Құқық бұзушылықтан әлеуметтiк сақтандыру Кеңесiн құру туралы

Күшін жойған

Май аудандық әкімиятының 2003 жылғы 17 қазандағы N 152/15 қаулысы. Павлодар облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 24 қарашада N 2113 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 28 ақпандағы N 63/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 28.02.2012 N 63/2 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабы, 1 тармағы, 17 тармақшасына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу үшiн мемлекеттiк органдардың бiрiгiп iс-қимыл жасауын ұйымдастыру мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Құқық бұзушылықтан әлеуметтiк сақтандыру Кеңесi құрылып,заңнамаға сәйкес құрамы аудандық мәслихатқа бекiтуiне ұсынылсын.
      2. Кеңестiң ережесi бекiтiлсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Закирьяновқа жүктелсiн.

      Аудан әкiмi

Аудан әкiмiнiң        
2003 жылғы "17" қазандағы   
"Құқық бұзушылықтан әлеуметтiк
сақтандыру Кеңесiн құру туралы»
N 152/15 қаулысымен бекiтiлген

Құқық бұзушылықтан әлеуметтiк сақтандыру Кеңесiнiң
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      1. Әлеуметтiк сақтандыру Кеңесi (бұдан әрi Кеңес) - құқық бұзушылықтан қоғамға жат көрiнiстен сақтандыру мәселесiне мүдделi мемлекеттiк органдардың бiрiгiп iс-әрекет жасауын ұйымдастыру мақсатында құрылатын тұрақты әрекеттегi үйлестiрушi орган.
      2. Кеңестер қызметiнiң құқықтық негiзi қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының басқа нормативтiк-құқықтық актiлерi және осы ереже болып табылады.
      3. Кеңес өз қызметi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың алдында жауапты. Аудандық Кеңес аудандық атқару органына, сол сияқты жоғары тұрған Кеңеске есеп бередi. Селолық округ Кеңесi жоғары тұрған Кеңестерге және аудандық атқару органдарына есеп бередi.

2. Әлеуметтiк сақтандыру Кеңесiнiң
құрылуы және құрылымы

      4.Аудандық Кеңес құру туралы шешiмге сәйкес жергiлiктi атқарушы орган - әкiмдiк қабылдайды. Кеңестiң дербес құрамы әкiмнiң шешiмiмен бекiтiледi.
      5.Кеңестi төраға аудан әкiмiнiң орынбасары басқарады. Аудандық iшкi iстер бөлiмi бастығының орынбасары төрағаның орынбасары болады.
      6.Кеңестiң тұрақты мүшелерi аймақтық әлеуметтiк салалары мәселелерiн қадағалайтын бiлiм беру, денсаулық сақтау, еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм, экономика және бюджеттiк жоспарлау, қаржымен қамтамасыз ету органдары басшыларының орынбасарлары, қоғамдық бiрлестiктер мен дiни конфессиялардың өкiлдерi, сол сияқты әскери басқару органдарының өкiлдерi.
      7. Кеңес хатшысы - әкiмдiк аппаратындағы тұрақты штаттық лауазым.
      Селолық округ деңгейiнде әлеуметтiк сақтандыру Кеңесi төрағасының қызметiн сол округтiң әкiмi атқарады, ал оның тұрақты мүшелерi iшкi iстер (полицияның учаскелiк инспекторлары), бiлiм беру (жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының,орта мектеп директорлары), денсаулық сақтау (учаскелiк дәрiгерлер), еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау (әлеуметтiк қызметкерлер) болып табылады. Селолық округтегi Кеңес құру туралы шешiмдi аудан әкiмдiгi қабылдайды, ал дербес құрамын сол ауданның әкiмi бекiтедi.

3. Әлеуметтiк сақтандыру Кеңесiнiң
мақсаттары мен мiндеттерi

      8. Кеңестiң негiзгi мақсаттары:
      1) құқық бұзушылық пен қоғамға жат көрiнiстерден сақтандыруға қатысушы мемлекеттiк органдар мен мекемелердiң қызметтерiн үйлестiру;
      2) бас бостандығынан айыру орындарынан, емдеу-сақтандыру және оқыту-тәрбиелеу мекемелерiнен келген, тұратын орындарынан, туыстық және әлеуметтiк байланыстарынан айырылған тұлғаларды әлеуметтiк бейiмдеу бойынша мүдделi органдардың бiрiгiп iс-қимыл жасауын ұйымдастыру;
      3) тұрғындар арасында құқықтық тәртiп жағдайы және құқық бұзушылық пен қоғамға жат көрiнiстерден сақтандыру жөнiнде қолданған шаралар туралы түсiндiрме жұмыстарын жүргiзуге бұқаралық ақпарат құралдарын тарту;
      4) қылмыстан, құқық бұзудан сақтандыру және құқықтық тәртiптi нығайту мәселелерi бойынша қоғамдық және дiни бiрлестiктермен, сол сияқты заңды және жеке тұлғалармен бiрiгiп iс-қимыл жасау.

