Алматы қаласының Әкiмшiлiгi жанындағы құқық бұзушылық және қылмыскерлiкпен күрес мәселесi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияны құру туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2003 жылғы 17 қарашадағы N 5/683 қаулысы. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 02 желтоқсанда N 566 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 8 шілдедегі N 3/885 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 8 шілдедегі N 3/885 қаулысымен (2006 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді)       

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 2 шiлдедегi N 507 "Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы құқық бұзушылық және қылмыскерлiкпен күрес мәселесi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияны құру туралы"  қаулысына  сай, атқарушы, құқық қорғау және басқа мүдделi ұйымдардың құқық бұзушылық және қылмыскерлiкпен күрес жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  Заңының  27 бабы 21 тармағы негiзiнде оның пәрмендiлiгiн арттыру мақсатында Алматы қаласының Әкiмшiлiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Алматы қаласының Әкiмшiлiгi жанындағы құқық бұзушылық және қылмыскерлiкпен күрес мәселесi жөнiндегi ақылдасушы-кеңестiк орган ведомствоаралық комиссия құрылсын (бұдан әрi Комиссия).
      2. Комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн.
      3. Алматы қаласы Әкiмi жанындағы қылмыскерлiк және жемқорлықпен күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесi таратылсын.
      4. Алматы қаласы Әкiмiнiң 2000 жылғы 16 мамырдағы N 468 "Қылмыскерлiкпен және жемқорлықпен күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесi туралы" шешiмiнiң, 2003 жылғы 3 ақпандағы N 12 "Алматы қаласы Әкiмiнiң 2000 жылғы 16 мамырдағы N 468 "Қылмыскерлiкпен және жемқорлықпен күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесi туралы" шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" шешiмiнiң күшi жойылды деп саналсын.

       Алматы қаласының Әкiмi
      
       Әкiмшiлiк хатшысы

Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң
2003 жылғы "17" қарашадағы
N 5/683 қаулысымен бекiтiлдi

Алматы қаласының Әкiмшiлiгi жанындағы Құқық
бұзушылық және қылмыскерлiкпен күрес
мәселесi жөнiндегi ведомствоаралық
комиссиясы туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1.1. Алматы қаласының Әкiмшiлiгi жанындағы Құқық бұзушылық және қылмыскерлiкпен күрес мәселесi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi Комиссия) Алматы қаласы Әкiмшiлiгi жанындағы ақылдасушы-кеңестiк орган болып табылады және атқарушы, құқық қорғау және басқа мүдделi ұйымдардың құқық бұзушылық және қылмыскерлiкпен күрес жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу, олардың қызметiн үйлестiру, сондай-ақ оның пәрмендiлiгiн арттыру мақсатында құрылған.
      1.2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Заңдарын, Президент пен ел Үкiметiнiң актiлерiн, Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң қаулыларын және Алматы қаласы Әкiмiнiң шешiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

  2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi

      2.1. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) атқарушы, құқық қорғау және басқа мүдделi ұйымдардың құқық бұзушылық және қылмыскерлiкпен күрес жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу, сондай-ақ оның пәрмендiлiгiн арттыру мақсатында ведомствоаралық қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ету;
      2) қылмыскерлiкпен күрес жағдайының талдамасы;
      3) атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдарға мына мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдамалар әзiрлеу:
      құқық қорғау және қылмыскерлiкпен күрес саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
      құқық қорғау және қылмыскерлiкпен күрестi күшейтуге бағытталған мемлекеттiк органдардың ұйымдық шараларын қабылдауы, оның тиiмдiлiгiн арттыру;
      құқық бұзушылық және қылмыспен күрес саласында қолданыстағы заңды жетiлдiру.

  3. Комиссияның құқықтары

      3.1. Комиссия оған жүктелген мiндеттердi белгiленген заң тәртiбiнде жүзеге асыруда мыналарға құқылы:
      1) оның құзыретiне кiретiн ұсынымдарды әзiрлеп ұсыныстарын берсiн;
      2) белгiленген заң тәртiбiнде мемлекеттiк және басқа органдардан Комиссияның мiндетiн жүзеге асыруға қажеттi материалдарды сұрастыру;
      3) Комиссияның мәжiлiсiне атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдардың басшыларын Комиссияның мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша шақыру және тыңдау;
      4) уақытша және тұрақты жұмыс iстейтiн сараптау және жұмыс топтарын ұйымдастыру;
      5) мынадай ұсыныс енгiзу:
      қылмыскерлiкпен күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесi бойынша заңнамаларды жетiлдiру;
      iшкi iстер органдарының құрылымдарын жетiлдiру, оның қызметiнiң басым бағыттарын анықтау;
      заңнамаларға сәйкес қылмыскерлiкпен күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесi бойынша тиiстi шаралар қолдану;
      Қазақстан Республикасының қылмыскерлiкпен күрес мәселесi бойынша заңдардың және басқа нормалық-құқықтық актiлердiң орындалуын қамтамасыз етпеген жағдайда атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдардың басшылары мен лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi;
      6) оның құзыретiне кiретiн өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

  4. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

      4.1. Комиссия жұмысына басшылықты оның төрағасы болып табылатын Алматы қаласының Әкiмi жүзеге асырады.
      4.2. Комиссияның жеке құрамын Алматы қаласының Әкiмi бекiтедi. Комиссияның мәжiлiсiне шақырылған тұлғалар қатыса алады.
      4.3. Комиссия жұмысы жоспарға сай жүзеге асырылады.
      4.4. Комиссия мәжiлiсi қажетiне қарай оның мүшелерiнiң екiден үш мүшелерiнiң қатысуымен жүргiзiледi.
      4.5. Күн тәртiбiндегi мәселе бойынша шешiм ашық дауыспен қабылданады және қабылданды деп есептеледi егер оған Комиссия мүшелерiнiң көпшiлiгi дауыс берген жағдайда. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
      4.6. Комиссия шешiмi хаттамамен ресiмделедi, оны белгiленген тәртiпте жұмыс органы әзiрлеп, Комиссия төрағасы қол қояды және қаланың барлық мүдделi мемлекеттiк және өзге органдарына жiберiледi.
      4.7. Комиссияның жұмыс органы Алматы қаласы Әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық бөлiмi болып табылады, мүдделi мемлекеттiк органдар мен өзге ұйымдар берген құжаттар негiзiнде Комиссия мәжiлiсiнiң күн тәртiбi бойынша қажеттi материалдарды бередi және белгiленген тәртiпте Комиссия қабылдаған шешiмдердiң орындалуын қамтамасыз етедi.

       Әкiмшiлiк хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады