2003 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында облыс аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты мен облыс әкімінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 25/1-4 б ірлескен шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 25 сәуірде N 907 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2011 жылғы 26 қыркүйектегі N 27 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2011.09.26 N 27 Шешімімен

      "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабына сәйкес және "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2003 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылдың 27 наурыздағы N 1047 Жарлығын жүзеге асыру мақсаттарында облыстық мәслихат пен облыс әкімі ШЕШТІ:

      1. Шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейiнге қалдыруға құқы жоқ, ер азаматтар сондай-ақ, шақыруды кейiнге қалдыру құқығынан айырылған азаматтар 2003 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларға мерзiмдi әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.

      2. Облыстық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. Петропавл қаласы мен аудандар әкіміне:
      1) аудандар мен қаланың жергілікті өкілетті органдарымен бірлесе отырып, әскери комиссариаттар арқылы мерзімдік әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін;
      2) аудандық және қалалық шақыру комиссиясының құрамы және шақыруды жүргізу кестесі бекітілсін;
      3) шақыру комиссиясының жұмысы үшін әскери комиссариаттар үй-жаймен қамтамасыз етілсін;
      4) шақыру комиссиясынан өту және әскерге аттандыру үшін азаматтардың әскери комиссариаттарға ұйымдасқан түрде келулері қамтамасыз етілсін, осы мақсаттар үшін құлақтандыру және әскерге шақырылғандарды іздестіру тобы бөлінсін;
      5) қажетті санда техникалық қызметкерлер мен көлік бөлінсін;
      6) көрсетілген іс-шараларды орындаумен байланысты шығындар көрсетілген іс-шараларға қаржы бөлу шегінде жергілікті бюджет есебінен іске асырылсын.

      4. Денсаулық сақтау департаментіне:
      1) Петропавл қаласындағы облыстық жинау пунктіндегі медициналық комиссияның жұмысы қамтамасыз етілсін:
      2) шақырылушыларды медициналық куәлендіру жөніндегі комиссия дәрігер-мамандармен, әсіресе тар саладағы мамандармен жинақталсын;
      3) шақырту комиссиясымен жіберілген азаматтарды медициналық зерттеу үшін емдеу-профилактикалық мекемелерде орындар көзделсін.

      5. Ішкі істер басқармасына:
      1) шақыру комиссиясының құрамына Петропавл қаласының басшылығы және аудандық ішкі істер бөлімі құрамынан лауазымды тұлғалары енгізілсін;
      2) азаматтарды шақыру кезеңінде әскери комиссариатпен байланысты әрекеттер ұйымдастырылсын, шақыру пункттерінде тәртіп пен тәртіптілік қамтамасыз етілсін;
      3) шақырту кезеңінде облыстық жинау пунктінде тәулік бойы кезекшілік ететін полиция наряды бөлінсін, темір жол стансасы, жас толықтырушыларды әскерге жинау және аттандыру орындарына күшейтілген нарядтарды бөлу қамтамасыз етілсін;
      4) азаматтардың шақыру пункттеріне келуіне бақылау жүргізілсін, шақырудан жасырынып қалуға жол берілмесін.

      6. Петропавл қаласының әкімі облыстық жинақтау пунктінде шақырылушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етсін, сондай-ақ азық-түлік және өнеркәсіптік тауарларды сатуды ұйымдастырсын.

      7. Мәдениет департаменті шақыру пункттерінде көркемөнерпаздар ұжымының өнерін және әскери-патриоттық тақырыптарға кинофильмдер көрсетуді ұйымдастырсын.

      8. Туризм және спорт басқармасы облыстық жинақтау пунктінде спорттық-бұқаралық іс-шаралар, шақырылушылардың жалпы даярлығына тексеру ұйымдастырсын.

      9. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.В.Развинге жүктелсін.

      10. Қол қойылған күннен күшіне енеді.

      Облыстық мәслихаттың ХХV кезектен тыс сессиясының төрағасы

      Облыс әкімі

      Келiсiлдi:
      Облыстық әскери комиссариаты
      бастығының мiндетiн атқарушы

      IIБ бастығы

Қосымша
облыстық мәслихат пен облыс әкімінің
2003 жылғы 21 сәуірдегі N 25/1-4
бірлескен шешімімен бекітілді

Облыстық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

РАЗВИН Сергей Владимирович

комиссия төрағасы облыс әкiмiнiң орынбасары

АМАНГЕЛДИЕВ Талғат Бекмұратұлы

төрағаның орынбасары облыстық әскери комиссар

                     Комиссия мүшелерi:

ӘКIМХАНОВ Халел Қайроллаұлы

облыс әкiмi аппаратының басшысы

КРИВОШЕЕВА Зоя Ивановна

облыстық аурухананың медбибiсi, комиссия хатшысы

МАҒЗҰМОВ Азамат Белгiбайұлы

денсаулық сақтау департаментi бастығының орынбасары

РУДЫЙ Петр Васильевич

облыстық әскери комиссариаттың дәрiгер-терапевтi

СҰЛТАНОВ Талғат Дүйсенұлы

облыстық iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары

ТАНЕКЕНОВ Дулат Шамасұлы

облыстық әскери комиссариаттың шақыру бөлімінің бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады