Алматы қаласы Әкiмiнiң 2000 жылғы 16 мамырдағы N 468 "Қылмыскерлiк және жемқорлықпен күрес жөнiндегi Үйлестiру кеңесi туралы" шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімінің 2003 жылғы 3 ақпандағы N 12 шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 11 ақпанда N 512 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2003 жылғы 17 қарашадағы N 5/683 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімшілігінің 17.11.2003 № 5/683 қаулысымен.

      Алматы қаласы Әкiмiнiң жанындағы Қылмыскерлiк және жемқорлықпен күрес жөнiндегi Үйлестiру кеңесiнiң кейбiр мүшелерiнiң басқа қызметке өтуiне және оның құрамына жаңа мүшелердi енгiзуге байланысты, Алматы қаласының Әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы қаласы Әкiмiнiң 2000 жылғы 16 мамырдағы N 468 "Қылмыскерлiк және жемқорлықпен күрес жөнiндегi Үйлестiру кеңесi туралы" (Алматы қалалық әдiлет басқармасында 2000 жылғы 17 тамызда N 154 тiркелген, 2000 жылғы қыркүйекте "Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерiнде тiркелген) шешiмiнiң N 1 қосымшасына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) Әбдiқадыр Кәрiмұлы Кәрiм, Рахат Мұхтарұлы Әлиев, Сәкен Жүсiпахметұлы Абдоллаев, Серiк Пiкұлы Нұғманов және Ермек Серiкұлы Ысмағұлов, Алматы қаласы Әкiмiнiң жанындағы Қылмыскерлiк және жемқорлықпен күрес жөнiндегi Үйлестiру кеңесi мүшелiгiнiң қатарынан шығарылсын.

      2) Үйлестiру Кеңестiң мүшелiгiне мыналар енгiзiлсiн: Саттыбек Оңғарбайұлы Оңғарбаев - Алматы қаласының прокуроры, Қосбасар Болатбекұлы Нұрбеков - ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департамент бастығы, Рәшiт Құлтайұлы Дұбаев - Алматы қалалық Әдiлет басқарма бастығы, Әниятолла Өмiрзақұлы Сәрсенов Алматы қаласы бойынша Қаржы полициясы департамент бастығы, Ерлан Тоқтарханұлы Қожақапанов - ҚР Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Алматы қаласы бойынша Бас кеден басқарма бастығы.

      2. "Алматы қаласы Әкiмiнiң 2000 жылғы 16 мамырдағы N 468 "Қылмыскерлiк және жемқорлықпен күрес жөнiндегi Үйлестiру кеңесi туралы" шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Алматы қаласы Әкiмiнiң 2001 жылғы 2 мамырдағы N 294 шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.

      Алматы қаласының Әкiмi В. Храпунов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады