2003 жылы әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Жаңа

Шарбақты аудандық әкімиятының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 46/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 17 сәуірде N 1730 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты еңбекпен қамту туралы" Заңының N 149-11, 7 бабындағы 6 тармағын, 5 бабындағы 2 тармағын жүзеге асыру мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1.Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөнiндегi қағида бекiтiлсiн (1 қосымша).
      2.Жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды мұқтаж етушi мақсатты топтары бекiтiлсiн (2 қосымша).
      3.Еңбекпен қорғау бөлiмi кәсiпорындар және ұйымдармен әлеуметтiк жұмыстарды орындау үшiн келiсiм-шарт бекiтсiн, мақсатты топтағы жұмыссыздардың басым бағыттарын қамтамасыз етсiн.
      4.Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыруды аудандық бюджет қаржысы есебiнен 030 "Еңбекпен қамту бағдарламасы" жөнiндегi бағдарлама бойынша, 033 "Халықты еңбекпен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi қосымша шаралар" туралы қосымша бағдарлама бойынша және жұмыс берушiнiң өтiнiшiне байланысты оның қаржысы есебiнен жүргiзiлсiн.
      5.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Г.С. Темiржановаға жүктелсiн.

     Аудан әкiмi

1 қосымша   
аудан әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 7 наурыздағы
"2003 жылы әлеуметтiк
жұмыс орындарын 
ұйымдастыру туралы"
қаулысымен бекiтiлдi

Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы Қағида

      Осы қағида халықтың мақсатты тобының iшiнен жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландырудың ретiн анықтайды, (меншiк құрылымына қарамастан) әлеуметтiк жұмыс орындарын беретiн ұйымдармен негiзгi жағдайды және есеп айырысу жүйесiн реттейдi.

1. Жалпы Ереже

      1.Осы қағидада қолданылатын негiзгi түсiнiктемелер:
      1) әлеуметтiк жұмыс орны еңбекке қамту бөлiмiнде тiркеуге алынған жұмыссыз азаматтарды еңбекке орналастыру үшiн жұмыс берушiлер мен құрылған жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен қабылданған жұмысшылардың еңбекақысын бөлшектеп немесе толық өтемақы шығынын төлейтiн, жұмыс берушiлермен құрылған-жұмыс орны.
      2) мақсатты топтар - Қазақстан Республикасының "Халықты еңбекпен қамту туралы" Заңымен белгiленген жұмысқа орналасу үшiн қиыншылықтарды бастап кешкен әлеуметтiк қорғауды талап етушi тұлғалардың тобы.
      2. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек туралы, зейнеткерлiктi және сақтандыруды қамтамасыз ету туралы түсiндiрiледi.
      3) Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жiберудi еңбекпен қамту бөлiмi iске асырады.

2. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және оған жұмыссыздарды жұмысқа орналастырудың ретi.

      4.Әлеуметтiк жұмыс орындары жұмыссыздарды жұмысқа орналастыратын немесе осы жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың жекелей немесе толық еңбекақысын төлейтiн жағдайда құрылған кәсiпорындар мен ұйымдар болып саналады.
      5.Еңбекпен қамту бөлiмi әлеуметтiк жұмыс орындары берiлген кәсiпорындар және ұйымдармен әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру мерзiмiн және жағдайын орындау үшiн келiсiм-шарт бекiтедi.
      6.Еңбекпен қамту бөлiмiмен келiсiм шарт бекiткен кезде алдағы уақытта ұдайы жұмыс орындарына жұмысқа қабылдау кепiлдiк берушi, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құрушы кәсiпорындар мен ұйымдарға жоғары баға берiледi.
      7.Жұмыссыздарды әлеуметтiк жұмыс орындарына жiберу аудандық еңбекпен қамту бөлiмiнiң келiсiмiмен iске асырылады.
      8.Кәсiпорындар мен ұйымдарға әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздар еңбекпен қамту бөлiмiнiң есебiнен шығарылады.
      9.Әлеуметтiк жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың еңбекақы төлемiнiң мөлшерi қазақстан Республикасының нормативтiк заң актiлерiне сәйкес белгiленедi.

3. Әлеуметтiк жұмыс орындарының дереккөздерi және қаржыландыру жағдайы.

      10.Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру көздерi; жұмыс берушiлердiң және жергiлiктi бюджеттiң қаржысы есебiнен жүргiзiледi.
      11.Әлеуметтiк жұмыс орындарын жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен қаржыландыру 033 "Халықты еңбекпен қамту саласындағы әлеуметтiк қорғау жөнiнде қосымша шаралары" жөнiндегi бағдарлама бойынша iске асырылады.
      12.Әлеуметтiк жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу жұмыс берушiнiң шығындары бойынша жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен белгiленген еңбекақы төлемiнiң 50 пайызы мөлшерiнде төленедi, бiрақ республика бойынша белгiленген ең аз еңбекақыдан кем болмайды.
      Бюджет қаржысынан ақша аудару жөнiндегi есеп айырысу жұмыс берушiнiң есепшоты арқылы жүргiзiледi.
      13.Ұйымдардағы мақсатты топтардың iшiнен жұмыссыздардың жеке санаты үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын құрған кезде қабылданған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу үшiн өтемақы шығыны толық жергiлiктi бюджеттен қаржысынан төленедi.

4.Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастырудың тәртiбiн және қаржыландыруды бақылау

      Мемлекеттiк органдар белгiленген заң тәртiбiнде әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөнiндегi Ережелердiң, орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады.

2 қосымша   
аудан әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 7 наурыздағы
"2003 жылы әлеуметтiк
жұмыс орындарын 
ұйымдастыру туралы"
қаулысымен бекiтiлдi

Шарбақты ауданы бойынша халықтың мақсатты топтарының
ТIЗБЕСI:

Nпп

Халықтың мақсатты топтарының атаулары

1.

Аз қамтамасыз етiлгендер.

2.

21 жасқа дейiнгi жастар.

3.

Балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм-балалар және 23 жасқа дейiнгi ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар.

4.

Жалғызбасты, көпбалалы ата-аналар, кәмелетке толмаған тәрбиеленушiлер.

5.

Қазақстан Республикасының заң тәртiбiнде белгiленген ұдайы қадағалауды және күтудi қажет ететiн тұлғалар.

6.

Зейнеткерлiкке дейiнгi жастағы тұлғалар(зейнеткерлiкке шығуға жасы 2 жыл қалғандар)

7.

Мүгедектер

8.

Қазақстан Республикасының қарулы Күштерiнiң қатарынан шыққан тұлғалар.

9.

Репатрианттар (оралмандар)

10.

50 жастан үлкен жұмыссыз азаматтар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады