"Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылдың 5 шілдесіндегі N 3/446 "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын тарату тәртібін сақтау жөніндегі Алматы қаласы Әкімі аппараты жанындағы Комиссияның Ережесі мен құрамын бекіту туралы" қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы"

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2003 жылғы 01 желтоқсандағы N 5/709 қаулысы. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 18 желтоқсанда N 569 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 8 қазанында N 4/824 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңына және Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылдың 17 қаңтардағы N 1/30 қаулысына сәйкес Алматы қаласының Әкімшілігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2002 жылдың 19 шілдесінде тіркелген және (2002 жылғы 7 қыркүйектегі N№100) "Алматы Ақшамы" мен (2002 жылғы 11 қыркүйектегі N№71) "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған "Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылдың 5 шілдесіндегі N№3/446 "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын тарату тәртібін сақтау жөніндегі Алматы қаласы Әкімі аппараты жанындағы Комиссияның Ережесі мен құрамын бекіту туралы" қаулысына келесі өзгерту енгізілсін: эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын тарату тәртібін сақтау жөніндегі Алматы қаласы Әкімі аппараты жанындағы Комиссияның Ережесіндегі 7 тармақтың 7 тармақшасы алынып тасталсын.

       Алматы қаласының Әкімі

      Әкімшілік хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады