Азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер беру Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2003 жылғы 4 мамырдағы N 107 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 19 мамырда N 923 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 30 шілдедегі N 213 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008.07.30 N 213 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын, "Ұлы Отан соғысына қатысқандар, мүгедектері және оған тең келетін тұлғалардың жеңілдіктері және әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын орындау үшін және облыстық мәслихат сессиясының 2003 жылғы 28 наурыздағы N 24/3 шешімімен бекітілген "Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламаға" сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

      1. Азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер берудің қоса берілген Ережесі бекітілсін. 

      2. Облыс әкімдігі резервінен еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне 6-9-258-25 "Облыстың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органының табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды және басқа да көзделмеген шығындарды жоюға арналған қаржы резерві есебінен іс-шаралар жүргізу" шығындарды бюджеттік жіктеу коды бойынша азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық әлеуметтік төлемдер беру үшін 1000 мың теңге бөлінсін. 

      3. Қоса берілген 6-9-258-25 "Облыстың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органының табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды және басқа да көзделмеген шығындарды жоюға арналған қаржы резерві есебінен іс-шаралар жүргізу" бюджеттік бағдарлама паспорты бекітілсін. 

      4. Аудандар мен Петропавл қаласы әкіміне санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер беру үшін контингент таңдауды, оны алу үшін қажетті құжаттар дайындауды және мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету тапсырылсын. 

      5. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер төлеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

       Облыс әкімі

"Азаматтардың жеке санаттарына
санаторлық-курорттық емделуге
әлеуметтік төлемдер беру Ережесін
бекіту туралы" облыс әкімдігінің
2003 жылғы 4 мамырдағы
N 107 қаулысымен бекітілген

Азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық
емделуге әлеуметтік төлемдер беру
ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер беру Ережесі (бұдан әрі - Ереже) жергілікті маңыздағы профилакторилерде ақысыз санаторлық-курорттық емделуден өту үшін азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер беру тәртібін және жағдайларын регламенттейді. 

      2. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер тағайындау еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау аудандық бөлімдерімен (қалалық басқармалармен) жүргізіледі. 

      3. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер мынандай азамат санаттарына беріледі: 
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және оларға теңестірілген адамдарға; 
      2) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға; 
      3) Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жауынгерлердің, екінші қайтара тұрмысқа шықпаған жесірлеріне; 
      4) Ұлы Отан соғысы тылында жанкешті еңбегі және әскери мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері және медальдарымен наградталған тұлғаларға; 
      5) "Алтын-алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр-ана" атағын алған көп балалы аналарға; 
      6) саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен зейнеткерге; 
      7) Социалистік Еңбек Ері және "Халық қаһарманы" атақтарын алған зейнет жастағыларға; 
      8) зейнет жасындағы мүгедектерге.

  2. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жағдайлары мен тәртібі

      4. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін жоғарыда аталған санаттағы азаматтар тұрған жері бойынша еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау аудандық бөліміне (қалалық басқармаға) мынандай құжаттарды ұсынады: 
      1) белгіленген үлгідегі өтініш (қосымшаға сәйкес); 
      2) санаторлық-курорттық емделу мұқтаждығы туралы медициналық мекеменің қорытындысы; 
      3) осы санатқа жататындығын растайтын құжаттар көшірмесі; 
      4)  алынып тасталды
      5) жеке куәлік көшірмесі.
      Ескерту. 4-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталды - СҚО әкімдігінің 2005 жылғы 24 тамыздағы  N 214 қаулысымен.

      5. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау аудандық бөлімі (қалалық басқармасы) қажетті құжаттар түскен күннен бес күндік мерзімде санаторлық-курорттық емделуге арналған әлеуметтік төлемдерді алуға үміткерлер арыздарын қарастырады, алушылар істерін қалыптастырады және әлеуметтік төлем тағайындау туралы не болмаса оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. 

      6. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау аудандық бөлімі (қалалық басқармасы) әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тартқан жағдайда бас тарту себебін жазбаша дәлелдейді және арызданушыға құжаттарын қайтарады. 
      Бас тартуға негіздеме азаматтардың осы Ережеде айқындалған санаттарға жататынын растайтын құжаттарды ұсынбауы болып табылады.

  3. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік 
төлемдер төлеу тәртібі

      7.   Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау аудандық бөлімі (қалалық басқармасы) әлеуметтік көмек алуға үміткерлер тізімін 3 данада қалыптастырады және оны өтініштер көшірмесімен бірге еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне ұсынады. 

      8. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті ұсынылған әлеуметтік төлемдер алуға үміткерлер тізімі мен өтініштер көшірмесі негізінде әлеуметтік төлемдер ведомосін қалыптастырады және оларды екінші деңгейдегі банкке ұсынады. 

      9. Белгіленген заңнама тәртібінде ақылы қызмет көрсетуге келісім жасалған банк еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті ұсынған ведомості негізінде алушылар ашқан жеке шотқа сомаларды аударады. 