4. Әлеуметтiк сақтандыру Кеңесiнiң құзырлығы

      9. Ауданның әлеуметтiк сақтандыру Кеңесiнiң құзырына:
      1) құқық бұзушылық, маскүнемдiк пен алкоголизммен, нашақорлық пен токсикоманиядан сақтандырудың аймақтық бағдарламаларын ұйымдастыру және орындалуын бақылау;
      2) бас бостандығынан айыру органдарынан, арнаулы емдеу-сақтандыру және оқыту тәрбиелеу мекемелерiнен келген, тұратын орнынан, жұмысынан туыстық және әлеуметтiк байланыстарынан айырылған азаматтардың еңбек және сол сияқты алкоголизммен, тұрмыстық орналасуын, басқа мәселелерiн шешуге ықпал етуге, нашақорлық пен токсикоманиямен ауыратын тұлғалардың медициналық- әлеуметтiк сауықтырылуын қамтамасыз етуге шара қолдануға мүдделi органдар мен мекемелердiң бiрiгiп iс-қимыл жасауын ұйымдастыру;
      3) алкоголизммен, нашақорлықпен және токсикоманиямен ауыратын адамдарға медициналық түрдегi мәжбүр ету шараларын қолдану мәселелерi бойынша денсаулық сақтау органдарына өтiнiш жасау;
      4) салауатты өмiр салтын насихаттауды ұйымдастыру және халықтың құқықтық келеңсiз салдарлары туралы азаматтарды ақпараттандыру;
      5) құқық бұзу мен қоғамға жат көрiнiстерден сақтандыруға қатысушы әлеуметтiк инфрақұрылым мекемелерiне тәжiрибелiк және әдiстемелiк көмек көрсету;
      6) iшкi iстер, денсаулық сақтау, бiлiм беру, еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау органдарында сәйкес есепте тұрған тұлғаларға қатысты жеке әлеуметтiк сақтандыру жұмысын жүргiзудi ұйымдастыру жатады.
      10. Селолық округтердiң әлеуметтiк сақтандыру Кеңесiнiң құзырына:
      1 ) iшкi iстер, денсаулық сақтау, бiлiм беру, еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау органдарында сәйкес есепте тұрған тұлғаларға қатысты жеке әлеуметтiк сақтандыру жұмысын жүргiзу;
      2) азаматтардың арыздарын, өтiнiштерiн қарау, олардың құқығы мен бостандығын қорғау жөнiнде шаралар қолдану;
      3) алкоголизммен, нашақорлықпен және токсикоманиямен ауыратын тұлғаларға медициналық түрдегi мәжбүр ету шараларын қолдану мәселелерi бойынша денсаулық сақтау органдарына өтiнiш жасау;
      4) әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа жатпайтын, бiрақ адамгершiлiк пен рухани iзгiлiкке сәйкес келмейтiн(спирттiк iшiмдiктер iшу, қайыр сұрау, қаңғыбастық, жезөкшелiк және тағы басқалар) жағымсыз әрекеттер туралы iстердi қарау;
      5) әр түрлi себептермен ата-аналарының немесе олардың орнын басушы адамдардың қамқорынсыз қалған, не болмаса берекесiз отбасында тұрып жатқан кәмелетке жасы толмағандардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi қорғаншылық пен қамқоршылық органдарының қызметтерiн орындау жатады.

5. Әлеуметтiк сақтандыру Кеңесiнiң жұмысын ұйымдастыру

      11. Кеңес өз қызметiн аудан әкiмi бекiткен жыл сайынғы жоспар негiзiнде, қаралатын мәселелерге байланысты прокуратура қызметкерлерi құқық бұзу мен қоғамға жат көрiнiстерден әлеуметтiк сақтандыруға қатысушы мекеме, ұйымдар басшылары, сол сияқты қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерi шақырылуы мүмкiн жұмысшы отырыстар түрiнде жүзеге асырады. Ауданның әлеуметтiк сақтандыру Кеңесiнiң отырысы айына бiр рет өткiзiледi. қажеттiлiгiнде кезексiз отырыс әкiмнiң, Кеңес төрағасының немесе оның мүшелерiнiң елу пайызынан артығының бастамасы бойынша өткiзiлуi мүмкiн.
      12. Кеңес хатшысы отырыстың өткiзiлу дайындығын қамтамасыз етедi, әкiмдiктiң мүдделi мемлекеттiк органдар мен көпшiлiктiң ұсынысы негiзiнде қарауға ұйғарылған мәселелер тiзбесiн қалыптастырады, хаттама жүргiзедi, қабылданған шешiмдердiң атқару барысы туралы есеп дайындайды.
      13. Әр отырыстың қорытындысы бойынша Кеңес атқарушы органдар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерi үшiн ұсыныс түрiндегi шешiм қабылдайды. Жалпы мiндеттi маңыздылығы бар немесе азаматтардың құқықтарына, бостандығына және мiндеттерiне қатысты шешiм қабылдау қажеттiлiгi жағдайында, кеңес белгiленген заң тәртiбiнде аудан әкiмi бекiткен және ресми жариялау мен аумақтың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге жататын нормативтiк құқықтық актi жобасын әзiрлейдi.
      14. Кеңес актiлерiнiң ықпалы белгiленген заңды тәртiппен тоқтатылуы немесе өзгертiлуi мүмкiн.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады