшылары, тиiстi әкiмшiлiк аумақтық бөлiнiс аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды азаматтары мәслихат құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттар беру үшiн мәслихат сессиясына келуге міндетті.
27. Сессияның пленарлық мәжiлiсi стенографиялық түрде жазылады, хаттаманы жүргiзу мәслихат аппаратына жүктеледі. Пленарлық мәжiлiс аяқталғаннан кейiн хаттамаға төрағалық етушi және мәслихат хатшысы қол қояды.
28. Сессия төрағасы пленарлық мәжiлiстiң жүргiзу барысында:
1) Осы Регламенттiң сақталуын қадағалайды және пленарлық мәжiлiстiң жалпы өтуiне басшылық жасайды.
2) Күн тәртiбiне сәйкес кезек бойынша сөйлейтіндерге сөз бередi.
3) Түсу ретi бойынша әрбiр ұсынысты, түзетуді мәслихат депутаттарына дауысқа салады.
4) Дауыс берудi ұйымдастырып, дауыс санын анықтап, қорытындысын жариялайды.
5) Осы Регламенттiң Ережесiн депутат бұзатын болса ескерту жасап, егер бұзушылық қайталанса талқыланып жатқан сұрақ бойынша сөз сөйлеу құқығынан айырады.
6) Мәслихат жұмысына шақырылған азаматтар мәслихат жұмысына кедергi жасаса, мәжiлiс залынан шығаруға құқылы.
7) Осы Регламентте белгiленгендей, кезектен тыс сөз бередi.
29. Сессия төрағасы пленарлық мәжiлiстiң мүшелерiнiң сөздерiн талдап, баға беруге құқығы жоқ.
4. Шешiм қабылдау, дауыс беру тәртiбi
30. Осы Регламентте дауыс беру қорытындысын анықтау мақсатында келесi түсiнiктер қолданылады:
Мәслихат депутаттарының жалпы саны Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аудандық мәслихаттарға белгiлеген депутаттар саны.
Мәжілiсте қатысқандар саны - Мәжiлiс алдында немесе пленарлық мәжiлiс барысында қаралып жатқан сұрақ кезiнде тiркелген депутаттар саны;
Көпшiлiк дауыс-пленарлық мәжiлiске қатысып отырған депутаттардың жалпы санының, мәслихат депутаттарының жартысынан көбiнiң қарапайым көпшiлiгiнiң басым дауыс саны.
31. Сессияда дауыс беру тәртiбi, негiзінде ашық түрде өтеді. Жалпы сайланған депутаттардың үштен бiрiнiң талап етуiмен құпия дауысқа салу қандай болмасын сұрақ бойынша жүргiзiле бередi.
Құпия дауысқа салуды жүргiзу және оның нәтижесiн анықтау үшiн сессия депутаттар арасынан ашық дауысқа салу арқылы 3 адамнан тұратын есептеу комиссиясын сайлайды. Есептеу комиссиясының шешiмi оның мүшелерiнiң басым дауысымен қабылданады.
Құпия дауысқа салу бюллетенi есеп комиссиясының бақылауымен, белгiленген нұсқада, пленарлық мәжiлiске қатысып отырған депутаттар санымен бiрдей қылып жасалады.
Уақыты және дауыс беру орыны, жүргiзу тәртiбi есеп комиссиясымен осы аталған регламентке сәйкес анықталады және депутаттарға есеп комиссиясының төрағасы хабарлайды.
32. Ашық дауыс беру алдында сессия төрағасы сайланған есепшiге дауыс санауды тапсырады, қаралып жатқан сұрақ бойынша түскен ұсыныстарды атап, мазмұнын нақтылайды.
Шешiмдi қабылдау пленарлық мәжiлiске қатысып отырған депутаттардың басым көпшiлiгiмен:
1) Жабық сессия өткiзудi шешу үшiн;
2) Депутаттардың өкiлеттiгiн мезгiлiнен бұрын тоқтату үшiн.
Мәслихат депутаттарының жалпы санының екiден ұш бөлiгiмен әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы сұраққа шешiм қабылдау үшiн.
Мәслихат сессиясында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, мәслихат сессиясының төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.
Дауыс саналғаннан кейiн, "қабылданды" немесе "қабылданған жоқ" деп сессия төрағасы дауыс қорытындысын хабарлайды.
33. Аудандық мәслихат депутаты өзiнiң дауыс беру құқығын өзi iске асырады. Дауыс беру құқығын бiреуге беруге жол берiлмейді. Дауыс беру кезiнде қатыспаған депутат, өз дауысын кейiн беруге құқығы жоқ.
34. Өткiзiлген дауыс беру тәртiбi мен техникасында қателiктер анықталса сессия шешiмiмен қайталап дауысқа салу өткiзiледi.
35. Шешiмнiң ақырғы нұсқасы жалпы дауысқа салғанда қабылданады.
5. Мәслихат сессиясының төрағасы
36. Заңның 1 бабына сәйкес мәслихат сессиясының төрағасын- мәслихат өз депутаттарының арасынан сайлайды, мәслихат сессиясының төрағасы ашық дауыс беру арқылы мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшiлiк дауысымен сайланады.
37. Мәслихаттың кезектi сессиясының төрағасы мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады.
38. Заңның 18 бабына сәйкес сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкiлеттiгiн мәслихат хатшысы жүзеге асырады.
39. Заңның 19 бабына сәйкес мәслихат хатшысы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды тұлға болып табылады. Оны мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жабық дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
40. Мәслихат хатшысы мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады.
Мәслихат хатшысы лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады.
41. Мәслихат хатшылығына үмiткер кандидаттарға депутаттардың алдында қызметiнiң бағдарламасын баяндауға 10 минуттан уақыт берiледi.
Әрбiр депутат кандидатқа өз ұсынысымен тiлектерiн айтуға, сұрақтарын қоюға құқылы. Кандидаттар қойылған сұрақтарға, ұсыныстарға жауап береді. Кандидаттарды талқылау мәслихат сессиясының шешiмiмен тоқтатылады.
42. Үмiткерлердiң құрамының саны анықталғаннан кейiн, үміткерлердiң арнайы құрамы анықталады. Осы Регламентке сәйкес дауысқа салынып және дауыстар саналады.
Ашық дауысқа салғанда, дауыс беру ұсыныстардың түсу ретiне қарай жүргiзiледi.
Жабық дауысқа салғанда, дауыс беру бюллетеніне кандидаттардың тізiмi алфавиттiк ретпен кiргiзiледi.
43. Көпшiлiк дауысқа ие болған үмiткер, сайланған болып есептеледi.
44. Мәслихат хатшысы лауазымынан босату туралы округтердегi депутаттар тобының 3/1-нен дәлелдi, негiзделген ұсыныс түссе, кезектi, кезектен тыс мәслихат сессиясында осы мәселенi дауысқа салып, сайланған депутаттардың жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады.
Хатшыны қызметінен босату туралы мәселені талқылағанда оған сөз берiледi.
45. Мәслихат хатшысы өз өкiлеттiгiнен өз еркiмен бас тартуы өтiнiшi арқылы сессияда іске асырылады. Өтiнiш сессиялардың арасындағы үзiлiс кезiнде берiлсе, ол туралы тұрақты комиссиялардың төрағаларына хабарланып, олар осы өтiнiшпен комиссия мүшелерiн таныстырады.
Мәслихат хатшысының өз лауазымынан өтiнiшi бойынша бас тартуы туралы мәселе кезектi, кезектен тыс сессияларда себебін, анықтап талқылап қаралады.
Егерде мәслихат өтiнiшiн қабылдамаса, хатшы өтiнiш бергеннен кейiн бiр ай аралығында өкiлеттiгiн тоқтатады.
46. Босату туралы дауыс беру ашық немесе жабық жүргiзiледi.
7. Депутаттық сұраныс және үндеу
47. Мәслихат депутаты депутаттың сұраныс құқығын қолданады.
Депутаттың сұраныс мәслихат депутатының сессиядағы ресми талабы, мәслихат құзыретiне жататын сұрақ бойынша Баянауыл аумағындағы мекемелер, жергiлiктi атқарушы органдар түсiнiктеме беруге, сұрақ бойынша өз көзқарасын айтуға мiндеттi. Ал депутаттың үндеу мәслихат депутатының сессия аралығындағы ресми үндеуi.
48. Мәслихат сессиясына депутаттың сұраныс жазбаша немесе ауызша нысанда жасалынады. Депутаттың сұраныспен шығу, сессияның пленарлық мәжiлiсiнiң күн тәртiбiне сұрақтарды кiргiзу мәслихат хатшысымен сессия төрағасына ескерту арқылы iске асырылады.
Сессия мәжiлiсiне сұранысқа жауапты лауазымды тұлғалар шақырылады. Депутат алдын ала сұраныстың мазмұнымен таныстыра алады.
49. Жазбаша түрдегi депутаттың сұраныс мәслихат сессиясында жарияланады, ол жөнiнде жарыссөз ашылуы мүмкiн. Сұранысқа жауап, өткiзiлiп жатқан сессияда немесе қосымша жауапқа дайындыққа уақыт қажет болғанда он күн iшiнде берiлуi керек.
50. Мәслихат аппараты депутаттың сұраныс жарияланғаннан кейiн үш күн аралығында тиiстi мекеменiң лауазымды тұлғасына сұранысты жiберуi қажет.
51. Депутаттың сұранысқа жауапты, жергiлiктi атқарушы органның өкiлi, мекеменiң лауазымды тұлғасы, мәслихат сессиясында жауап беруге міндеттi.
Депутаттың сұранысқа берiлген жауап төңiрегiнде жарыссөз ашылуы мүмкiн.
Депутаттар сұранысқа берiлген жауапқа өз көзқарастарын көрсетуге құқылы. Депутаттық сұранысқа берiлген жауапты талқылаудың қорытындысы бойынша мәслихат шешiм қабылдайды.
Депутаттық сұраныс және оған жауап қажет болса ақпарат құралдарында жариялануы мүмкiн.
Мәслихат сессиясындағы депутаттың сұраныс келесi тәртiпте қаралады:
1) Депутаттық сұраныспен сөйлеу (5 минутқа дейiн);
2) Сұраныс бағытталған лауазымды тұлғаның жауабына (10 минутқа дейiн);
3) қажет болғанда сұранысқа байланысты жарыс сөзбен, берiлген жауапқа (5 минутқа дейiн).
52. Депутаттық үндеу сессия аралығында жұмыс барысында шешiледi және жiберiледi.
53. Баянауыл аудандық мәслихатының құрамына келесi тұрақты комиссиялар енедi:
1) Тексеру комиссиясы;
2) Аудандық әлеуметтiк-экономикалық даму мәселелерi жоспар мен бюджет жөнiндегi комиссия;
3) әлеуметтiк саясат жөнiндегi комиссия;
4) Заңдылық, азаматтардың өтiнiш-шағымдарын қабылдау жөнiндегi комиссия;
5) Аграрлық мәселелер мен экология жөнiндегi комиссия.
9. Тұрақты комиссияның құрылуы және сайлануы
54. Баянауыл аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары жаңа сайланған мәслихаттың депутаттар құрамынан бірiншi сессиясында құрылады.
55. Тұрақты комиссиялардың құрылу тәртiбi:
1) Мәслихаттың алғашқы сессиясында тұрақты комиссияның құрамы және саны негiзiнен депутаттардың тiлегi ескеріле отырып қалыптастырылады.
2) Саны туралы шешiм, негiзгi құрамы, тұрақты комиссияның төрағасы туралы шешiм ашық дауыспен жарлы сайланған депутаттар санының көпшiлiк дауысымен қабылданады.
3) Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнде, қажеттiлiгiне байланысты, осы Регламенттiң ережесiне сәйкес тұрақты комиссиялардың құрамына өзгерiстер енгiзе алады, қажет болған жағдайда жаңа тұрақты комиссиялар қысқартылуы және қайта құрылуы мүмкiн.
10. Мәслихаттың тексеру комиссиясы
56. Мәслихат жергілiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау үшiн өз өкiлеттiгi мерзiмiне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерiнiң санын мәслихат белгiлейдi. Тексеру комиссиясының төрағасын мәслихат депутаттар арасынан сайлайды. Аудандық мәслихаттардың тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметiн басқа жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асырады. Тексеру комиссиясының жұмысына мәслихат депутаты емес адамдар да шарт негiзiнде тартылуы мүмкiн.
57. Тексерулер мәслихаттың, тексеру комиссиясының не мәслихат хатшысының шешiмдерiмен, мәслихаттың сайланған депутаттары санының кемiнде үштен бiрiнiң талап етуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де жағдайларда жүргiзiлуi мүмкiн. Тексеру нәтижесі бойынша тексеру комиссиясы акт жасап, ол туралы мәслихат пен әкiмдiкке хабарлайды. Тексеру жылына кемiнде бiр рет жүргiзiледi.
58. Тексеру комиссиясының өкiлеттiгi мен жұмыс тәртiбi мәслихат регламентiмен белгiленедi.
11. Шешiм қабылдау және жұмыс тәртiбi
59. Тұрақты комиссиялардың жұмысы жұмыс жоспары бойынша іске асырылып, тоқсан сайын жоспарланып отырылады. Тұрақты комиссияның жұмыс жоспары тұрақты комиссияның мәжiлiсiнде бекiтiлiп, мәслихаттың жалпы жұмыс жоспарымен сәйкес келiстiрiлiп, мәслихат сессиясында бекiтiледi.
60. Тұрақты комиссиялардың жұмысы мәжiлiс түрiнде жүргiзiледi, жоспарлы немесе жоспарланбаған сұрақтарды талқылап, өз құзыретi шегiнде жергiлiктi атқарушы органдары басшыларының есептерiн, қандай болсын меншiк түрiндегi мекеме басшыларының тыңдайды.
Зерттеу нәтижесiнде және мәселенi талқылауда тұрақты комиссиялар өз құзыретi шегiнде қаулы, қорытынды қабылдайды.
61. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттiлiгiне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кiретiн депутаттар санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледi.
62. Тұрақты комиссия мәжiлiсi ашық түрде өткiзiледi. Қажет болған жағдайда жабық түрде өткiзiлуге құқылы.
63. Тұрақты комиссиялар мәжiлiсiне шақырылғандар комиссия жұмысына кедергi жасап, араласуына құқығы жоқ, тәртiп сақтап, төрағаның талабына бағынуы керек. Мәжiлiс тәртiбiн бұзушыларды төраға мәжiлiстен шығарып жiберуге құқылы.
64. Негiзгi сұрақ бойынша баяндамаға 20 минутқа дейiн, қосымша баяндамаға 10 минутқа дейiн, жарыссөзде сөйлеушiлерге 5 минутқа дейiн уақыт белгiленедi. Өтiнiш, сұрақ, ұсыныс, хабарлама және ақпаратқа 5 минутқа дейін уақыт берiледi.
65. Жарыссөздерде бiр сұрақ бойынша сөйлеуге шек қойылмайды. Жарыссөздердi тоқтату туралы шешiм тұрақты комиссияға қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiгiмен қабылданады.
66. Қаулы немесе қорытынды тұрақты комиссияда мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, комиссия төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.
67. Тұрақты комиссиялар мүшесi өзiнiң дауыс беру құқығын өзi iске асырады. Дауыс беру құқығын бiреуге беруге жол берiлмейдi. Тұрақты комиссия мүшесi дауыс беру кезiнде болмаса, кейiннен дауыс беруiне құқығы жоқ.
68. Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бiрлескен отырысы өткiзiлген жағдайда, тиiстi комиссиялардың төрағалары қол қояды.
69. Бiрнеше тұрақты комиссиялардың отырысының мәжiлiсiнiң қаулысының қорытындысы қатысып отырған әрбiр тұрақты комиссиялардың мүшелерiнiң құрамының жартысынан астамы дауыс беруiмен қабылданады. Бiрлескен мәжiлiстi өз ара келiсім бойынша тұрақты комиссиялардың төрағаларының бiреуi жүргiзедi. Бiрлескен мәжiлiс хаттамасын мәслихат аппаратының бас маманы жүргiзедi.
70. Егер де бiр сұрақ төңiрегiнде әр түрлi ұсыныстар туындаса,ортақ пiкiрге келудiң жолы қарастырылады. Егер де тұрақты комиссиялар бiр пiкiрге келе алмаса, ақырғы шешiмдi мәслихат шешедi. Мәжiлiс хаттамасын қызметтiк мiндетiне сәйкес мәслихат аппаратының бас маманы жүргiзедi.
71. Тұрақты комиссияларда қаралатын сұрақтарды дайындау мақсатында мәслихат депутаттарынан, мемлекеттік мекеме өкiлдерiнен, мекемелерден, азаматтардан жұмыс комиссиясы құрылады. Аудандық мәслихаттың бекiтiлген сметасы шамасында тұрақты комиссиялардың жұмысына тартылған тұлғаларға төлемақы төленедi.
72. Тұрақты комиссиялардың мәжiлiсiнде кеңестiк дауыс беру құқығымен комиссия мүшелiгiне кiрмейтін мәслихат депутаттары қатыса алады.
73. Баянауыл ауданның аумағында орындалуға мiндетi Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, мәслихаттың өз құзыретiндегi мәселелер бойынша шығарылатын шешiмдерi мәслихаттың актiлерi болып табылады.
74. Мәслихат шешiмiне, мәслихат хатшысы және сессия төрағасы қол қояды. Шешiмге тiркеу нөмері берiледi, 1 - саны мәслихаттың 1 шақырылымынан бергi рет саны, 2 - сессия нөмері, 3 - шақырылым нөмері.
75. Мәслихат шешiмдерi, егерде жалпыға бiрдей мiндеттi маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты қабылданған болса белгiленген тәртiпте Павлодар облыстық әдiлет басқармасында мiндеттi түрде мемлекеттік тiркеуiне жатады. Тiркеуден өткеннен кейiн екі апта iшiнде ресми жариялануы тиiс.
76. Мәслихат шешiмдерi қабылданған күннен бастап күшiне енедi.
Мемлекеттiк тiркеуге жiберiлген шешiмдер ресми жарияланғаннан кейiнгі 10 күнтiзбелiк күн өткен соң, егерде шешiмде басқа мерзiм көрсетiлмеген болса күшiне енедi.
77. Мәслихат шешiмдерi, қабылданғаннан немесе тiркелгеннен кейiн 10 күн аралығында тиiстi, мүдделi жақтарға таратылады.
78. Осы Регламентке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәслихат сессиясында депутаттардың жалпы санының көпшiлiк дауысымен шешiледi.
79. Мәслихат Регламенті Павлодар облыстың Әдiлет басқармасында мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн күшiне енедi.