  4. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік 
төлемдерді қаржыландыру

      10. Азаматтардың жекелеген санаттары санаторлық-курорттық емделуіне әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру облыстық бюджет қаржыларынан 6-2-258-51 "Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер" және 6-9-258-25 "Облыстың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органының табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды және басқа да көзделмеген шығындарды жоюға арналған қаржы резерві есебінен іс-шаралар жүргізу" шығындарды бюджеттік жіктеу кодтары бойынша жүргізіледі. 

      11. Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер бюджетпен қарастырылған қаржылар шегінде әлеуметтік төлемдерге құқы бар бір азаматқа жылына бір рет 29000 теңгеден аспайтын сомада, өтінішті хронологиялық тіркеу тәртібінде беріледі.      

Азаматтардың жеке санаттарына
санаторлық-курорттық емделуге
әлеуметтік төлемдер беру
Ережесіне қосымша

____________________________ 

еңбек, жұмыспен қамту және
халықты әлеуметтік қорғау
аудандық бөлімі (қалалық басқарма)

Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік
төлемдер тағайындау туралы
ӨТІНІШ

      ТЕГІ ____________________________________________

      АТЫ _____________________________________________

      ӘКЕСІНІҢ АТЫ ____________________________________

      МЕКЕН-ЖАЙЫ ______________________________________

      ТЕЛЕФОНЫ ________________________________________

      ТӨЛҚҰЖАТ НЕМЕСЕ ЖЕКЕ КУӘЛІК НОМЕРІ ______________

      _________________________________________________

      ТСН(РНН) ________________________________________

      __________________________ БАНК ФИЛИАЛЫНДАҒЫ 

      ЖЕКЕ ШОТ НОМЕРІ _________________________________

      Маған санаторлық-курорттық емделуге ______________ теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем тағайындауыңызды сұраймын. 

      Бөлінген қаржыларды қатаң түрде тағайындалымы бойынша (_______________ санатори-профилакториінде санаторлық-курорттық емделу үшін) менің жеке шотымнан ___________________ санатори-профилакторидің есеп шотына аудару арқылы пайдалануға міндеттенемін.

             АРЫЗ БЕРГЕН ДАТАСЫ                АРЫЗДАНУШЫНЫҢ ҚОЛЫ

      __________________                __________________

      Арызданушы ұсынған құжаттарының анықтығын растаймын:

      Өтінішті қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә.А., лауазымы:      
      __________________________________________________________
                                 (қолы)

  "Азаматтардың жеке санаттарына
санаторлық-курорттық емделуге
әлеуметтік төлемдер беру Ережесін
бекіту туралы" облыс әкімдігінің
2003 жылғы 4 мамырдағы
N 107 қаулысымен бекітілген

  Еңбек, жұмыспен қамту және халықты
   әлеуметтік қорғау департаменті
  __________________________________ 
    Бюджеттік бағдарлама әкімшісі

2003 жылға арналған
258-025-000 "Облыстың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті
атқарушы органының табиғи және техногенді сипаттағы төтенше
жағдайларды және басқа да көзделмеген шығындарды жоюға
арналған қаржы резерві есебінен іс-шаралар жүргізу"
___________________________________________________________ 
(бюджеттік бағдарламаның атауы) 
П А С П О Р Т Ы

1.

Құны

1000 мың теңге

2.

Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі

"Ұлы Отан соғысына қатысқандар, мүгедектері және оған тең келетін тұлғалардың жеңілдіктері және әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі N№2247 заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы.

Облыстық мәслихат сессиясының 2003 жылғы 28 наурыздағы N№24/3 шешімімен бекітілген "Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарлама".

3.

Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздері

Облыстық  бюджет

4.

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты

Азаматтардың жеке санаттарын санаторлық-курорттық емдеу жолымен әлеуметтік қорғау.

5.

Бюджеттік бағдарламаның міндеттеріү

Азаматтардың жеке санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдерді іске асыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары


Бағдарлама коды

Кіші бағдарламаның коды

Бағдарламаның атауы

Бағдарламаны іске асыру шаралары

Іске  асыру мерзімдері

Жауапты орындаушы-лар

1

2

3

4

5

6

7


025

000

Облыстың, Астана, Алматы қалалары-
ның жергілікті атқарушы органының қаржы резерві есебінен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды және басқа да көзделме-
ген шығындарды жоюға арналған іс-шаралар жүргізу

Азаматтардың мына санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер: 
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар; 
Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жауынгерлердің, екінші қайтара тұрмысқа шықпаған жесірлер, Ұлы Отан соғысы тылында  жанкешті еңбегі және әскери мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері және медальдарымен наградталған тұлғалар; "Алтын-алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр-ана" атағын алған көп балалы аналар;
саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен зейнеткерлер; 
Социалистік Еңбек Ері және "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған тұлғалар;
зейнет жасындағы мүгедектер. 

қаржылан-дырудың 2002 жылға арналған детальды жоспарына сәйкес 

Еңбек, жұмыспен қамту және
халықты
әлеуметтік
қорғау де-
партаменті

7.

Бюджеттік бағдарламадан күтілетін нәтижелер

Өтініштерді тіркеудің хронологиялық тәртібінде, бюджетте қарастырылған қаражат шегінде санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлемдер алуға құқы бар бір азаматқа жылына бір рет 29000 теңгеден аспайтын сомада беру

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады