Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011.08.25 N 279 Қаулысымен
"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңына сәйкес және дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасау мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің қоса берілген Қағидасы бекітілсін.
2. Кемтар балаларға қызмет көрсету жөніндегі үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшелері туралы қоса берілген Ереже бекітілсін.
3. Аудандар мен Петропавл қаласының әкімі кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастырсын.
4. Қаржы департаменті кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету қызметтерін бюджетпен қарастырылған сомалар шегінде дер уақытта қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырушылық-әдістемелік басқаруды және бақылауды іске асырсын.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысы
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Нұрақаев Е.Е. жүктелсін.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысы
Облыс әкімі
1 қосымша
Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 7 шілдедегі
N 139 қаулысымен бекітілген
"Кемтар балаларға үйде әлеуметтік
қызмет көрсету қағидасын және
Кемтар балаларға қызмет көрсету
жөніндегі үйдегі әлеуметтік көмек
бөлімшелері туралы ережені бекіту туралы"
Ескерту. 1-қосымша өзгерістер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысы
Кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету
Қағидасы
Осы Қағида Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңдарына сәйкес және дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасау мақсатында әзірленген.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің жалпы тәртібін айқындайды.
2. Әлеуметтік қызмет көрсету 0-ден 18 жасқа дейінгі психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (әрі қарай - ПМПК) қорытындысы бойынша бөгде күтімге мұқтаж кемтар балаларға көрсетіледі.
2. Кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге енетін қызметтер тізбесі
3. Үйде көрсетілетін әлеуметтік қызметке мыналар жатады:
кемтар балаларды әлеуметтік тексеру, оның мүддесі мен мұқтажын білу мақсатында баланы қоршаған шағын ортаны тексеру;
көмектің нақты түрі мен нысанын белгілеу, ПМПК мамандары жасайтын жеке бағдарламаны есепке ала отырып, жеке қызметтер көрсетудің картасын құру;
ата-аналарға ауру баланы жалпы күтудің тәжірибелік машықтарын, әдістерін және баланың дамуына жәрдемдесетін тәсілдерге үйрету;
кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына балаларды жүріп-тұру мен әлеуметтік машықтарға (киіну, жуыну, асхана құралдарымен пайдалану, ақша ұстау, заттар сатып алу және тамақ әзірлеу, телефонмен, көлікпен пайдалану және т,б.) мінез-құлық, өзін-өзі бақылау мен қарым-қатынас дағдыларын үйретуге көмек көрсету;
оңалту іс-шараларын іске асыру және баланы отбасына бейімдеу мақсатында ата-аналармен жұмыс жүргізу;
баланың бос уақытын ұйымдастыру (ойындар, кітаптар оқу, оларды талқылау, кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және т.б.);
бала мен ата-анасына психологиялық жәрдем көрсету;
балалары кемтар ата-аналармен жеке және топтық іс-шаралар (семинарлар, тренингілер және т.б.) ұйымдастыру арқылы ағарту-профилактикалық жұмыстар жүргізу;
қажет арнайы медициналық жәрдем алуға және медициналық қызметті көрсетуге, атап айтқанда дәрігерді үйге шақыруға, емханаға бірге баруға көмектесу;
шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету;
медициналық көрсеткіштер бойынша протез-ортопедиялық бұйымдармен, техникалық және өзге де құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
қамқорлықты, қорғаншылықты белгілеу, жәрдемақылар тағайындау, үй-интернаттарына немесе аумақтық орталықтарға орналастыру және көмектің басқа да түрлері үшін құжаттар ресімдеуде жәрдемдесу;
кемтар балалары бар отбасыларға консультативтік, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар беру мәселелері бойынша көмек көрсету;
аз қамтамасыз етілген қатарындағы, кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге құжаттар рәсімдеуде жәрдемдесу;
аз қамтамасыз етілген қатарындағы, кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына демеуші көмек көрсету үшін қоғамдық ұйымдармен, қайырымдылық қорларымен байланыс жасау және дамыту;
4. Әлеуметтік қызметкермен көрсетілетін қызметтер қызмет көрсетуге баланың ата-анасы немесе оны ауыстыратын тұлға мен әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері арасындағы келісім негізінде ақысыз көрсетіледі.
3. Үйде көрсетілетін қызметке қабылдау жағдайлары
5. Үйде көрсетілетін қызметке ПМПК-ның қорытындысы бойынша бөгде адамның күтіміне мұқтаж кемтар балалар қабылданады.
6. Үйде көрсетілетін қызметке кемтар балаларды қабылдау аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің шешімі бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысы
7. Үйде қызмет көрсетуге алу үшін мынандай құжаттар негіз болады:
балалардың ата-аналарының немесе басқа да заңды өкілдердің өтініші;
басқа адамның күтімі қажеттілігі туралы ПМПК қорытындысы;
баланың денсаулығының жағдайы туралы емдеу-алдын алу мекемесінің медициналық картасы;
медициналық-әлеуметтік сараптаманың (МӘС) мүгедектік санаты туралы анықтама көшірмесі.
8. Қызмет көрсетуге қабылдауға инфекциялық және мерез аурулары, бактерия таратушылық, туберкулездік өршіген түрлері, мамандандырылған денсаулық сақтау ұйымдарында емдеуді талап ететін өзге де сырқаттар қарсы көрсетулер болып табылады.
9. Қызмет көрсетуден шығарып алу ата-ананың немесе заңды өкілдердің дербес өтініші бойынша немесе баланы интернаттық типті мекемелерге анықтаған жағдайда, не өзге де себептер бойынша жүргізіледі.
2 қосымша
Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 7 шілдедегі
N 139 қаулысымен бекітілген
"Кемтар балаларға үйде әлеуметтік
қызмет көрсету қағидасын және
Кемтар балаларға қызмет көрсету
жөніндегі үйдегі әлеуметтік көмек
бөлімшелері туралы ережені бекіту туралы"
Ескерту. 2-қосымша өзгерістер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысы
Кемтар балаларға қызмет көрсету жөніндегі үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшелері туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесі (әрі қарай - әлеуметтік көмек бөлімшесі) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (ПМПК) қорытындысы бойынша бөгде адам көмегіне мұқтаж 18 жасқа дейінгі кемтар балаларға үй жағдайында әлеуметтік қызмет көрсету үшін құрылады.
Әлеуметтік көмек бөлімшесі аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бағынған құрылымдық бөлімше ретінде де, сондай-ақ жеке бөлімше де бола алады.
Әлеуметтік көмек бөлімшесі қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес құрылады және жабылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысы
2. Әлеуметтік көмек бөлімшесі өз қызметінде қолданылып жүрген заңнаманы, Кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету Қағидасын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Кемтар балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету үшін күндізгі келу бөлімшелерін ашуға болады.
2. Үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшелерінің негізгі міндеттері
4. Әлеуметтік көмек бөлімшелерінің негізгі міндеттері бөгде адамның күтіміне мұқтаж кемтар балаларға қажетті әлеуметтік қызмет көрсету болып табылады, соның ішінде:
кемтар балаларды тәрбиелейтін отбасыларға балаларды тәрбиелеу, күту, олардың тұрмысын, бос уақытын ұйымдастыру жөніндегі проблемаларды шешуде көмек көрсету;
мемлекеттік әлеуметтік, медициналық, кеңестік және басқа да көмектерді алуға, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде, кемтар балалардың және кемтар балаларды тәрбиелейтін отбасылардың құқын және мүддесін қорғау мәселелерін шешуге жәрдемдесу;
ПМПК-ның ұсынымына сәйкес бөгде адамның күтіміне мұқтаж кемтар балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
арнаулы әлеуметтік қызмет алуға мұқтаж кемтар балаларды денсаулық сақтау, білім беру органдарымен бірлесіп айқындау және есепке алу;
кемтар балалардың медициналық-педагогикалық және жас ерекшеліктерін және оны қоршаған шағын ортаны, тұрмыс жағдайын зерделеу, талаптары мен қажеттіліктерін айқындау.
3. Әлеуметтік көмек бөлімшелерінің құқығы
5. Әлеуметтік көмек бөлімшесі мыналарға құқылы:
баланы оңалтудың жеке бағдарламасына байланысты көрсетілетін қызметтердің тізбесін және көлемін белгілеуге, әлеуметтік қызметкерге берілетін жұмыстың көлемін анықтауға;
өкілеттік және атқарушы органдарда және басқа да құрылымдарда қызмет көрсетілетін азаматтардың құқы мен мүддесін қорғауға жәрдемдесуге;
әлеуметтік педагогикалық жұмыс міндеттерін, жеке және әлеуметтік проблемаларды ПМПК-ның ұсынымына сәйкес шешу тәсілдерін анықтауға;
еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарының қарауына кемтар балаларды әлеуметтік қолдау жөніндегі жұмыс жағдайы мәселелерін енгізуге;
әлеуметтік қорғау жөніндегі арнаулы жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысуға;
меншік түрінен тәуелсіз ұйымдар мен кәсіпорындар басшыларына кемтар балаларға материалдық көмек көрсету мәселелері жөнінде өтініш беруге;
қоғамдық ұйымдарға, мемлекеттік мекемелерге кемтар балалардың және олардың отбасыларының жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу туралы ресми сұрау салуға.
6. Әлеуметтік қызметкерлерге, соның ішінде бөлімше меңгерушісіне үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшелерін ұстау жөніндегі шығында осы мақсатқа қарастырылған жергілікті бюджет қаржысы есебінен қоғамдық көлікте жол жүру билеті беріледі немесе ақшалай өтемақы төленеді. Әлеуметтік қызметкерлер жылына бір сөмке және бір халат есебімен шаруашылық сөмкесімен және халатпен қамтамасыз етіледі.
4. Әлеуметтік көмек бөлімшелерінің жұмыс істеу жағдайлары мен тәртібі
7. Әлеуметтік көмек бөлімшесі кемінде 80 кемтар (әрі қарай - балалар) балаға қызмет көрсетілетін болса ғана жасалады.
Қажеттігіне қарай балалар мен елді мекендердегі бірнеше бөлімшелер біреу болып біріге алады.
Балалар саны 40-тан 80-ге дейін болған жағдайда 0,5 штат бірлігімен бөлімше меңгерушісі енгізіледі. Бұл жағдайда жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйде көрсетілетін әлеуметтік қызмет штатына енгізіледі.
8. Әлеуметтік қызметке мұқтаж балалар саны бөлімше құруға мүмкін болмаса мүгедек балаларды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер лауазымы жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі штатына енгізіледі.
9. Кемтар балаларға әлеуметтік көмек жеке болуымен қатар топтық та болады.
10. Әлеуметтік қызметкерлердің штаттық бірліктерінің саны бір қызметкерге 6 баладан асырмай қызмет көрсету есебімен белгіленеді.
Жекелеген жағдайларда, баланың даму және жүріп-тұру белсенділігінде ауытқулар дәрежесін ескере отырып күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкердің жүктелімі 4 немесе 5 бала болуы мүмкін.
Егер отбасында екі немесе одан да көп қызмет көрсетуге мұқтаж балалар болса әр бала жеке тұлға ретінде есептеледі.
11. Әлеуметтік қызметкер кесте бойынша бір балаға аптасына кемінде 2-3 рет барады.
12. Балаға қызмет көрсету ПМПК ұсынған жеке бағдарламаға сәйкес жүргізіледі. Баланың денсаулық жағдайына және оның қозғалу белсенділігіне байланысты әлеуметтік көмек бөлімшелерімен көрсетілетін қызметтер көлемі және әлеуметтік қызметкердің жұмыс көлемі айқындалады.
13. Әлеуметтік қызметкермен көрсетілетін қызметтер әлеуметтік көмек бөлімшесі мен баланың ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдер арасында жасалған қызмет көрсету шарты негізінде ақысыз көрсетіледі.
14. Әлеуметтік қызметкерлер медициналық қарауды олар үшін белгіленген нормаға сәйкес өтеді.
15. Әлеуметтік қызметкерлер өз жұмысын тарифтік-біліктілік талаптарымен айқындалған лауазымдық міндеттерге сәйкес атқарады.
16. Әлеуметтік қызметкер жұмыстың жүйелі есебін және оның нәтижесін жүргізеді. Әлеуметтік қызметкердің құжаттары мыналар:
кемтар баланың әлеуметтік-педагогикалық диагностикасының нәтижесі және оны қоршаған шағын орта және басқа да зерттеулер бойынша талдау есептерінен;
шарттар, келісімдер, тексеру актілерінен;
қызмет көрсетілетін кемтар балалардың жеке оңалту бағдарламасынан;
ұйым басшысымен бекітілген бір жылға арналған перспективалық жоспардан және бір айға арналған жұмыстың күнтізбелік жоспарынан тұрады.
17. Жұмыс кестесі, қызмет көрсетілетіндер саны, бару саны және әлеуметтік қызметкермен көрсетілетін қызмет көлемі аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшыларының келісімі бойынша әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері меңгерушісімен белгіленеді.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысы
18. Әрбір әлеуметтік көмек бөлімшелеріне әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші лауазымы енгізіледі, оның лауазымдық міндеттері тарифтік-біліктілік талаптарымен анықталады.
Бөлімше ашу үшін қажетті балалар саны кем болған жағдайда әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші лауазымы мына есеппен жүргізіледі:
қызмет көрсетілетін 80 балаға 1 штат бірлігі, олардың нақты санына пропорционалды, бірақ ол 0,25 штат лауазымынан кем емес.
19. Бухгалтер лауазымы 3 және одан да көп әлеуметтік көмек бөлімшелері болған жағдайда енгізіледі.
20. Әлеуметтік көмек бөлімшесі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері үй-жайында немесе аудан (қала) атқарушы органдары бөлген басқа да үй-жайда орналасуы мүмкін.
Ескерту. 20-тармаққа өзгерістер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысы
5. Үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесін басқару
21. Әлеуметтік көмек бөлімшесін аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының бұйрығымен тағайындалған меңгеруші басқарады.
Ескерту. 21-тармаққа өзгерістер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысы
22. Әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі өз қызметін тарифтік-біліктілік талаптарымен айқындалған лауазымдық міндеттерге сәйкес жүзеге асырады.
23. Әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі мемлекеттік қаржыны және басқа да бюджеттен тыс қаржыны нысаналы пайдаланбау фактілері, оған сеніп берілген әлеуметтік көмек бөлімшесі мүліктерін ұрлау және бүлдіру фактілері үшін дербес жауап береді.
24. Әлеуметтік көмек бөлімшесі білім беру және денсаулық сақтау, басқа да ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.
6. Әлеуметтік көмек бөлімшелерін қаржыландыру
25. Әлеуметтік көмек бөлімшелерін қаржыландыру жергілікті бюджет қаржысы есебінен аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаражаттарды тартумен жүзеге асырылады.
Ескерту. 25-тармаққа өзгерістер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысы